Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf көрінісі
бет58/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   112
Байланысты:
zhumabekova fn mektepke deiingi bilim beru mazmunyn zhanartu

тереңдігі 
– 
мектепке 
дейінгі  ұйымдарда 
инновациялық 
технологияларды  тәрбиелеу  мен  білім  беру  үдерісінде  пайдалану 


 
156 
ерекшеліктеріне  мән  беріп,  олардың  өзара  байланысын  ажырату,  ең 
маңыздысын таңдай білу.  
Бірізділік – білім мазмұнын ретімен, мазмұнды біртіндеп күрделендіре отырып 
оны баланың саналы түрде қабалдауына жағдай жасау, бар білімнің жаңа білім 
тудыратындығына негіз болатындығын түсіну, оны пайдалана білу.  
Жүйелік  –  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  инновациялық  технологияларды 
пайдалануда  алға  қойған  мақсаттардың  ең  негізгісін,  одан  туындайтын 
мақсатты,  қосымша  мақсаттарды  анықтай  білуі  керек.  Зерттеудің  әдістерін 
қолдану, зерттеуді жоспарлауда жүйелі түрде жұмыс жасау.  
Нақтылық  –  бар  білімдердің  ішінен  нақтысын  ажыратып, қорытындылай  алу. 
Зерттеу  жұмыстарының  тақырыптарын  нақтылау,  мақсаттар  мен  міндеттер  де 
осы нақтылықты талап етеді.  
Ауқымдылық  –  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  инновациялық  технологияларды 
пайдалану кезеңдерін ашып көрсете отырып, олардың тізбегін құрастыра білу, 
жалпы ойды нақтылай алуы.  
Жинақылық  –  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  инновациялық  технологияларды 
пайдалануда білімді жинақы етіп ұсыну білігі, ойды шашыратпай нәтижесінде 
тиісті білімдер ді жеткізе алу. 
    Тәрбиеші  білімінің  көрсеткіштерін  біз  мектепке  дейінгі  ұйымдарда 
инновациялық  технологияларды  пайдалануда  қажетті  басты  көрсеткіш  деп 
таныдық.  Зерттеушілердің  құнды  пікірлерін  қортындылай  келе,  мектепке 
дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды пайдалану оң нәтиже беруі 
үшін  оны  дұрыс  ұйымдастыру  маңызды  деп  таныдық.  Мектепке  дейінгі 
ұйымдарда 
аталмыш 
іс-әрекетті 
ұйымдастыру 
барысында 
тәрбиеші 
төмендегідей қағидаларды ескергені жөн:  
Біріншіден,  жүргізілетін  жұмысты  жоспарлау,  мақсаттар  мен  міндеттерді 
анықтау.  Жоспар  жасауда  балалардың  жас  ерекшеліктерін  ескеру,  білімін 
арттырудан  басқа  да  табандылық,  ізденуге  құмарлық,  жауапкершілік 
талаптылық 
сияқты 
қасиеттерді 
қалыптастыру, 
қарапйым 
тәжірибе 
жұмыстарымен  айналысу  назардан  тыс  қалмау  керек.  Балалардың  жеке 
қызығушылықтарына  байланысты  жүргізілетін  жұмыс  олардың  тарапынан  аса 
жоғары  белсенділікпен  орындалады.  Белсенді  іс-әрекеттің  нәтижесі  міндетті 
түрде болады. Тәрбиешінің балалардың белсенді іс-әрекетін ұйымдастыра алуы 
оның шығармашылығының бір көрінісі болып табылады.  
Екіншіден,  тәрбиелеу  мен  білім  беру  үдерісін  тиімді ұйымдастыра  алуы  оның 
бірізділігін  сақтау.  Яғни,  балалармен  білім  беру  жұмыстарын  жүргізуде  оның 
тиімді  жолдарын,  қолданылатын  әдістерін,  формаларын  нақтылап  алу  қажет. 
Сонымен  қатар  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  инновациялық  технологияларды 
пайдалану  барысында  осы  жастаға  балалардың  қабылдау,  есте  сақтау 
ерекшеліктерін  ескере  отырып,  оқу  үдерісін  жүргізуді  оларға  қызықты  әрі, 
жеңіл етіп көрсету абзал.  
Үшіншіден,  балалармен  қарым-қатынас  жасаудың  ең  тиімді  жолын  таңдау. 
Баланың  еркін  ойлап,  өз  бетімен  шешім  қабылдап,  әрекет  етуіне  толық 
мүмкіндік  беретін,  оларды  жасқанудан,  қателесуден  қорқудан  сақтайтын 
қарым-қатынас  орнату.  Балалар  үнемі  тәрбиешіден  қолдау  таба  отырып,  өз 


 
157 
пікірін,  ойын  ашық  ортаға  салуы  керек.  Мұнда,  бұйрық  беру,  арнайы 
тапсырмалардың  орнына  кеңес,  бағыт  беру  басым  болуы  маңызды.  Сондай 
жағдайда баланың бойында өзіне, өзінің мүмкіндіктеріне деген сенім туындап, 
іс-әрекетте батыл, әрі сенімді болады.  
    Аталған  қағидаларды  жүзеге  асыра  отырып  тәрбиеші  мектепке  дейінгі 
ұйымдарда  инновациялық  технологияларды  жас  еркешеліктеріне  сай 
пайдалануға үлкен шығармашылық таныта отырып табысқа жетері сөзсіз.  
Бұл  зерттеу  мәселесіне  сәйкес  шешім  табудың  жолдарын  iздестiруде  жоғары 
мектепте мамандар даярлауда бiрқатар мiндеттердi алға тартады, яғни тәрбиешi 
мен бастауыш сынып мұғалiмдерi балабақша мен бастауыш мектепте бiлiм беру 
мазмұны сабақтастығын нақтылай отырып, кәсiби сауатты жүргiзе бiлуге дайын 
болуы  қажет.  Жоғары  мектеп  бiтiрушi  болашақ  педагог,  тәрбиешi  сабақтастық 
мәселесiн терең түсiнiп әр жас кезеңi ерекшелiгiне сәйкес бiлiм мазмұнын, әдiс-
тәсiлдерiн  ұтымды  пайдалануға  дағдылануы  керек.  Бiлiм  беру  мазмұнының 
сабақтастығының сақталуын қамтамасыз ету үшiн әрбiр сатыдағы әртүрлi пәндер 
мұғалiмдерiмен  өзара  тығыз  байланыс  орнықтыру  қажет.  Кез-келген  сатыда 
педагог  оқулықтар  мен  бағдарламалар  мазмұнымен  келiсетiн-келiспейтiнiн 
нақтылап,  кемшiлiктердi  жою  жолдарын  бiрлесе  қарап,  баланы  мектепке 
дайындауда бiрiншi сыныпқа өтуде кедергiлер, қайталаулар болмауын қадағалап 
отыруы  керек.  Бiлiм  мазмұны  сабақтастығын  қалыптастыруда  төмендегiдей 
мәселелердi жүзеге асыру көзделедi: 
•  мектепалды даялық бiлiм беру мазмұны мен бастауыш бiлiм беру мазмұнына 
ғылыми-педагогикалық, әдiстемелiк талдау жасау; 
•  әрбiр сатыда әр пәнге сәйкес бiлiм беру мазмұнын нақтылау; 
•  пән  аралық  мазмұн  сабақтастығының  сақталуы  ғана  емес  пән  iшiлiк  мазмұн 
сабақтастығының сақталуын  қадағалау; 
•  әрбiр  сатыдағы  бiлiм  беру  мазмұнын  жеткiзудiң  тиiмдi  әдiс-тәсiлдерiн 
белгiлеу; 
•  бiлiм  мазмұнын  игерудiң  заңдылықтарының  сақталуына  және  логикалық 
үйлесiмдiлiгiне баса назар аудару; 
•  мамандардың бiлiмi мен бiлiктiлiгiн  арттыру, үнемi өздiгiнен бiлiм жетiлдiрiп 
отыруға дағдыландыру; 
•  әрбiр бiлiм беру сатысында баланың жас ерекшелiгi мен психологиялық даму 
деңгейiн ескерiп отыру; 
•  дамытушылық  және  бiлiм  беру  орталықтарының  педагогикалық  талаптарға 
сай жабдықтау; 
•  әлеуметтiк және денсаулық сақтау сипатындағы мүмкiндiктердi толық шешу; 
•  қоғамдық пайдалы iс-әрекеттердi дұрыс ұйымдастыру; 
•  оқшылардың оқу үлгерiмiн жетiлдiру, ынта-ықыласын арттырып отыру; 
-  инновациялық  педагогикалық  технологияларды  оқып  үйрену  және  оны 
тәжiрибеде пайдалана бiлу; 
    Сонымен, екi сатыдағы негiзгi мақсат, мiндеттер нақтыланып, бiлiм мазмұнын 
айқындайтын  принциптер  анықталып,  баланың  мектепалды  даярлығы  мен 
бiрiншi сыныптың оқу жылы аяғындағы оқу мазмұнына сипаттама жасау арқылы 
балабақша  мен  бастауыш  сыныптағы  бiлiм  мазмұнының  сабақтастығын 


 
158 
қалыптастыруға  қол  жеткiзуге  болады  деп  ойлаймыз.  Осы  орайда  бiлiм 
мазмұнын 
оқушыларға 
жеткiзуде 
инновациялық 
педагогикалық 
технологияларды  тиiмдi  пайдаланудың  маңызы  зор.  Соңғы  жылдарда 
мұғалiмдердiң  инновациялық  педагогикалық  технологияларды  бiртiндеп 
қолдануға  ұмтылғаны  байқалады.  Бiрақта  олар  инновациялық  әдiс-тәсiлдердiң 
жалпы  әдiс-тәсiлдерден  айырмашылығы,  оларды  қолданудың  тиiмдi  жолдары 
қандай  деген  мәселелердi  анық-айқын  бiле  алмайды.  Сондықтан  оның 
анықтамаларына жүгінетін болсақ: инновация (латын сөзi jn-в, novjs-жаңа) жаңа, 
жаңалық,  жаңарту  дегендi  бiлдiредi  екен.  С.И.Ожегов  сөздiгi  бойынша: 
инновация  бiрiншi  рет  шыққан,  жасалған,    жуық  арада  пайда  болған, 
бұрынғының  орнын  басатын,  алғаш  ашылған,  бұрыннан  таныс  емес  енгiзiлген 
жаңалық-деп  берiлген.  Ал,  Ресей  ғалымдары  Днепрова,  Зогвязинский, 
Лазереваның  еңбектерiнде  ,,инновация,,-ұғымы  бiлiм  беру  жүйесiнде 
жаңалықтарды  жасап  шығару,  игеру,  қолдану  және  тарату  iс-әрекетi  деп 
сипаттайды.  М.М.Поташник,  А.С.Лоренсов  ,,жаңалық,,  еңбегiнде  ,,Инновация 
дегенiмiз-жаңа  мазмұнды  ұйымдастыру,  ал  жаңалық  енгiзу  дегенiмiз  – 
инновация 
үрдiсiн 
мазмұнды 
дамытуды, 
жаңаны 
ұйымдастыруды, 
қалыптастыруды анықтайды, ал, ,,жаңаша деп жаңаның мазмұны, оны енгiзудiң 
әдiс-тәсiлi  мен  технологиясын  қамтитын  құбылысты  түсiнемiз,,  делiнген. 
Энциклопедиялық  сөздiктерде  ,,инновация,,  әр  түрлi  анықталады.  үлкен 
энциклопедиялық сөздiкте бұл ұғым ,,жаңаша бiлiм беру,, деп түсiндiрiледi.  
    Қазақстанда ,,инновация,, ұғымын пайдалануды қазақ тiлiнде анықтаған ғалым 
профессор  Немеребай  Нұрахметов.  Ол:  ,,инновация,  инновациялық  үрдiс  деп 
отырғанымыз бiлiм беру мекемелерiнiң жаңалықтарды жасау, меңгеру,  қолдану 
және  таратуға  байланысты  бiр  бөлек  қызметi,,-  деген  анықтаманы  ұсынады. 
Инновация мәселелерiмен айналысып жүрген бiрқатар ғалымдардың еңбектерiн, 
жазған  анықтамаларын  қарастырып,  талдай  келе  бұл  ұғым  белгiлi  уақыт 
арасында жаңашыл идеяны  қайта  қарау, жаңалау дегендi бiлдiредi. Сол ертерек 
кездiң  өзiнде  белгiлi  қолданылып  жүрген  идеялар  жаңа  бағытта  ұсынылса, 
мұның  өзi  инновациялы  деп  аталған.  Осыларды  негiзге  ала  отырып 
инновацияны  ,,жаңалық,  ,,жаңа  әдiс,  ,,өзгерiс,  ,,әдiстеме,  ,,жаңашылдық,,  ал, 
инновациялық үрдiстi ,,жаңа әдiстеме енгiзу құралы,, - деп білеміз.  
    Инновация  -  бiлiм  деңгейiнің  көтерiлуiне  жағдай  туғызады.  Кейiнгi  кезеңде 
ғалымдар  өз  зерттеулерiнде  оқу  тәрбие  iсiне  жаңалықтарды  енгiзiп,  тарату 
мәселесiн қарастырады. Авторлардың көбi педагогикалық инновацияның негiзгi 
мiндетi енгiзiлiп отырған жаңалықтарды топтау, жiктеу деп санайды. Ол үшiн ең 
бастысы  -  балабақша,  мектеп,  орта  арнаулы  және  жоғары  мектеп  жұмыстарын 
дамытуды,  бiлiм  мазмұны  сабақтастығын  үнемi  назарда  ұстанып  отыру  қажет 
болады.  Сондай-ақ,  бiлiм  мазмұнына  байланысты  енгiзiлiп  отырған  жаңа 
әдiстеменiң  ерекше  жағын  көре  бiлу,  түсiне  бiлу  және  оның  басқа 
әдiстемелермен қандай байланысты екенiн бiлу керек. Бұл бағытта бiлiм берудiң 
әр  түрлi  нұсқадғы  мазмұны,  құрылымы,  ғылымға  және  тәжiрибеге  негiзделген 
жаңа  идеялары,  жаңа  технологиялары  бар.  Оқытудың  инновациялық 
педагогикалық  технологияларын  бiлiм  беру  мазмұны    сабақтастығының 
сақталуына,  балалардың  жас  және  психологиялық  ерекшелiктерiне  байланысты 


 
159 
таңдап,  тәжiрибеде  сынап  қараудың  маңыздылығын  атап  айтқан  жөн.  қазiргi 
бiлiм  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын  меңгермейiнше 
сауатты  жан-жақты  маман  болу  мүмкiн  емес.  Педагогикалық  инновацияны 
меңгеру  тәрбиешінің  кәсiби  деңгейiнiң  көтерiлуiне,  интеллектуалдық, 
адамгершiлiк, рухани, азаматтық және адами келбетiнiң қалыптасуына игi әсерiн 
тигiзiп,  өзiн–өзi  дамытып,  оқу–тәрбие  үрдiсiн  тиiмдi  ұйымдастыруына 
көмектеседі.Аталған мәселені шешу мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық 
білім  беруді  басқаруда  қоғамның  дамуына  қарай  ғылым  мен  техника  да,  оны 
басқару  жүйесі  де  өзгеріп  отыратынына  сәйкес  маман  қызметінің  мазмұны 
жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктер 
қажеттілігінен туындап отыр. Мұндай бетбұрыстар адамның іс-әрекетін өзгертіп 
қана қоймай, оның жеке тұлға ретінде жаңаша қалыптасуын талап етеді. Осыған 
байланысты  мектепке  дейінгі  тәрбие  ұйымдарының  педагог  мамандары  кәсіби 
шеберлігін  шыңдап,  осы  заманға  лайықты  жаңа  көзқарастармен  ой–пікірлердің 
жаңашылдығын  назардан  тыс  қалдырмауы  шарт.  Мұның  өзі  мектепке  дейінгі 
ұйымдардың  педагогикалық  үдерісінде  жалпы  және  кәсіби  мәдениетті  ұдайы 
көтеріп отыратындай бағыт-бағдар болуын, білім мазмұнын қайта пайымдауды, 
қарапайым  білім  мазмұнын  берудің  тұжырымдамалық  негіздеріне  талдау 
жасауды, жаңа интерактивті әдіс-тәсілдерді пайдалана білуге дағдылануды және 
мектепке  дейінгі  ұйымдарда  инновациялық  білім  беруді  басқара  білуін  талап 
етіп отыр.  
    Бүгінгі  таңда  қоғам  сұраныстарына  сәйкес  мектепке  дейінгі  білім  беру 
жүйесін жаңаша бағытта уақыт талаптарына сай құру көкейкесті  мәселелердің 
бірі. Осыған орай, мектепке дейінгі білім беруді ииновациялық тұрғыдан қарау, 
озық  іс–тәжірибелер  мен  идеяларды  насихаттау  қажеттілігі  туындар  отыр. 
Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  инновациялық  білім  беруді  енгізуде  бірқатар 
маңызды мәселелерді ескеру шарт. Олар: 
–  инновациялық бағытты дұрыс таңдай білу; 
–  инновациялық іс–әрекеттің тұжырымдамасы мен бағдарламасын жасау; 
–  инновациялық  жобаны  жүзеге  асырудың  тиімді  жолдарын  анықтап, 
жағдай жасау; 
–  инновциялық іс–әрекетті дұрыс жүргізу үшін қажетті құжаттарды кәсіби 
сауаттылық тұрғысынан дайындап алу; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет