Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf көрінісі
бет17/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   112
Ортақ 
нәтиже 
Мектепке 
дейінгі 
білім 
беру 
мақсаттары: 
 
- гигиеналық дағдыларды меңгертеді; 
- дене белсенділігін дамытады; 
- баланың тілін дамытады; 
-табиғат 
пен 
қоғам 
туралы 
түсініктерін 
қалыптастырады; 
-  математика,  музыка,  өнермен  айналысуға  жағдай 
жасайды; 

адамгершілікке  тәрбиелейді  (отанға,  еңбекке 
сүйіспеншілік,  қарапайымдылық,  адалдық,  әлеуметтік 
мінез-құлық т.б)  
-  бала  бойында  дербес  өмір  сүруге,  ұжымда  жүріп  - 
тұруға,  қажет  болатын  өзін-өзі  қызмет  көрсету 
икемділіктерін қалыптастырып, дамытуға мән беріледі; 
-  сабақ  формасының  орнына  ойын  әрекетінің  негізгі 
ұйымдастыру  формасының  жүзеге  асырылуы  бала 
бойында 
әлеуметтендіру 
тәрбиесінің 
қарқынды 
қалыптасуына ықпал етеді деп саналады; 
 
    Біздің  көзқарасымызша,  жалпы  ұлттық  мүдде  тұрғысынан  алғанда, 
мектепке 
дейінгі 
жастағы 
оқу-тәрбие 
ісін 
ұйымдастырудың 
орталықсыздануы  шет  елдердің  даму  ерекшеліктеріне  байланысты.  Әртүрлі 
елдердегі  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  ведмоствалық  бағыныстылығы, 
олардың  типтері,  қамтылатын  балалардың  жас  мөлшері,  мақсат,  міндеттері, 
бағдарламалары  (білім  мазмұны),  әдіс-тәсілдері  өзіндік  ерекшеліктері  бола 
тұра  мақсаттары  мен  көздейтін  нәтижелерінің  бағыттастығы  мен  үндестігін 
көруге болады. 
    Әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  ықпалдастырлған  және  жеке  тұлға  мен 
қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім 
берудің  ұлттық  моделін  қалыптастыру.  Білім  беруді  дамытудағы 
стратегиялық  басымдықтарды  белгілеу,  жылдам  өзгеріп  отыратын  дүние 
жағдайларына  алынған  терең  білімнің,  кәсіби  дағдылардың  негізінде 
еркін  бағдарлай  білуге,  өзін-өзі  іске  асыруға,  өзін-өзі  дамытуға  және  өз 
бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға 
қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру.  Міндеттері:  -  азаматтыққа, 
адамның  құқықтары  мен  бостандықтарына  құрметпен  қарауға, 
елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу; 
-  білім  сапасын  түпкілікті  бағалаудың  субъективтік  факторларының 
әсерін азайту; 
-  балалардың  сапалы  білім  алуға,  функционалдық  сауаттылыққа,  ал 
тәрбиешілердің  білігі  мен  педагогикалық  шеберлігін  ұдайы  арттыруға 
деген уәждемелерін арттыру; 


 
47 
-  білім  алушылардың  еңбек  нарығындағы  бәсекеге  қабілеттілігін 
қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдай жасау; 
-  денсаулық сақтайтын және ақпараттық технологиялады енгізу; 
-  даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға жағдай жасау; 
Осы міндеттерді жүзеге асыруда төмендегідей мәселелерді шешу қажет: 1. 
Білім  берудің  мазмұнын  жалпы  білімнен  біліктілік  мазмұнына  қарай 
(нәтижеге бағдарланған білім беру) өзгерту. 
2.  Білім  берудің  мазмұнын  дүниені  тұтастай  қабылдауды  қамтамасыз 
ететін,  тіл  дамыту,  көркемәдебиет,  өзін  өзі  тану,  математика,  бейнелеу 
өнері,  технология,  музыка,  дене  тәрбиесі  сияқты  білім  беру  салалары 
арқылы іске асыру. 
3.  Балалардың  жеке  қабілеттері  мен  қажетіліктеріне  сәйкес  бейімділігін 
және өмірлік дағды қалыптастыру жүйесін құру. 
    Жеке  тұлғаға  бағыталған  оқыту  баланың  барлық  мүмкіндіктері  мен 
қабілеттерін  ескере  отырып,  оның  жеке  ерекшелігін  дамытуға  қажетті 
жағдай  жасау  деген  сөз.  Ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  бір 
қасиет–ол  баланың  жеке  басының  даму  мүмкіндіктерін,  ойлау  қабілетін 
жетілдіріп,  сөйлеу,  әрекет  ету  сияқты  қасиеттерін  ашуға,  осылардың 
нәтижесінде  өмірдегі  өз  орнын  табуға  көмектеседі.  Осыған  сәйкес 
Д.Карнеги:  «өзінің  маңыздылығын  таныту»  болып  табылады,  негізгі 
мақсат  -  баланың  өзін-өзі  жетілдіру,  алға  жылжыту,  өз  орын  анықтау 
істерінің  негізгі  құрамы  болып,  нәтижесінде  -  өз  мүмкіндіктерін  жүзеге 
асыруы  тиіс,  жұмыс  істеудің  жаңа  эвристикалық  тәсілдерін  игеру  –деп 
санайды. 
    Қорыта  келгенде,  мектепке  дейінгі  білім  мазмұнын  дамытудың  әлемдік 
тәжірибедегі мәні мен маңызын саралауда мектепке дейінгі білім беруге тән 
жалпы  әлемдік  үрдістерді  жинақтап  айтқанда,  ол  мынаған  саяды: 
тәрбиешілер  баланың  қоршаған  ортамен  қуанышты  және  алаңсыз 
айналысуын,  мейілінше  дербестігін,  білуге  құмарлығын,  түрлі  тәсілдермен 
өзін  таныта  алуын  ыталандыратын  жағдай,  орта  жасалатындығы.  Әрбір 
мемлекетте білім министрліктері немесе қоғамдық ұйымдар мектепке дейінгі 
тәрбиеге көңіл бөлетіндігі анықталды. Оқыту мен тәрбиелеу күштеусіз бедел 
мен  ынта-ықыласқа  негізделіп,  жоғары  деңгейдегі  кәсіптік  сапада 
атқарылатыны,  ол  отбасы  және  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  махаббаты, 
жүрек  жылуы,  сүйіспеншілігі,  баланың  жеке  басына  құрметі,  ойын, 
қамқорлық, мейірімділік қарым-қатынасқа негізделетіндігі айқындалды. Сол 
елдегі  заңнамалар  олардың  ұйымдастырылу  тәртібіне,  тәсілдеріне 
сапаларына  ықпал  ететіндігі,  бұл  біздің  зерттеуімізге  сәйкес  шетелдердегі 
білім  мазмұнын  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  жүзеге  асырудың  барысын 
айқындауға  мүмкіндік  берді.  Білім  беру  мазмұнының  ортақ  белгілеріне, 
олардың  ерекшеліктеріне  және  білім  беру  мазмұнының  бағыттарына 
байланысты болатындығы 2 - суретте өрнектелді.  


 
48 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет