Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf көрінісі
бет4/21
Дата06.03.2017
өлшемі2 Mb.
#8196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

    Вальдорф жүйесінің ерекшеліктері төмендегідей: 
-
 
балаларды  заттарды  түстік  және  бейнелік  басынан  өткеру  арқылы 
оқыту әдісін пайдалану; 
-
 
нысандарды  жаны  бар  зат  ретінде  оқу–сезіммен  қабылдау  және 
физикалық түйсік арқылы олардың түп негізін түсіну; 
-
 
оқытудың  бастапқы  кезеңі–құбылысты  бойдан  өткізу,  одан  кейін 
бақылау,  эксперимент  және  үлгіні  жасау.  Мысалы,  атомдар  мен 
молекулалар  ұғымдары  тақырыпты  қарастыруды  бастағанда  емес,  тек 
соңында енгізіледі; 
-
 
баланың  өмірлік  биологиялық  үрдістерін  ескеру,  қарама-қарсы  іс-
әрекет түрлерін кезектестіріп отыру: «сабақ тынысы», «күн тынысы»; 
-
 
табиғилық  және  шаблондардан  бас  тарту  (мысалы,  14  жасқа  дейінгі 
балалар түзулерді сызғышсыз сызады). 
    Әлем  елдерінде  мектепке  дейінгі  білім  беру  ісінде  балаларды 
жалпыадамзаттық құндылықтар рухында тәрбиелеуді ұйымдастыру да едәуір 
бай  тәжірибелер  жинақталған.  Сәбидің  өмір  дағдыларын  қалыптастыра 
отырып  шығармашылық  қуат  мүмкіндіктерін  ізгілік  тұрғыдан  ашуға, 
дамытуға  алдағы  уақыттарда  өзін-өзі  танытуына  негіз  қалыптастыруға 
басымдық беріледі. 
    Батыс  Еуропа  мен  Ресейде  Х!Х  ғасырдың  басында  жаңа  типті 
балабақшалар  жұмыс  жасай  бастады.  Ол  1866  жылы  Санкт  Петербургте 
«Арзан  пәтер  қоғамы»  қайырымдылық  қоры  жанынан  күнкөрісі  төмен 
адамдарға  арналған  ақысыз  «халықтық  балабақша»  ашылды.  Сол  жылы 
А.С.Симонович  интелегенция  өкілдерінің балаларына  арналған  ақылы  жеке 
меншік  балабақша  ашты.  Ресейде  Х!Х  ғасырдың  басында  осындай 
балабақшалар:  ақылы,  ақысыз,  алаңдар  мен  приюттар,  жетім  балаларға 
арналған  мекемелер  көптеп  ашыла  бастады.  Осы  жылдары  А.Симоновичтің 
басқаруымен  мектепке  дейінгі  тәрбиенің  әдістемесін,  оқытудың  формалары 
мен  тиімді  әдіс  тәсілдерін  тұрақты  түрде  жариялайтын  алғашқы  «Детсий 
сад» журналы жарық көрді. Аталған журналдың мәртебесі өте жоғары болды, 

 
42 
оған  К.Д.Ушинский  өзінің  еңбектерін  жазып  мектепке  дейінгі  тәрбиеге 
атсалысты.  Ол  балаларды  патриотизм,  халықтың  ең  жақсы  бейнесі  ретінде 
ана  тіліне  сүйіспеншілік  сезімге  тәрбиелеуге,  адамгершілік  қасиеттерді 
қалыптастыруға, еңбекті құрметтеуге тәрбиелеуге ерекше мән берді. 1871 ж 
Санкт  Петербург  қоғамы  алғашқы  мектепке  дейінгі  тәрбиеге  ықпал  етті. 
Қоғам отбасындағы, балабақшадағы мектепке дейінгі тәрбиемен айналыстын 
әйелдер  мен  тәрбиешілерге  арналған  курстар  ұйымдастырып,  мектепке 
дейінгі  тәрбиеге  арналған  дәрістер  оқыды.  1914  жылдары  бірнеше  ондаған 
балабақшалар  жұмыс  жасады.  1913-1917  жылдары  Санкт  Петербург 
қоғамының  Вице-президенті  ресейдің  белгілі  педагог-ғалымы  Е.И.Тихеева  
мектепке  дейінгі  тәрбие  және  бастауыш  білім  берудің  дидактикасы  мен 
әдістемелік  негіздерінің  мәселелерімен  айналысып,  1928  жылға  дейін 
басшылық жасады. Е.И.Тихеева жасаған дидактикалық материалдар жүйесі, 
балаларға ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беруге баса көңіл бөлді. 
Ол баланың тілін дамыту әдістемесіне талдау жасады және тәрбиешінің жеке 
басына  жоғары  талаптар  қойды.  Ресейде  1917  жылы  20  қарашада 
«Декларация  по  дошкольному  вопитанию»  атты  құжат  қабылданды.  Бұл 
құжатта  кеңестік  дәуірдегі  мектепке  дейінгі  тәрбиенің  принциптері 
айқындалған.  1919  ж  «Программа  работы  детского  сада»,  1938  «Устав 
детского сада», «Руководство для воспитателей детского сада» деп аталатын 
құжаттарда  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  міндеттерін,  құрылымын, 
қалыптасу  ерекшеліктерін  және  балалармен  жүргізілетін  жұмыстардың 
әдістемелік  мүмкіндіктерін  қарастырған.  Бұл  еңбектер  кеңестік  дәуірдегі 
мектепке  дейінгі  білім  мазмұнын  айқындайтын  мемлекеттік  құжаттар 
болуымен құнды. Ресейдегі мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру 2-7 жасқа 
дейінгі  балалардың  интеллектуалдық,  жеке  тұлғалық  және  физикалық 
дамуын  қамтамасыз  етуді  көздейді.  Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  сәбилер 
тобынан бастап мектепалды топтарында білім беру, балаларға қосымша білім 
беру  (баланы  ерте  жастан  дамыту  орталықтары  мен  бірлестіктері)  және 
отбасындағы тәрбие түрінде жүзеге асырылады.  
    Әлемдік  тәжірибедегі  білім  беруді  ұйымдастыру  әр  алуан  болумен  бірге 
ортақ  үрдістер  байқалады.  Олардың  негізгілері  мектепке  дейінгі  ұйыммен 
қамтылуға  тиіс  балалардың  жас  мөлшері;  жас  мөлшеріне  сай  мектепке 
дейінгі  ұйымдардың  типтері;  білім  беру  тұжырымдамалары  мен 
бағдарламаларындағы және білім мазмұнындағы мақсат-міндеттер, олардың 
құрылымдық  ерекшеліктері;  балаға  білім  беру,  тәрбие  берудің  (сабақтың) 
формалары;  жабдықтары,  тәрбиелеу  әдістері;  мамандар  мен  ата-аналардың 
ролі.  Сонымен  қатар,  қазіргі  шетелдік  мектепке  дейінгі  педагогикадағы 
тенденция  деңгейінде  жаңа  көкейкесті  мәселелерге  назар  аударылуда, 
оларды 
шешуде 
түрлі 
бағыттағы 
мектепке 
дейінгі 
ұйымдар 
ұйымдастырылуда.  Солардың  бірі-Орталық  Еуропа  елдерінде  пайда  болған 
экологиялық  балабақшалар.  Қоршаған  ортаны  қорғау  қажеттігі,  салауатты 
өмірге  ұмтылушылық,  табиғатқа  сүйіспеншілікті  арттыру  сияқты 
себепттерден  олардың  саны  көбеюде.  Экологиялық  балабақшаларда  гүл 
өсіру,  жеміс,  бақша  өсіру  қолға  алынған.  Балалар  олардың  өсуін  өз 

 
43 
қамқорлықтарына  алып,  өсу,  даму  барысына  бақылау  жүргізеді.  Бөлме 
өсімдіктерін  күтіп  зерттейді,  табиғи  тәсілдермен  өсімдік  зиянкестерімен 
күреседі. Олардағы ойыншықтардың едәуір құрамын табиғи заттар құрайды: 
ағаш ойыншықтар, емен жаңғақтары, ұлу ұялары, түрлі әсем тастар, құм, қой 
жүні  т.б.  Жиһаздардың  да  тек  жасалуы  қадағаланады.  Пайдаланылатын 
желімді,  бояуларды  балалар  өздері  дайындайды.  Мұнда  тиісті  шараларға, 
мерекелерге  арнап  нан  пісіру,  тамақ  дайындау  ата-аналар  және  балалардың 
қатысуымен  іске  асырылады.  Балабақшаның  алаңында  түрлі  табиғи 
жабдықтар  жасалады.  Экологиялық  балабақшада  экологиялық  көзқарасты 
қалыптастыру  бағ-дарлама  негізіне  алынады.  Экологиялық  сабақтарға, 
әңгімелерге, 
ойындарға, 
іс-әрекеттерге 
жеткілікті 
орын 
беріледі. 
Экологиялық  бағытта  орман  балабақшалары  да  құрылады  (Дания).  Мұнда 
табиғатты  қорғау,  табиғатқа  сүйіспеншілік  сезімдері  оқу-тәрбие  орман 
жағдайында  ұйымдастыру  арқылы  жүзеге  асады,  әр  баланың  денсаулығын 
нығайту  көзделеді.  Әртопта  15  баладан  орман  ішінде  жылжымалы 
вагондарда  жұмыс  істейтін  орман  балабақшаларында  балалар  күні  бойы 
демалады,  ойнайды,  орман  өсімдіктерін,  жан-жануарларды  бақылайды, 
денешынықтырады,  ормандағы  табиғи  материалдардан  ойыншықтар 
жасайды,  орман  бұтақтарын  тамашалайды,  ұйымдасып  әңгіме  тыңдайды 
(орманшыларды, тәрбиешілерді, ата-аналарды) кітап оқиды. Әр баланың арқа 
қоржынында өзінің сүйікті ойыншығы және тамағы болады. Күн сайын жаңа 
алаңда  тамақтанады.    Тамақ  қалдықтарын  жинап,  үйлеріне  алып  кетеді. 
Германия,  АҚШ,  Ұлыбритания,  Жапония,  Оңтүстік  Корея  т.б.  елдердегі 
мектепке  дейінгі  білім  мекемелерінде  экологиялық  тәрбие  бағдарламаларда 
жетекші  мән  алған.  Олар  тек  табиғатқа  сүйіспеншілік  сезімін  баулумен 
шектелмейді Ең алдымен күнделікті тұрмыста дұрыс мінез танытуға үйретеді, 
атап айтқанда жер,  су, ауа, энергия, өсімдік және жануарлар сияқты табиғи 
қорларды  дұрыс  сақтауға  балаларды  бағыттап  отырады.  Мектепке  дейінгі 
балалар  мекемелерінде  экологиялық  тәрбиеге  жаңа  тұрғыдан  келу 
төмендегідей  мазмұнды  құрайды:  тұрмыстық  қалдықтар,  қашан  және  қайда 
пайда  болады,  қалдықтарды  түрлеріне  қарай  жеке-жеке  айыру,  әр  түріне 
қарай,  қалдықтар  көп  қалатын  жерлерді  қадағалау;  қалдықтарды  мейілінше 
болдырмау  жолдары,  үй  тұрмысында  өз  әрекетінде  қалдықсыз  өмір  сүруге, 
үнемшілдікке,  қырағылыққа  үйрену;  экологиялық  теориялық  түсініктер 
алумен  бірге  экологиялық  шараларға,  жұмыстарға  мүмкіндігінше  қатысып, 
тәжірибе  алу.  Бірқатар  елдердің  мектепке  дейінгі  оқыту  мен  тәрбиелеу 
жүйесін  талдау  мәдениетінің  айырмашылығы,  педагогикалық  ғылым  мен 
тәжірибесінің  дамуының  өзіндік  жолдарына  қарамастан,  түрлі  елдердің 
мектепке дейінгі білім жүйесіне дамудың жалпы беталысы тән:  
-  оқыту  мен  тәрбиелеуде  өктемділікке  қарсылық,  жоғары  дәрежедегі 
жауапкершілік,  кәсібилік  және  зорламау.  Бағдарламалардың  көпшілігіне 
дамытушылық  пәндік-кеңістік  және  әлеуметтік  орта  құруға  бағдарлық  тән. 
Бағдарламалар  оқу  курстарын  ұйымдастырудағы  кіріктіру  сипатымен 
ерекшеленеді  (жеке  пәндер  бойынша  сабақтар  өткізуден  бас  тарту). 

 
44 
Тәрбиешінің  жұмыс  формалары  мен  әдістері  икемділікпен  сипатталады. 
Шағын топтар құру немесе жеке жұмыстар ұйымдастыру таңдап алынады. 
- оқу үрдісінде қатаң жоспарлаудан бас тарту байқалады. 
-  Тәрбиешілер  баланы  қоршаған  ортамен  шаттықпен  танысуға,  жаңалықтар 
ашуға,  барынша  өз  бетінше  болуға,  білімге  құмарлығын  көрсетуге,  өзін-өзі 
көрсете  алуға  ынталандыратын  ахуал  жасайды,  балалар  бақшасының 
қызметкерлеріне  өз  жұмысының  тұжырымдамасын  жасауға  мүмкіндік 
беріледі.  Шетелдердегі  мектепке  дейінгі  тәрбиені  саралай  келе,  төменде 
білім берудегі күтілетін нәтижелерге сипаттама жасаймыз. 
    Қоғамның  дамуына  қарай  ғылым  мен  техникада  оның  басқару  жүйесі  де 
өзгеріп отыратыны белгілі, осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, 
жаңа  мақсат,  жаңа  көзқарас,  жаңа  шешімдер  мен  жаңа  мүмкіншіліктер 
қажеттігі туындайды. Мұндай бетбұрыстар адамның іс-әрекетін өзгертіп қана 
қоймай оның жеке тұлға  ретінде жаңаша қалыптасуын талап етеді. Осымен 
байланысты  жоғары  және  орта  арнаулы  оқу  орындары  мен  білім  беруде 
адамның игерген білім, біліктілігін, өз бетімен әрекет жасау мүмкіндігін, өз 
пәніне  қызғушылығын,  ғылыми  көзқарасын,  кәсіби  мәдениетін,  педагогтік 
шеберлігін шыңдай түсуге ықпал ету керек. Шет елдердегі мектепке дейінгі 
білім  мазмұны  бойынша  күтілетін  салыстырмалы  нәтижелерін  төмендегі 
кестеде көрсеттік.  
 
Кесте -3. Шет елдердегі мектепке дейінгі білім мазмұнының 
салыстырмалы нәтижелері 
 
Батыс Еуропа мен 
Америка 
елдеріндегі 
модельдер 
Салыстырмалы  білім  мазмұнының нәтижелері 
Латынеуропалық 
(Франция,  Бельгия, 
Швейцария, 
Италия), 
-
 
Франциядағы  осындай  «мектеп-ана»  моделі  4  және  5 
жастағы балалардың бәрін міндетті қамтиды;  
-
 
мектепке  дейінгі  тәрбие  ұйымдары  мектептің  бір 
бөлшегі  ретінде  Ұлттық  білім  беру  министірлігіне 
қарайды; 
-
 
негізінен  «мектеп-ана»  типінде  өмір  сүреді  және 
жекеленген  сыныптар  түрінде,  мектепалды  дайындық 
ретінде мектеп жанында жұмыс істейді; 
-
 
 Францияда  бала  6  жасында  оқуды,  жазуды,  санауды 
біледі, қажетті әлеуметтік дағдыларды меңгереді; 
-
 
Швейцарияда  (Женевадан  басқа)  мектепке  дейінгі 
білім (4-5 жастан 6-7 жасқа дейін) міндеттелмейді;  
-
 
тәрбие  мақсаттары,  мазмұны  мен  әдістері  түрлі 
лингвистикалық 
аймақтарда, 
тіпті 
бір 
аймақ 
шеңберінде ерекшеленеді; 
-
 
мектепке  дейінгі  ұйымдардың  түрлі  типтері  жұмыс 
жасайды; 

 
45 
Скандинавиялық 
(Финландия, 
Швеция) 
-  Скандинавиялық  модельдің  шведтік  үлгісі  мейлінше 
жалпы талаптарға жақын келеді; 
- 7 жасқа дейінгі барлық балалар міндетті қамтылады; 
-  олардың  жоғарғы  сапалығына  ықпал  ету  үшін 
арнаулы  бақылау  ұйымдары  құрылады  және  ондағы 
оқу-тәрбие жұмысы ғылыми негізделген жағдайда ғана 
жүргізіледі; 
-  оқу-тәрбие  бағдарламасының  орындалуын  мемлекет 
мойынына алған, ата-аналар 10%-ын ғана төлейді; 
- балаға 1,5 жасқа келгенде мектепке дейінгі білім беру 
ұйымына қамтылуына кепілдік беріледі; 
Англо-саксондық 
(Ұлыбритания, 
АҚШ, Канада) 
-
 
Англо-саксон  моделі  төмендегідей  сипаттармен 
ерекшеленеді:  баланы  өз  тағдырын  өзі  анықтауға 
құқы  бар;  тәуелсіз  тұлға  деп  түсіну,  теория  мен 
тәрбие  концепцияларының  плюрализмі,  мектепке 
дейінгі білім беруде мемлекет үлесі шектеледі; 
-
 
ол 
елдерде 
орталықтанған 
басқарумен 
қаржыландыру  жоқ,  олар  жергілікті  билік  ұйымдары 
құзырында болады; 
-
 
бұл  іске  әртүрлі  ұйымдар  мен  жеке  адамдар  қатыса 
алады; 
-
 
бұл  моделъде  бағдарлама  сан  алуан,  сонымен  бірге 
жергілікті 
жағдайлар 
мен 
баланың 
жеке 
ерекшеліктеріне, 
ата-ананың 
қаржылық 
мүмкіндіктеріне  сәйкестендірілуге  икемді  екенімен 
сипатталады; 
-  мектепке  дейінгі  білім  беру  АҚШ–та  негізінен 
«балабақшалардың 
топтары» 
деген 
атаумен 
мемлекеттік мектептерде оқытуға бағытталады;  
- көптеген мектептердің жанында 4-5 жастағы балалар 
топтары құрылады; 

мұндай 
мектепке 
дейінгі 
білім 
беру 
бағдарламаларына  ата–аналар  қолдау  көрсетіп,  үнемі 
тығыз байланыс жасау арқылы көмектесіп отырады; 
-  балалар  пайдалы  тәжірибелер  жинақтап  бастауыш 
мектепте оқуға дайындалады; 
-  бағдарламалар  балаларды  ұжымда  өзін  ұстай  білуге 
тәрбиелейді 
және 
өзіне-өзінің 
сенімділігін 
қалыптастыруға негізделеді; 
-  «үйдегі  қамқорлық»-бала,  тәрбиеші  мен  күтуші 
тәрбиесінде болады, бірақ - өз үйінде, «күндізгі отбасы 
қамқорлығы» - бірнеше отбасы бірлесіп, бір үйде 
балаларды  күндіз  қамқорлыққа  алады,  тәрбиеші  мен 
күтуші жалданады және міндетті түрде ата - аналардың 
біреуі болады; 

 
46 
-  «күндізгі  қамқорлық  орталығы»-отбасынан  тыс 
арнаулы  орында  ұйымдастырылған  жеке  меншіктегі 
балабақшаларда жүзеге асырылады; 
Ортақ 
нәтиже 
Мектепке 
дейінгі 
білім 
беру 
мақсаттары: 
 
- гигиеналық дағдыларды меңгертеді; 
- дене белсенділігін дамытады; 
- баланың тілін дамытады; 
-табиғат 
пен 
қоғам 
туралы 
түсініктерін 
қалыптастырады; 
-  математика,  музыка,  өнермен  айналысуға  жағдай 
жасайды; 

адамгершілікке  тәрбиелейді  (отанға,  еңбекке 
сүйіспеншілік,  қарапайымдылық,  адалдық,  әлеуметтік 
мінез-құлық т.б)  
-  бала  бойында  дербес  өмір  сүруге,  ұжымда  жүріп  - 
тұруға,  қажет  болатын  өзін-өзі  қызмет  көрсету 
икемділіктерін қалыптастырып, дамытуға мән беріледі; 
-  сабақ  формасының  орнына  ойын  әрекетінің  негізгі 
ұйымдастыру  формасының  жүзеге  асырылуы  бала 
бойында 
әлеуметтендіру 
тәрбиесінің 
қарқынды 
қалыптасуына ықпал етеді деп саналады; 
 
    Біздің  көзқарасымызша,  жалпы  ұлттық  мүдде  тұрғысынан  алғанда, 
мектепке 
дейінгі 
жастағы 
оқу-тәрбие 
ісін 
ұйымдастырудың 
орталықсыздануы  шет  елдердің  даму  ерекшеліктеріне  байланысты.  Әртүрлі 
елдердегі  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  ведмоствалық  бағыныстылығы, 
олардың  типтері,  қамтылатын  балалардың  жас  мөлшері,  мақсат,  міндеттері, 
бағдарламалары  (білім  мазмұны),  әдіс-тәсілдері  өзіндік  ерекшеліктері  бола 
тұра  мақсаттары  мен  көздейтін  нәтижелерінің  бағыттастығы  мен  үндестігін 
көруге болады. 
    Әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  ықпалдастырлған  және  жеке  тұлға  мен 
қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім 
берудің  ұлттық  моделін  қалыптастыру.  Білім  беруді  дамытудағы 
стратегиялық  басымдықтарды  белгілеу,  жылдам  өзгеріп  отыратын  дүние 
жағдайларына  алынған  терең  білімнің,  кәсіби  дағдылардың  негізінде 
еркін  бағдарлай  білуге,  өзін-өзі  іске  асыруға,  өзін-өзі  дамытуға  және  өз 
бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға 
қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру.  Міндеттері:  -  азаматтыққа, 
адамның  құқықтары  мен  бостандықтарына  құрметпен  қарауға, 
елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу; 
-
 
 білім  сапасын  түпкілікті  бағалаудың  субъективтік  факторларының 
әсерін азайту; 
-
 
 балалардың  сапалы  білім  алуға,  функционалдық  сауаттылыққа,  ал 
тәрбиешілердің  білігі  мен  педагогикалық  шеберлігін  ұдайы  арттыруға 
деген уәждемелерін арттыру; 

 
47 
-
 
 білім  алушылардың  еңбек  нарығындағы  бәсекеге  қабілеттілігін 
қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдай жасау; 
-
 
 денсаулық сақтайтын және ақпараттық технологиялады енгізу; 
-
 
 даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға жағдай жасау; 
Осы міндеттерді жүзеге асыруда төмендегідей мәселелерді шешу қажет: 1. 
Білім  берудің  мазмұнын  жалпы  білімнен  біліктілік  мазмұнына  қарай 
(нәтижеге бағдарланған білім беру) өзгерту. 
2.  Білім  берудің  мазмұнын  дүниені  тұтастай  қабылдауды  қамтамасыз 
ететін,  тіл  дамыту,  көркемәдебиет,  өзін  өзі  тану,  математика,  бейнелеу 
өнері,  технология,  музыка,  дене  тәрбиесі  сияқты  білім  беру  салалары 
арқылы іске асыру. 
3.  Балалардың  жеке  қабілеттері  мен  қажетіліктеріне  сәйкес  бейімділігін 
және өмірлік дағды қалыптастыру жүйесін құру. 
    Жеке  тұлғаға  бағыталған  оқыту  баланың  барлық  мүмкіндіктері  мен 
қабілеттерін  ескере  отырып,  оның  жеке  ерекшелігін  дамытуға  қажетті 
жағдай  жасау  деген  сөз.  Ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  бір 
қасиет–ол  баланың  жеке  басының  даму  мүмкіндіктерін,  ойлау  қабілетін 
жетілдіріп,  сөйлеу,  әрекет  ету  сияқты  қасиеттерін  ашуға,  осылардың 
нәтижесінде  өмірдегі  өз  орнын  табуға  көмектеседі.  Осыған  сәйкес 
Д.Карнеги:  «өзінің  маңыздылығын  таныту»  болып  табылады,  негізгі 
мақсат  -  баланың  өзін-өзі  жетілдіру,  алға  жылжыту,  өз  орын  анықтау 
істерінің  негізгі  құрамы  болып,  нәтижесінде  -  өз  мүмкіндіктерін  жүзеге 
асыруы  тиіс,  жұмыс  істеудің  жаңа  эвристикалық  тәсілдерін  игеру  –деп 
санайды. 
    Қорыта  келгенде,  мектепке  дейінгі  білім  мазмұнын  дамытудың  әлемдік 
тәжірибедегі мәні мен маңызын саралауда мектепке дейінгі білім беруге тән 
жалпы  әлемдік  үрдістерді  жинақтап  айтқанда,  ол  мынаған  саяды: 
тәрбиешілер  баланың  қоршаған  ортамен  қуанышты  және  алаңсыз 
айналысуын,  мейілінше  дербестігін,  білуге  құмарлығын,  түрлі  тәсілдермен 
өзін  таныта  алуын  ыталандыратын  жағдай,  орта  жасалатындығы.  Әрбір 
мемлекетте білім министрліктері немесе қоғамдық ұйымдар мектепке дейінгі 
тәрбиеге көңіл бөлетіндігі анықталды. Оқыту мен тәрбиелеу күштеусіз бедел 
мен  ынта-ықыласқа  негізделіп,  жоғары  деңгейдегі  кәсіптік  сапада 
атқарылатыны,  ол  отбасы  және  мектепке  дейінгі  ұйымдардың  махаббаты, 
жүрек  жылуы,  сүйіспеншілігі,  баланың  жеке  басына  құрметі,  ойын, 
қамқорлық, мейірімділік қарым-қатынасқа негізделетіндігі айқындалды. Сол 
елдегі  заңнамалар  олардың  ұйымдастырылу  тәртібіне,  тәсілдеріне 
сапаларына  ықпал  ететіндігі,  бұл  біздің  зерттеуімізге  сәйкес  шетелдердегі 
білім  мазмұнын  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  жүзеге  асырудың  барысын 
айқындауға  мүмкіндік  берді.  Білім  беру  мазмұнының  ортақ  белгілеріне, 
олардың  ерекшеліктеріне  және  білім  беру  мазмұнының  бағыттарына 
байланысты болатындығы 2 - суретте өрнектелді.  

 
48 
 
Әлемдік тәжірибедегі білім беру мазмұны
  
Австрия   Англия    АҚШ     Германия   Жапония  Канада        Швейцария        Франция 
Ортақ белгілері 
       Ерекшеліктері      
Әлеуметтік  тәрбиеге  мән  беріледі. 
Ақыл-ой  дамуына  үлкен  орын 
беріледі.  Білім  мазмұнын  меңгеру 
баланың  ортамен  қарым-қатынас 
арқылы 
жүреді.Бала 
әрекетінің 
неғұрлым белсенді болуы көзделеді. 
Бәрі  де  бала  қалауына  негізделеді. 
Бала  еркіндігі  әрекет    белсенділігі 
арқылы  орындалады.  Әлеуметтік-
коммунитивтік 
және 
функциональдық 
дағдыларды 
қалыптастыру 
көзделеді 
«жеке 
тәжірибе» 
әдісі 
қолданылады. 
«Жеке  тәжірибе»  әдісі  басым 
қолданылады.  Елдегі    балалар 
мектепке дейінгі ұйымдармен толық 
қамтылу 
көзделмейді. 
Ата-
аналардың 
рөлі 
басым. 
Еңбекқорлық,  мақсатқа  жетудегі 
табандылық, 
музыканы 
түсіну 
алдыңғы  орынға  қойылған.    Бала 
өмірінің 
дербес 
кезеңі 
деп 
есептелмейді.Мектепке дайындауды 
басты мақсат етеді.  
  
Білім  беруде  5-6  жас  аралығындағы  бір-тұтас 
бағдарлама  қолданылады:  оқу  тұтас  жеке 
пәндерге 
жіктелмейді.Сабақ 
формасы 
қолданылмайды. 
Баламен 
жеке 
ойын 
ұйымдастыру  арқылы  тәрбие  жүреді.  Мектепке 
дейінгі  бала  бақша  заң  жүзінде  әрбір  бала  үшін 
міндетті.Тәрбиешіге 
кәсіптік-шығармашылық 
еркіндігі 
берілген. 
Күштеу 
қолданылмайды.Балалардың  ойынына,  қарым-
қатынасына 
баса 
көңіл 
бөлініп, 
оларға 
шығармашылық  сипат  береді.  Оқу-тәрбие 
бағдарламалары  әрбір  жергілікті  аймақтарда, 
әлеуметтік топтарда бөлек жасалады, аса икемді. 
Арнайы  қажеттілігі  бар  балаларды  жалпы  орта 
білім  жүйсінде  кіріктіру  моделімен  жұ  мыс 
істейді. 
1,5-7жас 
аралығындағы 
балалар 
тартылады.  Бастауыш  мектептің  бір  буыны  деп 
саналып,  мектепке  дайындауға  басымдық 
беріледі.  Мектеп  алды  дайындық  жүргізілмейді, 
бала  5жасқа  мектепке  баратындықтан  мемлекет 
ата-аналарға баласы бала-бақшаға барса дотация 
төлейді.  Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  мемлекет 
тарапынан  қатаң  тәртіп  шектеулер  орнатылған. 
Балаға  еркіндік  берілмеген.Мектепке  дейінгі 
ұйымдар  үш  министрлік құзырында.Оқу  5-6жас 
аралығындағы 
жеке 
пәндер 
бойынша 
жүргізіледі. 
Жаңа 
педагогикалық 
технологияларды пайдалануға көңіл бөлінеді. 
 
       Білім беру мазмұнының бағыттары   
    Дене 
тәрбиесі 
Ақыл
-
ой 
тәрбиесі 
Адамгер
-
шілік 
тәрбиесі 
Эстетика

лық 
тәрбие 
Еңбек, 
экология 
-
лық 
тәрбие 

 
49 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет