3.3 Қазақ прозасындағы сыншыл реализм принциптерінің орнығуы
Қазақ әдебиетінде біржола орнығып, өскіндей бастаған сыншыл реализмді
ағартушылық реализмнен ерекшелеп тұратын эстетикалық белгі-сипаттары бар
екені белгілі. Ағартушылық реализм ашық түрдегі публицистік-моральдық
бағыттылығымен, нақты бір әлеуметтік мазмұндағы идеалға тікелей
ұмтылушылығымен, сатиралық әшкерелеуге жүгініп отыруымен ерекшеленсе,
онымен қатар дами бастаған сыншыл реализм реалистік өнердің жаңаша
қырларын, өзгеше бояуларын таныта бастады. Десек те, ағартушылық
реализмнің өзіндік алар орнын әсте кемітуге болмайды. Қазақ әдебиеті
ағартушылық реализмнің өзіндік мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жаңа
көркемдік-идеялық сапаға қол жеткізе алды. Абайдың қара сөдері ағартушылық
ұстанымдар, Ы. Алтынсариннің төл әңгімелері, ағартушылық реализм мен
сентиментализм өрнектерін қатар пайдаланған М. Дулатов, С. Көбеев,
Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, Т. Жомартбаевтар дүниеге келтірген
алғашқы қазақ романдары, осы көркемдік әдістің принциптері толығымен
жүзеге асқан Ж. Аймауытовтың «Қартқожасы», І. Жансүгіров, Б. Майлиндер
негізін салған сатиралық очерктер осының айғағы. Сыншыл реализмнің
қалыптасып кетуіне тек ағартушылық реализм ғана емес, романтикалық
бағыттағы әдебиет те, әсіресе консервативті бағыттағы романтизм өкілдерінің
тигізген ықпалы зор. Реализм романтикалық субъективизмнен арылуға күш
сала дами отырса да романтизмнің бірнеше көркем сипаттарын бойына сіңірді.
Субъективті бастау терістеле отырғанымен, ол мүлде жоғалып кеткен жоқ. Тек
көркемдік қызметі өзгерді. Романтизм жеке тұлғаның болмысының ашылуына,
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
162
қоршаған ортадағы, қоғамдағы өзінің жеке адамның орнын түсінуге, тұлғаның
айналадағы құбылыстарға өзіндік көзқарасының қалаптасуына жағдай жасады.
Жеке тұлғаның болмысқа деген сыншылдық қатынасының орнауында да
романтизмнің идеялық ізденістерінің әсері бар еді. Романтизмнің дүниеге
келуінің басты алғышарты: романтиктің немесе саналы түрде романтизм
эстетикасын қолданушы қаламгердің өзінің тіршілік ортасына, объектиивті
тарихи кезеңге танытқан ымырасыздығы мен келіспушілігі екенін еске алсақ,
романтизм әдісінің көркем ойлаудың сыншылдық ыңғайының тууына,
реализмнің сыншылдық тұрғыдағы түрінің пайда болуына қаншалықты әсері
болғанын бағамдаймыз. Бірақ бұл пайымдаулардан сыншыл реализм міндетті
түрде романтизмнен кейін туатын көркемдік әдіс деген түсінік тумауы керек.
Мәселе көркемдік әдістердің әдеби-эстетикалық белгілерінің алмасулары
хақында болуы тиіс. Бұл әдістердің бір кезеңдерде қатар жасай беруі мүмкін
екенін, әр ұлттың әдебиетінде әр түрлі сипат танытатын естен шығаруға
болмайды. Романтизмнің қалыптасып қалған қағидалар мен заңдылықтарға,
қоғамдық-әлеуметтік қатынастарға келісе алмаушылығы максималистік
рухтағы идеалдарға қол создырды. Дулат, Шортанбай, Мұрат, Нарманбет,
Н. Наушабаев, Ә. Кердері шығармашылығындағы романтизм өткен дәуірдің
идеалды картинасын жасап шыққан еді. Өйткені оларды қалыптасқан реалды
жағдай қанағаттандырмады да, сыншылдық, кей кезеңдерде бүгінгіні үзілді-
кесілді қабылдамаушылық ұстаным қалыптасты. Өткендегі мен бүгінгінің
антиномиясы, бұрнағы өмірді идеалдандыру романтизм өкілдерінің өзіндік
тұғырнамасына
айналса,
сыншылдық
ұстанымдағы
реалистер
өз
келіспеушіліктерін нақты өмірдің көріністерінен іздеді.
Қазақ әдебиетіндегі халықтың бұрнағы өмірі, өркениет буырқанысынан
ауылы алыс балаң шағы әлдебір романтикалық нысан, тым-тым биіктегі
тазалық ретінде («зар заман» ақындары) идеалдандырыла суреттелсе, сыншыл
реалистер ол шындыққа басқаша тұрғыда қарай бастады. Реалистер ол
шындықты балаңдық немесе тазалық деп емес, адамзат көшіне ілесе
алмаушылық, қараңғылық немесе артта қалушылық ретінде қалам қырына ала
бастады. Мысалы, Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» рухындағы
идеялық тенденция, өмір шындығын игерудің романтикалық тәсілдерінен
мүлде бөлек еді. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы
қоғамдық-әлеуметтік қатынастардың күрделілігі әдебиет өкілдерін нақты
тарихи жағдайға басқаша үңілуге итермеледі. Осы қажеттілік сыншыл
реализмді қалыптастыруға серпін бергені анық.
Сыншыл реализмнің қазақ әдебиетіндегі тарихи даму жолына үңілетін
болсақ, аталмыш әдістің қуатты арнасы болғанына көз жетеді. Бірақ бірден-бір
жетекші көркемдік әдіске айналып кеткен жоқ. Сыншыл реализм қазақ
әдебиетінде романтизм, оның бірнеше ағымдарымен, ағартушылық реализм
тенденцияларымен қанаттаса дамыды. Бұл бейнеленіп отырған құбылыстарға
деген суреткерлік қатынастың түрлі формалардағы ізденістерінің айғағы болып
табылады. Сонымен қатар сыншыл реализм құрылымынан ағартушылық
реализм дәстүрін де, романтикалық әдебиет дәстүрін де байқап отырамыз.
Әдістердің арасындағы генетикалық байланыс сақтала тұра нақты бейнелеу
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
163
құралдары мен суреттеу принциптері айта қаларлықтай өзгеріске ұшырап
отырды. Мәселен, романтиктер психологизмі суреткердің өзіндік ішкі
толғаныстары мен көңіл ауанын көрсетуге бағытталса, реалистер адам
психологиясын, оның ішкі сезім иірімдерін бейнелеу және зерттеу нысанына
айналдырды. М. Әуезов «Сөніп-жану» әнгімесінде орталық кейіпкердің ішкі
дүниесіндегі қайшылықтарды, психологиялық өзгерістерін оның романтикалық
ұмтылыстарымен орайластырса, «Қасеннің құбылыстарында» адам болмысын
психологиялық құбылыс тұрғысынан арнайы зерттеу нысанына айналдырады.
Көркем шығармадағы пейзаждың да ролі өзгерістерге түседі. Романтикалық
пейзаж эмоционалдық тұрғыда кестеленіп, образдың романтикалық
ұмтылыстарына параллель алынып отырса, сыншыл реализм пейзажы
нақтылық сипат алып, бейнеленіп отырған нысанның реалды картинасын жасау
үшін қолданылады.
Қалыптасқан тарихи жағдайдың келеңсіз құбылыстары, адам баласының
тарихи көшіндегі рухани әлеуметтік мәселелер ағартушылық реализм
әдебиетінің де өзекті идеялық арқауы болып табылатынын айтып өткен
болатынбыз. Алайда ағартушылылар бұл іргелі мәселерді шешудің жолын
сананы қайта құру, адамды санасын эволюциялық жолмен қалыптаудан тапты.
Сыншыл реализм өкілдері болса қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді күн
тәртібіне батыл шығара отырып, оның нақты шешу жолдарын ұсынды,
әшкерелеушілік бағыт ұстанды. Зерттеуші Ә.Қоңыратбаев қазақ әдебиетіндегі
сыншыл реализм әдісінің қалыптасуын тікелей ағартушылық реализм
эстетикасының әсері деп қарастырады. Ол: «С. Көбеев, С. Торайғыров,
С. Дөнентаев, М. Сералин, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев,
М. Жұмабаев есімдерімен байланысты жаңа әдебиетіміз де түгелімен сол
ағартушылық идеяның ізімен, Абай дәстүрімен дамып, сыншыл реализм
әдебиеті деңгейіне көтерілді. Бұл ақын-жазушылар жаңа заман жағдайына
байланысты өмір талабымен бұрынғыдан да тығыз қабысып, сыншылдық
арқауға жетіле түсті», – деп жазған еді [70,226-227]. Ғалым негіздеп отырған
бұл ерекшеліктер ең бастысы жазушылардың қалыптасқан жағдайға, өмір
шындығына деген тарихи түсініктерінің өзгеріске түсуімен байланысты еді.
Уақыт категориясын сыншыл реалистер келер шақ емес осы шақ тұрғысынан
қарастырды. Сыншыл реализм принциптеріне сүйенген қаламгер қоғамдық
жағдайдың, саяси-әлеуметтік қатынастарының нақ осы шағындағы тұлғаның
адамгершілік-психологиялық аспектілерін бейнелеуге ұмтылды. Қаламгерлер
бірте-бірте романтизм мен ағартушылық реализм қағидаларынан үстем бола
отырып, өмір шындығына бақылау, зерттеу, объективті әлемді типтендіру мен
бейнелеу нысаны ретінде жаңа қатынас орната бастады.
Сыншыл реалистердің рационалистік және романтикалық қағидалардан
алшақтай бастауы өмірді нақты-тарихи тұрғыдан тануға бейімделуден келіп
шығады.
Романтиктер
негіздеген
төңкерісшілдік
немесе
өткенді
идеалдандырудан туған консервативті рух, жеке адамның қаһармандық
тұлғасының өмірді түбегейлі өзгертушілігіне деген сенім қоғам дамуының
реалды заңдылықтарының алдында қауқарсыздық танытуы қаламгерлерге
альтернативті идеяларға жүгінуге итермеледі. Сонымен бірге ағартушы
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
164
реалистер алдыға тартқан «сананың жеңісі» идеясы, адамды ізгілік жолында
қайта тәрбиелеп шығару ойларының қалыптасқан күрделі тарихи
жағдайлардың аясында жүзеге асуына реалистер тарапынан күдік тудырғаны
анық еді. Бұл ағартушылық реализм үлгісімен туып, романтизмнің бейнелеу
тәсілдерімен нәрленген, бірте-бірте буыны беки бастаған қазақ прозасында да
байқалатын құбылыс. Қазақ әдебиетіндегі ағартушылық-демократтық
бағыттың өкілдеріне берген бағасында Б. Кежебаев: «ХХ ғасыр басындағы
ағартушы, демократ ақын, жазушылары өздерінің шығармаларын сыншыл
реализм әдісімен жазды; реалды қазақ өмірін көрсетті: оның жақсысын,
жаңасын, өршілігін дәріптеп, жаманын, ескісін, кертартпасын сынап көрсетті»,
– деген болатын [153,231]. Қазақ прозасының ХХ ғасыр басындағы
үлгілеріндегі романтизм элементтері мен сыншыл реализмнің белгі
сипаттарының аралас жүретінін айтқан ғалым мұндай құбылыстың әдеби даму
үшін ешқандай кедергісі болмайтынын, «бұл бұрын-соңды өткен үлкен, күшті
ақын-жазушылардың бәрінде де болатын жақсы қасиет» екенін баса көрсетеді.
Мұндай көзқарас социалистік реализмнің қазақ прозасындағы қалыптасу
жолдарын ғылыми тұрғыдан тексеріп, іргелі монография жазған М. Қаратаевта
да кездеседі. Ғалым М. Әуезовтің 1920 жылдардағы әңгімелеріндегі романтизм
мен реалистік ұстанымдардың қатар өрбігенін айта келіп, «Қорғансыздың күні»
турасында: «Балалық пен тазалықты, жастық пен жазықсыздықты жыр еткен
реализм де, романтика да, поэзия да, символика да – бәрі осында. Бұлар бір-
біріне қайшы емес, қиғаш емес, жат емес. Бәрі жиылып, жарасып, бар
пәрменімен жауыздықты жазғырады», – деген ой түйеді [106,149]. Ғалым
сыншыл реализмді социалистік реализмді қалыптастырушы құбылыс,
реализмнің кемеліне жетіп болмаған түрі ретінде түсіндіргені белгілі. Ол ХХ
ғасырдың жиырмасыншы жылдардағы прозаның даму ерекшеліктерін сөз ете
отырып, «Б. Майлин мен М. Әуезов әңгімелерінің тақырыбы ғана емес, тұтас
идеялық-көркемдік дәрежесін алсақ, бұл ретте де олар бұқарашыл жазушылар
жеткен деңгейден көп асып кете қойған жоқ еді. Ол – сыншылдық реализм
деңгейі» деген сыңайдағы пікірлерге де жол берген еді [106,151-152]. Сыншыл
реализм сынды шығармашылық құбылыстың әдеби даму үшін өте маңызы
болғанын негіздеп, өзінің ғылыми тұрғыдағы дәлелді пікірлерін келтірген
Т. Кәкішев жоғарыдағыдай көзқарастарға өз келіспеушілігін танытты.
Зерттеуші «Октябрь өркені» еңбегінің «Әдебиеттің көркемдік әдісін игеру
жолында» атты тарауында: «Қазақ совет әдебиетінің қалыптасу дәуірін сөз
еткен уақытта міндетті түрде ой жүгіртетін бір мәселе – сыншыл реализм
тұрғысынан жазылған шығармалар. Әдебиеттегі бұл процесті аңғару үшін қазақ
совет әдебиетіндегі екі творчестволық тұлғаға, атап айтқанда, Сәбит Дөнентаев
пен Мұхтар Әуезовтың еңбектеріне тоқталу қажет, өйткені олардың
өнерпаздық жолдары екі айырымданып келіп бір арнаға құйған болатын.
Абай негізін қалаған қазақтың жазба әдебиетіндегі сыншыл реализм
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Спандияр Көбеев, Сәбит Дөнентаев сияқты
талантты жазушылар арқылы дамып, белгілі ағым дәрежесіне көтерілді.
Ағартушы-демократтардың бәрі де оны өздерінің творчестволық әдісіне
айналдырып, басшылыққа алған болатын», - деген нақты тұжырым жасады
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
165
[154,86-87]. Сыншыл реализмнің эстетикалық принциптері мен идеялық
арқауы, көркемдік дамудағы алар орны Т. Кәкішевтің сүбелі еңбектерінде
үнемі қарастырылып отырды. Ғалым сыншыл реализмді кеңестік дәуірдің
алғашқы жылдарындағы саяси-әлеуметтік мәселелермен тығыз байланыстыра
отырып зерделеді. Ең маңыздысы, зерттеуші өзінің ғалым ретінде
қалыптасуының алғашқы кезеңдерінен бастап әдебиет дамуын тек бір ғана
ағым мен бағыттың, әдістің үстемдігімен байланыстыруға болмайтыны
турасында принципті көзқарас ұстанды. Ол «Қазақ совет әдебиетінің қалыптасу
дәуіріндегі идеялық-творчестволық мәселелері жайында (1917-1929)» деп
аталатын кандидаттық диссертациясында қазақ әдебиетінің 1920 жылдардағы
даму үдерісін бірнеше әдеби бағыттардың тартысы негізінде талдаған болатын.
Әсіресе М.Әуезовтің осы жылдардағы классикалық әңгімелерін талдау өзегіне
айналдыра алмай, ондағы «ұлтшылдық, күйректік сарыннан» үркіп жүрген
шақта, ол шығармалардың көркемдік әдісіне байланысты дәлелді қисындар
айту, «Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлу», «Оқыған азамат», «Жуандық»,
«Қасеннің құбылыстары», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Қилы заман» тәрізді
шығармаларды талдай отырып, қазақ әдебиетінің ірі бет алысы – сыншыл
реализм болғанын ғылыми негізде айқындап беруі әдебиет тарихының даму
белестеріне шынайы эстетикалық тұрғыдан баға берудің көрінісі еді. Көркемдік
әдіске байланысты ғылыми қайшылықтарды шешуде, қазақ әдебиетінің өнімді
арнасы – сыншыл реализмге қатысты осы ұстаным зерттеушінің «Оңаша отау»,
«Қазақ әдебиеті сынының тарихы» еңбектерінде де өзгеріссіз қалды.
«Міржақып Дулатов, Шәкәрім Құдайбердиев, Ғұмар Қарашев, Сұлтанмахмұт
Торайғыров шығармаларының ең ұнамды да сүбелі шығармалары сыншыл
реализм дәстүрінде жазылғаны ешқандай күдік тудырмайды. Мұндай басы
ашық нәрселерді дәлелге тарту орынсыз», – деп түйеді ол [69,260].
Сыншыл реализмнің ХХ ғасырдың отызыншы жылдарына дейін
қаламгерлердің идеялық-шығармашылық ізденістерінде ең іргелі әдіс
дәрежесінде болғанын, ал социалистік реализм негізінен сыртқы ықпалдар
нәтижесінде пайда болғаны жөніндегі концепцияны Б. Кенжебаев,
Е. Ысмайылов, М. Дүйсенов, Т. Кәкішевтер ұстанды. Қасаң саяси талаптар
ұлттық әдебиеттің шынайы ізденістерін айқындап көрсету мүмкіндігінен
айырған шақта, социалистік реализм әдісін басқадай көркемдік әдістерден
жоғары қойып, тым әсірелеп жіберу заманында сыншыл реализмнің тарихи
ролін, маңызын ашып көрсету оңайға соқпағаны белгілі. Сыншыл реализм
атауынан қарадай үркіп, тың тұжырымдар жасау қиындық тудырғанның өзінде
«Қазақ әдебиеті тарихының» ІІІ томының «Қазақ совет әдебиетінің алғашқы
дәуірі (1917-1929)» тарауын жазған Е. Ысмайылов, М. Дүйсенов, Т. Кәкішевтер
аталмыш мәселені шешуде біршама алға жылжыды. Ғалымдар дәстүр
сабақтастығын бетке ала отырып сыншыл реализм тенденциялары
С. Торайғыров, С. Дөнентаев, М. Сералин, Б. Өтетілеуов, С. Көбеев,
С. Сейфуллин, Б. Майлин, Т. Жомартбаев шығармашылықтары арқылы көрініс
тапқанын дәйектеді. Саясат салқынына сай Алаш қайраткерлерінің
шығармашылығы айыпталып отырғанымен, авторлар сыншыл реализмді
еуропалық, орыстық ықпалдардың әсерімен бірге ұлттық дәстүрмен
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
166
тамырласқан қазақ әдебиетінің заңды сатысы, көркем ойдың өзіндік
эволюциясы деп қарауға бейім екенін көрсетті. М. Қаратаевтың: «Кейде
мынадай да жайт кездеседі: социалистік реализмді сырттан келген кіргін
құбылыс секілді қараушылық болады. Бұл көзқарас бойынша, қазақ әдебиеті
«өзінің» айрықша заңдарымен баяғыша дами берген сияқты да, социалистік
реализм келіп өз заңдарын жүргізіп, өз «тәртіптерін» орнатқан сияқты көрінеді.
Қазақ әдебиетінде жиырмасыншы жылдары сыншылдық реализм билеп-
төстеді, социалистік реализм қазақ әдебиетіне отызыншы жылдары келді дейтін
қарадүрсін ұғым – осы көзқарастың нәтижесі», – деген айыптау
мағынасындағы пікірі де жоғарыдағы ғылыми ізденістерге деген өзіндік үн
қату еді [106,10]. Қарап отырсақ, қазақ әдебиетіндегі көркемдік әдіс мәселесі,
әдебиеттің реализмді игеруі мен көркемдік тәжірибесі 1960 жылдардағы небір
қайшылықты пікірлерді туғызды. Сыншыл реализмді әлдебір ескіліктің белгісі,
социалистік реализмнің беделі мен бағасын түсіретін ұғым ретінде қабылдау
бұл орайдағы теориялық түсініктердің толымды болып шығуына кері ықпалын
тигізді. Сыншыл реализм турасындағы талас нигилистік, шовинистік, сыңаржақ
тұжырымдардың жасалуына да әкеліп соқтырды. З. Кедринаның: «Октябрьден
кейін тұңғыш рет өзінің дербес мемлекеттігін алған қазақ ұлты бірден
социалистік ұлт болып қалыптасқаны сияқты, қазақ әдебиетіндегі реализм де
социалистік реализм болып орнықты. Бұл әдебиетте әбден қалыптасып, тамыр
жайған сыншыл реализм болған жоқ. Мұның өзі қазақ әдебиетінің
жетілмегендігін ғана емес, сонымен қатар, оның революция жолымен дамуында
едәуір қиындыққа кезіккенін көрсетеді», – деген сыңайдағы көзқарастары отқа
май құя түсті [155,104]. Оның ашықтан-ашық айтқан негізсіз пікірлері қазақ
әдебиетінің «сыншыл реализмді аттап өтіп бірден социалистік реализм әдісін
өзінше қалыптастырғаны» хақындағы тұжырымдамасына сай еді.
Сыншыл реализмнің эстетикалық белгі-сипаттары ХХ ғасыр басындағы
қазақ поэзиясында, саяси-әлеуметтік лирикасында жетекші көркемдік әдістің
орнын иеленсе, жаңа тұрпатта қалыптасып келе жатқан қазақ прозасы да өмір
шындығын бейнелеуде сыншылдық үлгідегі реализм талаптарын идеялық-
көркемдік арсеналы етіп алды. Бізде прозадағы сыншыл реализм үлгілерінің
ілкі көріністерін С. Көбеевтің «Қалың мал», М. Кәшімовтің «Мұңлы Мәриям»,
С. Торайғыровтың «Қамар сұлу», «Кім жазықты» романдарынан бастайтын
көзқарас тұрақтанып қалды. Кейін М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романын
да осы көркемдік әдіс үдесінен көретін тұжырымдар белгілі. М. Қаратаев:
«Айталық, «Қамар сұлуда» болсын, «Қалың малда» болсын қазақ қызының
баяғы феодалдық заманнан келе жатқан теңсіздік халі, малға сатылатын
сұмдық күйі сыналады. Бұл қазақ жағдайында бой көрсеткен сыншылдық
реализм ерекшелігінің бір жағы», – десе [106,150], аталмыш романдардың
бірқатарының көркемдік әдісін арнайы зерттеген М. Қараев: «...қазақ қызының
аянышты халін шынайы бейнелеп, оны бас бостандығы үшін күреске шақыруы
– жазушы творчествосындағы демократтық бағыт пен сыншылдық реализм
беталысының айқын нышаны екені даусыз», – деген қорытынды жасайды
[75,140]. ХХ ғасыр басындағы қазақ романтизмі мен реализміне зерттеу
жүргізген Б. Мамыраев болса, «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ең
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
167
маңызды және мазмұнды құбылыстары сыншыл реализм шеберлерімен
байланысты. Бұл кезеңге тек әшкерелеуші пафостың күшеюі ғана емес,
позитивті құндылықтар турасындағы жан-жақты ізденулер тән», – деп жазған-
ды [118,200].
Әрине, алғашқы романдық үлгілер мен «Шұғаның белгісі» сынды повестен
қалыптасқан тарихи ахуалға, әлеуметтік жағдайға деген сыншылдық көзқарас
байқалатыны, қоғам келеңсіздіктеріне деген әшкерелегіш қатынас сақталатыны
рас. Былайша айтқанда, қаламгерлер әйел теңсіздігі тәрізді қоғамның ең зәру
деген тақырыбына қалам тербей отырып, әдебиеттің әлуметтік ділгірліктерді
дер уағында күн тәртібіне көтере алатын маңызын көрсете алды. Қазақ даласын
шырмап алған кері құбылыстарды шеней отырып, сол әділетсіздіктерге деген
субъективті қатыстарын да көрсетіп отырды.
Ойлана қарасақ, қоғам құбылыстарына деген сыншылдық қатынас,
әшкерелегіш пафос тек қана сыншыл реализмнің ғана емес, романтикалық
әдебиеттің де, ағартушылық реализмнің, тіпті натурализмнің де идеялық
арқаулары еді. Ендеше ақиқат дүниедегі қаламгер қабылдай алмаған
әлеуметтік-қоғамдық жағдаяттарды сынау мен шенеу ғана сыншыл реализмнің
эстетикалық табиғатын толық ашып бере алмайды деген сөз. «Алайда, - деп
жазады К. Ахметов, «сыншыл реализм» ұғымын тура мағынасында ғана
қабылдау жаңсақтыққа ұрындырмақ. Себебі – барлық реалистік әдебиетке тән
өмірді дәріптеу, келешекке сенім пафосы сыншыл реализм әдебиетіне де
ортақ... «Сыншыл реализм» ұғымын тура мағынасында түсіну аталмыш
кезеңдегі реализм әдебиетінің тарихи-нақты маңызын, яғни оның сол дәуірдегі
әлеуметтік міндеттермен байланысын аңғартқанмен, реалистік жауһар
туындылардың философиялық мазмұны мен жалпы адамзаттық құндылығын
толық таныта алмайды» [32,154].
Алғашқы қазақ романдары мен повестерінде әлеуметтік ортадағы
әділетсіздіктерді, қоғам дертіне айналған ұсқынсыздықтарды жеріне жеткізе
айыптау бар, шыншылдықпен айқын көрсету бар. Реалистік тұрғыда
типтендірудің де алғашқы үлгілері осы туындыларда жасалады. Бірақ
қаламгерлер
өздерінің
сын
тезіне
алып
отырған
құбылыстардың
адамгершілікпен
қабыспайтын
өрескелдік
екенін
бейнелеп
көрсете
отырғанымен, ол құбылыстардың ішкі сырын, психологиялық аспектілерін
қаузауды мақсат тұта бермеген. Мысалы, «Қамар сұлу» романында ұнамсыз
типтердің аярлығы мен залымдығын сынуда, ол мінездерлің рухани-
психологиялық астарларына үңілмей-ақ, тікелей айыптаушылық, статикалық
мінездеу тән болып келеді. Жазушы Нұрымға берген мінездемесін «Бұл өзі жеті
атасынан бері уызы арылмаған, бағы таймаған, қолынан ұры кетпеген, бір
жақсылық етпеген, жамандықтан басқаны сүймеген, біреуді біреумен
айтыстырып, елді қан жылатумен, шұбар төс, шынжыр балақ, қанды ауыз
атанған бір жауыз еді», деп көрсетсе [84,21], Оспан биді «Белгілі қазақта ондай
залым адамдардың өзіне қауіптілеу орынды күзеттіріп, сорпа-сумен алдап
қоятын иттері болатын. Сол арсылдатып қойған иттерінің ең басты төбеті біздің
Оспан би болатын» деп суреттейді [84,21]. Мұндай мінездеу сипаттары Байжан
(«Бақытсыз Жамал»), Тұрлығұл, Байғазы, Құрымбай, Итбай («Қалың мал»)
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
168
образдарына да тән. Аталмыш қаламгерлер әлеуметтік теңсіздіктер көрсету
жолынды мұндай кейіпкерлерді біржақты ұнамсыз жоспарда бейнелеу өз
идеалдарын айқындау үшін, өздерінің ықыластары толық ауған идеал-бейнені
бөлектеу үшін қажет болды. Яғни бұл туындыларда сыншыл реалистік
ұстанымдардан гөрі романтикалық принциптер мен ағартушылық пафостағы
реализм элементтері басым түсіп жатты. Сондықтан алғашқы романдық
үлгілер, эпикалық проза қадамдары сыншыл реализм талабының үдесінен
толық шықты деп тұжыруға негіздер аз. Білікті зерттеуші Ә. Қоңыратбаевтың
аталған шығармаларды ағартушылық романдар деп табуын қисынды тұжырым
екеніне бұл жерде тағы көз жеткіземіз [70,198].
Жаңа өркендеп келе жатқан ұлттық прозаға реализмнің ең биік
талаптарынан қарау тым әбестік болып табылар еді. Жұмысымыздың алдыңғы
тарауында айтып кеткендей романтизм принциптерін негізге алған ұлттық
проза айтарлықтай шығармашылық жетістіктерге қол жеткізді. М. Дулатов,
С. Көбеев, С. Торайғыров, Т. Жомартбаев, М. Кәшімов сынды жазушылар
ұлттық әдебиеттегі романтизм мен ағартушылық бағыттағы реализм
дәстүрлерін игере отырып еуропалық үлгідегі прозаны қалыптастыруымен-ақ
қазақ әдебиетін жаңа белеске шығарып, реалистік прозаның өркендеуіне жол
ашты.
Сыншыл реализм суреткерлері адам болмысын бейнелеуде оның тек
сыртқы тұрпат белгілері және әрекеттерімен шектеліп қалмай, тұлғаның ішкі
дүние иірімдері мен әлеуметтік шарттылығына баса назар аударды. Қазақ
даласына капиталистік қатынастардың дендеп енуі, ХХ ғасыр басындағы ұлт-
азаттық күрес дүмпуі, одан көп ұзамай жатып төңкерісшілдік идеялардың белең
ала бастауы аса күрделі әлеуметтік жағдай қалыптастырды да, заманауи
өзгерістер мен қайшылықтар туғызды. Осы ауытқулардың адам болмысының
түрлі аспектісіне қалайша әсер еткенін таныту бірқатар суреткерлерге өз
туындыларын сыншылдық-аналитикалық арнаға бұруына серпін берді.
Әлбетте, романтикалық туындыларда да қаһарманның жан толқыныстары, биік
идеалға қол созған бейненің әсершіл мінездерінің құбылулары немесе
романтикалық трагедия тәсілдері арқылы мүсінделген образдың ішкі халінің
белгілі бір жағдайлары көрініс табады. Бірақ романтизм әдісіндегі психологизм
таза субъективті тілектен, авторлық идеалды танытуға, абсолютті шарттылыққа
қызмет етеді. Ал сыншыл реализмнің классикалық реализмді қалыптауға
қосқан үлесі адамның ішкі әлеміндегі өзгерістер мен оның басқа дүниеге
қатынасы қоғамдық-әлеуметтік хәлдің даму, өзгеру тенденцияларымен
орайластыруында деп білген жөн. Е. Тілешев Мағжанның романтикалық
поэмаларын талдай отырып: «Реализмде қаһарманның жан диалектикасы
қоғамдық ортадан туған, белгілі бір әлеуметтік себептермен байланыстырыла
аңғартылса, мұнда романтик әлеуметтік себептен емес, бірден салдардан
бастайды», – деп айтқан пікірінің ғылыми негізі бар [48,124].
Сыншыл реалистер психологиялық бейнелеулер арқылы қоғамдық
процестерді анағұрлым терең қамтыды. Былайша айтқанда, романтиктер жеке
тұлғаны мейлінше даралап, өз ортасынан биіктете көрсетуге ұмтылса, сыншыл
реалистер тұлғаға сол ортадан, қоғамнан орын тауып беру жолындағы ізденісте
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
169
болды. Сыншылдық пафос психологиялық талдаулармен күшейтіліп отырды.
Сыншыл
реализмнің
адам
психологиясының
өзгерістерін
сыртқы
өзгерістермен, әлеуметтік орта жағдайымен терең байланыстыра алуы әрбір
қаламгердің басқаға ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктерін айғақтап берді. Адам
психикасының астарлы қатпарларына сәуле түсіру, ішкі диалектиканың даму
логикасын тарихи және уақыт реалияларымен тамырластыра оқырманға ашып
көрсету ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ прозасының ілгерішіл
қадамдары болып табылады. Әсіресе Ж. Аймауытов, Б. Майлин, М. Әуезов
сынды ірі суреткерлердің әлеуметтік-сыншылдық сипаттағы туындылары
осыған дәлел.
Ұлттық прозаның сыншылдық бағытының күшеюі әлеуметтік өмірмен
байланысты екені айқын. Бұл – тек сыншыл реализмге ғана емес, әдебиеттің
идеялық бағытына сай өзгерістерге ұшырып отыратын әдіс, ағым
категорияларына тән ортақ құбылыс. ХІХ ғасырдағы отарлау саясатының
қазақ сахарасында жүріп өткен ең жоғарға фазасы ел өмірін қай жағынан
болсын күйзелтіп, титықтатып тастады. Әкімшілдік басқару жүйе түгелімен
Ресей қолына өткендіктен ондағы дүрбелеңдер 1900-1917 жылдар арасындағы
төңкерістік қимылдар қазақ өлкесіне міндетті түрде әсер етіп, түрлі салдар
туғызғаны аз айтылып келе жатқан жоқ. Ғасыр басындағы саяси-экономикалық
қайшылықтар рухани өмірде айқын сезіліп жатты. Ресейде болып өткен әрбір
төңкерістердің алғашқы толқындары мен оның кейінгі нәтижелері қазақ
суреткерлерінің шығармашылық тұрғыларына түрліше ықпал етіп, қаламгерлер
шығармашылығында қайткенде де жаңаша бір көзқарастар қалыптастырып
отырды. Ұлттық салт-санаға, дүниетанымға кереғар сипатта жасалған ХІХ
ғасырдағы саяси-экономикалық реформалар «зар заман» ақындарының
шығармашылығындағы әлеуметтік-консервативтік көзқарастарды тереңдетіп,
олардың шығармашығындағы өткенді идеалдандыру мотивін тек күшейтіп
жіберді. Немесе алғашында қазақ даласында зор үмітпен қарсы алынған 1905
жылғы буржуазиялық-демократиялық төңкерісті ұлт теңдігіне жолдың ашылуы
деп түсінген қаламгерлер өз шығармаларындағы көтеріңкі пафосқа,
романтикалық құлшынуларға ден қойды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
тұсында да, Ақпан, Қазан төңкерісі қарсаңында да осындай шығармашылық
көңіл-күйдің қалыптасқаны анық еді. Мысалы, патшаның тақтан түсуін ұлт
мүддесі мен жарқын болашағына байланыстырған Ж. Аймауытовтың
«Жасыратын қылық жоқ – бостандық, теңдік күштіге, жемқорға келген теңдік
емес, бұл өзі қара бұқараға, кедейге келген теңдік, қол жете алмай жүргендерге
берілген бостандық» дегені сияқты серпіліс шығармашылықпен бірге саяси
майданға да араласып жүргендердің көбісіне тән еді [156]. Алайда төкерістер
дүрбелеңі басылып, дүмпуі саябыр тапқан кезеңде ұлт өміріндегі ілгерінді
үдерістерді, халық тағдыры мен тұрмысындағы, рухани жаңғыруларды көре
алмаған, сезіне алмаған суреткерлер шығармашылығында сыншылдық бағыт
күшейіп отырды. Яғни ХХ ғасыр басындағы бірнеше төңкерістер дауылы
соғып өткен қайшылықты кезең әдебиеттегі әдістер алмасуын жиілетіп, әдеби
ағым-бағыттардың алуан түрлілігіне жол салып берді. Сондықтан осындай
қысқа мерзімде жүріп өткен тарихи өзгерістер ауаны қазақ әдебиетіндегі
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
170
символистік, сентименталистік, натуралистік ағымдарды тудырып, романтистік
тенденциялар мен реалистік принциптердің қапталдаса көрінуіне себеп болды.
Көркемдік әдіс, әдебиеттегі ағым-бағыттар мәселесін теориялық-
эстетикалық тұрғыда таразылап, ұлттық әдебиеттің сол шақтағы даму бағыты
мен болашақ өрісі туралы терең тұжырымдар жасай алған Ж. Аймауытов та
сыншыл реализмнің эстетикалық принциптеріне сүйеніп бірнеше прозалық
шығармалар жазды. Адамды қоғамдық қатынастар аясында бейнелеп көрсетуге
негізделген реалистік шығармашылық ұстаным әдебиет теориясынан білімі
терең Ж. Аймауытовта саналы түрде жүзеге асты деуге болады. Өйткені ол
қазақ әдебиетіндегі романтизмнің М. Жұмабаев сынды дарындардың
шығармашылықтары арқылы дамып келе жатқанына көзі жете отырып, ендігі
кезектегі реализмнің негізгі классикалық ұстанымдарын орнықтыру керек
екенін ұға білді. (Бірақ Жүсіпбек шығармашылығын романтикалық әдебиеттен
мүлде алыс жатқан құбылыс дей алмасақ керек. Өйткені суреткер
шығармашылығының алғашқы кезеңі романтикалық поэзия арқылы көрінгенін
ұмытпайық. Халықтың өткен өмірінен романтика іздеу сарыны «Жәмила»,
«Ах-ха-ха-хау», «Ұран», «Әскер марсельезасы» атты өлеңдерінде анық
байқалған-ды. Оның ағартушылық әдебиет нұсқаларына іш тартатын «Нұр
күйі» поэмасы да белгілі). Жазушының реалистік әдебиет жасауға, оның
сыншылдық құралын пайдалануға ойысуынан осындай шығармашылық
эволюцияны байқаймыз. Ал енді жазушының сыншыл реализм өресіндегі
прозалық шығармаларды дүниеге келтіруінде, суреткерлік дүниетанымдағы
сыншылдық-аналитикалық
ұстанымдардың
қалыптасуында
әдеби
публицистика саласындағы белсенді еңбегінің әсері де болғаны даусыз. Ол –
«Мағжанның ақындығы туралы» ғылыми-зерттеу еңбегі, сол дәуірдегі
әдебиеттің келелі мәселелерін қозғаған бірнеше мақалалары арқылы өзіне
дейінгі болған әдеби бағыттар мен ағымдар хақында мол теориялық білімі бар
екенін байқата отырып, енді реалистік өнердің ұлттық сөз өнерде қанат
жаюына қадам бастады. Жүсіпбек алғашқы әңгімелерімен-ақ бұл мақсатты
орындауға кірісті. Жазушының әңгімелері бірте-бірте тереңдеп бара жатқан
қайшылықтар, қоғамның аморальдық бейнесі, адамдардың рухани жұтаңдануы
мен мерез мінездерін шынайы көрсетуге бағытталды.
Ж. Аймауытовтың қазақ әдебиетінде белгілі дәрежеде үстемдік етіп келген
ағартушылық, романтикалық эстетика талаптарынан сыншыл реализм
әдебиетін жасауға қандай көркемдік тәсілдер арқылы өтті деген сауал бұл
жерде өз-өзінен туындайтыны белгілі. Ең бастысы – Жүсіпбек өз әңгімелері
арқылы сыншыл реалистік тенденцияның айқын нышаны болып табылатын
юмордың жаңа типін қалыптастыра алды. Қаламгердің бейромантикалық ойлау
жүйесі юморға мүлде жаңа мағыналар үстеді. Алдыңғы тараушада сатираны
ағартушылық реализм табыстарының бірі деп қарағанымыз белгілі. Бірақ ол
дидактикалық сатира болатын. Ағартушылық әдебиеттегі әжуа автор
дидактизмімен астасып жататын (Ол әсіресе мысал, фельетон сияқты
жанрлардан айқын танылады. Ондағы сатиралық құралдар автордың
силлогистік қорытындылар жасауы үшін қажет болатын). Ал сыншыл реализм
юморы «ирония» категориясымен тікелей байланысты. Сыншыл реалистің
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
171
иронияға айналған юморы өмір құбылыстарының түрлі жақтарын, әр түрлі
реңктерін ашып көрсетуге, автордың субъективті көзқарастарының көкжиегін
кеңейтуге әкелді. Көшілес орыс әдебиетіндегі ХІХ ғасыр жазушыларының
ирониялық бейнелеуге ойысуын сол әдебиетті зерттеушілер реализмнің жаңа
тынысы, жаңаша ұмтылысы деп бағалағанын байқаймыз.
Ирония мен юмордың болмауын «әдебиеттің балаң шағын танытады» деп
санайтын В.Г. Белинский «Өлі жандар туралы мақаласында: «Гоголь бірінші
болып орыс шындығына тікелей және тура қарады. Мұның үстіне терең юморы
мен шексіз ирониясын қоссақ, оның әлі ұзақ уақыт неге түсініксіз
болатынының себебі анықталар еді», – дейді [157,216]. Сол сияқты
Ж. Аймауытов өзінің «Қара бақсы», «Кеп қолағашта», «Жарасымды суреттер»,
«Тұмарбай мен қатыны», «Көшпелі Көжебай», «Жидебайдың баяндамасы»,
«Боранды болжағыш әулие», «Елес» әңгімелеріндегі ирония жаңаша мәндегі
иронияны танытқан туындылар. Жазушы әзілінің астарында үлкен әлеуметтік
сыр, суреткерлік қомақты ой жатты. Адамдар, мінездер, тағдырлар жайлы,
қоғамдағы ахуал жөніндегі автордың сыншылдық көзқарасы айқындалып
отырды. Мысалы, 1925 жылы «Лениншіл жас» журналында жарияланған «Қара
бақсы» деп аталатын әңгімеде ауылдың бетке ұстар азаматы, қатты науқас
Көшербайды емдеуге шақырылған бақсы қажет еткен бас сүйекті қазып алу
оқиғасындағы Әбежан мен Желдібай молданың тілдесуін алып қарайық:
«– Молдеке, Осы жауап алатын періште қашан келеді?
– Көмушілер қырық қадам шыққаннан соң келеді.
– Сонда «Не шаруаңыз бар еді!», деп сөзді біз бастаймыз ба?
«Отағасы, басыңды көтер!» деп олар бастай ма?
– Ол арасын алла білмесе, кім біледі? – Желдібай қысылып қалды.
Әбежан: Е-е – деп бір қойды.
Сонда басымызды көтеріп, адам сияқтанып сөйлесеміз бе? Жоқ ұсынған
аяғымызды жимай, сіресіп жатамыз ба?» [158,97]
Шығарма осы кейіпкерлердің ұзақ диалогынан басталады. Мұнда «бақсы-
балгерлерге сенбейтін, оқыған дәрігерге сенетін» Әбежан мінез-құлқынан
хабар аламыз. Ал Желдібай молданың білімсіздігі, шала діншілдігінің ашылуы
юмордың иронияға ұласқандығының көрінісі. Автордың Қарапайым, оқымаған
Әбежанға беретін мінездемесі де қызық: «Әбежан дүниеге, өмірге, табиғатқа
сенеді, дүние жандылықтан ептеп ұрлық та қылып қояды, бірақ оны кәсіп
қылмайды. Ұятты білмейді: қымызды ішіп-ішіп, келіндерінің көзінше тырдай
жалаңаш жатады. Жасы кіші екен демейді, көрінген әйелмен, еркекпен
құрдасындай ойнайды, боғауыз соғады, мықынын ұстайды... Қалжыңшыл
бейпіл тіліне, дінсіздігіне қарап, жұрт оны «Надан-жынды» дейді, ол не айтса
күледі, оның сөзін елемейді. Бірақ Әбежан жынды емес, нағыз дана адам» деп,
оның шешендігін, серілігін термелеп кетеді [158,98-99]. Қарап отырсақ,
қаламгердің көп тұрғыласында кездесе беретін образ сомдаудағы бірізділік
байқалмайды. Мінездегі қарама-қайшылық кейіпкердің өз мәнінде мүсінделіп
шығуына жағдай жасаған.
Әбежанның бойынан бір-біріне кереғар қасиеттердің табылып жатуы да
көркемдік әдіс эволюциясымен байланысты дей аламыз. Романтизмдегідей
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
172
орталық кейіпкердің өз ортасынан оқшаулату, биіктету, ағартушылық
реализмдегідей біржақты мінездеу байқалмайды. Жазушы өз кейіпкеріне
пенделік мінездер дарыта отырып, қоршаған ортасынан лайықты орын тауып
беруге ден қояды.
Әңгімедегі ирониялық суреттеу барған сайын күшейтіліп отырады. Жазушы
өзінің өмір сүріп отырған дәуірінің бейнесін танытуда бақсы образының
мейлінше ашылуын көздеді. Оның сатиралық реңктегі бейнелеу тәсілі
бақсының әрекет-қимылдарын бейнелеуде де жалғастырылады. «Сол өңірдің
бозбаласын жиғызып, құман беріп, бәріне дәрет алғызып, сыбандырып, белді
бекем буғызып, жүгіндіріп, алқа-қотан отыртты. Көшербайды қақ ортаға
салғызды. Әйелдерді үй маңына бездірді. Кетпен-шотты жанған отқа
қыздыртты. Ақ семсерді жалаңдатып суырды. «Қарама көкке! Күлме бірің!
Мерт болсын... Тырс етпе!» – деп ақырып, отырған топты бір шолып, сүзе
қарап, апшысын жұрттың қуырды» деп суреттейді жазушы. [158,102]. Бақсы
тарапынан айтылатын сарынның дәстүрлі нұсқасын өз ыңғайына қарай өзгертіп
алуы да астарлы күлкі туғызу амалдары.
Дәуір келбетін, қоғами шындықты анық бейнелеген әңгіменің бірі –
«Тұмарбай мен қатыны». Кезеңнің нақты көрінісін, қоғам өмірінен белең алған
кесірлі құбылыстарды әшкерелеуге қолданатын құрал - терең юмор мен
ирониялық шешім. Шығармада ел ішіндегі сайлауды өткізуге жаңа ғана
тағайындалған Томарбай мен әйелі Шәмші арасындағы диалогқа көп жүк
артылады. Тілдесу үстіндегі кейіпкерлердің пікір-толғамдарынан характерлік
қырларды аңғаруға болады. Диалог кезеңіндегі персонаждардың қимыл
қозғалысы мен эмоция- реакциялары да жазушы назарынан сырт қалмайды.
«– Енструктор болдым!
– Ә, қойшы!
– Олда, құдай біледі!
– Еһ, жақсы болды ғой!
– Қай елге десейші?
– Қай елге, жаным?
– Майқоға болысына: ең бай ел!
– Несін сұрайсың!
– Мен де барам ғой енді?
– Төренің бәйібшесі болып барғаныңды айтсайшы!
– Өмірі түк көрмеген сен болмасаң, мен өзім де төренің қызымын.
–Сен-ақ төре болшы! – деп қолын сермеп қалғанда, пештің кәрнезінде
тұрған лампы салдыр-күлдір етіп жерге түсті» [158,83-84].
«Біз күлгенде әуелі күлкі келтіретін нәрсеге күлеміз. Неден күлкі болып
тұрған мәнісін тексермейміз. Себебін тексеріп күлгенде, көңілімізді көтерген
нәрсе болып шығуы да ықтимал. Ақындардың адам мініне, кемшілігіне
шығарған сөз деп қарамасақ керек. Ондай сөздердің көбінің-ақ бергі жағы ғана
күлкі болып, арғы жағы адамды мұңайтатын, қайғыртатын сөз болуы
ықтимал», – деп А. Байтұрсынов айтқандай [29,175], Ж. Аймауытов
әңгімесіндегі бұл жолдар өз уақытының трагедиясын аңдатып өтеді. Диалогта
тұрмыстың қарабайыр, ұсақ-түйек жайлары ғана емес, кейіпкерлердің
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
173
моральдық бет-бейнелері көрініп, сыншыл реалистік арнада мүсінделеді.
Шығармада төңкерістен кейінгі Томарбай сияқты билік өкілінің қараңғылығы,
ашкөздігі, парықсыздығы шенеледі.
Оқиға өрісін бағып отырсақ, ешқандай іс-құбылысқа, айналасына
парасаттылықпен баға бере алмайтын надан Томарбай өз дәрежесін пайдалана
отырып, сайлау кезінде өз құлқыны жолында ел ауқаттыларымен бірігеді.
Мұның бәрі жазушы тарапынан өткір әжуаның өзегіне айналады. Әсіресе
Шәмшінің іс-әрекетін тәптіштеп суреттеуде юмор иронияға айналып сала
береді. Мәселен, қажы бастатқан елдің жуандары Томарбай әйелін күтіп, асты-
үстіне түсетін суретті алып қарайық:
«– Кеспе, – дейді.
Қажы қалбалақтайды:
–Ойбай, жүгір, жүгір! Жақсы қылып жұқалап, кеспе істесін. Тез-тез!
Шәкең ыңырсып: «Жәмила істемесін, ол көп сөйлейді. Түкірігі
шашырайды. Күләнда істесін», – дейді. Қажы: «Күләнда істесін білдің бе?
Маңайына Жәмиланы жолатпасын, аңдуға бір кісі қой...» деп шегелеп жібереді.
Елеусіз ұшып жөнелді. Аздан кейін Шәкең: «Қаймақ» деп ыңырсиды. Дереу
қаймақ әзір болды. Шәкең шынашағымен бір іліп жалайды да, кесені итеріп
жібереді. «Пысынап кеттім ғой: үй маңында кісі бар ма? Қуаласын деші!»
Саятшылар өп-өтірік айқайлап: «Аулақ кет», – деп қуалайды. Әрі-беріден соң:
«Есік жақтан жел жіберші, Елеусіз, – деп бұйырады Шәкең. Елеусіз қағынды
келгір, күлместен, дәнеме етпестен, есік жақтан қос қолдап Шәкеңнің бетіне
жел әкеліп шашады» [158,86].
Автор мұндай күлкілі көріністерді сюжетпен тұтастандырып жібереді.
Кейіпкерлер бойындағы жат қылықтарды, дүниеқұмарлық әрекеттерді ашудағы
юморлық ырғақтан идеялық емеурінді аңғару қиын емес. Кеңес үкіметінің
орнауы, өмірге жаңа саясаттың дендеп енуі жазушы шығармашылығына белгілі
түрде ықпал еткенімен, оның туындылары науқаншылық пен схемашылықтан
аулақ еді. Ол төңкерістен кейінгі өмірдің де қат-қабат қарама-қайшылықтарын
көре білді. Оның «Жарасымды суреттер», «Көшпелі Көжебай», «Елес»
әңгімелері юмористік таланты мен сыншылдық-аналитикалық ойлау машығын
толық танытқан туындылар.
Публицистік бояуы қалың «Елесте» жазушы идеялық түйінді беруге өзгерек
тәсіл таңдайды. Реализмге өмірлік шындықты шынайы қалпында көркемдік
тұрғыдан қайта жаңғырту тән болғанымен, бейнелеу тәсілдерінің алуан түрін
қолдана беретінін Жүсіпбек шығармасындағы Елестің образы арқылы да
танимыз. Елес – мифтік-символдық сипаты бар образ. Бұл бейненің нанымды-
нанымсыздығы оқырманды алаңдатпайды, негізгі мәселе – шығарма арқауына
айналған қыруар шындықта. Ол шындықтар Ж. Аймауытовтың баспасөзде
жарияланған сын мақалаларында терең қаузап айтып жүрген мәселелері
болатын. Мысалы, әдебиет мәселері жөнінде «Абайдан соңғы ақындар» (1918),
«Көркем әдебиет туралы» (1927) т.б. мақалаларындағы көзқарастары Елестің
аузымен айтылады:
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
174
«Біреуің жаңашыл болғанның жөні осы деп, ескі әдебиетті отқа өртеу керек
деп жүрсіңдер, ескі әдебиетті, ескі мәдениетті отқа өртеп, енеден данышпан,
енеден еңбекші болып туған бар ма еді? Киімшең туған қандай ұл?
Ескі әдебиет, ескі мәдениет байдыкі, патшаныкі екен. Оларды қояйық.
Берші, кәне, жаңа әдебиетіңді, жаңа өнегеңді! Осыны айтатын ақындар кімнің
әдебиетімен суғарылып, жаңашыл бола қалды екен?..
Қазақ жұтқа, ашаршылыққа ұшырады. Оның ауыртпашылығы, өлімі,
шығыны, қайғысы, зардабы қандайлық болды?..» [158,68]
Бұл – Жүсіпбек заманының жоталы-жоталы мәселелері еді. Әңгіме
юморлық жоспарда құрылса да өмір ақиқаты асқан реалистікпен беріледі.
Әңгіме жанры поэтикасын толық меңгерген қаламгер ащы мысқыл, шексіз
ирониямен бірге публицистік әуенді шебер жымдастыра білген. Мұнда
публицистік стиль эстетикалық-көркемдік талап шегінен асып та кетпеген.
Өйткені шығармадағы шындық пен ақиқат иесі – Елес нақты тірі адам
бейнесінде алынатын болса, газет мақаласының стиліне ойысып кетушілік
байқалар еді. Әңгімеде кейіпкер сезімі мен оқырман көңіл-күйі ескеріле
отырып, заман кереғарлықтарының мәнін ашуға деген ұмтылысты байқаймыз.
Юмор мен сатира зергер қаламгер әңгімелерінің көркемдік жүйесіндегі басты
тәсілдердің бірі болып қала берді. Осы стильдік мәнер сюжетті баяндау
үрдісінен, кейіпкер диалогынан, образға берілетін мінездеме, портреттерден де,
автор қолданған детальдардан да айқын аңғарылады. Шеберлік қырының тағы
бір көрінісі – жазушының қысқа әңгіме бойына салмақты идеялық мазмұн
сыйғыза алатындығы.
Әңгіме сыншыл реализмнің ең жауынгер жанры екенін шығармашылығы
арқылы дәлелдеген, қоғам дамуындағы, әлеуметтік өмірдегі қат-қабат
қайшылықтарды, соның аясында адам тағдырын әр қырынан көрсетуге
сатиралық үлгідегі, ирониялық жоспардағы әңгіменің икемдігін танытқан
суреткер – Б. Майлин. Жазушының сыншыл реализмі әлеуметтік-тарихи
себептерден туындап, типтік жағдайларды типтік мінездермен органикалық
бітістіру талабынан өрістеді. Қаламгер қоғам өзгерістері әкелген жаңа
мінездерді, типтерді суреттей отырып, сол қоғам дамуының бет алысына баға
беруге тырысты. Бейімбет кеңестік үкіметтің әкімшілік-басқару жүйесінің
қазақ ауылдарына келу үрдісіндегі ащы ақиқатты, орын алған жөнсіздіктерді
атқамінерлердің жаңа типі арқылы бейнелеп көрсете білді. Ел ішіне жаңа
үкіметті орнықтырушы белсенділердің психологиялық құбылыс екені, ең
бастысы - әлеуметтік құбылыс екеніне басты назар аударылады. Автордың
уытты сатирасы мен терең мысқылы қарапайым өмірлік құбылыстар арқылы,
тұрмыстық мотивтер арқылы өрістеп отырды. «Жол үстінде», «Әбділда төре»,
«Баянсыз бақ», «Желдібай Жындыбаев», «Құрымбайдың жігітшілігі» т.б.
әңгімелерінде шалдуыр белсенділердің рухани-ұждандық ұсқынсыздықтары
рухы мен тілегі, жаны таза, қарапайым ауыл адамының арасындағы
қайшылықтар негізінде ашылады. Ашық түрде сөгу, айыптау сыңайындағы
көзқарасын ашық мәтінмен беру – Бейімбет үшін жат нәрсе.
Сыншыл реалистердің шығармашылығында тарихи нақты адамның
идеялық көзқарастары мен рухани өмірі ғана емес, олардың жеке басының
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
175
тұрмысы, нақты қызметі, қоғамдық істері мен отбасылық тірліктеріне мән
беріледі. Сол тәрізді Б. Майлин үшін өз кезеңінің көлеңкелі жақтарын ашу
кеңес өкілдерін үлкен күрес үстіндегі, саяси майдан алаңында бейнелеуден гөрі
олардың жеке басының шырғалаңдары мен психологиялық құбылулары, жеке
аңсарлары арқылы, яғни «өмір прозаларын» тілге тиек етуді қолайлы көреді.
Бұл – Бейімбет әңгімелерінің басты стильдік тұрғысы. «Әбділда төредегі» ел
ішіндегі жаңа заман өкілі ретінде бейнеленетін бас кейіпкерге әлеуметтік
қайраткерліктен гөрі өзінің жеке құмарлығын қанағаттандыруы маңыздырақ.
Оның хатшысына «әлеуметтік жұмысын адам өз басының жұмысына
араластырмас болар» деп айтатын сөзі мен іс-әрекетінің арасындағы қайшылық
оны траги-комедиялық жоспарда мүсінделіп шығуына әкелген. Суреткер ол
қайшылықтардың туу себептерін іздеу мақсатында Әбділданың жан-дүниесінде
болып жатқан өзгерістерді, ішкі тартыстың маңызына ден қояды. «Әбділданың
ойы ауылдан шығып қалаға барды. Ойымен заң жинағын ақтарды: бір жағынан
партия мүшесі, «ескі әдеттермен күресу керек!» – деп өңешін керіп, күре
тамырын білеулендіріп, талай жиылыстарда сөз сөйлегені бар. Оның үстіне өзі
жауапты орында қызметкер. Қайту керек? Заңды бұзуға бола ма? Әбділда ауыр
күрсінді» [159,202]. Қанша жерден тегеурін танытып, төрелігін сақтап қалайын
дегенімен ішкі аңсарын жеңе алмаған жігерсіз Әбділда ақыры Маржанды әйел
үстіне әйел қылып алуға қарсы болмайды. Жазушы Әбділданың елдік мүддені
ойлаудағы әлсіздігін әшкерелеуімен бірге, елге тұтқа болады деген кеңестік
қызметкерлердің рухани-адамгершілік болмысын айғақтауға күш салды.
Жалпы, Б. Майлин жаңа үкімет идеологиясын қостауға келгенде елдің
шаруашылық өзгерістерін, сіңірі шыққан кедейдің теңдік алуын, байлар мен
шала молдалардың шын бет-бейнесін жазумен байқатып отырса да, жаңа орнап
жатқан үкімет өкілдері мен кеңес қызметкерлеріне үнемі сыншылдық көзқарас
ұстанды. Ондай сыншылдық ашық сынау күйінде емес, олардың ішкі
болмысына, тұлғалық қасиеттеріне жіті талдау жасау арқылы анықталып
отырды. Әбділдаға «Менің ыслабый екенімді білесің ғой... Көптің талқысынан
шыға алмадым!»... деп Ержанға хат жаздыратын юморлық штрихтар да –
мінездеу тәсілдерінің бірі. Дәл осындай идеялық арқау «Құрымбайдың
жігітшілігінде» де жалғастырылады. Құрымбай – Қайың болысына жаңа үкімет
келгелі бері «Құреке» аталған, болыстық милиция. Бұл мансапты Құрымбай
төрешілдіктің жаңа түрі, ат шығарып, абырой асыру деп түсінеді.
«Құрымбайдың жол жүргенде, жұмыстан қол босағанда ойлайтыны ылғи әйел
жайы. Кейде төсекке жатқанда ойға шомып қиялданып, көрер таңды көзінен
атқызатын да күні болады. Құрымбайдың ойынша дүниеде әйелден қадірлі
нәрсе жоқ. Әйелі бар адам дүниедегі бақытты адамның бірі саналуға тиіс. Өз
аулындағы Жұман кедейліктен зарланып мұңын айтқанда, Құрымбай күлуші
еді, «құшақтап жататын қатыны бар, енді бұған не керек екен?..» деуші еді»
[159,207]. Міне, автор Құрымбайдың өзіндік дүниетанымын, өмірлік
мұратының шолақтығын, ойлау деңгейін көрсете отырып өз кезеңіндегі ел
басқаруға келгендердің біразының міскін халін сынға алады. Суреткер
шығармасының әшкерелегіштік күші қаһарман саналылығына тікелей қатысты.
Майлин тарихи өзгерістер кезеңінде жүріп жатқан үрдістерді түсіне
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
176
алмағандар, терең саналай алмағандар мен рухани мешеулердің ортасына
айқын шекара қоюды мақсат тұтып, зәбірлеушілік пен зәбірленушіліктің
өзіндік градациясын жасайды.
Қаламгерді қазақ ортасының моральдық болмысы, рухани деңгейі қашанда
толғандырып отырғаны дін өкілдерінің әрекет-пиғылдарын тілге тиек ететін
«Зәкіржан молда», «Қадыр түнгі керемет», «Шариғат бұйрығы», «Әліштің
пырағы» т.б. сатиралық әңгімелерінен байқаймыз. Діндарлар сорақылығын
әжуа ететін бұл шығармаларды қаламгердің дінге деген атеистік ұстанымы, дін
өкілдеріне деген өшпенділігі призмасынан қарағаннан гөрі, Бейімбеттің ел
ішіндегі білімсіздік дерті мен сананың балаңдығын сынға алуы тұрғысынан
тексергеніміз абзал. Әңгімелердегі орталық бейнелер – Зәкіржан мен Қалдыбай,
Байқан, Кәрібайлардың ұждандық ұстамсыздықтары мен арсыздықтарын
ашудағы сатирасы публицистік-тенденцияшылдық бағытта өрістейтін
ағартушылық реализм сатирасына жақын. Сыншыл реализм сатирасы
әлеуметтік құбылыстардың психологиялық астарларын іздесе, жазушының бұл
тұстағы уытты сатирасы әлеуметтік мәселені күн тәртібіне шығарумен
шектеледі. Сондықтан қоғамдағы небір кері құбылыстарды сынап
көрсетушіліктің бәрін сыншыл реализмге тели беру де ғылыми тұрғыдан
саралағандық болып табыла бермейді.
Рухани-әлеуметтік өмірдегі ең бір шегіне жетіп, дертіп тұрған кеселдерді,
қоғамдық санадағы тежелісті адамның психологиялық табиғатына орайластыра
ашып көрсетудегі жазушы табыстарының ішінде айрықша аталып өтуге тиісті
әңгімелер – «Арыстанбайдың Мұқышы» мен «Күлпаш». Алғашқысы –
сатиралық жоспарда жазылған шығарма да, кейінгісі – трагизм рухындағы
туынды. Мұқыш – қай заман болса да өміршеңдігін танытатын мінездерді
бойына жинақтаған тип. Оның рухани кембағалдығы, екіжүзділігі тарихи кезең
ерекшелігі – колхоздастыру істерімен байланыстырыла алынса да, мұқыштық
мінездер қай кезеңде болсын ұлт кемелденуінің қатерлі көрінісі екені
меңзеледі. Сондықтан Мұқыш сияқты «артық адам» типінің әлеуметтік-
психологиялық тұрғыдан маңызы артып қана қоймай, жазушының
философиялық-эстетикалық бағытына бойлауға көмектеседі. Жалақорлық,
арызқойлық, парықсыздықпен қабаттасып кеткен мылжыңдық, даукестік,
жағымпаздық паталогиясының өміршеңдігі - жазушының сыншылдық
эстетикасының төркіні. «Қызмет басындағы адамды көрсе, шырғалап соның
маңынан шықпайтын» Мұқаш таза ирониялық стильде мүсінделеді. «Бұл –
«оңшылдық пен солшылдық». Бұл - әкімшілік қолдағандық. Бұл – асыра
сілтеушілік. Бұл – жеке шаруаға тізе көрсеткендік! Мен бұған көнбеймін, мен
ізденем!» сыңайындағы кейіпкер сөздері жалған белсенділік пен «артық адам»
психологиясын ашу үшін алынады [159,423].
Б. Майлиннің дәуір трагедиясы мен адам трагедиясын сабақтастыра
суреттейтін
«Күлпаш»,
«Әже»,
«Аштық
құрбаны»
әңгімелері
–
Ж.
Аймауытовтың
«Жаңабайдың
жанындағы
трагедиясымен»,
Ж. Тілепбергеновтың «Қайран елім-айымен» үндесіп жатқан, сыншылдық
пафостағы туындылар. Бұл шығармалар ел ішін ашаршылық жайлаған қайғы-
қасіретке толы, ауыр да азапты жылдардағы шындықты желі ете отырып, адам
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
177
болмысындағы деградациялық құбылыстарды суреттейді. Бейімбет «Күлпаш»
пен «Әжеде» сатиралық-ирониялық стильден тиыла отырып, шығармадағы
драматизмді шетін трагедиялық ситуациялар арқылы береді. Бірақ Бейімбетке
дейінгі прозалық үлгілерде бой көрсеткендей трагедиялық ахуалға, кейіпкердің
жан азаптарына автор қашанда өз қатынасын танытып отыратын жай
ұшыраспайды. Яғни, кейіпкер тағдырына ортақтасып, аяныш білдіру, жақтасу
сияқты сентименталистік ұмтылыстар байқалмайды. Жазушы үшін ең
маңыздысы – әлеуметтік хаос пен психологиялық тұйыққа тірелу ситуациясы.
Бұл - қазақ прозасындағы сыншыл реалистердің ірі жетістіктерінің бірі еді.
Жүсіпбектің Жаңабайының дәрменсіздігі де, Күлпаш пен Злиханың ақталмаған
қадамдарының да дәйектемесін жазушылар тарихи дәуір ерекшеліктерінен
іздетеді.
Тарихи дәуір күрделілігі бірнеше ағымдар мен әдістердің қатарласа
көрінуіне себепші болды. Дегенмен олардың эстетикалық қуаты бірдей
болмағандығын, сол кезеңдегі әдеби үрдістен сыншыл реализмнің шоқтығы
биік көрінгенін «Уақыт. Әдебиет. Әдіс» атты мақаласында Б. Әбілқасымов та
ескерткен еді. Ғалым: «ХХ ғасыр басындағы қазақтың сыншыл реализмі өзінен
бұрынғы әдебиетке қарағанда көп ілгері кетті, қазақ жағдайына лайықты өте
күрделі проблемаларды ұсынды», – дей келіп, ұлттық әдебиетте сыншыл
реализм әдістің қалыптануын сол ұлт өмірінің өзгерістері мен тарихи даму
өзгешеліктерінен іздеу керектігін баса айтты [160].
Тағдырлары тәлкекке ұшыраған панасыздар мен шарасыздардың жан-
жараңды сыздатқан ауыр халі, қайғы-қасірет тартқан кіреуке көңілін адам
баласының қоғамдық мұң-маұқтажынан, әлеуметтік тынысынан ажыратпай
беру қазақ прозасындағы сыншыл реализмнің ең үздік өкілі – М. Әуезовтің
стиліне тән болатын. Мұхтардың 20 жылдары жазылған классикалық
әңгімелеріндегі
трагедиялық
бейнелердің
өз
ортасынан
жатсынған
болмыстарында оларды қоршаған ортасының да бейнесі, әлеуметтік тамырлары
жоқ емес. «Мұндай көрініс жаңа әдебиеттің алғашқы жылдарында ғана емес,
бұғанасы бекіп, жаңа әдістің белгілері айқындала бастаған шақта да кездесті.
Мәселен, Б. Майлиннің «Күлпаш», С. Сейфуллиннің «Аштардың рухы» (1922),
М. Дәулетбаевтің «Түнгі көбелек», «Жүн жайғанда» (1927) әңгімелерінде
сыншыл реализмнің дәстүрі ғана емес, идеялық арқауына дейін сақталғанын
байқаймыз», – деген Т. Кәкішев тұжырымы орынды деп табамыз [69,262].
Қазақ прозасындағы сыншыл реализм тенденцияларының айқындалып
көрінуін
зерттеушілеріміз
ең
бірінші
«Қорғансыздың
күнімен»
байланыстырады. Расында да тырнақалды дүниесінің өзі классикалық болып
шыққан Әуезовтің бұл шығармасындағыдай шыншылдық пен көркемдіктің
ерекше тұтасуы көркем прозаның бұрын-соңды шығып көрмеген биігі еді.
Адам трагедиясын қаны сорғалаған қалпында дәл әрі эстетиканың экспрессивті
құралдарымен жеткізе алу жаңа сападағы прозаның біржола қалыптасқанының
айғағы-тын. Ұлттық прозадағы романтизм мәселесіне тоқталған алдыңғы
тарауда М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесіндегі романтикалық лептің
аңғарылатынын айтып өткен болатынбыз. Ондай стиль өрнегі Ғазизаны
жауыздыққа құрбан бола тұра адал қалпын сақтап өткен абсолютті рухтың иесі
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
178
ретінде танытудан байқалатын еді. Айуандықтың ең сорақысының алдында бас
имеген Ғазиза бейнесіндегі романтикалық идеал реалистік бояулардың
араласуына кедергі бола алмайды. Бұл шығармада автор мен бас кейіпкердің
тұтасып кетуі, ол кейіпкердің шектеусіз үстемдігі сияқты роматизм принципі
аяғына дейін сақталмайды. Өйткені бас кейіпкерліктің рөліне Ақанның да
таласы бар. Орталық персонаждың үстемдігінің тежелуі оған лайықты
оппоненттің қарсы қойылуы арқасында жүзеге асырылады. Бұл – анық
реалистік әдебиеттің нышандары. Жазушы эстетикалық қуаты бір-бірімен бара-
бар бейнелерді ала отырып, поэтикалық контрасты сақтауды көздейді.
Сонымен қатар, әлеуметтік өмірдің шын бейнесін танытатын монолог иесі –
Кемпірдің образы, эпизодтық болып әсер еткенмен, шығарманың қыруар
әлеуметтік салмағын арқалап жүрген Қалтай бейнесінің автор үшін маңызды
болуы жалқы кейіпкер үстемдігінің күшеюіне мұрша бермейді. Әуезов осы
шағын әңгімесінің өзімен романтикалық ұмтылысты реалистік концепциямен
шебер ұштастыру үлгісін көрсетті. Өмір шындығының тұрпайы көрінісін,
әлеуметтік орта қасіретін Ақан болыс пен Қалтай атқосшының анайы
әрекеттерімен дәйектесе, автор өзінің айқын сыншылдық ұстанымын Кемпір
монологына сыйғызады. Яғни Ғазиза және қоршаған орта сынды шығарманың
қос элементі романтистік бастау мен реалистік тенденцияның контрастығының
кепілі. Заманының тынысы мен өмірдің ащы ақиқатын бейнелеудегі Қалтай
бейнесінің шешуші маңызы туралы әділ айтқан зерттеушілеріміздің бірі –
Б. Кәрібаева. Ғалым: «Әрекет иесі Ақан болғанымен, ситуация тудыратын
Қалтай. Екі жеп, биге шығып жүргендер де осы Қалтайлар. Көзге көрінбей сақ
жүріп ол алдымен Ақанды аңдиды. Осал жерін күзетеді. Білінбей жылжи түсіп,
жанды жерді табады. Дәл осы жерге аямай тұзды себеді. Ақандарды есірік
күйге енгізіп алып барып, тізгінді қолға түсіреді... Сөйтіп, бүйректеу тұрған
Қалтай тіпті де кездейсоқ бейне емес. Ұлттық топырақтан өсіп-өнген
классикалық бейне. Әңгіме оның сыры мен салмағында. Символдық
сымбатында. Соны көздеген жазушы оған көп бояуды пайдаланбайды», – дейді
[161,201-202].
Халық басына түскен ауыр қайғыдан, адамдар трагедиясынан өз олжасын
айырып
жүрген
аяр
пысықайларды
сынау,
олардың
психикалық
өзгешеліктеріне ой жүгірту қазақ прозасындағы сыншыл реализмнің жетістігі
екені белгілі. Олар қашан да болған және бола бермек. Жазушы әңгімесіне
өмірде болған оқиғаларды өзек еткенін әсте ұмытуға болмайды. Ал М. Әуезов
сол заманның нақты тарихи кейпінде бейнелеген Ақан болыс сияқты
адамдарының сұрқия болмыстары тым әріде. Олардың пасықтығы мен
надандығы бірден көзге ұрмайды, қорқаулық пен ашкөздік ішкі терең
қатпарлар астарына жасырылған. Қаламгер Ақанды бейнелеуде комикалық
мінездеуге бармайтыны да сондықтан. Ақан – әлеуметтік өмірдің күрделі
қайшылығына, жазушының сыншылдық-аналитикалық тұғырнамасына сай
бейнеленген, заман тудырған жаңа тип. М. Әуезов «ақандық» мінездерге,
өмірдегі «ақандық» іс-әрекеттердің логикасын талдау арқылы әлеуметтік
өмірдің шынайы бетін айқындауға барын салады. Одан кейінгі туындыларында
аталмыш образ тек күрделене түсті.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
179
Жазушының әлеуметтік өмір жағдайына деген сыншылдық позициясы
оқыған адамдар бейнесін жасауымен тікелей байланысты. М. Әуезов өз
шығармалары арқылы «оқыған азаматты» әдебиеттегі кейіпкерлік дәрежеден
күрделі тарихи-эстетикалық категория мәніне дейін көтерді. Оқығандар
бейнесінің дүниетанымдық, рухани-психологиялық, адамгершілік болмысын
суреттеу жазушы үшін әлеуметтік өмірдің бет алысын, өз қоғамы мен
уақытынан тыс тұра алмайтын заман адамының нақты келбетін жасау үшін
қажет болды. «Үйленудегі» Оспан, «Оқыған азаматтағы» Жұмағұл мен Ақтай,
«Сөніп-жанудағы» Сыздық өз заманы мен қоғамдық ортасының туындылары.
ХХ ғасыр басындағы әдебиетте оқу-білімге шақыру идеясы өрістеп, көзі ашық
адамның идеал бейнесін жасауға ден қойылып, ағартушылық сарыныдағы
шығармалар қатары ұлғайған шақта М. Әуезовтің оқығандар бейнесіне басқаша
тұрғыдан келуін өмір құбылыстарын терең талдаушылығымен, оның
эстетикасында реалистік ұстанымдардың күштілігімен сабақтастыратынымыз
анық. Қалаға барып оқу тауысу, басқа елдердің мәдениетін зерделеу ғана биік
адамгершілік пен қайраткерліктің дәлелі емес екенін талшықтай отырып,
қаламгер аталған бейнелерден ұлтты болашаққа апармайтын аса қауыпты
құбылысты, қоғам өзегіндегі жегі құрттай көрінген типті суреттейді.
Оқығандар ірі тарихи оқиғалар ауқымында, кезеңдік істердің маңайында
емес, күнделікті тіршілік фонында, тұрмыстық мотивтер аясында ашылады.
Өмірдің «прозасына» дендеу, адамды күнделікті өмір ситуацияларында сынап
көру, сол арқылы қоғамның белгілі бір заңдылықтарына талдау жасау –
сыншыл реалистердің дәстүрлі тәсілдері болатын. Тұрмыстық антураж
қоғамдық-әлеуметтік ірі мәселенің бетін айқара ашуға септеспесе, кедергі
келтірмейді. Көшпелі өмірдің тал бесігінде тербеліп өскен, енді келіп өзінің
қағынан жеріген «оқыған» Оспан «ауылдағы әрнәрсені бұрын көрмеген кісідей
тамашалап жүрді. «Төреге» жусап жатқан қой да, оқыралап жүрген сиыр да
тамаша көрінді. Желіде жатқан құлынды көргенде «ақжүректігі» ұстап:
«Ыстықтап жатыр-ау, байғұстар! Әй, қазақ деген қандай «жестокий!» - деп
бірталай ой ойлаған кісі секілденіп бір тұрды...» [105,157]. Міне – қырдағы
елдің үміт артқан «оқығанының» сиқы. Бұл белгілі бір уақытта пайда болған
сана депрессиясы емес, жаңа тамыр жайып келе жатқан, өзіндік
дүниетаныммен бөлектенетін, бөлекше тілек-мақсаттары бар – қауіпті
әлеуметтік тип. Абай заманының болысынан, өткен ғасырдың атқамінерінен
гөрі тым күрделенген, өз ішіне өзі еніп алған, арамзалық тұнған ішкі қыртысын
ешкімге ашып көрсетпейтін адамның болмысы. Ол қыр қазағына таңсық сәнді
киінеді, ажарлы жүзінен мін таптырмайды. Алайда оның жыртқыштығында
шек жоқ. Қулығына құрық бойламайтын, екіжүзділік принципімен өмір сүретін
күрделі психологиялық құбылыс. Оған ұлт тағдыры, халық болашағы,
адамгершілік ұстын т.т. құндылықтар жат. Оспанға өзімен ауыз жаласқан,
«тонның ішкі бауындай» жас та болса жырынды болыс Қасымды сатып кету
түкке де тұрмайды. Оған ең алдымен өз нәпсісін қанағаттандырса болғаны.
Әлеуметтік мерезге айналған сатқындық психологиясы «Оқыған азамат»
әңгімесіндегі Жұмағұл мен Ақтай бейнесі арқылы тіпті тереңдетіліп
суреттеледі. Әңгімеге трагедиялық реңк берілуі сол кезеңдегі жазушының
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
180
шығармашылық көңіл-күйімен байланысты. Суреткер өз иделының қоғамдық-
тарихи даму бағытымен қабыспайтынын, өзі көргісі келген болашақ
сұлбасымен сәйкессіздігін түйсінді. Жазушы танымында әлеуметтік шындық
оңбай күйреген, қайтып орнына келмейтін түрінде көрініс бергенімен,
абсолютті әлдене емес. Суреткер осы позициядан келіп жаңашылдық танытып
отырды. Сонымен бірге көркем шығармаға оптимистік ұмтылыс жоққа тән.
Әуезов объективті бейнелеуге көше отырып, өзінің ең асыл сезімдерін мен
ойларын шығарма қаһармандарына сеніп тапсырудан аулақтайды. Ішкі рухына
жақын тартатын Мейірхан бейнесі де автордың ең ізгі тілектеріне жауап бере
алмақ емес. Оқиға ағымдары баяндаушының тынышсыздана шарқ ұрған
ойларына тәуелденеді. Өмір шындығын осылай көркем жинақтау М. Әуезовтің
сыншыл реализміне жаңаша бояулар үстеді.
Автор Жұмағұл сынды оқығандар бейнесі мен олардың айналасындағы
Ақтай, Қамария, Қадишалардың мінездік бітімі мен рухани болмысын,
дүниетанушылық қырларын айғақтауға келгенде тым астарлы суреттерге бара
бермей, ашық мәтін аясында, сырттан баяндау арқылы, нақты әрекет үстінде
танытуға бейім. Жазушы үшін бұларды әлеуметтік құбылыс маңызында ашып
көрсету бірінші кезекте. «Бұларды біріне-бірі соншалық жақындастырып
жіберген не? Ол – қазіргі бұлардың алдында тұрған үлкен мәселе: мал-мүлік,
дүние мәселесі ғой. Соған келгенде, бәрінің де мінезі ісі түгелімен бір жерден
шыққандығында. Малды сүйген қомағайлыққа, сараңдыққа, қанағатсыздыққа
келгенде, жас келін кәрі енесіне асып түсті: жас жігіт оқыған десең де, кәрі
әкесінен асып түсті, заты, мінез бірлігі «жас-кәрі», «оқыған-оқымаған» деген
айырыстарға қарамай-ақ, бұл адамдардың басын қосып, бірін-біріне үйлестірді»
[105,174-175]. Оқыған жігіт Жұмағұл бейнесі арқылы айқын көрініс табатын
озбырлық пен қаталдық арманда кеткен Мақсұттың шешесінің трагедиясы
арқылы күшейтіліп отырады. Жұмағұлдың адам ретінде толық күйреуі –
кішкене қыз Жәмиләні желеу етіп, өлген жігіттің кәрі шешесінің мал-мүлкіне
қол салуы. Аталған бейнені барлық жағынан осынша төмендету, жоқ ету
жазушыға әлеуметтік шындықтың ең өрескел және типтік жағдайларын қопара
ашып, сыншылдық позицияның беріктігін айғақтау үшін қажет еді.
Сәл өзгешелеу сипатта бейнеленген Сыздық («Сөніп-жану») өмірі - өз-өзін
алдаған, өмірдің бірқалыпты ағысы әбден шаршатқан, болмыстағы өз орнын
таппай сандалған адамның өмірі. Сыздық бейнесінде реалистік нышандармен
қатар романтикалық ирония тәсілінің бедерлері молырақ көрінеді. Сыздық
бойындағы өмірден жалығушылық пен торығушылық оның романтикалық
құлшыныстар үстінде, сентименталистік арнада мүсінделіп шығуының
себептері. Мұнда да жазушы оқыған азаматтың бойынан айқын идеалдар таба
алмайды.
М. Әуезов 20 жылдардағы әңгімелерінде сыншыл реализмнің дәстүрін
қазақ прозасында біржолата орнықтыра алды. Оның әлеуметтік-сыншылдық
реализмі тұтас көркемдік концепциясынан тыс тұрған жоқ. Замана
сұраныстарына сергек қараған суреткер шындықты эпикалық тыныста алып
қарауды, өмір ақиқатын жан-жақты танытуды көркемдік мұраттармен терең
сабақтастыра алды. Ұлт тағдырын жеке адам табиғатымен орайластырып, дәуір
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
181
тудырған
күрделі
сұрақтарды
қаһармандар
тағдырының өрілімімен
байланыстыратын сыншыл реализм принциптері «Қараш-Қарашта» да, «Қилы
заманда» да жалғасын тапты. Айтылмыш шығармаларда жазушы ұлт дамуының
тарихи аспектілеріне үңіле отырып заман адамының рухани-психологиялық
өзгерістері мен ауытқуларына терең талдаулар жасады. Бұл кезеңдегі суреткер
шығармашылығының басты ізденіс өрісі – шынайы, табиғи адам тұлғасы мен
қоғамдық-әлеуметтік болмыс гармониясын іздеу. Автордың негіздеуінше,
ұлттың сан-қилы даму белестерінен ондай жарасым әркез табыла берген жоқ.
Содан да болар суреткер прозашылдық жолын трагедиялық коллизиялар мен
сұрқай өмір, қатыгез болмыс құрбандарының тағдырын бейнелеумен бастады.
Дегенмен, М. Әуезов қазақ әдебиетіндегі сыншыл реализмді қаншалықты
тереңдетті, оның эстетикалық принциптерін қаншалықты жетілдірді дегенге
келгенде, қаламгердің жан-жақты ашып, орнықтырып кеткен «оқыған азамат»
категориясының маңызы ерекше болып қалмақ. Өмір шындығы мен мінез
шындығын бірлестіре көрсету, іс-әрекетті көркем тұлғаның мінез даралығынан
тудырудағы сыншылдық тұғырнама оқығандар бейнесі арқылы анағұрлым
айқынырақ аңғарылды. Қоғамдық өмірдің рухани деңгейі, адамгершілік
ахуалын бажайлауда оқығандар бейнесі, интеллигенция өкілдерінің типтік
мінездерін суреттеу дәстүрі сыншыл реалистік прозаның үлкен бір жүлгесі
болып қалды. Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романында да тарихи даму
ахуалына деген сыншылдық ұстанымын Балташ, Ықаң, (Ыстықбай), Тыпаң
(Тышқанбай), Доға, Жорғабектер бейнесі негізінде айқындау мысалдары
кездеседі. С. Мұқановқа ұлтшыл деген айып тағылуына түрткі болған
«Мырзабек» (кейін «Азғын», 1927) шығармасында да кеңестік интеллигенттің
рухани азғындауын әлеуметтік өзгерістермен ұштастыруға, сол арқылы өзінің
сыншылдық ұстанымын көрсетуге тырысушылықты аңғарар едік. Жазушы бұл
образдарды заманы тудырған реалды-тарихи адамдар ретінде бейнелеп, өзінің
суреттеп отырған шындығына деген көзқарасын айқындайды. Суреткер
көркемдік шындық биігіне дәуірлік оқиғалардың логикасын қаһармандардың
мінез ерекшеліктерінің логикасымен қабыстыру арқылы жетеді.
Ұлттық әдебиеттанушылық ой-пікірде өзінің айқын эстетикалық
принциптерімен көркемдік дамудың іргелі әдісіне айналған сыншыл реализм
ХХ ғасыр басында айқын көрініс тапқаны айтылады да, одан арғы өрістеу
кезеңі жөнінде толымды тұжырымдар жасалмайды. Яғни сыншыл реализмнің
хронологиялық шегі ХХ ғасырдың алғашқы ширегімен түйінделеді. Біздіңше,
«жылымық» деп аталатын кезеңнен басталған жаңашыл пайымдаулар рухани
түлеудің жаңа бір кезеңі болды да көркем ойлаудағы сыншылдық ұстанымдар
қайта жандана бастады. Мызғымастай көрінген кеңестік санаға қозғау салуда,
тоталитарлық
жүйенің
негізін
шайқалтуға
1970-80
жылдардағы
прозашылардың жаңа легі де үлес қосты. Бұл орайда «Б. Майлин,
Ж. Аймауытов прозасында табиғи талант қуатымен ерекше күш алған сыншыл
реализм үрдісі қазірге дейін «биоэнергетикалық» мол сипатынан арылған жоқ»
деген Майтанов тұжырымының орынды екеніне көз жетеді [2,322].
Өткен ғасырдың елуінші жылдарының соңынан өрістеген тарихи проза өз
заманының күрделі мәселелерін тарихи сана проблемасы арқылы қарастыруға
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
182
жол салса, «70-80 жылдар көлеміндегі қазақ прозасында қоғамдағы терең
қайшылықтар, атап айтар болсақ, саяси, экзистенциялық, рухани-
психологиялық мәселелер біршама ашық түрде көрініс тапты. Осындай
жоталы-жоталы проблемалар адам болмысына анағұрлым тереңірек, жан-
жақтылық
тұрғысынан
келудің,
қоғамдық
құрылыста
қалыптасқан
қатынастарға сыншылдық позициядан үңілудің нәтижесінде туғанын» алдыңғы
зерттеу жұмысымызда біршама таратып айтып кеткен болатынбыз [162,4].
Мысалы, М. Мағауиннің «Қара қыз», «Мұрагер», «Тазының өлімі», «Көк
мұнар», Т. Әбдіковтың «Түнгі қонақтар», «Бас сүйек», «Өліара»,
Т. Нұрмағанбетовтың «Қош бол, ата», С. Мұратбековтың «Күсен-Күсеке»,
«Үскірік», Ә. Таразидің «Қос шынар», «Қорқау жұлдыз», Д. Исабековтың
«Ескерткіш», «Өкпек жолаушы», «Қарғын», О. Бөкейдің «Бәрі де майдан»,
«Елең-алаң», «Өз отыңды өшірме», Ә. Кекілбаевтің «Шеткері үй», «Құс
қанаты», Б. Қыдырбекұлының «Алатау», С. Елубаевтің «Ақбоз үй», «Мінажат»,
С. Жүнісовтің «Аманай мен Заманай» т.б. шығармалары әлеуметтік өмірдің ең
бір ділгір мәселеріне, қоғамның рухани келбетін шамалауға сыншылдық-
философиялық тұрғыдан келді. Бұл жазушылардың өз қоғамының саяси-рухани
нормаларын терістеу философиясы шығармаларындағы сыншылдық пафосқа
нұқсанын тигізе алған жоқ.
Қорыта келе айтарымыз, адам психологиясының өзгерістерін сыртқы
өзгерістермен, қоғамдық-әлеуметтік орта жағдайымен сабақтастыруға
негізделетін сыншыл реализмнің принциптері ХХ ғасырдың алғашқы
ширегіндегі қазақ прозасында айқын көрініс беріп, жетекші тенденциялардың
біріне айнала алды. С. Дөнентаев, Ж. Тілепбергенов, М. Дәулетбаев сынды
жазушылар шығармашылығынан әлеуметтік-сыншылдық сипат көрініс берсе,
Ж. Аймауытов, Б. Майлин, М. Әуезов тәрізді ірі суреткерлер тарихи деректі
адамның психологиялық логикасын кезең шындықтарымен тұтастықта
көрсетудің классикалық үлгісін танытты. Өйткені ұлт өмірінің ең бір көлеңкелі
тұстарына сәуле тұсіріп, заманның қайшылықты құбылыстарын дөп басу
әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан дәйектелген образдарға жүгінуді талап
етті. Сыншыл реализмдегі классиктер дәстүрі ХХ ғасырдың 70-80
жылдарындағы прозада өз жалғасын тапты.
Достарыңызбен бөлісу: |