қ, ғ, ң, ә сияқты ерекше дыбыстарды кейбір көршілес халықтар не мүлдем
таңбаламайды (мәселен, қырғыздар, татарлар), не олардың әрқайсысын қос
әріппен таңбалайды, мәселен, кь – қ, гь – ғ, нь – ң деген сияқты. Қазақ
алфавитімен жинақты, бірыңғай жазылатын, жеңіл оқылатын қызыл, таң
сияқты ортақ сөздер оларда кзыл, танг деп жазылады. Сөйтіп қазіргі қазақ
алфавиті барлық жағынан қолайлы, толық, орамды алфавит деп есептеледі».
[Сауранбаев Н.Т. Әдебиет тілінің әліппесі мен емлесін жетілдіру мәселелері
// Социалистік Қазақстан 1950, 26 март].
Сол әліпби құрамының саны мен сапасы туралы кереғар пікірлер
айтылып, санын ықшамдауды талап еткендер, экономия жағынан тиімсіз
болады деген пікірлер жиі айтылды. Осы даудың басын ашып түсіндіру
мақсатында Н.Сауранбаев арнайы мақала жазады. Әліпбидегі орыс, қазақ
дыбыстарының не себепті түгел алынғанын түсіндіріп береді: «Қазақ
алфавитінде
халықаралық,
интернационалдық
сөздерді
бірыңғай
таңбалаумен байланысты, орыс алфавитіндегі әріптердің түгел алынуы, сол
сияқты қазақ тілінің өзіне тән ерекше дыбыстардың толық таңбалануы
20
әріптеріміздің санын көбейтіңкіреп отыр. Бірақ, бұл көбею өте орынды.
Оның тарихи астары қалың. Баспа техникасына, оның кейбір аздаған артқы
шығынына бола әріптерді қысқартамыз десек, онда біз кейбір сөздерді
орынсыз бұзып жазуға дейін барған болар едік. Сол сияқты әріптің санын
қысқартамыз деп қазақ тілінің өзіне тән ерекше дыбыстарын таңбаламау тіпті
тағы да мүмкін болмайды» [Н.Т.Сауранбаев Қазақ тіл білімінің
проблемалары. Алма-Ата, 1982. 38 бет] [16].
Орыс графикасына негізделген қазақ әліпбиіне алғашқы кездері көңілі
толмағандар баспагерлер болатын. Олар Ұ дыбысын бегілейтін Ў
таңбасының басындағы сызықшаның басылмай кететін қиындықтарынан,
тағы да басқа осындай қосымша сызықша таңбалардан қашу жолын іздеді.
Бұндай мәселелер ескерілді. Тілші-ғалымдар ақылдаса отырып,
әліпбидегі жазуға қиындық келтіретін мәселелерді жинақтап, талқыға салды.
Халықтың пікіріне құлақ түре отырып, әрі тіл ғылымының заңдылықтарынан
шықпай шешімін таба білді. Бұндай шешімді тұжырымдар
Н.Сауранбаевтың еңбектерінде айқын көрініс тапқан. «Қазақ алфавитіне
күнделік өмір тілегінің тұрғысынан қарайық. Бұл жағынан қарағанда,
алфавиттің тізбегінде жөнделетін бір-екі шағын нәрсе бар. Одан жазуымыз
өзгермейді, жөнделеді. Ол У дыбысының таңбасы мен алфавиттегі әріптердің
рет тәртібі жөнінде болып отыр. Тәжірибе нені көрсетті? Тәжірибеде У
әрпінің үстіне көлденең қойылатын сызықша (-) баспада түсіп қала
беретіндігі айқын болды. Оның түсіп қалуынан сөздің мағынасы
бұрмаланды. Мәселен, ұлы, ұшы, сұлы, бұра сияқты сөздерде үстіңгі
қосымша сызық түсіп қалудан ол сөздер теріс, қате мағына беріп келді.
Қосымша көлденең сызық У әрпінің тұлғасына тиісіп қабыспайды, бөлек
теріледі. И әрпінің үстіндегі қосымшаның, сол сияқты ң, ғ әріптеріндегі
көлденең сызықтың түспейтін себебі, олар әріптің негізгі тұлғасына
жапсырылған, негізгі әріптің ортасына батырыла орнатылған. Сондықтан
бұлар бекем, түспейді. Көпшіліктің пікірі бойынша Ұ дыбысы көлденең
сызықшаны «ү» әрпінің беліне көлденең тартып орналастырып белгілеуге
тоқталды. Ал қосымшасыз у әрпі орыс тіліндегі және қазақ тіліндегі еріндік
толық «у» дыбысының таңбасы болып қала береді»[Н.Т.Сауранбаев Қазақ тіл
білімінің проблемалары. Алма-Ата, 1982. 39 бет].
Н.Сауранбаевтың бір артықшылығы тіл ғылымында болып жатқан
өзгерістермен халық танысуы тиіс деген мақсатпен дер кезінде
басылымдарға жариялап отырған. Сондықтан болса керек, сол кезеңде әліпби
мен емле ережелеріне халықты үйрету аса қиындық тудырған емес.
Н.Сауранбаев қабылданған әліпбидің реттік түзілуіне өзіндік пікірін
білдірген болатын. Ғалымның тұжырымынша: «Білім көзі әліпбиден
басталатын болғандықтан, оның балалардың танып білуіне ыңғайлы етіп
құрылуы тиіс» [16]. Яғни Н.Сауранбаев үндестігі ұқсас әріптердің қатар
қойылуы қажеттігін айта отырып, қазақ әліпбиінің түзілу ретін жүйелеген
алғашқы ғалым ретінде танылды. Ғалымның осы мәселеге қатысты ұсынған
21
тұжырымдарын сол қалпында танытуды жөн көріп отырмыз. «Қазіргі қазақ
алфавитіндегі әріптердің рет тәртібі дұрыс емес. Әріптер әуелі орысша
тәртіппен келеді де, қазақ тілінің ерекше дыбыстарының таңбалары оларға
ретсіз тіркеле салынған. Мұның ғылым жағынан да, тәжірибе жағынан да
дұрыс еместігі жұртқа мәлім. Әсіресе, балаларға әліппені үйреткенде, әліппе
тәртібімен сөздік жасағанда бұл тәртіп үлкен қиыншылыққа ұрындырды.
Қосымша таңбалары бар орыс алфавитіндегі негізгі әріптерге ұқсастығына
қарай қатарлас, көршілес орналасуы тиіс. Мәселен, Аа, Әә, ... Гг, Ғғ, .... Кк,
Достарыңызбен бөлісу: |