Монография Астана, 2010. 250 бет


- кесте  Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы



Pdf көрінісі
бет57/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   112
12- кесте  Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы 
шығармашылықты дамытуда тәрбиеші жұмысының нәтижелері 
  


 
154 
Балалардың 
іс-әрекетін 
ұйымдастырудың 
мақсаттары 
Тәрбиешінің 
орындайтын 
міндеттері 
Күтілетін нәтиже 
(балалардың бойында 
қалыптасатын 
дағдылары) 
Шығармашылық 
белсенділікті 
қалыптастыру 
балаларды 
белсенді 
таным 
іс 
әрекетіне 
араластыру. 
Зерттеу  мақсатты  мен 
міндеттері  анықтай  алу 
дағдылары.  
Өз  бетімен  әрекет  етуін 
қалыптастыру  
Жаңа 
технология 
арқылы ақпарат жинауға 
үйрету.  
Түрлі 
ақпарат 
көздерімен 
жұмыс 
жасай 
алу. 
Алған 
ақпараттарды  жүйелеу, 
жалпылау дағдылары.  
Зерттеудің 
әдістері, 
жолдары,  формаларын 
оқыту.  
Танымдық  түрткілерін 
қалыптастыру. 
Дәлелді 
қорытынды 
жасау 
мақсаттарды 
міндеттерге 
сәйкестендіру  
балалардың  дербес  іс-
әрекеті  арқылы  өзін-өзі 
қалыптастыру 
Адамдар  алдында  еркін 
сөйлей  алу,  ойын  толық 
жеткізе  алу  дағдыларын 
дамыту. 
Мәселені 
өздігінен 
талдау 
қабілеттерін 
дамыту.  
    
    Іс-әрекетке  жасалған  талдау  бойынша  кез-келген  іс-әрекеттің  нәтижесі 
болатындығы  белгілі  болды.  Ал  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  инновациялық 
технологияларды пайдалану арқылы  шығармашылықты дамытуда тәрбиешінің 
күтетін  нәтижесі  кестеде  көрсетілген.  Бұл  мақсаттарға  сәйкес  тәрбиешінің 
жұмысынан  күтілетін  нәтижеге  қол  жеткізу  жолдарын  үш  кезеңге  бөліп 
отырмыз:  
1.  Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  инновациялық  технологияларды  оқып  үйрену 
кезеңі  -  бұл  кезеңде  тәрбиешілер  ақпарат  көздерімен  жұмыс  істеп,  ғылыми-
педагогикалық, әдістемелік әдебиетерге талдау жасауға үйренеді.  Эксперимент 
жұмыстарын  жүргізе  алу  дағдыларын  қалыптастыру.  Ол  үшін  тиісті  зерттеу 
жүргізуге қажетті білім көлемін арттыру жолдарын табу керек.  
2. Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды тәрбиелеу мен 
білім  беру  мазмұнына  қатысты  пайдалануда  кейбір  тәжірибелер  жинақтау 
кезеңі  –  эксперимент  жұмыстарын  жүргізу  үшін  жеткілікті  тәжірибе 
қалыптастыру.  Ол  үшін  тәрбиеші  арнайы  эксперимент  жоспарын  құрып, 
бақылау, қалыптастыру және қорытынды эксперимент жүргізеді.  
3.  Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  инновациялық  технологияларды  пайдалануда 
өзіндік  зерттеу  жүргізу  кезеңі  –  мұнда  балалармен  зерттеу  жұмысын  жүргізу, 
пікірін дәлелдеу, көпшілік алдында еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ол 
үшін тиісті зерттеуге байланысты білімдер жинақтау, әдіс тәсілдердің тимдісін 
таңдай білуге дағдылану.  
    Аталған  мақсаттар  мен міндеттер  өзіміз  көріп  отырғандай  балалардан  үлкен 
жауапкершілік  пен  өз  бетімен  жұмыс  істеуге  деген  құлшынысты  талап  етеді. 
Алайда,  қазіргі  уақытқа  дейін  балалар  әрдайым  тәрбиешінің  жетегімен  оқу-


 
155 
білімді игеріп келді. Сонымен қатар олар оқу-зерттеу жұмысының не екендігі, 
ол  қалай  жүзеге  асатындығына  арнайы  назар  аудармады  десек  қателеспейміз. 
Осыған  байланысты  оқу-зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастыру  көп  уақыт  пен 
қажырлы еңбекті, әрине үлкен шығармашылықты талап етеді.  
    Сонымен қатар көптеген педагог-зерттеушілер шығармашылық тек біржақты 
болған  жағдайда  тиісті  нәтиже  бере  бермейді  деп  ескертеді.  Егер  тәрбиеші  өз 
шығармашылық іс-әрекетімен балалардың да шығармашылық белсенділіктерін 
арттыруды көздемесе, бұл шығармашылық әрекет жүзеге асты деп айту қиын. 
Тәрбиеленуші  мен  тәрбиешінің  біріккен  шығармашылық  әрекеті  әсіресе 
тәрбиелеу  мен  білім  беру  мазмұнын  жүзеге  асыруда  өте  маңызды.  Өйткені 
мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды пайдаланудың өзі 
бастан  аяқ  шығармашылық  әрекетті  талап  етеді.  Бұл  тәрбиеші  тарапынан 
мектепке  дейінгі  ұйымдарда  инновациялық  технологияларды  пайдалану 
барысында  қарым-қатынас  жасудың  тиімді  жолдарын  таңдау,  зерттеу 
жүргізудің  теориялық  құрылымымен  таныстырудағы  тиімді  әдістерді 
пайдалану,  балаларды  белсенді  іс-әрекет  етуге  үйрету  барысында  көрініс 
табады. 
Тәрбиешінің 
шығармашылық 
әрекеті 
аталмыш 
іс-әрекетті 
ұйымдастыру барысында тәрбиелеу мен білім беру үдерісінің мақсаттары мен 
міндеттерін толық қамтып, оны жүзге асыруда маңызды рөл атқарады.  
    Тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен шығармашылық әрекеті екі жақ 
тарапынан  бір  мақсатақа  бағытталған.  Мысалы,  балалардың  дербес  іс-әрекеті 
барысында  олар  өз  қызығушылықтарын  қанағаттандыру  мақсатын  көздесе, 
тәрбиеші  балалардың  ізденушілік  белсенділіктерін  арттырып,  олардың 
қызығушылықтарына  жауап  беріп,  білімін  арттыру  және  шығармашылықпен 
жұмыс  істеуге  дағдыландыру  сияқты  мақсаттарды  жүзеге  асыру  үшін  қызмет 
етеді.  Осындай  екі  жақты  шығармашылық  әрекет  үлкен  нәтиже  береді. 
Тәрбиеші  өзі  шығармашылықпен  жұмыс  істей  отырып,  балаларды  да  қатып 
қалған 
қағидалардан 
алшақтатып, 
еркіндік 
беру 
арқылы, 
оларың 
шығармашылық  қабілеттерінің  көрініс  табуына  жол  ашады.  Яғни,  педагогтің 
шығармашылық әрекеті баланың шығармашылық қабілеттерін оятады, осындай 
екі  жақты  іс-әрекет  арқылы  нәтижеге  қол  жеткізіледі.  Егер  де  біз  тәрбиеші  
тәрбиелеу  мен  білім  беру  үдерісін  және  дербес  іс-әрекетті  тиісті 
шығармашылықпен  ұйымдаcтыра  алады  деп  қарастыратын  болсақ,  онда 
бірлескен 
шығармашылықты 
былай 
көрсетуе 
болады: 
тәрбиешінің 
шығармашылық  әрекеті

балалардың  шығармашылығына  жол  ашады  - 
нәтижесінде: балалар тәрбиелеу  мен білім беру мазмұнын толық игереді және 
дербес  іс-әрекетпен  айналысу  дағдыларын  меңгереді.  Сонымен  қатар, 
тәрбиешіде  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  инновациялық  технологияларды 
пайдалануда білімнің мынандай сапалық көрсеткіштері болуы керек.  
Білімнің  толықтылығы  –  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  инновациялық 
технологияларды  пайдалануға  қатысты  барлық  ұғымдар  мен  түсініктерді 
меңгеру, теориялық және әдістемелік жағынан дайындығы.  
Білімінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет