Монография алматы, 018ж Әмірбекова Айгүл Байдебекқызы



Pdf көрінісі
бет5/30
Дата17.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#83566
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
7523eadb2c453f7795c00e173c36e638

ьstadion емес stadionьlai емес laijret емес ret. Ал сөз басында келетін қысаң 
дауыстылар сөздің түбіріне тікелей қатысты болса, сақталып жазылады. 
Мәселен, jnj, ьza, jrj, ьdьs, js, ьs, jn болып ы және і дыбысталып сақталады.
Сондай-ақ ы, і әріптері халықаралық сөздердің аяққы бітеу буынында 
жазылмайды: silindr, internasionalizm. 
Бұнымен қоса Н.Сауранбаев 1938 жылға дейін жазылып келген «ьj» 
және «іj» қосарлы дыбыстарының орнына тек бір ғана «і» әрпі алынғанын 
айта отырып, жазу каллиграфиясын жеңілдететін оңтайлы үлгі екенін 
мысалдармен дәйектеп өтеді. Сонымен қатар бұрынғы «і» әрпінің орнына 
«j» әрпін таңбалау қаулысына халықтың тез бейімделе қалуы қиындық 
келтіретінін де айтады. Ол үшін тәжірибелік жұмыстар, оқу курстары өтілу 
қажеттілігін ескереді. Осы мақаласында Н.Сауранбаев бұрынғы таңбалану 
«ый», «ій» әріптерінің кейбір сөздердің мән-мағынасын айқындап көрсету 
үшін аса құнды екенін айта отырып, «тый», «сый» сөздерін етістікті ти, си 
сөздерімен шатастырмас үшін, соның ықпалында алдыңғы сөздердің мәні 
жойылып кетпес үшін жазылуын бұрынғы күйінде қалдыру туралы ережені 
дұрыс деп құптайды. Бұған қоса ғалым: «Орыс тілі арқылы енген сөздердегі 
«и»дыбысы біздің «і» әрпімен тура келеді. Осы күнге дейін орыстың толық 
«и» әрпінің орнына ьj, іj кейде тек «і» әрпінің өзін жазып келдік. Енді бұдан 
былай қосарлы дыбыстардың орнына жалғыз «і» әрпін жазатын болдық. 
Мысалы, бұрын Іjnstijtut, ijnçener болса, енді бұдан былай іnstitut, inçener деп 
жазамыз. (І мен J әріптерінің жазылуы. Төте оқу, 1938 жыл, 3 февраль). 
Расында да, 1938 жылға дейін орфографиялық емленің өзінде 
тұрақсыздық, яғни бірнеше түрде жазылу үлгілері қатар қолданыста болған. 
1938 жылғы емле қаулысы жазу нормасын біріздендіруге лайықты 
ережелерін ұсынды. Ал оны халыққа оңтайлы түсіндіріп, тиімді үйрету 
жұмыстары аса қажет болды. Міне, осы күрделі істі жүзеге асыру кезінде
Н.Сауранбаевтың жоғарыда аталған мақалалары үлкен көмек болды.
Дауысты дыбыстармен қатар дауыссыз дыбыстардың да таңбалануына 
да бірқатар өзгерістер енген болатын. Соның ішінде интернационал сөздерді 
жазуда ф, х, в дыбыстарын қазақтың төл дыбыстарымен дәл таңбалау мүмкін 
болмағандықтан F, X, V әріптерін таңдап алуға тура келді. Н.Сауранбаев 
пікірінше, әсіресе термин сөздерді, ғылыми сөздерді айтылуы бойынша қазақ 
Buruv 
вúru 
Uruv 
úru 
Вuzuv 
вúzu 


11 
дыбыстарымен емес, термин екенін айқындайтын кірме дыбыстармен 
белгілеген тиімді болады деп есептеді. Соның артынша Емле қаулысында да 
халықаралық кірме сөздерде кездесетін ф,х, в дыбыстарын F, X, V-мен 
белгілеу ережесі ұсынылды. Сонымен бұрын қыймыйа деп жазылып жүрген 
сөз ximia болып белгіленетін болды. Qlor емес xlor, pәnetika емес fonetika, 
kөpedra емес kafedra, pәbrik емес fabrika, rappak емес rabfak. (F,X,V 
әріптерінің жазылуы туралы, Төте оқу, 1938 15 февраль). 
Латын әліпбилі қазақ жазуында 1929 жылы түпнұсқалыққа жақындық 
принципі бойынша кірме х, ф, в дыбыстарын әліпбиден алынып тасталған 
болатын. Оған арнайы мынадай: «Еуропаның сһ-сы, орыстың «х»-сы, араб-
парсының қ-сы» жуан айтылатын сөздерде қ, жіңішке айтылатын сөздерде 
к арқылы жазылады» , «Шеттен кірген сөздерде «ф» орнынан «п» 
жазылады» деген ережелер қабылданған болатын. Бірақ өмір тәжірибесі, 
халықаралық мәдени достастықта өмір сүріп отырған қоғам сұранысы х, ф, в 
дыбыстарының әліпбиге енуін талап етті. Ол туралы алғаш рет 1930 жылы 
Қ.Жұбанов қазақ орфографиясы мен әліпбиін өзгертуге байланысты жобасын 
ұсынып, онда ф, х дыбыстарын қазақ әліпбиі құрамына алуды былайша 
ұсынды: «Ни одна из существующих букв (употребляемых) для 
(изображения) согласных звуков, не может быть исключена из алфавита: они 
необходимы и затруднений с ними в письме мало» [8]. Қ.Жұбановтың осы 
тұжырымдамасын іске асырушы ретінде, оның дұрыстығын дәлелдеп 
насихаттаушы ретінде Н.Сауранбаев үлкен үлес қосты. Себебі, осы тұрғыдан 
алғанда екеуінің ғылыми көзқарастары үндес болатын.
Жалпы 1929-40 жылдардағы латын әліпбилі қазақ тілінде қысаң ы, і 
дауысты дыбыстарымен келетін сөздерді жазу көп қиындықтар тудырды әрі 
түрлі жазу нұсқалары да көбейіп кетті. Емлені тұрақтандыруға кері әсер 
еткен осындай әр алуан жазу нұсқаларын біріздендіру мақсатында 
Н.Сауранбаев қысаң дауыстылардың жазылу емлесіне қатысты мақалаларын 
ұсынып отырды. Мысалы, біріншіден, түбір сөздің ішінде екі дауыссыз 
дыбыстың арасында көмескі ы, і дыбыстары естілетін жерде, егер ол сөздер 
кірме сөздер болса, ы, і жазылмайды. Мәселен, pьlan емес plan, Pьravda емес 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет