Монография Қарағаиды 009 Ре по зи то ри й к ар гу қаз ббк 83. (5 Қаз) я Ж32



Pdf көрінісі
бет12/20
Дата29.10.2022
өлшемі2,65 Mb.
#46148
түріМонография
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
десеңіз» деген атақты тезисі бойынша қойып отырған проблемасында қазақ 
қауымының болашағы – жастардың адамшылық қасиеттерінің негізігі 
сипаттары, яғни толық адам немесе инсанияттың кәмеләттығы туралы 
даналық ойлары мен танымының басты ұғымдары сараланып қамтылған», –
дейді [129,9]. Қара сөздердегі дәуірінің әкімшілік-билік жүйесі, саяси-
әлеуметтік ахуал, дін кәмілдігі мен имандылық, оқу-білім жайы тәрізді алуан 
тақырыптар адамгершілікке негізделген қоғам жасақтау, сананы бірте-бірте 
қайта қалыптау сияқты тұтас ұстанымға бағындырылады.
Жалпы ағартушылық бағыттағы қаламгерлердің басты ерекшелігі - 
әдебиетті гуманистік идеялармен байыта отырып, әдеби шығарманы 
ағартушылық идеологияны таратудың басты құралы деп қарау. Ағартушылар 
тілдің аса көркемдігі мен образдылығына ғана сүйеніп қоймайды, олар ой мен 
идеяны еш бұлтарыссыз, нақты түрде жеткізуге ұмтылыс жасайды. Көркемдік 
жүйені құрайтын барлық элементтер белгілі бір идеялық-ұждандық мақсатқа 
жұмылдырылады. Сондықтын да ағартушылық эстетикаға суарылған 
шығармада қандай бір астарлы, философиялық ой болсын қатаң 
публицистикалық шешімге ұласып отырады. Таза публицистика ретінде 
қабылданатын қара сөздерін айтпағанда, көркем проза дәрежесіне жеткізілген 
15,17,18,23,26,27,35,36,44- сөздерінде ұлы гуманистің қоғамдық, азаматтық, 
халықтық мәселелерді публицистикалық-дидактикалық арнамен өрістетеді. 
Жастардың ғылымды игеруі, оның бойындағы адамшылық қасиеттердің 
қалыптасуы деген өзекті желі Абайдың бағамдауында адамның әлеуметтік 
ортасымен өте тығыз байланысты. «Әуелі адамның адамдығы ақыл, ғылым 
деген нәрселермен. Мұның табылмақтығына себептер - әуелі хауас сәлим һәм 
тән саулық. Бұлар туысынан болады, қалмыс өзгелерінің бәрі жақсы ата, жақсы 
құрбы, жақсы ұстаздан болады. Талап, ұғым махаббаттан шығады. Ғылым-
білімге махаббаттандырмақ әлгі айтылған үшеуінен болады. Ғылым-білімді 
әуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды», – дейді әйгілі 38-ші қара сөзінде 
[130,124]. Яғни әлеуметтік ортада қалыптасқан моральдық-этикалық нормалар, 
тәрбиелік дәстүрлер адамның рухани жағынан қалыптасуының ең негізгі 
факторлары. Ортаның әу бастағы ізгілікке бағыттаушылық миссиясы болмаған 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


143 
жағдайда қиянатшылыққа орын беріледі. «Ол қиянатшыл балалары талапқа да, 
ғылымға да, ұстазға да, хаттә иман иғтиқадқа да қиянатпенен болады. Бұл 
қиянатшылыр – жарым адам, жарым молла, жарым мұсылман. Олардың 
адамдығының кәмәләт таппағы – қиынның қиыны». Бұл дегеніміз, әлеуметтік 
ортаның адам мінезін тәрбиелеушілік сынды ағартушылық принциптің ойшыл-
суреткер шығармашылығынан маңызды орын алуының көрсеткіші. Сананың 
шешуші ролі мен оны өзгертуге болатынына, адам мінез-құлқы тәрбиеге 
көнетіндігіне деген шексіз сенім, оның рухани деңгейі қоғамдық ортаның 
рухани күштеріне тәуелді екені ағартушылық реализм туындыларының басты 
идеялық бағдары екені мәлім.
Ағартушылық реализм өкілдері қоғамның ең дертті тұстарын, ділгір 
мәселелерін көрсетіп қана қойған жоқ, оларды шешудің нақты жолдарын 
көрсетуге тырысты. Сондықтан олардың шығармаларында авторлық 
позицияның мызғымастығы, тіпті біржақты тенденцияшылдығы да байқалып 
отырды. Бұл әдісті ұстанған суреткер ағартушылық ойды өткізуге, 
насихаттауда шығарманың эмоционалдық қуатын солғындатпауды ойлап, ең 
бір өткір тәсілдерге жүгінді. Абайдың «Турасын ойлағанда, балаңа қатын 
әперме, енші берме, барыңды салсаң да, балаңа орыстың ғылымын үйрет! 
Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, 
балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған 
соң, саған рахат көрсете ме, өзі рахат көре ме, я жұртқа рахат көрсете ме?» 
(жиырма бесінші сөз) деген жолдары оқырманға тікелей әсер етуді 
көздеушіліктен туындайды [129,110]. Және де мұндай мысалдар қара сөздердің 
стилдік түзілісінен біршама тұрақты орын алды. 
Ағартушылық реализм әдісіне етене тәсілдерді дұрыс жіктей алған
Н. Степановтың мына тұжырымы ден қоярлық: «Ағартушылық реализм 
прозасына» диалогтық сөз формасы әлсіз «сахналар» мен «суреттерде» 
кезектесіп келіп отыратын авторлық монолог тән. Ал әр түрлі персонаждар 
жалпы контур арқылы беріліп, өзіндік ролінен айрылады», – дейді ол [126,69]. 
Абайдың қайрат, ақыл, жүрек және ғылым диалогы түрінде құрылған он 
жетінші сөзі мен Сократ хакім мен Аристодимнің жауаптасуы үлгісінде 
ұсынылған жиырма жетінші сөзінен өзгесі монологтық сипат иеленген. Көркем 
бейне мәселесіне келетін болсақ, ақын поэзиясындағы ағартушылық ойдың, 
жастарды ғылым мен білімге шақыруда, үлгілі мәдениетке ұмтылуға 
насихаттаудағы тірек-бейнесі Әбдірахман болды. «Абай аңсаған жаңа ұрпақтың 
қараңғыны қармалаған туған халқын озық елдер қатарына жеткізудегі басты 
құралы – ғылым, өнер деп ұғынып, сол жолға саналы түрде белсене кірісіп, 
дамылсыз іздену үстіндегі жастардың жиынтық бейнесін Әбдрахман арқылы» 
беретінін М. Мырзахметов те өз еңбектерінде атап өткен болатын [129,17]. 
Абай қазақ қауымының жаңа буынының ең асыл қасиеттерін осы образдың 
негізінде танытуға күш салды. Ақынның бұл мақсаты, әсіресе, Әбдірахманға 
арнаған жоқтау өлеңдердің пафосынан айқын танылады. Ал прозалық үлгілер 
болып саналатын қара сөздерде Абайдың ағартушылық идеясын жинақтаған 
нақты бір кейіпкер жоқ. Қара сөздерде ағартушылық эстетикасының талаптары 
бойынша публицистика, философия, көркемдік (шешендік) тұтастығы тән. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


144 
Бұлардың ажырағысыз бірлігі аталмыш әдістің ұстанымдарымен толық 
орайлас. Сондықтан Абай өзінің этикалық, гуманистік идеалын айқындауда 
қара сөздердің тінін ұстап тұратын нақтылы бір адам тұлғасын, айқын қаһарман 
ұсынбай, авторлық ойды тікелей жеткізетін бірінші жақтан баяндауды қолайы 
көреді. Қазақ қоғамын алға жылжытуға қолбайлау жасайтын, ел ішіндегі қызық 
пен қыздырмалыққа ғана масайрайтын, ғылым-білімнен құралақан, өмірдегі 
баянсыз, бағасыз нәрселердің соңында жүрген адамдардың жалпы контуры 
жасалып, типтік мінездер айқындалады. Ондай адамдардың тіршілік 
мұраттары, өмір сүру салты мейлінше әшкереленеді. Әсіресе би, болыс, ұлық, 
байлар мінездері ирониялық, сатиралық тұрғыда бейнеленуі де ағартушылық 
мүддеге сәйкес. Мысалы, «Біреу – болыс, біреу – би. Олардың ақыл үйренейін, 
насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар 
өздері де үздік кісіміз, өздеріміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтарлықпыз деп 
сайланады. Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі-ақ қалған. Ол не қылып 
тыңдасын және тыңдайын десе қолы тие ме? Басында өзіндік жұмысы бар: 
ұлығымызғы жазалы болып қаламыз ба, немесе халқымызды бүлдіріп аламыз 
ба, яки өзіміз шығындап, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? – деген 
ебіне қарай біреуді жетілтейін деп, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бәрі 
басында, қолы тимейді» (сегізінші сөз) [130,96-97]. Бірақ олардың 
психологиясына, ішкі дүниесінің өзгешеліктеріне тым тереңдеуді мақсат 
тұтпай, олардың моральдық бет-бейнесіне негізгі екпін түсіріледі.
Ағартушылық реализмде өмір шындығын, әлеуметтік құбылыстарды 
тудырып отырған белгілі мінездерді сатиралық тұрғыда бейнелеу моральдық 
дидактизм элементтерімен міндетті түрде қосарланып отырады. Жоғарыдағы 
мысалдардан біз ағартушылық өнерге тән осындай белгілерді танимыз. «Ей, 
жүрегімнің қуаты, перзентлерім! Сіздерге адам ұғлының мінездері туралы біраз 
сөз жазып ядкар қалдырайын. Ықыласпен оқып, ұғып алыңыздар, оның үшін 
махаббатың төлеуі – махаббат», - деген ескертпесі де мораль философиясына 
негізделген түпкі ағартушылық мүддені танытады. Тұрмыстық-әлеуметтік 
суреттемелер, ел арасындағы керітартпа мінездер жалпы шешендік-
патетикалық түзіліске бағындырылады. 
Абайдың ағартушылық ойларын қара сөздердегі ислам қағидаларымен 
байланыстыра зерттеген ғалым А. Жақсылықов ұлы гуманистің әлемдік діндер 
философиясымен, метофизикамен, сопылықпен жете танысып, терең зерделей 
алғандығын айта келіп: «Жалпы «Сөздер» циклының шеңберінде халықтың 
белгілі бір қабаттарына, әсіресе дінге жақын адамдарға арналған адамгершілік-
этикалық бағдарлама жүзеге асырылады», – дейді [131,207]. Зерттеуші қара 
сөздер өзінің жанры жағынан батыс әдебиетінің эссеистік дидактикалық 
дәстүрінен гөрі Мұхаммед пайғамбардың хадистеріне жақын екенін, оның 
дәлелі ретінде қара сөздердегі пайғамбар хадистері мен Құран сөздерінің жиі 
алға тартылатынын айтады. Ғалым Батыс Еуропа әдебиетінің тарихының үлкен 
белесі – ағартушылық дәуірдегі жанрлық-эстетикалық канондардың Абай 
прозасында дәлме-дәл қайталанбайтындығын, қазақ ойшылының жаңа форма 
тұрғысындағы ізденістері ұлттық дүниетаным мен дәстүрлік негіздер арқылы 
жасалғандығын өте дұрыс бағамдаған. Ал енді Абайдың ағартушылық 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


145 
идеялары мен адамгершілік қағидалары жайындағы насихаттары «халықтың 
белгілі бір қабатына» арналғанына келісе қою қиын. Абай бұл жерде діни 
философияға дендей отырып, нағыз ағартушыларға тән принцип – адамды 
тәрбиелеудегі қоғамның, ортасының ролін мықтап ескерген. Әрине, Абайдың 
дін мәселері төңірегіндегі терең көзқарастары жайлы әңгіме бір бөлек. Және 
ақынның дүниетанымдық тұрғыларын атеизммен сабақтастырудың да күні өтіп 
кеткен. Бұл мәселе хақында өз тұжырымдарын жасаған ғалым М. 
Мырзахметовке тағы да жүгінуге тура келеді. Ол Абайдың дін мәселелерін 
тілге тиек етуін ғылым-білімге үндеген ойларын тыңдаушыға жеткізудегі 
таңдаған жолы, ортаның рухани-әлеуметтік ахуалын ескергендігі болып 
табылатынына тоқтала келіп: «Осы себептен де Абай өз замандастарының 
діндарлық ұғым дәрежесімен есептесе отырып, өзінің адамгершіліктің негіздері 
туралы түбегейлі ойларын сол кезде үстем болып отырған діни ұғымның 
беделімен өткізуді ойластырғандай», – деп жазады [129,37]. Қайткенде де 
Абайдың дін жайындағы көзқарастары оның ағартушылық идеясымен тікелей 
тамырлас. Ол Алланы сүюді, Алланы тануды ғылым-білімнен тәуелсіз, жеке-
дара қарамайды. Хадистік цитаттарды да көбінесе ағартушылық мүддеге сай 
іріктеп алып отырады. Абай ұсынуындағы «иман» идеясы адам баласының 
кеселді мінездерден арылуы мағынасында ғана емес, ғылымға деген 
іждаһаттылықпен, ғылым-білімнің адам баласына ортақ миссиясымен 
байланысты. «Ғылым әуелі ғалами ғылымға мұқтәди болсын. Яғни құдай 
тағала бұл ғаламды жаратты, ерінбеді, келісіммен, хикметпенен кәмәләтты бір 
жолға салып жасады, сіздердің ісіңіз де бір жақсылық бина қылып, арқа 
сүйерлік шеберлікпен болсын. Және құдай тағала әрне жаратты, бір түрлі 
пайдалы хикметі бар. Сенің де ісіңнен бір зарар шығып кеткендей болмай, 
көпке пайда боларлық бір үміті бар іс болсын. Бұларсыз іс іс емес. Бәлки 
бұларсыз тағат тағат та емес» [130,142] немесе «Ғылымсыз ахирет те жоқ, 
дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір 
ғибадат орнына бармайды», – дейді хакім [130,99]. Бұл шығармалардағы 
адамгершілік негіздер, оқу-білім мәселесі дін философиясымен үнемі 
параллель келіп отырады. «Мұнда, – деп жазды Ә. Қоңыратбаев, - Абай 
Фейербахша дінді реформалап, соны жаңашылдыққа бейімдегісі келеді... 
Алайда Абайдың отыз сегізінші, қырық үшінші сөздерінің бас тақырыбы алла 
емес, адам бойындағы табылмаған қасиеттер. Дінді Абай антропология 
теориясымен түсіндіреді» [132,329]. Бұл орайда Ғ. Есімнің «Абай сопылар 
сияқты Аллаға құлшылық жолында дүние қызығын тәрк қылуға қарсы», – 
деген тұжырымына да ден қою керек тәрізді [133,51].
Абай ағартушылық реализмнің идеялық-эстетикалық құралдарына жүгіну 
үлгісін лирикалық шығармаларында танытқанмен, оның нақтылы сипаттары 
қара сөздерінде көрінді. «Абайдың адам болу туралы ойларының желісі 
өлеңдерінде 
басталғанымен, оның 
негізі 
қарасөздерінде 
толығырақ 
баяндалатынын жете ескере бермейміз. Абай шығармаларында жиі 
ұшырасатын: «адам болу», «жарым адам», «толық адам», «адамшылық», 
«адамдық», «адамның адамдығы», «адамшылығының кәмәләт таппағы», 
«бенделіктің кәмәлаты», «толық инсаният» т.б. терминдік терең мәні бар 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


146 
сөздер мен күрделі ұғымдардың бәрі де өзінің арнасы жағынан шығыс пен 
батыс ойшылдарының еңбектерінде көп сөз болған «кәмили инсани» 
мәселесімен іліктес жатқан дүниелер» деген мағынадағы тұжырымдар соңғы 
кезде абайтанушылар тарапынан да баса айтыла бастады [129,11]. Адам 
тұлғасындағы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мен рухани мәдениетті 
жетілдіру адамның санасына әсер етуден басталатыны, гуманистік мүддеге жат 
әлеуметтік топтардан жиіркендіре отырып, ізгілік салтанат құратын орта 
қалыптастыру хақындағы ойлары утопиялық негіздегі идеялардан төркіні бөлек 
жатқан ағартушылық рационализм екені айғақ.
Сонымен Абайдың қара сөздерінде ағартушылық реализмнің мынадай 
идеялық-көркемдік принциптері аңғарылады: 
Біріншіден, қара сөздерде адам мен оның ортасының қатынастары бірінші 
кезекке қойылады. Яғни әлеуметтік орта адамның рухани жағынан 
қалыптасуының ең негізгі факторы. «Адам баласын заман өстіреді, кімде-кім
жаман болса, оның замандасының бәрі виноват» (отыз жетінші сөз) 
тұғырнамасы; 
Екіншіден, Абай қоғамды адамгершілік қағидаларына сай жасақтау мен 
адам бойындағы кемел қасиеттерді қалыптастырудың төңкерістік формасын 
таңдаған жоқ. Қара сөздердің идеялық арқауында сананы бірте-бірте қайта 
қалыптастыру, адам мінезін тәрбиелеуге болатынына деген сенім жатты. «Адам 
мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілдін кесер едім» принципі идеялық 
бағыттың мызғымастығына қызмет жасады; 
Үшіншіден, қара сөздердегі халықтық идеялар, қандай да бір 
философиялық ойлар публицистикалық-дидактикалық арнаға түсіріліп отырды. 
Ағартушылық реализмдегі дидактизм – публицизм - поэтизм бірлігі сақталды; 
Төртіншіден, дін хақындағы көзқарастар, иман тұрғысындағы идеялар 
ағартушылық концепциямен тығыз бірлікте алынды. Абайдың дін қағидалары 
жөніндегі ойлары оқу-білім, ғылым мәселерінен тәуелсіз қарастырылған жоқ;
Бесіншіден, ағартушылық позицияның беріктігі, авторлық ойдың 
айқындылығы мен өзгеріссіздігі негізінен бірінші жақтан баяндау арқылы, 
монолог формасында жүзеге асты. Субъективті ағартушыларға тән қасиет – 
автор назары типтік образдар емес, типтік мінездер қалыптауға аударылды; 
Алтыншыдан, қара сөздерде әлеуметтік ортаның кемшілігін, адам 
бойындағы 
ұнамсыздықтарды 
әшкерелеуге 
қолданылатын 
сатиралық 
элементтер моральдық дидактизм сипатында көрініс тапты.
Абай мұраларына қатысты жарық көрген мыңдаған зерттеу еңбектер бар. 
Әр зерттеуші өзінің жеке таным-білігіне орай ұлы ойшыл-қаламгерді әр 
қырынан алып зерттеді. Соның ішінде Абайдың ағартушылық ойлары, 
адамгершілік негіздері туралы ұстанымдары барлығынан көп сөз етілгені де 
рас. Көп зерттеу еңбектерде Абайдың ағартушылық бағдарын дәл анықтап, ол 
идеялардың дәстүрлік негіздерін, адамзат тарихындағы ғұлама ойшылдардың 
көзқарастарымен үндестігін, ақынның жеке дүниетанымдық өзектерін терең 
саралау барысында қыруар әрі жан-жақты ізденістер жасалды. Біз болсақ, 
сығымдалған түрде Абайдың қара сөздеріндегі ағартушылық реализм деп 
аталып келе жатқан көркемдік әдістің негізгі бейнелеу тәсілдері мен идеялық 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


147 
концепцияларының көрінісін сараптап көруге тырыстық. Әрбір көркемдік әдіс 
эстетикасының белгі-сипаттары, талаптары мен принциптері, типологиялық 
қасиеттері қалай жүзеге асқандығын нақтылы түрде айқындап алу бүгінгі күні 
де маңызын жойған жоқ. 
Қазақ әдебиетіндегі ағартушылық тенденцияларды идеялық сипаттарына 
қарай бағытқа, ағымға және көркемдік әдіске қарай жіктеуге болады. «Діни- 
ағартушылық ағым», «ағартушылық-демократтық ағым» және «ағартушылық 
реализм» деген ұғымдардың қаншалықты бір-біріне жақын екенін ескере 
отырып, олардың ара-жігін де ажырата алуға тиіспіз. Аталған ағымдар негізінен 
ағартушылық сипаттың идеялық бағыттылығы мен тұғырнамасына байланысты 
ажыратылады. Ал ағартушылық реализм көркемдік әдіс ретінде идеялық 
мазмұнды және бейнелеу құралдарын қамтиды. Және көркемдік әдіс 
типологиялық құбылыс та, ағымдар белгілі бір тарихи кезеңде маңыз алатын 
құбылыс. Зерттеуші У. Қалижанұлы өзінің «Қазақ әдебиетіндегі діни-
ағартушылық ағым» делінетін еңбегінде де ағымды анықтаудағы «тарихи, 
әлеуметтік, саяси жағдайларға талдау жасау қажеттілігін» ескертеді [134,133].
Ғалым Д. Қамзабекұлының айтуынша, өзге елдердің рухани даму жолында 
басынан өткерген Ағартушылық дәуір ұлтымыздың тарихи көшінде де үлкен 
орын алды. «Біздің зерттеуімізше, – деп жазады ол, – Қазақ Ағартушылығы 
шамамен 1860 жылдан 1929 жылға дейін жетпіс жылдай уақытқа созылған» 
[9,5]. Зерттеуші Қазақ Ағартушылығын Бастапқы ағартушылық (1860-1890), 
Негізгі ағартушылық немесе Алаш ағартушылығы (1890-1920), Инерциялы 
ағартушылық (1920-1929) деген үш топқа бөледі. Зерттеуші Қазақ 
ағартушылығына байланысты мұсылман ағартушылығы, жәдитшілдік, 
милләтшілдік ағымдардың тарихи роліне баға береді.
Ал біз үңіліп отырған көркемдік әдіс бірнеше ағым мен бағыттардың 
бейнелеу ұстанымдарына тән болуы себепті, ағартушылық сарындағы барлық 
ағымдар ағартушылық реализм аясына топтасады. Қазақ әдебетіндегі 
ағартушылық мазмұн иеленген ағымдар өз кезегінде ағартушылық реализмді 
қалыптастырды. Ең маңыздысы – ұлттық топырақта жаңа дәуір прозасының 
тууы осы ағартушылық реализммен тікелей байланысты. 
«Абай қазақтың көркем прозасының негізін салушы. Бірақ Абай бұл 
жөнінде жалғыз, тұңғыш емес, оның серігі, құрдасы бар. Ол - Абайдың 
замандасы Ыбырай Алтынсарин. Ыбырайдың көптеген тамаша ұсақ әңгімелері, 
новеллалары қазақтың көркем прозасының басы, негізі. Ыбырайдың бұл 
әңгімелері Абайдың тұсында, Абай қара сөздерін жаза бастаған кезде, қайта 
онан сәл ілгері жазылды», – деп Б. Кенжебаев айтпақшы, ағартушылық 
идеологияның қуатты арнасы өлең ауқымын тарлық қылып, жаңа жанрлық 
ізденістерге жол салды [135,145]. Яғни Ы. Алтынсарин шығармаларында 
ағартушылық реализм әдіс ретіндегі нақты қырларымен байқала бастады.
Фабула шарттылығы, тәрбиелік-өсиеттік сарын арқылы Ы. Алтынсарин 
қоғамның кереғар құбылыстарын, адам бойындағы жалқаулық, талапсыздық, 
білімсіздік, ынсапсыздық, салақтық, талғамсыздық, көрсеқызарлық т.б. сияқты 
мінездерді әшкере етеді. Ең басты назар аударатын мәселе – адам мен оның 
әлеуметтік ортасының кемшіліктерінен арылуда ұлы ағартушы ашық күреске 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


148 
шақырмайды, төңкерісшілдік амалдарды ұсынбайды. Бұл – ағартушылардың 
барлығының дүниетанымдық қырларына қатысты жағдай. Ыбырай әлемдік 
ағартушылар қалыптастырған идеялық бағдар – адамды тәрбиелеуге 
болатынына, оның ортасын тәрбиелеу арқылы адам бойындағы ізгі қасиеттерді 
қалыптастыруға болатынына, бір сөзбен айтқанда сана эволюциясына иек 
артты. Ағартушының осы ұстанымы көп жылдар бойы сынға алынып келгені 
шындық. «Ыбырайдың сол кездегі қоғамдық құрылысқа көзқарасында адасулар 
болды. Ол қоғамдық тұрмыстағы кемшіліктер мен кеселдерді, қанау мен езгіні 
көрді. Сол қоғамды өзгертуге болатынын, теңсіздікті, қанау мен қапасты құрту 
қажеттігін білді. Бірақ оны қалай құртудың, ескіліктің орнына жаңалықты 
орнатудың дұрыс жолын ол білген жоқ. Шоқан Уәлиханов сияқты Ыбырай 
Алтынсарин да революциялық идеядан өте алыс еді. Өмірді революция емес, 
бейбіт түсінік жолымен «дұрыстауға» болады деп санады. Айналып келгенде, 
сол кездегі үкіметті жақсарта түсумен әділетсіздікті жойып, жақсылық 
орнатуға болады деп алданды. Бұл оның зор қатесі еді» деген сыңайдағы 
байламдар көп уақыт бойы белең алып тұруы, ағартушының дүниетанымдық 
көзқарастарын барынша дұрыс тануға қолбайлау боп келегені рас [136,183]. 
Мұндай сипаттағы түсініктер Ыбырайдың жазушы ретіндегі эстетикалық 
бағдарын, ұстанған көркемдік әдісін де дұрыс бағамдауға кедергісі болғаны да 
анық. Ұлы ағартушының дүниетанымдық қырларын тек қана материалистік 
көзқарастармен байланыстыра қарауға тырысып, қаламгердің идеалисік таным 
өзектерін ашықтан-ашық сөгу немесе жоққа шығару етек жайды. Мұндай қасаң 
байламдардың біржақты екенін кезінде меңзеп болса да ескерте кеткен
М. Қаратаев еді. Ол: «Ағартушылардың білімге аса мән беріп, адамның ақыл-
ойы – тарихтың қозғаушы күші деп түюі түпкілігінде идеализмге соқтыратын 
ағат пікір болғанымен, кезінде оның рухани даму үшін әсіресе, көркемдік даму 
үшін пайдалы, прогрессивтік мәні болды», - деп түйгені белгілі [106,31]. 
Материядан гөрі идеяны жоғары бағалайтын, адам мен қоғамды түзетуде 
төңкеріске емес ақыл-санаға басты мән беретін Ыбырай көзқарастарындағы әр 
тараптық бағыттар 1990 жылдары кеңірек ашыла бастады. Ондай ғалымдардың 
қатарына Ш. Сәтбаеваны да жатқызар едік. Ғалым Ы. Алтынсариннің 
«Мұсылманшылықтың тұтқасы» еңбегіне қатысты зерттеуінде: «Дүниеге 
көзқарасында рационалистік болған ағартушы-жазушы осы кітабында да 
ақылдың маңызын, ролін алдымен айтады. Дін сабағы, алдымен жарық дүние 
ғаламаттарын біліп тануға көмектеседі деп түсіндіріледі» деген орынды пікірді 
алдыға тартты [137,205]. 
Ы. Алтынсариннің жалпы шығармашылық жолын ағартушылықтан бөлек 
қарау мүмкін еместігі түсінікті. Оның ағартушылық идеялары нақты 
практикалық іспен ұштасуы (мектеп ашу, оқулық, хрестоматия жазу), білім 
берудің жаңа әдістемесін жасақтау оның шығармаларының жанрына, түріне, 
мазмұнына тікелей ықпал жасады. Ағартушы-педагогтың әдістемелік принципі 
халықтық тәжірибені, дәстүрлі ұлттық тәрбие құралдарын заманның жаңа 
талаптарына лайықтап, Еуропаның педагогикалық ғылыми жетістіктермен 
ұштастыру еді. Сондықтан да оның батыс еуропалық ағартушылар (дәлірек 
айтсақ, Ағарту дәуірі өкілдерінің) Вольтердің, Руссоның, Монтескьенің, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


149 
Рейнальдың, Дидроның, Мерсьенің философиялық, публицистикалық және 
көркем шығармаларымен бірсыпыра таныстығына күман жоқ. Ыбырайдың 
еуропалық, орыстың реалистік әдебиетінің үлгілеріне батыл жүгінуін айтқан 
бұған дейінгі зерттеулерден бас тартудың еш реті жоқ. «Ыбырай өзінің 
реалистік тұрғыдағы прозалық шығармаларын халықтың ауыз әдебиетіндегі 
прогресшілдік идеялар мен орыстың ХІХ ғасырдағы әдебиетінің бай тәжірибесі 
негізінде ғана жаза алды» деген білікті ыбырайтанушы Ә. Дербісалиннің 
тұжырымына іш жия қарауға болмайды [138,124]. Орыс әдебиетінде Радищев, 
Фонвизин, Грибоедовтар ағартушылық сарындағы кейбір іденістердің 
сілемдері Ы. Алтынсариннің лирикасынан байқау қиын емес. Атап айтқанда, 
орыс ағартушыларында персонаждардың бір-біріне жазған хаты түрінде келетін 
кеңінен қолданылған тәсіл «Балғожа бидің баласына жазған хаты» сыңайында 
жүзеге асты.
Автордың жастарды оқу-білімге, еңбекке, рухани кемелдік пен биік 
мәдениетке шақыратын, дидактизмі айқын лирикалық шығармаларында 
Ыбырайға дейінгі қазақ поэзиясындағы идеялық канондар, элегиялық, 
консервативті мазмұндағы романтикалық сарын байқалмайды. Қазақтың 
дәстүрлі поэзиясы мен Ыбырай лирикасындағы сабақтастықты тілдік-
бейнелілік тұрғыдан келіп саралағанда ғана жиі ұшыратамыз. Бұл автордың 
айқын әрі өзгеріссіз қалатын ұстанымына байланысты. Ашық авторлық байлам, 
тікелей ұсынылатын идея, айқын образдар, біржақты мінездеу – Ыбырай 
шығармашылығындағы ағартушылық ыңғайдағы реализмінің жемістері. 
Ы. Алтынсарин ағартушылар өкілдеріне тән рационалистік концепцияны 
жүзеге асыру жолында поэзиялық форманың арнасынын шығып, жаңа жанрлық 
ізденістерге барды. И.А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударудың 
көшбасшысы болуы да, жаңа дәуір прозасын қалыптастыруы да ағартушылық 
мүдде туғызған ізденістер. Демек, ағартушылық бағыттың кемерінен асып, аса 
күшейген тұсында белгілі бір жанрларға деген сұраныс, оның ішінде прозаның 
қажеттілігінің артуы сияқты дүниежүзі әдебиетінде байқалған заңдылық қазақ 
әдебиетінде де айқын көрінеді. Ы. Алтынсариннің көркем шығармалары таза 
педагогтық мақсаттан туындауы себепті олардағы дидактизмге бірінші көңіл 
бөлінді. Басқа да ағартушылар сияқты әдебиеттің қоғамды түзеу мен адам 
мінезін тәрбиелеу сияқты маңызына айрықша мән берді. Басқа елдер қол 
жеткізіп жатқан білім мен мәдениетке жақындау, жастарды игі жолға шақыру 
жаңа талаптағы әдістемелер арқылы сауаттандыру арқылы іске асатыны 
жөніндегі ұстанымы оның өмірлік кредосы мен шығармашылығының 
бұлжымас идеялық бағытына айналды. Өзінің ағартушылық идеяларын 
насихаттауға құрылған «Қазақ хрестоматиясы» арқылы оның әдебиетке 
қатысты мұралары бізге жетті. Қазақтың жазба әдебиетінде сюжетті прозалық 
шығармалар жасаушылардың алғашқысы болып танылған Ы. Алтынсарин 
өзінің идеялық ұстанымын бұлтарыссыз әрі айқын жеткізу үшін ықшам форма 
– новеллаға жүгінді. «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай мен жарлы 
баласы», «Дүние қалай етсең табылады», «Байлық», «Әке мен бала», «Асыл 
шөп», «Қыпшақ Сейтқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Таза бұлақ» т.б. 
шығармалары мен ұлттық танымға ыңғайлай жасаған аудармалары қарапайым 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


150 
сюжетке құрылғанымен, жазушы шығармашылығының реалистік арнаға қарай 
бет бұрғанын айқын дәлелдеді. Автор үшін ең бастысы туындыларындағы 
кейіпкерлердің психологиялық коллизиялары емес, әлеуметтік типтілігі 
маңызды еді. Қаламгер сюжет дамытудың қарапайым формаларын қолдана 
отырып, өмір шындығының әр түрлі жақтарын қамтуды мақсат етеді.
Ыбырайдың проза саласындағы ізденістерінің ішінде ертегі-аңыз үлгісінде 
келетін «Қара қылыш», «Тазша бала», «Қара батыр», «Алтын айдар», 
«Жиренше шешен» сынды әңгімелері де моралистік сипатымен ерекшеленеді. 
Жазушының аталмыш мұралары халық арасындағы ертегі және аңыз 
сюжеттеріне құрылғанымен таза ағартушылық мақсат көздейді. Барынша 
қарапайым аңыздық, ертегілік оқиғалардың алынуы автордың оқырман 
танымын ескеруден, көпшілік ұғымына лайықтау ниетінен туындайтыны анық. 
Бұл туындылардың жазылу мәнерінде ауыз әдебиетіндегі ақ өлең үлгілерін, 
эпостық жырларға тән баяндау стильдерін молынан пайдалану арқылы ұлттық 
сипат дарытылып, шығарманың өткірлілігі мен өтімділігін әсте естен 
шығарылмайды. Ертегілік сюжетке құрылған «Қара батыр» шығармасындағы 
стильдік бедер осыны растайды. Ондағы кемпір мен шалдың диалогы, қыздың 
әке-шешесін тоқтатып сөйлеген сөздері эпикалық дәстүр шарттарын сақтаған. 
«-Ау, шырағым-құлыным, маңдайымда тұлымым, көлге біткен құрағым, 
жалғыз ұлым шырағым! Жау алды ма білмедім, су алды ма білмедім, аң алды 
ма білмедім, жөніңді біліп, шырағым, құрбаның боп өлмедім, жиырма төрт ай 
болды, мен жалғызды көрмедім!.. 
Сен тұра тұр деп кемпірді тоқтатып, шал айтады: 
- Жалғыз біткен талшыбық, келбетің келген қарағым, бір дерегің білуге, 
дүниені кезіп қарадым, аш бурадай жарадым, он екі мүшем сөгілді, аш 
күзендей бүгілді, таулардың насат тасындай, берік-ақ еді сүйегім, өрт 
шалғандай егілді. Қайда да кеттің, сұңқарым, үміт еткен тұлпарым, бір көрсетіп 
алмады, сол ғана болды-ау іңкәрім» [139,38]. Осындай мысалдардан 
Ыбырайдың халық мұраларын прозалық үлгіге түсірудегі ізденістерін танимыз. 
Халық аңыздарындағы белгілі шешендер жас кездерінде ең алғаш 
сапарларын өз шешендігін сынау, дуалы ауыздардың алдынан сынынан өтіп, 
батасын алумен байланыстыратыны белгілі. Осы сарынды да Ы.Алтынсарин 
өзінің ағартушылық идеалына сай пайдаланады. Мысалы, «Жәнібек батыр» 
новелласындағы Жәнібектің Қаракерей Соқырабызды іздеп шығуы абыз 
алдында бағын сынап көру ниетінен емес, оның мақсаты айқын – ақыл-білім 
үйрену. «Сен қай ұлсың? – деді.
- Қошқар ұлымын, – деді. 
- Қошқардың адам есті бір ұлы бар деп еді, сол боларсың ба? – 
деді. 
- Болармыз, - деді. 
- Балам, не жұмысың бар, бұл жақта неғып жүрсің? – деді. 
- Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге, қолын алып, бір-екі 
ауыз ақыл-білім алайын деп жүр едім, – деді [139,40]. 
Асылында, Ыбырай қолданған көркем шығарма жасаудың диалогтық 
формасы кәсіби прозаның қалыптасып кетуіне зор ықпал жасады. Қаламгер 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


151 
«Қыпшақ 
Сейтқұл» 
әңгімесінен 
басқа 
шығармаларында 
диалогтық 
элементтерді молынан қолданған. Бірінші жақтан баяндаудың ролі көркем 
бейнелердің үлесіне тиіп, лирикалық қаһарманның біржақты үстемдігінің 
әлсіреуі жаңа дәуір прозасының өрістеуіне белгілі бір мөлшерде қатысы 
болғаны анық. 
Ы. Алтынсарин прозасының ең басты ерекшелігі моральдық дидактизмге 
негізделген идеялық бағдардың мызғымастығы. Тақырыптары мен кейіпкерлері 
әр алуан болып келіп отыратын шығармалардың өнегелік бағыты мен өсиеттік 
пафосы автордың дүниетанымдық қырларымен тікелей байланысты. Өйткені 
ағартушылық реализм үлгісін негізге алатын қаламгерлер өмір шындықтарын 
эмпирикалық ыңғайда, схемашылдық жинақтау тұрғысында көрсетуге бейім 
тұрады. Өмірдің жекелеген құбылыстары жинақтаушылық мағынада 
бейнеленді. Нәтижесінде жинақталған әлеуметтік образ қоғамның рухани-
адамгершілік ахуалын танытатын типтік жағдайлардың белгілі бір кесінділері 
түрінде алынады. Ағартушылық реализмде типтік жағдайды танытарлық 
бейненің жеке болмысы мен мінездік бітімдері тым терең ашылмайтыны 
белгілі. Мұндағы типтілік көбінесе механикалық тұрғыда ұсынылады деуге 
болады. Өйткені ағартушылық реализм принципімен жасалған образдардың 
қызметі айқын, олар арқылы адамдардың белгілі бір ұждандық және әлеуметтік 
категориялары 
көрсетіліп 
отырады. 
Демек, 
ағартушылық 
реализм 
қаһарманының басты мақсаты – адам мен оның әлеуметтік ортасының ділгір 
мәселелерін таныту, қоршаған айналасының типтік кемшіліктерін айғақтау.
Ы. Алтынсарин шығармалары да осы принципке негізделді. Ағартушы-
қаламгер кейіпкерлердің ішкі иірімдері мен толғаныстарын ашуды көздеген 
жоқ. Шығармалардағы образдар автордың тәрбиелік-насихаттық бағдарына 
қызмет етіп, сыртқы тұтастық пен композициялық өзекті ұстап тұру үшін 
қажет. Кейіпкерлер арасында ашық түрдегі тартыс кездеспейді, автор өзі 
ықылас танытқан бейненің ұнамды тұлғасын ашу үшін оны басқа жоспарда 
жасалған образдармен қарым-қатынасқа түсіре отырып, мінездік-әрекеттік 
салыстыруларға барады. «Қыпшақ Сейтқұлдағы» егіншілік кәсіппен 
айналысып, елін ұшпаққа жеткізген Сейтқұл мен барымтамен баюды мақсат 
етіп, тағдыры тәлкекке ұшыраған Сейтқұлдың ағасы, «Бай мен жарлы 
баласындағы» өмір мектебінен өтіп, ерте есейген - Үсен мен қиыншылықты 
көрмеген, қырсыз бай баласы – Асан, «Мұңсыз адамдағы» патша мен кедей, 
«Асыл шөптегі» ауырлыққы төзбейтін Злиха мен сабырлы Бәтима т.б. бір-
біріне антипод-кейіпкерлер. Мұндай кейіпкерлерді бейнелеуде жазушының 
дидактикалық тенденцияшылдығы көрінбей қалмайды. Бұл ағартушылық 
реализм шығармаларындағы рационолизммен тығыз байланысты. Қаламгер 
үлгі ретінде ұсынып отырған кейіпкерлеріне ашық түрде ілтипат көрсету 
арқылы өзінің моральдық көзқарастарын айқындап отырады.
Жалпы, ағартушылық реализм эстетикасымен мүсінделген образдардың 
рухани болмысында әрі-сәрілік мінездер бола бермейді. Сондықтан 
образдардың жағымдысы да жағымсызы да нақты қасиеттерімен өз шектерін 
анықтап отырады. Бұл көркемдік әдіс негізінде мүсінделген ұнамды қаһарман - 
өз заманының озық идеяларын арқалаған, жаңашылдыққа ұмтылған, биік 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


152 
адамгершілік ұстындағы адам. С.В. Тураев өзінің «Ағартушылардың тарихи 
сабағы» аталатын мақаласында: «...осы жағымды қаһармандар арқылы 
ағартушылар өздерінің тарихи оптимизмін, адам баласының ісі мен ойының 
шексіз мүмкіндіктеріне деген сенімін паш етті... Ағартушылық идеал еш 
уақытта негізсіз фантазия болған емес; ол нақты тәжірибе негізінде және 
дәуірдің алдыңғы қатарлы адамдарының ұмтылыстарына қарап жасалды», – 
деп ағартушылық реализмнің прогрестік бағытын орынды бағалай алғандығын 
атап өтуімізге болады [140,102].
Адам мүмкіндіктеріне деген риясыз сенім, адамдар санасына әсер ете 
отырып ізгі жолға салу сынды ағартушылық позиция Ыбырайға мысал 
түріндегі шағын прозаны қалыптастыруға түрткі болды. Өйткені көркемдік 
ойлаудың публицистік өткірлікпен ұштасуы, тәрбиелік және өсиеттік сарын 
мысал жанрының мүмкіндіктеріне толық сәйкес еді. Ағартушылық реализм 
тудырған мысал жанры насихаттың ең өтімді құралы, авторлық ойдың ашық 
түрдегі көрінісі болып табылды. Мысал жанрында өмір шындығының 
тұрмыстық қырларын қамти отырып, адам өмірінің тұрмыстық мәселелеріне 
батыл араласты. Бірақ тұрмыстық элементтер эмпирикалық фактографияның 
шеңберінде қалып қоймай, моральдық-дидактикалық бағытты күшейтіп 
отырды. Жанр шарттарына бағындырыла жазған шағын прозалық үлгілер 
«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Жан-жануарлардың дауласқаны», «Түлкі 
мен ешкі», «Қарға мен құрт», «Бақша ағаштары», «Сауысқан мен қарға», 
«Мақта қыз бен мысық» т.б. аллегориялық мазмұнымен, өнегелік сипатымен 
ерекшеленіп, көркем шығарманы балалар ұғымына лайықтаудың көрнекті 
үлгісі болды. Жазушы поэтикалық әсірелеулер мен гиперболалардан саналы 
түрде аулақтай отырып, авторлық пікір мен авторлық бағаның айқын 
жеткізілуіне қол жеткізді. Бұл – ағартушылық мақсаттың басты талаптарының 
бірі. Өзінің әңгімелері мен новеллаларындағыдай тәрбиелік түйін жасауды 
мақсат тұтпай, мысал үлгілерінен оқырманның өзі қорытынды жасауға 
икемдеді. Қаламгердің көркемдік әдісіндегі мұндайлық сипатты Қ. Жұмалиев: 
«Ыбырай Алтынсариндегі реалистік әдіс туралы сөз қозғағанда және бір көңіл 
аударарлық жайт – образ, сөз қолданыстарының өмір шындығына сәйкестігі. 
Үздік теңеу, асқақ әсірелеу Алтынсаринде кездеспейді. Теңейтін нәрсесі де 
өмір шындығында кәнігі жұртшылыққа таныс құбылыстар. Не өмір көрінісінің, 
не адам қимылын көзге елестету үшін жазушы дағдыдан тыс не үлкейтіп, не 
кішірейтіп көрсетуге тырыспайды... Бұл бірінші жағынан, оның өмір 
құбылыстарын суреттеудегі реалистік әдісімен нық байланысты десек, 
екіншіден, педагог-жазушы Алтынсариннің қазақ тілін ұлттық тіл дәрежесінде 
сақтау, оның тазалығы үшін күресу идеясымен байланысты», – деп жазған 
болатын [141,266].
Ағартушылық реализм әдебиеті қатаң тенденцияшылдықтың, авторлық 
көзқарасты барынша ашық көрсетуге арналған өткір публицистикамен 
суарылған әдебиет болғандықтан, қоғам мен адамның қордалы мәселелерін 
әшкерелеп отырды. Сондықтан сатира осы көркемдік әдіске сүйенген 
қаламгерлердің басты құралына айналды. Ағартушылық реализмдегі сатиралық 
бастау сыншыл реализмдегі сатирадан айтарлықтай өзгешелене алады. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


153 
Ағартушылар сатирасы өзінің дидактикалық мазмұнынан бір де ажырамай 
өсиеттік-тәрбиелік бағыттылығын жоғалтпайды. Ы. Алтынсарин «Надандық», 
«Салақтық», «Үш ұры» шығармаларында моральдық дидактизм мен сатираны 
ұштастыра білген. Ыбырай сатираны тәрбиелік мақсатта қолдана отырып 
әлеуметтік ортаның типтік құбылыстарын сынға алады. Шығарма 
құрылымында дидактикалық-рационалистік принцип берік сақталады. Мысалы, 
«Надандықтағы» өлді деп тауып тірі адамды көрге көміп обалға қалған елдің 
әрекетін өткір сынаған жазушы «Осындай істер әр елде болатын шығар деймін. 
Білімді зор дәрігерлер айтады: қайсыбір аурулар бар – бір жұмаға шейін 
адамды есінен тандырып, ешбір жан бар белгісі болмай жатқызатын деп. Соның 
үшін өлікті тым асықпай байқаңқырап көму керек»,- деп қарапайым, болашаққа 
қажет санайтын түйінін жасайды [139,66]. Байқап қарасақ, ағартушылық 
реализм сатирасы өмір құбылыстарын ірі және ұсаққа бөлмейді. Айналадағы 
шындықтың кез келген тұстарын тұрмыстық жағдайларды, заттық дүниелерді 
мысалға ала отырып тәрбиелеушілік мүдде танытып отырады.
Ағартушылық реализм бұрын соңды байқалмаған жанрларды дүниеге 
келтіруге себепші болды. Әсіресе сатира саласында журналдық фельетон, 
сатиралық очерк алдыңғы қатарға шықты. Ағартушылық өнердегі 
дидактизммен шебер қиюласқан сатираның алғашқы белгілері Ы. Алтынсарин 
прозасынан байқалса, оны кейін Ж. Аймауытов, Б. Майлин, І. Жансүгіровтер 
жаңа сапалық деңгейге көтеріп әкетті. Б. Майлин сатирасын көркемдік әдіс 
жағынан сыншыл реализмге көбірек жанастыратынымыз белгілі. Тереңдей 
қарасақ, адам мен оның әлеуметтік ортасының келеңсіздіктерін сатира 
нысанына алған прозалық шығармаларының біршамасы ағартушылық реализм 
талаптарымен орайлас келіп жатады. Көршілес орыс әдебиеттанушылары 
ағартушылық реализм дамуының жаңа сатысын Н. Новиковтың «Трутня» 
(1769), «Живописец» (1772) сатиралық журналдарымен, Ф. Эминнің «Адская 
почтасымен» (1769), ондағы қоғамды дұрыс жолға бағыттау ниетінен туған 
сатиралық очерктермен, фельетондармен тығыз байланыстырады. Аталмыш 
журналдар сатираның тәрбиелеушілік мәніне басты назар аударды. Осы 
сатиралық журналдар публицистік-дидактикалық шарттылықтарды сақтай 
отырып, реализмнің ағартушылық сияқты күшті буынының маңызын арттырып 
қана қоймай, сыншыл реализмнің өркен жаюына алғышарттар жасады. «Осы 
жылдардағы сатиралық журналдардың әсерінің күші, – деп жазады орыс 
журналистикасының тарихын зерттеуші П.Н. Берков, – Фонвизиннің алдағы 
шығармашылығына, болашақ Крыловқа және т.б., ең ақырғысы Грибоедовқа 
дейін талас тудыра қоюы неғайбыл» [142,305]. Сондай-ақ, эпостық шағын 
жанрлар – фельетон мен очеркті дамытуда, эпикалық құлаштағы шығармалар 
жазу алдындағы дайындықта баспасөз мектебі, газет тәжірибесі І. Жансүгіров, 
Б. Майлин сынды классиктер шығармашылығында айтулы із қалдырды. 
Қаламгерлердің 
осы 
жанрлардағы 
туындылары 
ел 
тұрмысындағы 
сүреңсіздіктер мен бейбастақтықтарды, сорақы мінез-қылықтардың бетін ашуға 
арналып, ең бастысы адам санасын өзгертуге, санаға сәуле түсіру арқылы 
моральдық мәселелерді шешуге тырысты. Ағартушылық реализмнің ең негізгі 
талаптары - өткір публицистика мен тәрбиешілдік ұстанымның бірлігі 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


154 
қаламгерлерді жедел жанрларды қолдануға әкелді. Аталмыш үрдіс 1920 
жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуында айта қаларлықтай жаңа ұмтылыс 
болды. Ілияс Жансүгіров осы жылдары «Елге шыққанда... ов не айтады», «Ала 
бие», «Бейсенбек болыс», «Ықшымбай», «Ит-ай», «Жарқынбай», «Беркінбай» 
т.б. әлеуметтік өмірдегі келеңсіз құбылыстар мен адам болмысындағы түрлі 
кесапатты мінездерді сынға алды. Бүгінгі күннің көзқарасымен екшегенде бұл 
сықақтардың кейбірі идеялық-тақырыптық сипаты тұрғысынан аса маңызы 
болып табылмағанымен, көркем шығарма арқылы санаға қозғау салуға, адамды 
өз ортасымен тікелей сабақтастырып қарауға ұмтылушылығы жағынан 
ағартушылық реализм эстетикасына бір табан жақын.
Асылында, ағартушылық реализм арнасындағы сатира екі түрлі жоспарда 
жасалады. Біріншісі – қоғам мен әлеуметтік ортаның адамгершілік-ұждандық 
мәселелерін нысанаға алатын сатиралық-әшкерелеушілік аспект. Келесісі – 
автордың биік мораль мен жоғары адамгершілікке үйретушілік ұстанымы. 
Олардың кейіпкерлері әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан сомдалғанымен, 
тұрмыстық колорит пен дидактизм сақталып қалады. Адам өмірін оның 
тұрмыстық жағдайларымен қабат ала отырып, адамгершілікке, биік моралға 
үйрету Б.Майлин стиліне тән белгілер. «Жазушы фельетондарының көпшілігі 
тұрмыстық әңгіме сипатта болып, кіші-гірім сюжетке құрылады, жұмсақ 
юмормен 
оқушыны 
еріксіз 
жетелеп 
отыратынын» 
бейімбеттанушы
Б. Наурызбаев та қаламгердің ең басты сильдік бедерлерінің бірі деп табады 
[143,176].
Б. Майлин фельетон түріндегі туындыларды өндірте жазған кезеңі –
Қостанайда шығарылатын «Ауыл» газетінің редакциясында қызмет жасаған 
жылдары. Кейін «Ауыл тілі», «Еңбекші қазақ» газеттерінде де газеттік мақала 
мен көркем шығарма аралығындағы жанр – фельетонның шын шеберіне 
айналды. Жазушының оқшау-фельетондары «Сойқанды содырлар» (1928), 
«Кесінділер» (1929) кітапшалары болып жарық көргені белгілі. Ағартушылық 
реализм жанрлары не сатиралық, не дидактикалық болып келетіні, көбінесе, 
осы екі ерекшелік бір шығармада үйлесетіні әбден дәлелденген шындық. 
Сондай-ақ, Бейімбет бірнеше бүркеншек есімдерді пайдалана жүріп өзінің 
уытты сатирасын ел өміріндегі әбден қалыптасып қалған талаптарды өзгертуге 
бағытталды. Көпшіліктің санасына әсер ете отырып өз идеалындағы адамды 
қалыптастыруға болатынына деген сенім мен реалды жағдайдағы небір 
келеңсіздіктер өмір шындығына деген сыншылдық-әшкерелегіштік қатынастар 
туғызды. Қаламгер өзінің рационалистік идеаларында сатираның шешуші 
тәрбиелеушілік маңызына иек артты және сенді. Жазушының фельетон ретінде 
ұсынған шығармаларының бірқатары проблемалық мақалаға жақындығы, ал 
кейбірінің көркем әңгіме талабына толық жауап беретіндері де бар. Сондай 
шығармалар туралы зерттеуші С. Ордалиев: «Әлекемнің аяқ алысы», «Тап өзі», 
«Сайлау», «Бұл сол еді», «Рахымбайдың мақаласы» – бәрі де бірінен-бірі қызық 
сатиралық әңгімелер. Бұлардың бәрі де өз кезінде фельетон ретінде 
жарияланған. Бәрінде де образдылық, сюжеттік басым, сондықтан да олар 
жылдар өткен сайын заңды түрде әңгіме қатарына еніп кеткен»,- деп жазса 
[144,81], Б. Наурызбаев: «Кесінділердегі» «Оңай олжа», «Аш, жалаңаш», 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


155 
«Баймолда» публицистикалық тенденциясы ашық мақалалар да, «Беркімбай - 
әскер», «Айшаның қайраты», «Жол үстіндегіні» қысқа әңгіме-суреттемелер деп 
қараған дұрыс. Сондай-ақ «Сойқанды содырлардағы» «Ескерілетін екі хат», 
«Жантөре мен Шаймерден», «Қақаң мен Жақаң», «Тап өзі» - елдегі кейбір 
жолсыздық, жөнсіздіктерді фельетондық бояусыз ашық сынау, баяндау – 
мақала стилінде жазылған материалдар», – дейді [143,171-172]. 
Бейімбет сатиралық сипаттағы қысқа прозалық туындыларының жанрлық 
айқындамасын сол кезеңде қолданыста болмаған фельетон деп емес «оқшау» 
деген терминмен бергені белгілі. Қаламгердің ел ішінен алған хаттар 
баяндайтын жайттарды оқшау ретінде үнемі ұсынып отыруы, сатираның 
тәрбиелік, өнегелік мақсатта пайдаланудың жемісі. Автордың «Қыздың зары», 
«Түрт, шайтан, түрт!», «Ағаш атқа жіп құйысқан», «Ақырзаман», «Рахиланың 
көк тұсағы», «Қыз басына 20 сом», «Қолым қойдым Жантайып», «Жасасын 
Мұсабай», «Зікірияның жыры», «Сағымбай – айқай, сарапшы – Қалтай», 
«Үгітші мен қыз», Қос прокурор, бір судья» т.б. фельетондарында шындықтың 
жекелеген көріністері уытты сатира қырына алынады. Бірақ сол жеке алынған 
құбылыстар өмір шындығын құрап тұрған типтік кесінділер. Газеттік 
жанрларға тән болып келетін фактілер автордың кейісі мен келіспеушілігін 
туғыза отырып, өткір публицистикалық сарынға ұласты. Ел арасында кездесіп 
жататын тоғышарлықтар мен озбырлықтарға күйінуден шыққан сатира 
ізденістері І. Жансүгіров пен Б. Майлин шығармашылықтарындағы үндестіктер 
мен ұқсастықтарды туғызды. «Сатиралық шығарманың типтік кейіпкерлер 
бейнесін жазушы бірде шағын ғана сюжет, іс-әрекет арқылы ашса, енді бірде 
оған жазушының өзіндік тіл ойнақылығы да жәрдем етеді. Өлең, тақпақпен 
жазылғандарын сөз етпегенде проза түрінде жазылған сықақтарының өзінде
І. Жансүгіров ұтымды ой, оралымды тіл тауып отырады. Кейіпкерлеріне 
сатиралық портреттік сипаттамаларын береді», – деген М. Дүйсенов Ілияс 
фельетондарының реализм буынын бекітудегі орнына зейін қоюға шақырады 
[145,54]. Оның «Ұяның ұясы, қожаның дорбасы», «Құқ», «Алдандық», 
«Қуыршақ», «Сұрпақбай Сұғанақ», «Сөз Қамысбаевқа», «Шалқыбай», 
«Ташкендікке тарт» т.б. фельетондарында рухани мешеуліктерді әшкере етуде 
гротескілік бейнелеулерге, сатиралық портреттерге жүгінеді. Сондай-ақ, 
кейіпкер тілі арқылы мінездеу – жазушының көп қолданған тәсілі. «–Түу 
собрания емес. Шорт возмей, үстіп жүріп нервный боп кететін шығармыз. Мен 
жаңа ғана собранияда табанымнан тік тұрып тұтас екі сағат доклад қып 
шықтым. Массаға кәпәрәтібінің значениесін ұғындырдым. Задашасын 
суреттедім» («Ташкендікке тарт») деген сыңайдағы тілдік құбылтулар белгілі 
бір әлеуметтік немесе моральдық категорияларды таңбалау үшін алынады 
[146,63-64]. Жазушы әлеуметтік орта келеңсіздіктерін ашуда терең 
психологиялық дәйектемелерге жүгінбей, сюжетті дамытудың қарапайым 
формалары арқылы өмірдің жекелеген эпизодтарын бейнелейді. Кейіпкерлер 
ағартушылық реализм эстетикасына сәйкес психололгиялық тереңдеулер 
тұрғысынан емес, көбінесе логикалық тұрғыдан ашылады.
Ағартушылар адамзаттық мәні бар, мемлекеттік маңызы бар идеялардан 
гөрі адамның өз ортасымен байланысына, материалдық тұрмысына баса көңіл 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


156 
бөлетіні 
сияқты 
ерекшеліктер 
Б. 
Майлин, 
І. 
Жансүгіровтердің 
шығармашылығында 
мол 
кездеседі. 
Ағартушылық 
реализм 
үшін 
кейіпкерлердің 
статикалығы, 
күтпеген 
қайшылықтарға 
ұрынбайтын 
бірқалыптығы, алдын-ала пішілген механикалығы қоршаған ортаның типтік 
кемшіліктерін ашу үшін қажет. Майлинің ағатушылық реализм талаптарына 
сәйкес жазылған «Бекберген мектебі», «Бір адым», «Естегілер», «Ұшқын» 
әңгімелері, очкерктері мен фельетондарындағы кейіпкерлер - өзінің тіршілік 
ортасымен, тіршілік тынысымен, тұрмыстық, материалдық жағдайымен бір-
бірінен айқын бөлектеніп тұратын адамдар. Жазушы көркем бейнелердің 
таптық, қызметтік, кәсіптік дифференциациясына, әлеуметтік жіктерге бөле 
қарауынан да ағартушылар стиліне тән ерекшеліктерді аңғарамыз. Жазушы 
прозасындағы байлар, кедейлер, төңкерісшілер, дін адамдары, оқығандар, 
болыстар, әскери адамдар, әйелдер т.б. бейнелерін сомдауларынан 
механикалық тұрғыдағы әлеуметтендіру көрінісіне қанық боламыз.
Жазушылардың сатираны нақты өмір көрінісімен байланыстыруы, жеке 
фактіні типологиялық тұрғыдан жинақтау очерк жанрының қарқын алуына 
бастады. Әрине ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі очерктердің барлығын 
сатиралық реңктегі туындылар деп айтуға болмайды. Алайда очерктің дүниеге 
келуі ағартушылық реализммен тікелей байланысты екені дау тудырмауы тиіс. 
Б. Майлиннің «Жолдан» деген айдармен ұсынылған жол жазбалары,
І. Жансүгіровтің «Түрксиб» атты очерк кітабы, «Социалистік Қазақстан», 
«Лениншіл жас», «Жаңа әдебиет», «Әдебиет майданы» т.б. баспасөз беттеріне 
ажар берген М. Әуезовтің, С. Мұқановтың, Ғ. Мүсіреповтың, Ғ. Мұстафиннің,
Ә. Нұршайықов, Ғ. Сланов сынды қаламгерлер очерктері әр түрлі өмір 
салаларынан жеке тағдыр иелерін алып қарай отырып, өз қаһармандарын үлгі 
етіп ұсынды. Жеке адамдарды немесе жеке кейіпкерлерді өзінің тәрбиелік-
адамгершілік концепциясына тірек етіп алушылық ағартушылық-рационолистік 
принциптердің жемісі болып табылды. Очерк жанрының зерттеушісі
М. Шыңдалиева: «1930 жылдары очерк жанры мықтап бой көрсетіп қана 
қоймай, адамтану, өлкетану, еңбектану қызметтерін атқарған, бірінші 
бесжылдық шежіресін, Қазақстанда өркен жайған өнеркәсіп орындарын, онда 
жұмыс жасаған еңбек адамдарының өмірін молынан қамтыған, шежіреге 
айналдырған деуге болады. Бұл очерктерде көбінесе өмір фактілері жадағай 
баяндалып, жалпылама көрсетіліп, адамның ішкі жан-дүниесі, психологиясы 
ашылмай қалып отырған», – деп әділ көрсетеді [147,12-13]. Аталған кезеңдегі 
очерк кейіпкерлерінің іс-әрекеттері психологиялық терең негіздеулерден, 
дәйектеулерден және дараланудан алыс еді. Бұл – ағартушылық реализмді 
реализмнің басқа сатыларынан өзгешелеп тұратын қырлары. С. Сейфуллиннің 
«Қыр балалары», «Екі кездесу», І. Жансүгіровтің «Қойшы мен аэроплан», 
«Батырақ», «Шоқпардың шоқтығында», «Төрт жолдың торабы», «Жарыс», 
«Соқашылар», «Төменнен толқын», «Бейсетай бригадасы», Б. Майлиннің 
«Алыптарды аралағанда» кітабындағы очерктер топтамасы, М. Әуезовтің 
«Түркістан солай туған», «Жуалы колхозшысы», «Ерлік – елдің сыны», Ер 
серігі – сергек ой», Ғ. Мүсірепов пен Б. Майлиннің «Батыр большевик 
Амангелді», Ғ. Мүсіреповтің «Батырдың биік тұлғасы», «Шұғыла», 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


157 
«Тарландар», С. Мұқановтың «Туған жердің тыңында» очерктер циклында, 
«Тірі ескерткіш», Ғ. Мұстафиннің «Алыптың кереметтері», С. Шариповтың 
«Рузи Иран», Ж. Саинның «Бірінші рангалы кен директоры», Қ. Сатыбалдиннің 
«Кетпенді адам» және т.б. көптеген қаламгерлердің очерктері еңбек 
адамдарының ерен істерін, батырлардың жасаған ерліктерін, қысқасын 
айтқанда, қоғамның жеке мүшесінің рухани-практикалық жеңістерін дәріптей 
отырып, тәрбиелеушілік-өнегелік рөл атқарды. (Тек жолсапар очерктерінде 
ғана тәрбиелік мазмұннан танымдық-таныстырушылық сипат басым түсіп 
жатады). Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскери очерктер мен соғыс 
жылдарынан кейінгі ел шаруашылығының мәселелеріне, әр түрлі мамандық 
иелерінің тағдырына арналған Ә. Сәрсенбаев, Ж. Молдағалиев, С. Омаров,
Ж. Жұмақанов, Д. Әбілев, Б. Бұлқышев, А. Тоқмағамбетов, С. Сейітов,
А. Лекеров, Ә. Нұршайықов т.б. қаламгерлердің көркем очерктері насихаттық-
тәрбиелік сипатымен ерекшеленді. 
Ағартушылық реализмнің басты критерилерінің бірі – бейнеленіп отырған 
адам белгілі бір мамандықтың, қоғамдық саланың өкілі. Қаламгер үшін оның 
жеке қасиеттерінен гөрі оның қоғами істері мен әлеуметтік ортаның моральдық 
жағдайына ықпалы нысанаға алынады. Және де ол кейіпкерлер көбіне 
қарапайым адам болып келіп, оның өсуіне, жетілуіне, рухани кемелденуіне 
тигізген сыртқы ықпалдар бейнеленеді. Ағартушылық реализмде әлеуметтік 
фактор ең басты рөл атқарады дейтініміз сондықтан. Мүндай принциптер очерк 
жанрының дамуы үшін ең қолайлы жағдайлар қалыптастырды. Қазақ 
баспасөзінің дамуы арқылы публицистік өткірлігі мен әдеби шығармаға лайық 
көркемдігі қатар келіп отыратын очерк сынды қысқа прозалық жанрлар да дами 
берді. Жүсіпбек, Бейімбет, Ілиястардан басталған прозаның осы жанрлық түрі 
бойынша ізденістер 1970-80 жылдары З. Қабдолов, Ш. Мұртаза, О. Бөкей т.б. 
суреткерлердің шығармашылықтары арқылы лайқты жалғасын тауып, тың 
сапалық деңгейге көтерілді.
Очерк, новелла сынды ықшам жанрлар жазушылар үшін кең құлашты, 
эпикалық тынысты туындылар жазу алдындағы шеберлік мектебі, кесек 
туындылардың эстетикалық эскиздері екені рас. Мұны өзінің шығармашылық 
лабораториясы арқылы көз жеткізген Ғ. Мүсірепов те айтқан болатын: «Көркем 
очерк алдағы күндерде туар үлкен еңбектердің барлаушысы. Бұл – әрбір үлкен 
жаңалықтарға тез жаңғырығып отыратын, жазушының белсенділігін 
арттыратын сала», – дейді ол [148,324]. Немесе өзі де қазақ әдебиетіндегі очерк 
жанрын дамытушысы болған Ж. Жұмақанов: Жақсы очеркистің қаламынан 
келе-келе жақсы әңгіме мен повесть, роман да туатыны талас емес. Табиғаты 
өмірлік 
өзектен, 
нақтылы 
фактіден, 
тарихи, 
шындық 
оқиғадан 
құрылатындықтан очерк түптің түбінде барлық жанрлардың да төркіні, қайнар 
көзі сияқты», – дейді [149]. Очеркті барлық жанрлардың төркіні деп кесіп 
айтуға болмаса да, ХХ ғасыр басындағы әдеби-публицистик жанрлар прозаның 
өркен жайып кетуіне ең шешуші ықпал жасады. Ол туынылар көбіне-көп 
ағартушылық бағытта туған еді. Кейін Б. Майлин, І. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов 
сынды классиктеріміз прозаның кең тынысты жанрларына ойысқанда да 
олардың көлемді прозалық үлгілерінен ағартушылық реализм элементтері 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


158 
молынан ұшырасып жатты. «Жолдастар», «Азамат Азаматыч», «Қазақ 
солдаты» 
туындыларының 
алғашқы 
романдарында 
ағартушылық 
эстетикасының белгілері анық байқалады. «Қазақ солдаты» романы 
отансүйгіштік тәрбие рухында жазылған «Қазақ батыры» очеркінен бастау 
алғаны белгілі 
Ағартушылардың идеялық-шығармашылық ізденістері Тайыр Жомартбаев 
прозасына да ықпалы анағұрлым мол сезіледі. Жазушының «Қыз көрелік» 
повесінің идеялық желісін ұстап тұрған Ғайникамал образы арқылы жазушы 
әлеуметтік ортаны адамгершілік құндылықтарға шақырушылық дидактикасын 
жеткізеді. Қаламгер Ғайникамалды үлгі-образ дәрежесіне жеткізе суреттей 
отырып, адам санасы мен ортасын өзгертуге бейімделген ағартушылық-
рационалистік ыңғайдағы суреткер екенін танытады. Бұл романдағы көркемдік 
олқылықтар, жанрлық селкеуліктер басқа әңгіменің өзегі. М. Қараевтың «Қыз 
көрелік» ағартушылық реализмнің прозамыздағы алғашқы көрінісі» деген 
пікірі орынды деп білеміз [75,139]. 
Қазақ әдебиетіндегі реалистік роман бастауында тұрған шығарма – 
Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» романы. Реализм болғанда да, 
ағартушылық реализм үлгісінде жазылған туынды. Қай ұлттың әдебиетін алып 
қарасақ та, реализм кемелденген сайын роман, роман-эпопея сияқты ірі 
жанрлардың өркендеуіне жол салды. Өйткені реалистер адам тағдырларын 
суреттей отырып, әлеуметтік байланыстарға көңіл бөле отырып қоғамның 
барлық салалары мен иерархиясын қамтуға тырысты. Ж. Аймауытов та өз 
романының кейіпкерін әлеуметтік баспалдақтардың барлығынан өткізе 
отырып, рухани кемелденуіне дейін әкеледі. Бір жағынан алғанда, «Қартқожа» 
романы батыстың Ағарту дәуірінде туған Виландтың «Агатон», Смолеттің 
«Рэдрик Рэндомның басынан кешкендері», «Перигрин Пикльдің басынан 
кешкендері», Филдингтің «Тауып алынған Том Джонстың тарихы» сияқты 
«тәрбиелік романдарына» ұқсайды. Мұндай ағартушылық сарындағы 
романдарға берген бағасында Н.А. Гуляев былай дейді: «Бұл шығармалардың 
басты тұлғалары өмірдің қатал мектебінен өтеді, ол нешеме шытырмандарды 
басынан кешеді, бірақ әдеттегідей ең соңында тұрмыстың ең қалыпты арнасына 
қол жеткізеді. Бұл жағдайда тәрбиелік роман кейіпкері рухани кемелдіктің 
идеалынан алыс, ол - әр түрлі осалдықтары бар, жаза баса да алатын, 
қарапайым адам. Алайда, оқиға баянының соңында өмірлік тәжірибе 
нәтижесінде рухани тұрғыдан қайта түлейді... Ағартушылар адам 
мүмкіндіктеріне деген қалтқысыз сенімде болды, адамның табиғаттан дарыған 
ізгілік қасиеттері қоғамды өз ішінен емдей алатынына сенді» [43,214]. Сондай-
ақ, Ж. Аймауытовтың «Қартқожа» романында да тәрбиелік мазмұн кейіпкер 
бойына жинақталған. Қартқожа – қазақ романындағы білімге ұмтылған 
жастардың тілек-мақсатын бейнелеген алғашқы образ. Жүсіпбектанушы-ғалым 
Р. Тұрысбек: «Біздіңше, Қартқожа кеңес заманынан бұрын туса да ілім-білімді 
өздігінше іздеп, жаңа өмірге адаспай адал еңбегімен қол жеткізген жаңа заман 
қаһарманы деуге толық негіз бар», – дейді [150,177]. Зерттеуші ұлттық 
әдебиетке эпикалық тыныстағы жаңа қаһарманның келгендігін, ол образдың 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


159 
бөлекше эстетикалық құбылыс болғандығын айғақтай келіп, нақты талдаулар 
жасайды.
Жалпы, қазақ әдебиетінде өнер-білім тақырыбы – аз көтерілмеген тақырып. 
Әсіресе 
поэзия 
жанрындағы 
шығармаларда 
оқудың, 
ғылымның 
артықшылықтары терең көрініс тапты. Ал проза саласында, оның ішінде, 
эпикалық прозаға бұл мәселені негізгі діңгек, басты идея етіп алу –
Ж. Аймауытовтың жаңашылдық қырын көрсететін ерекше белгі. Жазушы өз 
заманының көп қаламгерлері тәрізді қаһармандарын саяси күрестерге 
араластыра бермейді. Науқанды да, ауқымды істердің жуан ортасында жүретін 
белсенділік те жоқ. Оның образдары білім алу, өмірлік жолын іздеу, елге 
қызмет ету идеяларымен жанды байланыста болады. «Қартқожа романындағы 
тумысынан бұйығы, томаға тұйық Қартқожаның хат тануға, білім алуға деген 
талпынысы, құштарлығы өте сенімді берілген. Романда Қартқожаның өмір 
жолы өте күрделі. Оны тұрмыс тауқыметі талай-талай азап шектіреді. Ол 
шығарма оқиғасына балалық шағынан арластырылады. Жазушы оқырманды 
Қартқожамен таныстыруы да қызық. «Сол балалардың ішінде босаға жақта – 
астына бір жапырақ тай тері, мұрнын қос-қостап тартып, қожасының ақ 
сабауына қарай түсіп, шиге шанышқан бір жапырақ қағазына үңіліп, құнысып 
бір бала отыратын еді. Жасы 10-11 шамасы болар ма екен, қалай?.. Екі жеңі де 
сауыс, бетінің бір жағы да сатпақ, көзінің былшығы да жөнді тазармайды. Сол 
баланың қақ-соқпен ісі жоқ, момақан, аңқау, көзі бажырайып, аузын ашып, 
мұрны қоңқиып отырғаны. Жасында балпиған, сүйкімді бір бала болады ғой, 
тап сол бала осы еді. Құдай оңдап, аты да түріне сай бола кетер ме? Қартқожа... 
Жас балаға лайық ат та емес қой», – деп берілетін портреттен бала Қартқожаға 
тән мінез-құлықтан хабар аламыз [151,24-25]. Енді роман соңындағы 
Қартқожаны алып қарайық: «Қос қабат тас болат үйдің үстіңгі бөлмесінде 
электр нұрына шомылып, қара шолақ бешпетін жамылып, Архимед, Торилел, 
Пифагор, Ньютон, Богданов, Каутский, Уйпперлермен айналысып, терең ойға 
бойлап отырған қошқыл жігіт кім?.. 
«Сабағыңды жақсы оқы! Ұқпаған жеріңді келіп сұрап алып тұр!» деп, он екі 
жасар балаға ақыл айтып, шығарып салып тұрған ажарлы жігіт кім? 
Күштіден зорлық көріп, не жері, не жесірі кетіп, арызын қайда берерін 
білмей қаңғып жүрген қазаққа ақыл айтып, шығарып салып тұрған қайырымды 
жігіт кім?.. 
Бала оқытып тапқан тебен-теңгесіне қырық шақты кездей нәрсе алып, елге 
баратын қалашыдан әжесіне сәлемдемеге жіберіп отырған бауырмал жігіт 
кім?.. 
Шәкірттердің жиылысында ұйымның ісі туралы баяндама қылып, 
кемшілікті тура айтып, өз міндетін дұрыс атқарып, сенім алып тұрған жігіт 
кім?.. 
Қартқожа, Қартқожа, Қартқожа...» [151,141-142]. 
Алғашында хат танудың, білімнің артықшылығын ол өзінше түсінеді. Оның 
«бір стражнікпен орысшаласып-орысшаласып жеңіп кеткен» Әбілда 
перуәтшікке қызығуы, «омырау қалтасынан қылтиып көрініп тұратын қара 
тараға бар» Мақыш тілмашқа таңдануы, Уфа медресесінің шәкіртімен 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


160 
жолығып, айдалада өзін-өзі ұмытып, қомағайлана кітап оқуы, өзінің талабын 
жүзеге асыру үшін Жүніске «қызмет» қылуы бала көңілдің оқуға деген керемет 
ынтасын көрсететін суреттер. Шәкірт баланың «Тумыш» деп аталатын 
кітапшасын есі кете оқып шыққаннан кейін нақты тұжырымға келеді: 
«Қартқожаның есі-дерті оқуға кетті. Өзіне-өзі «оқимын» деп серт етті. Қалай 
оқиды? Қайдан оқиды? Қайда барады? Қаражатты қайдан табады? О жағымен 
ісі болмады, ойына да келмеді, қайтсе де оқымақ болды. Бұрынғы бұлдыр-
салдыр ойларына мына шәкіртпен әңгімелескені, мына кітапшаны оқығаны, 
олардан шығарған түйіні бір қызық, бір тиянақ болды», - деп бейнелейді 
суреткер [151,33]. 
Қартқожаның кедергі мен қиындықтарға қарамастан Баянауыл, Семей, 
Омбыға барып оқу іздеуі оның алдына қойған мақсатына, діттеген өмірлік 
нысанасына деген күшті ынтасын аңғартатын суреттер. Шығармадағы мұндай 
көріністер жазушының тек білім-ғылым арқылы саналы азамат қатарына 
қосылуға болады деген ағартушылық идеясын дәріптегені. Қаламгер Қартқожа 
бейнесін игі істерге ықылас қойған барша жасқа үлгі ретінде ұсынады. 
Сондықтан да «Қартқожа – революциядан кейін оянып, қоғамдық өмірде өз 
орнына ие бола бастаған көзі ашық қазақ жастарының типтік бейнесі 
дәрежесіне көтеріле алған сом тұлғалардың бірі» болып бағаланбақ [152,78]. 
Адамды өзінің әлуметтік ортасы шеңберіне және тұрмыстық шарттылықтар 
аясында суреттей отырып, қаламгер өзінің адамгершілік-рухани ұстанымын да 
анық байқатады. Жазушы ағартушылық реализм принциптеріне сәйкес 
шындыққа деген нақты, эмпирикалық қатынастың жақтаушысы ретінде 
танылады. Сондықтан оның бейнелеу жүйесінде тұрмыстық суреттер басым 
болып келіп отырады. Өмір шындығына деген рационалистік қатынас, 
моралистік дидактизм, ағартушылықтың күшіне шексіз сенім сияқты 
идеалистік таным Жүсіпбек романының идеялық бітімін айғақтайтын жайттар.
Тұжыра айтқанда, қазақ әдебиетінде прозасының іргелі жанрға айналып, 
жетілу үдерісінде ағартушылық реализм маңызды белес болып саналады. 
– Адам тұлғасын әлеуметтік орта жағдайымен тікелей байланыста алып 
қарау, өмір шындығына деген рационалистік қатынас, автор дидактизмі мен 
өткір публицистік сарынның қатар өрбітілуі Абайдың қара сөздерінің айтулы 
қыры болып, ағартушылық реализмнің прозалық жанрды дамытудағы 
мүмкіндіктерін айғақтап берді;
– Ы. Алтынсарин моральдық дидактизмге негізделген, тақырыптары мен 
кейіпкерлері әр алуан болып келіп отыратын, қарапайым сюжеттік формаға 
лайықталған әңгіме, новеллаларында ағартушылық реализм эстетикасына 
сәйкес өмір шындықтарын эмпирикалық ыңғайда, схемашылдық жинақтау 
тұрғысында бейнелеуге ден қойды. Ағартушы-қаламгердің шығармалардағы 
образдар тұтасымен автордың тәрбиелік-насихаттық бағдарына қызмет етті. 
Көркемдік ойлаудың публицистік өткірлікпен ұштасуы, автордың ағартушылық 
ойларының ашық түрде көрініс табуы, Ыбырайға шағын әңгімелермен қатар 
насихаттың ең өтімді құралы – мысал түріндегі прозаны қалыптастыруға себеп 
болды;
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


161 
– Ағартушылық реализм қазақ әдебиетінде очерк, фельетон сияқты жаңа 
жанрлардың 
қалыптасуына, 
дамуына 
жағдай 
жасады. 
Сатираның 
тәрбиелеушілік мәніне терең көңіл бөлген классиктер – Б. Майлин,
І. Жансүгіровтер сатиралық очерктер мен фельетондарында қоғам 
келеңсіздіктері мен рухани дағдарыстарды жетесіне жеткізе сынау үшін 
гротескілік бейнелеулерге, сатиралық портреттерге жүгінеді. Баспасөзге 
лайықталған ұрымтал жанрлар әлеуметтік және моральдық категорияларды 
айқындауда ең ыңғайлы құралға айналды. Очеркті әрі қарай дамыта түскен
М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, С. Омаров т.б. 
қаламгерлерден бастап, бертінгі кезеңдегі О. Бөкейге дейін аталған жанрдың 
әлеуметтік ортаның моральдық жағдайына тигізетін ықпалы ескеріліп отырды. 
Кеңес дәуірінде туған очерктердің басым бөлігі адам болмысының шексіз 
мүмкіндіктері мен рухани жаңғыруларын паш етуге арналды;
– Прозаның өркен жаюындағы ағартушылық реализмнің шешуші ықпалы 
эпикалық жанр – романнан да айқын аңғарылды. Ағартушылық реализм 
белгілері қара сөз өнеріміздегі алғашқы романдардан да байқалғанымен, 
аталмыш әдіс ұстанымдарына толық жауап беретін шығарма –
Ж. Аймауытовтың «Қартқожа» романы. Жазушы адам тұлғасын қоршаған 
ортаның тұрмыстық, материалдық, әлеуметтік жағдайларымен байланыстыра 
келіп, білімге ұмтылған тұңғыш романдық кейіпкерді сомдай алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет