23
Біріншіден,
бүгінгі
күнге
дейін
өзгерместен
келе
жатқан
Н.Сауранбаевтың ұсынған осы ережесі
тілдің барлық салаларындағы
қолданыс позицияларын ескергендіктен ұзақ жасап тұр.
Екіншіден, тілімізге жаппай орыс кірме сөздер ену уақыты туғанда
ғалым дер кезінде осындай ережені ұсынғаны сауатты жазуға тез бейімдеуге
зор ықпалын жасады. Бұл әрине, Н.Сауранбаевтың қазақ тілінің
орфографиясының дамуына қосқан елеулі еңбегі деп бағаланады.
Үшіншіден, орфография ісінде қалыптану заңдылығы болатынын және
оның кірме сөздерді төл сөзіне бейімдеуде пайдалы іс екенін аңғара отырып,
Кеңес үкіметі орнағанға дейін морфологиялық
формасы төл тілімізге
қалыптанған кірме сөздер мен формасы өзгермей кірген кірме сөздердің ара-
жігін ажыратып, ғалымдар арасындағы «неге бұлай жазбаймыз, тілімізде
үлгісі бар ғой» деген дау-таласты тоқтатуға дәйекті дәлелмен түсіндіріп
берген болатын. Мысалы,
газета – газет, хомут – қамыт, дуга – доға, ящик
– жәшік, ботинка – бәтеңке сөздері Кеңес үкіметіне дейін ана тілімізде ұзақ
жылдар бойы қолданыста жүріп, сіңісіп кеткендіктен
айтылуы бойынша
жазылуға негіз болған. Ал енді «солай жазылды ғой» деп ендігі кезде енген
орыс сөздерін тілімізге бейімдеп жаза беруге болмайтынын, тілге бейімделу
үшін ұзақ уақыт қажет екенін айтып өткен болатын.
Н.Сауранбаев кірме сөздердің түбірін өзгертіп қазақыландырып
жазуды қолайламады. Себебі, өзге дамыған елдерде кірме сөздер сол
қалпында жазылып, оған қосымша жалғауда ғана өз емле ережелеріне
бейімдейтін принципті дұрыс деп санады. Сондықтан
сол кездегі сауатты
жазу ісіндегі кемшіліктердің негізгі себебін орфографиялық заңға бейімдемеу
немесе заңға бағынбау деп түсінді. Осы тұрғыда мынадай тұжырым жасаған
болатын: «Осы күнге дейін емледе болған кемшіліктер мен тиянақсыздықтар
енді жойылуы тиіс. Ол үшін формалық өзгешеліктері бар бірліктегі сөздердің
емлесі туралы көп түсініктер керек. Мұндай сөздердің жазылуын бір ізге
салып, жаңа емле заңына бағындыру керек. Сөйтіп халықтың сөздерді
біркелкі жазып,
біркелкі оқып, біркелкі ұғынуына мүмкіншілік тудыру
керек.» [Орыс тілінен енген сөздердің орфографиясы // Социалистік
Қазақстан 1953 сәуір] [17].
Негізінен Н.Сауранбаев орыс тілінен енген кірме сөздерді белсенді
қолдануға қарсы болған емес.
Ғалым пайымдауынша, кірме сөздер әдеби
тілді, сөз құрамын одан әрі байыта түседі. Бұл пікірін мына сөздері дәйектей
түседі: «Орыс халқының әдебиеті мәдениет, шаруашылық жағынан тигізген
әсері арқасында әсіресе социализм дәуірінде қазақ халқы мен орыс халқының
достық қатынасының күшейіп нығаюы арқасында қазақ әдебиет тіліне орыс
тілінен көп сөздер енді. Бұл сөздер өнер білімнің, техниканың, искусствоның,
шаруашылықтың, жалпы мәдениеттің барлық
тарауларында қолданылатын
сөздер. Мысалы,
институт, колхоз, театр, шахта, депутат, конференция,
сессия, локомотив, медицина, т.б. Бұлар қазақ тілінің бұрынғы сөздік
қорымен араласып, қазақтың қазіргі әдебиет тілін байытты».
24
Н.Сауранбаев кірме сөздердің жазылуындағы
ала-құлалықтың басты
себептерін түсіндіру үшін, қазақ тіліндегі орыс тілінен енген кірме сөздерді
екі топқа жіктейді: бірі – революцияға дейін енген сөздер, яғни формасы
қазақ тілінің айтылу заңдылығына икемделген кірмелер, екіншісі –
революциядан кейінгі формасын өзгертпеген шеттілдік сөздер.
Алдыңғы
топтағы кірме сөздердің төл тілімізге әбден сіңісіп кетуінен айтылуы
бойынша жазылған, сондықтан ондай қалыптанған сөздердің түбірін
іздестіріп, өзгертпей-ақ сол күйінде қалдырып,
екінші топтағы шеттілдік
сөздерді еш өзгертпестен жазуды ұсынған болатын. Ғалымның ғылыми
тұжырымында былай делінген: «Қазақ тілді орыс сөздері октябрь
революциясынан бұрын да енген. Мысалы:
край, облыс, декрет, сорт, пай,
Достарыңызбен бөлісу: