Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf көрінісі
бет16/21
Дата06.03.2017
өлшемі2 Mb.
#8196
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

    Біз  зерттеу  әдістерін  нақтылап  алу  үшін  оқытудың  біртұтас  әдістеріне  шолу 
жасап  аламыз.  ХХ  ғасырдың  70-  ші  жылдары  белгілі  ғалымдар  М.Н.Скаткин 
және И.Я. Лернер оқу  әдістерін екі топқа бөлуді ұсынған: репродуктивті  және 
продуктивті  (өнімді)  Аталған  топтарға  сәйкес  оқытудың  негізгі  бес  әдіс-
тәсілдері белгілеген. Олар: 
-
 
түсіндірмелі-көрнекі; 
-
 
репродуктивті; 
-
 
проблемалы баяндау
-
 
жекелей ізденеу; 
-
 
зерттеу жасау (байқап көру, бақылау жасау);  
    Бұл  әдістердің  алғашқы  екі  түрін-репродуктивті,  ал  соңғы  екі  түрін  – 
продуктивті  (өнімділер)  әдістер  қатарына  жатқызып,  проблемалық  баяндауды 
аралық  топ  деп  есептейміз.  Бұл  әдістердің  бірінші  тобында,  балалар  алған 
дайын  білімдерін  пайдаланады  немесе  өздеріне  таныс  іс  –әрекет  барысында 
жүзеге  асырады.  Әдістердің  екінші  тобында,  балалар  зерттеу  жұмыстары 
барысында  шығармашылықпен  өздігінен  дербес  әрекет  етіп,  жаңа  білімдер 
алады. 
Репродуктивті әдістерТүсіндірмелі-көрнекі әдіс. Бұл әдісте, тәрбиеші немесе 
ата-ана  дайын  ақпараттарды  көрнекі  құралдар  арқылы  балаға  хабарлайды. 
Мұндай  әдіс–тәсілдерде  тәжірибелік  іскерлік  дағдыларды    қалыптастыруға 
толық  жағдай  жасалмайды.  Репродуктивті  әдістің  бұл  түрі  –балаларға 
келесідегідей  қадам  жасауға  жол  ашады.  Онда  ұсынылған  үлгі    арқылы 
балалардың  іскерлік,  білім,  білік  дағдыларын  қалыптастыруға  жаттығу 
жасалады.  Қазіргі  кезеңде  репродуктивті  яғни,  дәстүрлі  әдіске    көптеген 
ғалымдар және практик мамандар қарсылық білдіруде. Бұл  сындарды әділ деп 
бағалағанмен,  бірақта,  білім  беру  тәжірибесінде  продуктивті  әдісті  енгізу 
маңызды  болғанымен,  репродуктивті  әдісті  керек  емес  деп  қарастыруға 
болмайды. 
-
 
біріншіден,  өсіп  келе  жатқан  ұрпақ  үшін,  адамзат  талдап  қорытқан  және 
жүйеге  келтірілген  тәжірибелі  тәсілдер  ескерілуі  керек.  Білім  беру 
тәжірибесінде әрбір баланың жаңалық ашуы міндетті емес. 
-
 
екіншіден,  зерттеу  әдісі  репродуктивті  әдістің  негізінде  білім  алуға  тиімді 
ықпал  етеді.  Балалар  зерттейтін  проблемалардың  аясы  кеңейтілген, 
балалардың  зерттеу  кезеңдерінің  репродуктивті  әдістері  мен  оқу  тәсілдерін 
қолайлы қолдана отырып терең үңілеміз. 
-
 
үшіншіден,  зерттеу  әдістерін  қолдана  отырып  алынған  білім  тіпті 
«субъективті  жаңаны  ашу»  жағдайында  балалардан  шығармашылық 
қабілеттерді  талап  етеді.  Балаларда  шығармашылық  қабілеттер  жоғары 
деңгейде  бола  алмайды.  Қаншама  адамдардың  басына  алма  құласа  да,  тек 
жалғыз  Ньютон  ғана  қарапайым  тәжірибе  арқылы  физикалық  заңды 
тұжырымдады емес пе, ендеше балаға жас ерекшелігінен тыс жоғары талап 
қою қажет емес.  
Продуктивті  әдістер: Жекелей ізденеу (эвристикалық) әдісі  

 
175 
    Тәрбиелеу  мен  білім  беру  теориясында  жекелей  іздену  –  әдісі  немесе 
эвристикалық әдіс алғашқы кезең болып қарастырылғанымен, бірақ алдын-ала 
зерттеу  әдісі  қолданылды.  Немқұрайлы  көзқарас  тұрғысынан  бұл  әділ,  бірақ 
нақты  білім  тәжірибесінде  жүйеліліктің  тиісті  сақталуы  керек  деп  ойлауға 
болмайды:  алдымен  жекелей  іздену  –  әдісі,  одан  кейін  зерттеу  әдісі 
қолданылады.  Зерттеу  әдісінің  негізін  оқу  нұсқасына  қарағанда,  жекелей  
ізденеу–әдісін  оқыту  барысында  балаға  жоғары  ойлау  қабілеттерінің 
ауыртпалығы түседі. 
  Жекелей іздену - әдісінде қиын тапсырмаларды шешу ұйғарылады: 
- проблемаларды көріп және сұрақтар қоя білу; 
- өз дәлелдерін айта білу; 
- өзі ұсынған фактілерден қорытынды шығару; 
- жоспар құрып, тексеріп болжам айта білу; 
  Жекелей  іздену  –  іздеу  әдісінің  ерекшелігі–күрделі  тапсырмаларды  қарпайым 
тапсырмаларға  бөлшектеу,  эвристикалық  әңгімелесуді  қалыптастыру,  бұл 
эвристикалық  әңгімелер  бір-бірімен  байланысты  сұрақтардан  тұрады,  оның 
әрқайсысы жалпы проблемаларды шешудің қадамдары болып табылады және тек 
қана  білімді  шыңдап  қоймай,  ізденушілікті  талап  етеді.  Зерттеу  элементтерінің 
толық көлемі зерттеу әдісінде көрсетілді. Зерттеу әдісін іс - әрекет барысындағы 
бала  танымының  негізгі  жолдары  деп  қарастыруға  болады.  Әдістердің  анықтап 
алынуы нақты мүмкіншіліктерге тәуелді болады. Көбірек мүмкіншіліктер болса, 
анағұрлым зерттеу жұмысы қызықты болады.  
В. Балалардың ойын-зерттеу іс-әрекетін жүргізуде зерттеу әдістерін айқындап 
алғаннан  кейін  тәрбиешіге  қарапайым  зерттеу  жүргізу  үшін  балалардың  жас 
ерекшелігіне,  білім  мазмұнына  сәйкес  материалдарды  жинақтай  білу 
ұсынылады.  Кішкентай  зерттеушілермен  бірлесе  отырып,  жұмыстың  жүйесін 
анықтап  алып,  материалдарды  жинауды  бастаймыз.  Ол  үшін  зерттеудің 
жоспарын  құрып  алу  керек.  (кілем  үстінде  жайылып  қойылған  таратпа 
материалдар,  яғни  карточкалар).  Жиналған  мәліметтерді  есте  сақтау  үшін 
оларды бірден белгілеп алу қажет. Балалар жазу білмейді ғой, бірақ бұны жасау 
күрделі  емес.  (Бір  тор  көз  дәптердің  бетіне).  Алдын-ала  әр  балаға  тор  көз 
дәптердің  бір  беті  мен  қалам  беріледі,  балалар  сол  қағазға  белгілер  салады. 
Белгілер  әртүрлі  бола  береді  -  әріптер,  қиын  емес  суреттер  және  т.б. 
Балалардың  «жазу»  дағдылары  қалыптаспағандықтан  алғашқыда  қиындықтар 
кездеседі.  Балалардың  зерттеу  жұмыстарына  қатысқан  сайын,  бекітілетін 
символды  бейнелеу  шеберлігі  артады.  Бұл  жастағы  балаларда  әлем  туралы 
бейнелі хабарлар белсенді қабылданады және  зерттеуді ұғыну  объектісі пайда 
болады. Балғын зерттеуші зерттелетін мәселенің маңызды сипатын бірте-бірте 
түсінеді. 
   Екінші  кәсіби  құзіреттілікті  жетілдірудің  бағыттарына  танымдық-тәрбиелік 
құзыреттілік  жатады.  Мұнда  тәрбиеленушінің  дербес  танымдық  іс-әрекеті 
арнасындағы құзыреттіліктер жиынтығы: қарапайым білім мазмұнын меңгеру, 
жоспарлау,  талдау,  танымдық-тәрбиелік  әрекетті  өзіндік  бағалау  жасай  алу 
зерттеу  әдісінде–баланың  өзінің  шығармашылық  зерттеу  ізденісінің 
арқасындағы танымдылық жолы болып табылады. Оның негізгі құраушылары–

 
176 
проблемаларды  айқындау,  болжам  жасау  және  қалыптастыру,  бақылау, 
тәжірибе,  эксперимент  және  осылардың  негізінде  пайымдау  мен  қорытынды 
жасау.  Зерттеу  әдісіндегі  қиын  әдістерді  оқыту  мен  қолдану  ақиқат  пен 
қорытындыға сүйенеді.  
Мектепалды  тобында – зерттеу  жұмыстарын жүргізу  әдістері. Мектеп 
жасына дейінгі кезеңдегі зерттеу, үлкендердің жүргізген зерттеулері сияқты 
келесі кезеңдерден тұрады: зерттеу тақырыбын таңдау; пікірлерді іздеу және 
мүмкін нұсқаларды шешу; ақпараттарды жинау; оларды талдап қорыту, зерттеу 
кезіндегі ақпараттарды қорғауға дайындалу (хабарлау); қорғау; 
Үшінші  кәсіби  құзіреттілікті  жетілдіру  бағыттарына  жеке  тұлғалық  өзін-өзі 
жетілдіру  құзыреттілігі  жатады.  Бұл  тәрбиешінің  дене,  рухани  және 
интеллектуалдық  өзіндік  дамуы,  эмоционалдық  тұрғыда  өзін-өзі  реттеу  мен 
жүзеге  асыру  тәсілдерін  меңгеруіне  бағытталады.  Ол  өз  қызығушылығы  мен 
мүмкіндіктері арқылы өзіндік танымын, қазіргі кезеңдегі қажетті жеке тұлғалық 
қасиеттерін  дамытып,  психологиялық  сауаттылығын,  ойлау  мәдениеті  мен 
мінез-құлық  мәдениетін  меңгереді,  сондай-ақ,  бұған  жеке  бас  гигиенасы,  өз 
денсаулығы  мен  экологиялық  мәдениеті  де  кіреді.  Бұл  дербес  ойлану  әдісі 
арқылы жүзеге асырыладыБірінші балаларға ойланып, еске түсірулерін ұсыну 
керек:  олар  кірпі  туралы  не  біледі.  Барлық  балалармен  бірге  тақырыпты 
талқылап, балаларды бір ойға шығаруға жеткізу керек: кірпі – үй жануары ма?. 
Осы ойды жазып қою үшін бір қағазға сурет салу керек, мысалы, адамды, үйді, 
кірпіні.  «Үй  және  адам»,  «кірпі»  -  үй  жануары  ма  жабайы  жануарға  жата  ма?  
балалар  өздері  дәлелдейді.  Келесі  ой: мысалы,  кірпілер  әртүрлі  болады,  үлкен 
және  кішкентай.  Қағаз  бетіне  түсіруге  болады.  Үлкен  кірпіні  үлкен  сопақша 
жасап инелерін сызып салса, жанына кішкентай сопақшадан кішкентай кірпіні 
жасаймыз.  (ермексаздан  жасатуға  болады)  Содан  соң,  ойланып  кірпілердің 
инелері әртүрлі болады: қағаз бетіне кірпіні салып, оған фломастермен әр түсті 
(қызыл, қара, сұр) бояп, белгілеп қоюға болады. Бала өзіне осы ойды да бекітіп 
алады.  Тәрбиеші  балаларға  үлгі  ретінде  өзінің  суретін  көрсетеді,  жұмыс 
барысында  балалар  өз  қағаздарына  суретті  әртүрлі  салады  (егер  сурет  салуда 
қиналған балалар болса, тәрбиеші ол балаларға көмектеседі). 
    Балғын  зерттеушілер  әртүрлі  ойларға  келеді,  кірпінің  адамдардың  үлкен 
достары  болып  табылады  дейді.  Баланы  белгілер  мен  символдарды  жылдам 
жасауға  үйретіңіздер.  Ол  үшін  емін  еркін  жұмыс  істесін.  Біздің  тәжірибелік  
тәжірибеміз  бұл  жайында  дәйекті  дәлелдерді  көрсетті.  Символдар  мен 
белгілерді ойлап табуы балалардың ақыл-ойының дамуына  үлкен қабілеттерін 
арттырады.  
Төртінші  кәсіби  құзіреттілікті  жетілдіру  бағыттарына  әлеуметтік-қызмет 
құзіреттілігі  жатады.  Бұл  тәрбиешінің  қоғамдық  ұйымдар  шеңберіндегі 
(меңгеруші,  тәрбиеші,  дәрігер,  психолог,  музыка  жетекшісі,  ата-ана  т.б.  рөлін 
орындау),  әлеуметтік-қызмет  аумағында  (тұтынушы,  сатып  алушы,  өндіруші), 
отбасы  қатынастары  мен  міндеттері  көлемінде,  экономика  және  құқық 
сұрақтарында,  кәсіби  бағдар  бойынша  білімдері  мен  тәжірибелерін  меңгеруін 
көрсетеді.  Бұл  басқа  адамнан  сұрау  әдісі  арқылы  жүзеге  асырылады.  Біздің 
кішкентай  зерттеушілерімізді  басқа  адамдардан  сұрау  жүргізуге  жетелейміз. 

 
177 
Барлық  үлкен  адамдарға  немесе  балаларға  сұрақ  қоюға  болады.  Алғашқы 
кездерде бұл үлкен қиындық тудырады. Балалар жас ерекшелігіне байланысты 
кей  кезде  объективті,  менменшіл  немесе  ұялшақ  болып  келеді,  осыған  орай, 
оларға  біреуден  сұрақ  сұрауға,    басқа  адамның  жауабын  қабылдауында, 
түсінуінде қиындықтар кездеседі. Ақпаратты сұрау және қабылдау қабілеттерін 
арттыру  педагогикалық  жұмыстың  өте  маңызды  мақсаттарының  бірі.  Біз 
бәрімізде білеміз, кейбір ересек адамдар тыңдауды, сұрауды білмейтін және ең 
негізгісі  басқа  адамдарды  тыңдай  білмейді.  Егер  баланың  осы  қабілеттерін 
арнайы  дамытсақ,  біз  оның  менменшілдігін,  өзімшілдігін  жеңе  аламыз. 
Баладағы  менменшілдікті  жұмсартудағы  маңызды  кезең  баланы  мектепке 
дайындау  кезеңінде.  Балалар  бір-бірін,  мұғалімді  тыңдауды  білмейді  деп 
бастауыш мектеп мұғалімдері жиі айтады. 
    Психолог  мамандар  осы  мәселерді  шешуді  алдыңғы  қатарға  қойып  отыр. 
Баладағы  шығармашылық  әлеуеттің  дамуына  ойыншықпен  зерттеу  маңызды 
проблема  болып  табылады.  Басқа  адамдардан  сұрау  кезінде  бала  өзіне  жаңа 
жаңалықтар  ашатынына  көңіл  аударып,  өзіне  белгілеп  қоюы  керек.  Мысалы, 
біреу  айтуы  мүмкін,  кірпі  жабайы  жануарларға  жатады,  жылы  елдерде  өмір 
сүреді  деп.  Бұл  ойды  бекіту  үшін  бірнеше  нұсқаларды  ұсыну  арқылы 
дәлелдеуге болады. 
Бесінші  кәсіби  құзіреттілікті  жетілдіру  бағыттарына  құндылық  түсінігі 
құзіреттілігі  жатады.  Бұл  тәрбиешінің  білім  мазмұны  арқылы  балаларға 
құндылық  бағдар  беруі,  қоршаған  әлемді  көре  білуі  мен  түсіну  қабілетін 
дамытуы, өзінің ондағы рөлін сезінуі,  өз іс-әрекетінің мәнділік және мақсатты 
ұстанымының  болуы,  шешім  шығара  білуі.  Бұл  құзыреттілікті  меңгерген 
тәрбиеші  оқу-тәрбие  жұмысында  өз  білімі  мен  біліктерін  жүзеге  асыра  білу 
қабілетіне  ие  болады, нәтижесінде баланың  жеке  білімдік  кеңістігі  және  оның 
өмірлік әрекет бағдарламасы қалыптасады. Бұл кітаптардан білу әдісі арқылы 
жүзеге  асырылады.  Аталған  әдіс  балаларға  қиындық  тудырады.  Мысалы, 
балалар  кітапққа  көмекке  жүгінуге  болады,  бірақ  оқи  алмайтын  балаға  жаңа 
жаңалықты білу қиын. Біреуден оқып беруді өтінуге болады немесе мазмұнды 
суретпен жұмыс істейді. Ал сабақ үстінде балаларға тәрбиешіден басқа ешкім 
көмек бере алмайды. Сондықтан қажетті әдебиетті алдын ала дайындап қойған 
абзал.  Қазіргі  таңда  көптеген  балаларға  арналған  энциклопедиялар  мен 
анықтамалықтар  басылып  шығуда,  олар  түрлі  тақырыптарға  арналған,  осы 
кітаптардың  ішінде  суреттер  тамаша  бейнеленген  және  балалардың  түсінуіне 
жеңіл жазылған. Оқу зерттеулерін жүргізу үшін бұл тамаша ақпарат көзі болып 
табылады.  Балғын  зерттеушілерге  керекті  мәтінді  дауыстап  оқып  беру  қажет. 
Жаңа  ойларды  да  өздеріне  символдар  арқылы  жазып  қоюларына 
көмектесіңіздер. 
Алтыншы  кәсіби  құзіреттілікті  жетілдіру  бағыттарына  жалпымәдени 
құзыреттілігі  жатады.  Мұнда  тәрбиешінің  таным  мен  жалпы  адамзаттық 
мәдениет, ұлттық мәдениет аймағындағы адамның іс-әрекет тәжірибесі, адамзат 
қоғамы мен жеке халықтардың, адам өмірінің рухани-адамгершілік түсінігінің 
болуы  қарастырылады.  Оған  адам  өміріндегі  ғылым  мен  білімнің  ролі, 
әлеуметтік  құбылыстар  мен  дәстүрлер,  отбасы  мәдениеті,  олардың  қоршаған 

 
178 
әлемге  әсері,  балаларға  оны  игертуі  мен  мәдени  тұтастықты  сезінуі.  Бұл 
бақылау және тәжірибе әдісі арқылы жүзеге асырыладыЗерттеу жұмысында 
әсіресе  жанды  заттарды  бақылап,  тәжірибе  жасаған  тиімді.  Балабақшадағы 
табиғат  бұрышында  үй  қояндарының  кездесуі  сирек  емес,  сондықтан  біздің 
зерттеушілеріміз  үй  қоянының  мінез  -  құлқындағы  ерекшеліктерін  еш 
қиындықсыз  бақылай  алады.  Мысалы,  мынандай  тәжірибе  жүргізуге  болады: 
кірпі  қатты  дыбыстардан  және  кенет  қозғалыстардан  қорқады  ма,  ол  әуенді 
жақсы көреді ме, ол немен қоректенеді және тағы да басқа қандай тағамдарды 
жақсы көреді, әдеттен тыс нәрселерді жейді ме? 
    Мектеп  жасына  дейінгі  балаларда  өзінің  зейінін  шоғырландыру  қабілеттері 
төмендеу, сондықтан ақпарат жинау жұмысын тезірек орындауға тырысу керек. 
Егер бастапқы әдіс кезеңдерінде жұмыс дұрыс жүрмесе, ол қорқынышты емес, 
тек  зейінді  шашыратпай,  жинақы  ұстауға  тырысу    керек.  Тек,  баланың  қолда 
барын  топтастыруға  көмек  жасаңыз.  Ең  маңыздысы  жұмыстың  бір  қалыпта 
жүруіне бағыт беріп көмек көрсету керек.  
Жетінші 
кәсіби 
құзіреттілікті 
жетілдіру 
бағыттарына 
ақпараттық 
құзіреттілік  жатады.  Бұл  тәрбиешінің  балаларға  тәрбиелеу  мен  білім  беру 
үдерісі  аясында,  сондай-ақ  қоршаған  әлем  туралы    ақпаратты  қолдана  білу 
дағдылары.  Түрлі  нысаналар  (теледидар,  үнтаспа,  телефон,  компьютер)  және 
ақпараттық  технологиялар  (бейне,  таспа,  электрондық  почта,  Интернет  т.б.) 
көмегімен  ізденімпаздық  біліктері  қалыптасып,  ақпаратты  талдау,  саралау, 
сараптау,  сақтау  және  оны  тарата  білуге  үйренеді.  Бұл  материалды  талдап 
қорыту  әдісі  арқылы  жүзеге  асырылады.  Енді  жиналған  мәліметтерді  талдап, 
жинақтап  қорыту  керек.  Жиналған  ақпараттарды  кілемнің  үстіне  барлық 
балаларға  көрінетіндей  етіп,  жайып  қоямыз.  Жасалған  зерттеу  қорытындысы  
бойынша  өздеріне  қандай  жаңа    қызықты  жаңалық  ашты  және  осы  туралы 
ойланып не айта алады. Бірінші зерттеу сабақтарында балғын зерттеушілердің 
жинаған  жұмыстарын  талдап  қорыту  үшін  белсенді  түрде  көмектесу  қажет. 
Бала  үшін  бұл  қиын  тапсырма.  Бірақ  та  осы  материал  баланың  ойлау  және 
шығармашылық қабілеттерін дамытады. Бірінші негізгі ойларды ерекшелейміз, 
қосалқы  ойларды  белгілейміз.  Содан  соң  негізгі  ұғымдарға  анықтама  беруге 
талаптануға болады. Бұл жұмыстар ойлау қиындықтары жағынан ғалымдардың 
жұмысынан  ешқандайда  айырмашылығы  жоқ  деп  санауға  болады.  Балалар 
бойындағы  аңқаулық,  аңғалдық,  сенгіштік,  тез  алданғыштығымен  қиын 
тапсымалардың өзінде жеңіл орындайды. 
Сегізінші  кәсіби  құзіреттілікті  жетілдіру  бағыттарына  коммуникативтік 
құзыреттілік  жатады.  Бұл  тәрбиешінің  тілдерді  білу,  айналасындағы 
адамдармен  сөйлесу,  топта  жұмыс  істей  білу  дағдысы,  түрлі  әлуметтік 
рольдерді  меңгеруі.  Баланың  айналасындағы  адамдармен  тез  тіл  табыса  алуы, 
өзін таныстыра білуі, сұраққа жауап бере алуы, әңгімеге қатыса білуі, сипаттап 
айта алуы, сөйлеу мәдениетін қалыптастыра білуі т.б. керек. Бұл хабарлау әдісі 
арқылы  жүзеге  асырылады.  Ақпараттар  талдап  қорытылған  соң,  ойынды 
жалғастыру  керек.  Кішкентай  зерттеушілерімізге  академиялық  бас  киім  мен 
мантияны кигіземіз. Ойын жағдайы балалардың кейіпкерге енуіне үлкен ықпал 
жасайды.  Зерттеушілер  «Кірпі»  -  туралы  әңгімесін  хабарлайды.  Әлбетте, 

 
179 
ұсынылған ақпараттың мазмұны мен маңыздылығы жалпы бала даму деңгейіне 
тәуелді.  Хабарлау  оқыту  мен  дамытуға  маңызды  қызмет  етеді.  Алғашқыда 
әңгіме,  әдетте  ұзақ  болмайды,  бірақ  зерттеудің  тәжірибесі  артқан  сайын, 
ақпарат көздері көбейе түсті. Әңгіме мазмұны тереңдей түсті. Зерттеушілердің 
әңгімесінен  кейін  талқылау  жасалып,  тыңдаушыларға  сұрақ  қою  мүмкіншілігі 
берілдеді. Талқылау өте жауапкершілікті және педагогикалық шеберлікті қажет 
етеді.  
    Бір қарағанда, мектеп жасына дейінгі балалардың зерттеу жүргізу кезеңдері, 
көптеген  ұстаздардың  тәжірибелік  жұмыс  жасауда  қорқынышты  және  күмән 
келтіреді.  Бұл  қорқыныштар  мен  күмәндар  балалармен  шынайы  зерттеу 
жұмыстары  басталған  кезде-ақ  сейіле  бастайды.  Зерттеуді  жеңілдету 
мақсатында кейбір кезеңдерді қысқартуға болады, белгілеп қоюға болады. Осы 
кезеңдерге  қарай  отырып,  педагогикалық  жұмыстың  нәтижесін  біріктіреді. 
Сайып  келгенде,  біздің  әдістемелік  жұмысымыз  төмендегідей  қарастырылды: 
«Мектеп жасына дейінгі балаларға әрбір кезеңді қолайлы ету үшін не істеуіміз 
керек?»  Балаларға  зерттеу  сабағының  әдістерін  таныстыру  үшін  2-3 
фронтальдық  жаттығу  сабақтары  топпен  өткізілді.  Бірінші  кезең:  «Жаттығу 
сабақтары»  Сабаққа дайындық. 
     «Зерттеу  әдістеріне»  арналған  белгілері  бар  суреттер  қажет.  Бұл  суреттерді 
қатты  қағазға  жапсырып  көрсетуге  болады  және  соған  фломастермен  немесе 
түрлі түсті оракалдан, қағаздан бейнелерді салу керек. Әрбір суреттердің көлемі 
сурет  дәптерінің  жарты  бөлігінен  кіші  болмауы  керек.  Қатты  қағаздан  осы 
көлемдес бейнесі бар кішкене тақырыптық суреттер дайындау қажет. Ол үшін 
қатты  қағазға  жануарлардың,  өсімдіктердің,  көліктердің,  ғимараттардың, 
әртүрлі  мазмұндағы  суреттерді  жапсырып  дайындап  қоюға  болады.  Зерттеу 
жүргізу. 
     Балаларды  кілем  үстіне  шеңбер  жасап  отырғызып,  балалар  бүгін  біз 
сендермен  үлкендер  сияқты  өз  бетімізше  дербес  зерттеу  жұмысын  жасаймыз. 
Зерттеу  жұмысының  кезеңдерін  көрсету  үшін  (өз  еріктерімен)  екі  бала  қажет. 
Олар  зерттеу  жұмысының  бірінші  кезеңінен  ең  ақырғы  кезеңіне  дейін 
орындайды,  ал  қалған  балалар  әзірше,  алғашында  көрермен  ретінде  қатысып 
отырады, екі баланың іс-әрекетіне бақылау жасайды. 
     Сайланып  алынған  екі  зерттеуші  бала  бүгінгі  зерттеу  жұмысының 
тақырыбын  таңдайды.  Балалар  тақырыпты  таңдауы  үшін  алдын-ала 
дайындалған, зерттеу тақырыптарына арналған, мазмұнды суреттерді балаларға 
ұсынамыз.  Тәрбиешінің  бағыттауымен  аз  ғана  талқылаудан  соң  балалар,  бір 
ғана  тақырыпқа  тоқталады.  Балалардың  зерттеу  жұмысына  таңдап  алынған 
тақырыптағы суретті ғана алып қалып, қалған ұқсас суреттерді  уақытша  алып 
қою  керек,  ал  таңдап  алынған  суретте  шеңбер  жасап,  отырған  балалардың 
ортасына  қоямыз.  Мысалы:  балалар  кірпінің  суретін  таңдады.  Зерттеу 
жұмысының тақырыбы: «Табиғат бұрышындағы кірпі». Біз зерттеушілерімізге 
түсіндіруіміз керек, олардың тапсырмасы кірпі туралы әңгіме дайындауы қажет. 
«Кірпі» туралы барлық ақпараттарды жинап, оны өңдеу қажет. Ол үшін не істеу 
керек?  Блалар  үй  жануарлары  мен  жабайы  жануарлар  туралы  мәліметтер 
жинақтайды.  Олардың  өзіндік  ерекшеліктерін  салыстырып  қарап,  кірпі 

 
180 
жайында  жаңа  мәліметтермен  қаруланады.  Кірпінің  суретің  салуда  қандай 
құралдар  арқылы  бейнелеуге  болатынын,  мүсін  жасауда  немесе  табиғи 
материалдарман  бейнелеудің  жолдарын  ойластырады.  Тәрбиеші  осылай 
орындаңдар  деген  нұсқау  бермейді,  керісінше  балалардың  өздігінен  дербес, 
шығармашылықпен әрекет етуіне жағдай жасайды. 
     Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  үшін-бұл  қиын  жаңа  іс.  Тәрбиеші  ақпарат 
жинау  үшін  әртүрлі  әдістің  түрлері  бар  екенін  айтуы  керек.  Біз  ол  үшін, 
балаларға  түсінікті  және  қолайлы  жеңіл  әдістерді  қолданамыз.  Осы  кезең  өте 
маңызды, сондықтан тәрбиеші балалардың өздері тауып айтуына байқау жасап, 
көңіл  бөлуі  керек.  Мұны  әдеттегідей  проблемалық  сұрақтардан  бастаймыз. 
Мысалы: «Ең біріншіден біз не істеуіміз керек?» 
     «Қалай ойлайсыңдар ғалымдар зерттеулерін неден бастайды?» Бұл сұрақтар 
сайланып алынған екі балаға ғана емес, барлық балаларға  да арналған. Балалар 
әртүрлі  нұсқаларды  ұсына  бастайды.  Балаларға  ең  алдымен  ойлану  керектігін 
айту  керек.  Балалардың  ұсынған  пікірлері  жоқ  болса,  онда  балаларға  естеріне 
түсіріп  сыбырлап  айту  немесе  жасырып  айту  қажет.  Барлығымыз  осымен 
келіскен  кезде,  зерттеушілердің  алдына  кілемге  «Дербес  ойлану»  белгісін 
қойып, оны түсіндіреміз. Осылайша төменде ұсынылған әдістермен балаларды 
таныстырып,  өздері  зерттеуге  ден  қойған  тақырыптары  бойынша  жұмыс 
жүргізуге бағыт беріледі. 
  
15 – кесте -  Балаларды  төмендегідей зерттеу әдістерімен таныстырамыз 
 
Белгісі 
әдіс тәсіл аталуы 
орындалуы 
 
 
 
 
 
«Дербес ойлану» 
 
Балаларға  таңдаған  тақырыптары 
туралы  өздігінен  дербес  ойлануға 
тапсырма  беріледі.  Ол  жайында  не 
білетіндігін әңгімелеп береді. 
 
 
 
«Басқа 
адамдардан 
сұраймыз» 
 
Құрбыластарынан,ата  аналарынан, 
аға,  әпкелерінен,  достарынан  сұрап 
мәліметтер жинақтайды. 
 
«Кітаптардан 
қараймыз» 
 
Зерттеу 
мәселесіне 
сәйкес 
кітаптардан  қарап,  үлкендерге  оқып 
беруін өтінеді. 
 
«Теледидардан 
қараймыз» 
(бейне таспадан 
қарау 
Теледидардан  тақырыпқа  сәйкес 
хабарларды  таңдап,  іздеп  қарайды. 
Бейне таспалар көрсетуді сұрайды. 
 
«Эксперимент 
жасау» 
 
 
Зерттелетін 
затқа 
немесе 
құбылысқа  қысқа  және  ұзақ 
мерізімдік 
бақылау 
экспериментін  жасап,  нәтижесін 
қорытындылайды. 

 
181 
 
«Компьютерден 
ақпарат алу» 
 
Үлкендермен  бірге  компьютерден 
материалдар іздейді. 
 
«Бақылау  жаса, 
байқап қара» 
 
 
Бақылау  жасау  жаңа  білімді  алудың 
ең  қызықты  және  лайықты  әдісі. 
Бақылауға 
арналған 
әртүрлі 
құралдарды: 
лупа, 
бинокль, 
телескоп,  микроскоп,  түнде  көретін 
приборлар,  дыбысты  ажырататын 
құралдар  т.б.  пайдаланады.  Бақылау 
жасауда 
қандай 
құралдарды 
пайдаланатыныңды 
ойланып 
алыңдар. 
 
 
 
 
«Телефон 
арқылы сұрау».  
 
Достарыңнан,таныстарыңнан, 
туыстарыңнан  телефон  арқылы  қажетті 
мәліметтерді сұрап біліп алыңдар. 
 
Екінші кезең: «Мектептепалды тобында дербес  зерттеулер жүргізу»  
Дайындық.  Болашақ  зерттеушілер  үшін  бізге  бейнелері  бар  суреттер  қажет. 
Мысалы,  зерттеу  үшін  салынған  немесе  жабыстырылған  мазмұнды  суреттер. 
Олардың  саны  топтағы  балалардың  санына  сәйкес  болуы  керек.  Әр  балаға 
арнайы  «зерттеуші  папкасы»  қажет.  Оны  жасау  қиын  емес.  Бір  қатты  қағазға 
қалың  қағаздан  қалташалар  жасау  қажет.  Әрбір  қалташада  «зерттеу  әдісінің» 
сызба 
бейнесі 
берілді. 
Кішкентай 
қалташаларға 
пиктографиялық 
ақпараттарымызды саламыз.  
    Қысқа  хаттар  жазу  үшін  кішкентай  қағаз  және  қаламсап  беру  керек 
(қарындаш немесе фломастер) . 
 Зерттеуді  өткізу.  Зерттеудің  бұл  кезеңіне  бүкіл  топ  қатыстырылады.  Бейнелі 
суреттерді үстел үстіне жайып қоямыз. Әрбір бала өзіне ұнаған бейнелі суретті 
таңдап алады. Сабақта ойын технологиясын (тіл дамыту, айналамен таныстыру 
т.б) қолдануға болады. Бірақ бұл жағдайда дайындалған  суреттер проблеманы 
меңгертумен  байланысты  болуы  қажет.  Тақырып  таңдалып  болған  соң  әр 
балаға ақпарат жинау үшін «зерттеу папкасы» мен кішкентай қағаздар беріледі. 
Зерттеу жоспарын айтпай-ақ  қоюға болады, өйткені папкаларымыздың кішкене 
қалташаларында  салынып  қойылған.  Әрбір  бала  керекті  құрал  жабдықтармен 
қаруланып  болған  соң  дербес  жұмыс  жасауға  кіріседі.  Тапсырма  -  қажетті 
ақпарат  жинау,  барлық  қолайлы  мүмкіншіліктерді  пайдаланып  дербес  әңгіме-
баяндау  дайындау  қажет.  Барлығын  уақытты  созбай-бір  сабақта  жасауларына 
болады. Балалар таңдап алған тақырыптарымен өздері дербес жұмыс жасайды. 
Тәрбиешінің мақсаты- зерттеушілерге кеңес беру, керек жағдайда көмек жасау.  
Хабарлау.  Балалардың  алғашқы  әңгімелері  дайын  болған  кезде-ақ,  балаларды 
әңгімені  тыңдауға  отырғызуға  керек.  Бұл  әңгімені  балардың  бір-біріне  үйрету 
варианты  деп  қарастыруға  болады.  Әңгімелеуші  ақпараттарды  құрылымдық 

 
182 
талдау  жасап,  ең  бастысын,  маңыздысын  мәлімдейді.  Балалардың  әңгімесінің 
мазмұны қарапайым болуы мүмкін, ең маңыздысы бала да шығармашылықпен 
әрекет  ету  сапалары  қалыптасады.  Тәрбиешінің  сөзіне  қарағанда  балалар 
әңгімелеушінің сөздеріне сын көзбен қарайды. 
    Біздің  зерттеулеріміз  көрсеткендей,  балалар  бұл  жағдайда  әңгімелеушінің 
сөзіне түзету жасайды, таласқа жеңіл шынайы түрде қосылады, сұрақтар қояды. 
Осы  сәттер  өте  маңызды,  біз  балалардың  назарын  ерекше  аударуға 
талаптанғанбыз.  Сыни  ойдың  дамуына  бұдан  басқа  сын  көзбен  қарауға  бұдан 
өткен  тиімді  тәсіл  жоқ.  Барлық  әңгімелерді  бір  сабақта  тыңдау  өте  қиын, 
өйткені  баланың  әңгімені  айтып  беруі  ғана  емес  сонымен  қатар  сұрақтарға 
жауап беруі керек. Сондықтан, біріншіден балаларды қысқа да, нұсқа сөйлеуге 
үйрету қажет, екіншіден, уақытты үнемді пайдалануға үйрету. 
Тәрбиешілерге  әдістемелік  нұсқау.  Біздің  біліміміздің  қайнар  көзі  болып 
табылатын  мектепке  дейінгі  кезеңде  зерттеу  іс-әрекетін  қалыптастыруды 
мектепке  дейінгі  ұйымдарда  толық  жетілдіру  мақсатымен  жалпы  ережелер 
түрлері  анықталады.  Тәрбиеші  ережелерді  толық  зерттеу  жұмысында 
пайдаланса,  барлық  тапсырмаларды  табысты  шеше  алады.  Ең  бастысы–бұл 
жұмысты орындауға  шығармашылық, ізденіс керек. Ол үшін: 
-
 
істі  орындауда  балалардың  өздері  дербес  әрекет  етуіне  жағдай  жасаңыз, 
тәуелсіз болуға және тікелей нұсқау беруден аулақ болыңыз; 
-
 
баланың ынта - ықыласын жойып алмаңыз; 
-
 
өздері жасай алатын жұмыс жасау үшін, сіз жасап беруге ұмтылмаңыз; 
-
 
бағалау, пайымдау ойларыңызды айтуға асықпаңыз; 
-
 
білімді меңгеру үдерісін басқаруда балаларға көмек жасаңыз: 
-
 
оқиғалардың, құбылыстардың заттар аралығындағы байланысын бақылап 
отыру; 
-
 
зерттеу  кезіндегі  проблемаларды  шешуде  дербес  шешім  қабылдауын 
қалыптастыру; 
-
 
ақпараттарды  талдауда  ой  қорыту  негізінде  жинақтау,  қарама-қарсы 
логикалық ойларды топтастыра білуге назар аудару;  
    Жадыңызға  сақтаңыз,  бұл  педагогикалық  технология  барлық  пәндерде 
пайдалануымызға болады. Баланың тілін дамытуда, ой  өрісін, сыни ойлауына, 
шығармашылық дамуына әртүрлі мәселелерді шешуде белсенді болуға үйретеді. 
Балалар жеке жұмыс істей алатынын естен шығармау қажет. Шығармашылық, 
психологиялық тұрғыдан жұппен және үш адамдық топпен жұмыс жасауда өте 
пайдалы.  Бұл  жағдайдың  өзіндік  қиындықтары  бар,  бірақ  біз  тәрбиелеудің 
басқа қосымша мүмкіндіктеріне жол аша аламыз.  
    Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  соңғы  жылдарда  жаңа  мемлекеттік  стандарқа 
сәйкес  білім  мазмұнын  жаңартуға  арналған:  «Алғашқы  қадам»,  «Зерек  бала», 
«Біз  мектепке  барамыз»  атты  бағдарламалар  дайындалып  оны  тәжірибеге 
енгізуде  жобалау  әдісі  пайдаланылуды.  Біз  де  өз  зерттеуімізде  жобалау  әдісін 
тәжірибеде  пайдаланудың  тиімді  жолдарын  қарастырдық.  Жобалау  әдісі  ол 
өткен  жүзжылдықтың  басында  АҚШ-та  пайда  болды.  Оны  сондай-ақ, 
мәселелердің  әдістері-деп  атады  және  оны  философиялық  білім  беруде 
ізгілендіру  идеясымен  тығыз  байланысты  қарастырған  американың  философ 

 
183 
және  педагогы  Дж.  Дьюи  мен  ғалым  В.Х.Килпатрик.  Дж.  Дьюи  баланың 
мақсатқа  бағытталған  іс–әрекеті  арқылы  оқытуды  белсенді  негізде  құруды 
ұсынды  және білім  алуға  деген  баланың  қызығушылығын  ескеруді  талап  етті. 
Мұнда  балаға  өзінің  өмірлік  дағды  ретінде  қажет  болатын  білім  алуға  деген 
жеке қызығушылығы  маңызды болмақ. «Жобалау» ұғымы білім беру саласына 
кейінгі  жылдарда  біртұтас  әдістемелік  мәселелерді  шешу  мақсатында  ендіріле 
бастады.  Жобалау  «терминологиялық  кеңістіктегі»  дәстүрлі  категорияларды 
қайта  қарауды  және  олардың  өзара  әрекеттестігін  айқындау  мәселелерін 
шешуді  көздейді.  Педагогикалық  жобалауды  кәсіби  қызмет  түрі  ретінде 
қарастырған  педагог  зерттеушілер:  В.Безруков,  В.Беспалько,  Н.Борисова, 
А.Дахин,  Г.Ильин,  Г.Лебедова  т.б.  Олардың  еңбектеріне  талдау  жасай  келе 
төмендегідей қорытындыға келдік: жоба жеке тұлғаның кәсіби бағыт алуында 
дәстүрлі оқыту әдісінен ерекшеленетін құрал ретінде қарастырылады. Жобалау 
әдісі  орыс  педагогтарының  назарын  бірден  аударды.  Жобалап  оқыту  идеясы 
Ресейде американдық педагогтар мен бірге тәжірибеде қатар дайындалды. 1905 
ж орыс педагогы С. Т.Шацкидің жетекшілігімен шағын топ ұйымдастырылды. 
Олар  жобалау  әдісін  тәжірибеде  белсенді  пайдалану  жолдарын  қарастырды. 
Кейінірек  кеңестік  дәуірде  бұл  идея  кеңірек  мектеп  тәжірибесінде  енгізіліп, 
кейбір  кемшілігіне  байланысты  кеңес  өкіметінің  қаулысымен  (1931ж)  оны 
тәжірибеге  енгізуге  қажет  емес  деп  тапты.  Ресей  мектебінің  тәжірибесінде 
осыны  пайдалануда  көптеген  қиындықтарға  кездесті.  Ал,  шет  елдік 
мектептерде бұл жоба өте белсенді және жақсы дами бастады. Атап айтқанда, 
АҚШ,  Ұлыбритания,  Бельгия,  Израил,  Финляндя,  Германия,  Италия,  Бразиля, 
Нидерландия т.б елдерде Дж. Дюидің гумандық идеясы жүзеге асырылды, бұл 
идея  жобалау  әдісінде  кең  түрде  көрініс  табады  және  теориялық  білімді 
тәжірибеде пайдалануда  баламен педагогтың арасындағы бірлескен іс-әрекетті 
шешуде  маңызды  болып  табылады.  Жобалау  әдісі  туралы  айтқанда  біз, 
дидактикалық  мақсатқа  жетудің  тәсілдерін  қарастырамыз,  яғни  мәселені  жан-
жақты,  бөлшектей  қарау  және  ол  өз  кезегінде  белгілі  бір  шындыққа  жақын, 
тәжірибелік  нәтиже  беретін  белгілі  бір  деңгейде  рәсімделетін  болуы  шарт. 
Жобалау  әдісінің  негізгі  идеясы,  оның  мәні  мен  мағынасының  өзі  «жобалау» 
ұғымы  болып  табылады.  Оның  прагматикалық  бағыты  белгілі  бір  теориялық 
немесе тәжірибелік мәселелерді шешу арқылы белгілі бір нәтижеге қол жеткізу, 
оны  көзбен  көру,  санада  сәулелендіру,  көңілге  тоқу  және  оны  жүзеге  асыру. 
Мектепке  дейінгі  ұйымның  басшыларын,  тәрбиешілерін  дайындауда  біздің 
көзқарасымызда  бұл  жобаны  тәжірибеде  пайдалану  тиімді  болмақ,  өйткені, 
жобаны  жасау  үдерісінде  мамандар  алға  қойған  мақсат, міндеттерге  сәйкес  өз 
еңбегінің нәтижесін көре алады. Өзінің сыртқы формасына сәйкес жобалау, бір 
жағынан  жағдаяттарды  шешуді  еске  түсіреді,  оның  қажетті  атрибуттары, 
қарама-  қайшылықтары,  іс-әрекетке  бағытталу  негіздерінің  жеткіліксіздігі, 
ақпараттар,  жағдаяттар  туралы  тұтас  көзқарас,  ал  екінші  жағынан-мәселені  
шешу  арқылы  оны  жою  мақсаты  көзделеді.  Тәрбиешінің  еркіндікке  тәрбиелеу 
идеясының туындауы бүгінгі таңда білім беру жүйесінің құрамын қарастыруда 
кешенді  комнпонеттерден  тұратынын  қарастырады.  Оның  негізгі  мәні–
анықталған  мәселеге  байланысты  баланың  қызығушылығын,  ынта-ықыласын 

 
184 
ояту,  жобалау  әдісі  арқылы  белгіленген  білім-білік  дағдыларды  игерту,  бір 
немесе  бірнеше  мәселелердің  шешімін  бірге  табуды  қарастыру,  алған  білім, 
білік дағдыларын тәжірибде көрсете білуге үйретудің бұрынғыдай сақталуында. 
Басқаша  айтқанда,  теориядан  тәжірибеге,  алған  білімді  оқытудың  әрбір 
кезеңінде білім көлемінің сақталуын қадағалап отыру көзделеді. 
    Баланың  білім  алуға  қызығушылығын  көрсетуі  маңызды  және  ол  өмірлік 
дағды ретінде қалыптастырылуы керек. Бірақ ол не үшін, қашан, қайда? Қайда, 
қандай  мақсатпен?  Мұндағы  ең  маңызды  мәселе  берілетін  білім  баланың 
жанына  жақын  өмірден  алынуы  тиіс,  алған  білімі  оның  өмірінде  маңызды 
болуы  шарт  және  өмірлік  дағды  ретінде  қалыптастырылуы  керек.  Мұғалім 
ағымдағы жаңа ақпарат жайлы айтып бере отырып, оқушының ойын өз бетімен 
ізденіс  жасауға  бағыттайды.  Бірақ  нәтижесінде  баланы  өзіндік  ізденісте 
міндетті  түрде  берілген  тапсырманы  іздеп  жағдайды  дұрыс  шешіп,  өз  білімін 
қолдана  отырып  шындыққа  сай  нәтижеге  жетіп  отырады.  Жобалау  әдісінің 
қазіргі кезеңдегі негізгі бағыты мен нені танып білем? Не білемін? Бұл не үшін 
керек?  және  мен  бұл  білімді  қайда  пайдаланамын  ?  деген  сауалдарға  жауап 
іздейді.  Жобалау  әдісінің  негізіне  баланың  танымдық  дағдыларын  дамыту 
өзінің алған білімін пайдалана білу, ақпараттық  кеңістікте бағыт ала білу және 
сын тұрғысынан ойлауды дамыту жүзеге асады. Жобалау әдісі барлық уақытта 
баланың өздігінен әрекет етуіне бағытталған: жеке, жұппен, топпен белгіленген 
уақыт  арасында  тапсырмаларды  орындайды.  Бұл  тұрғыдан  алып  қарағанда  ол 
топпен оқытуға сәйкес келеді. Жобалау әдісі кезінде белгілі бір мәселені шешу 
оны  басқа  бір  қырынан  қарау,  әртүрлі  әдіс-тәсілдерді  және  құралдарды 
пайдалану,  екінші  қырынан  қарағанда  білім  беру  мен  оның  технологиясын 
шығармашылық  саладағы  білімдерді  кешенді  беру.  Орындалған  жобаның 
нәтижесін  балалар  сезінетіндей  болуы  керек,  егер  ол  теориялық  мәселе  болса 
оның  нақты  шешімі  көрсетілуі  керек,  ал  тәжірибелік  болса  оның  нақты 
нәтижесі  және  оны  тәжірибеге  ендіруге  дайын  болу  керек.  Жобалау  әдісін 
пайдалану  үшін  тәрбиеші  педагогқа  жоғарғы  біліктілікті  және  дамыту  мен 
оқытудың  әдістемесін  жетік  білуі  қажет.  Бұл  технологияы  ХХІ  ғасырдың 
технологисы  деп  бекер  атамайды.  Себебі,  өзгермелі  өмірге  байланысты  және 
қоғамның дамуына байланысты бейімделуді, білуге үйренуді талап етеді. 
Жобалау әдісін пайдалануға қойылатын негізгі талаптар: 

зерттеу  проблемасын  іздеу  және  оның  маңызы  мен  мәнін  шығармашылық 
бағытта шешу жолдарының қарастырылуы; 

ұсынылған нәтижелердің танымдық, теориялық, тәжірбиелік мәнінің болуы; 

балалардың  өздігінен  дербес  әрекет  етуі  (жеке,  жұппен  және  топпен 
жұмыстар); 

жобаның  мазмұндық  бөлігінің  құрлымын  жүйелеу  (нәтижеге  жетудің 
кезеңдері); 

зертту  әдістерін  тиімді  пайдалану:  мәселені  анықтау,  оның  мақсаты  мен 
міндеттерін  нақтылау,  оны  шешудің  болжамын  жасау,  зерттеу  әдістерін 
талдау,  соңғы  нәтижені  безендіру,  алынған  мәліметтерді  өңдеу  түзету 
қортынды жасау; 
Жобалау әдісінде оқытуға қойылатын мақсат:  

 
185 
– оқушыларға жағдай жасауға бағытталған болу;  
- алуан түрлі дерек көздерінен білім дағдыларын өздігінен ынта-ықыласпен 
жинақтай білу дағдыларын қалыптастыру; 

танымдық және тәжірибелік міндеттерді шешу дағдысын қалыптастыру; 

әртүрлі шағын топтармен жұмыс жасай отырып, коммуникативтік 
дағдылырын қалыптастыру; 

өздерінің зерттеу дағдыларын дамыту (мәселені анықтау, ақпарат жинақтау, 
бақылау, эксперимент жүргізу, талдау жасау, блжам құру, тарату т.б.); 

жүйелі ойлау дағдысын қалыптастыру; 
Жобалау әдісінің теориялық позициясы: 

балаға басым назар аударылып, оның шығармашылық қабілетін дамытуға 
басым көңіл бөлінеді; 

білім беру үрдісі оқу пәнінің логикасына емес, іс- әрекеттің логикасына 
құрылады (бала үшін жеке тұлға ретінде қарау және баланы оның 
қызығушылығын ояту) оқушы үшін жеке ойлау қабілетін дамыту және 
қызығушылығын арттыруға ықпал етеді; 

жеке жұмыс жасау барысында жобалау әдісі арқылы әрбір баланың өзіндік 
даму деңгейін қамтамасыз етеді; 

жобалау әдісі баланың физиологиялық психикалық дамуын кешенді 
тұрғыдан қарастырады; 

алуан  түрлі  жағдаяттарды  пайдалану  арқылы  баланың  білімінің  тереңдігі 
қамтамасыз етіледі; 
Жобалау  әдісінің  маңызы:  Бала  жұмыс  барысында  шынайы  объектімен  және 
процеспен  толық  танысады.  Ол  баланың  нақты  жағдаяттарды  шешуге, 
құбылыстарды  терең  танып  білуге  және  жаңа  объектілерді  құрастыруға  
жетелейді. Жобалау  әдісін жүзеге асыру үшін және оның мазмұнын ашу үшін 
ерекше оқытудың формаларын пайдалану қажет. Олардың ішінде жетекші түрі 
еліктеу (имитация) ойыны деп аталады. Имитациялық ойын бұл еркін, адамды 
шынайы және табиғи қалыпта ұстауға ықпал ететін балалардың өзіндік «мен» 
түсінігін  қалыптастыратын  шығармашылық,  белсенділік,  өздігінен  дербес 
әрекет етуге бағыт беретін ойынның түрі. Бұл ойында әрбір бала рольдерді өз 
еркімен  таңдап  алады  және  баланың  танымдық іс-әрекеті  олардың  қызмет  ету 
құрлымының  барысында  орындалады.  Олар  үшін  бұның  маңызды  зор  болып 
табылады. Ойынның қызметі: 

 
психологиялық - балаға түсірілген күшпенен эмоционалдық көңіл - күйді 
үйлестіру; 

 
психотерапиялық  - мұнда балаға көмектесе отырып өзіне және өзгелерге 
деген қатынасын өзгерту, қарым-қатынас тәсілдерін өзгерту, психикалық 
көңіл - күйлеріне қарау; 

 
технологиялық - баланың ойлауы мен қиялын шындыққа жақындату; 
Ойында бала өзін қауіпсіз сезініп, психологиялық тұрғыдан еркін және өзінің 
дамуына ықпал ету қажет. 
    Тәрбиешілермен  жүргізілген  жобалау  жұмыстарында  олар:  біріншіден, 
өздерінің  ынта-ықыласымен,  алған  білім,  білік  дағдыларын  өз  іс-әрекетінде 
пайдалана  білуге  ұмтылса,  екіншіден,  мамандықтары  бойынша  қызмет  етуге 

 
186 
және жаңа идеялармен тың бағыт–бағдар  алуға жұмсайтындықтарын көрсетті. 
Жалпы тәрбиешілермен жұмыс жасауда оларды үш топқа бөлдік: 
1.Жобаға  (формальді  түрде)  құлықсыз  қатысып,  алдын-ала  берілген  алгоритм 
үлгі бойынша тапсырманы орындауға қатысушылар. Өз іс-әрекетіне рефлексия 
жасамайтындар. («керек, бірақ керек емес», «істей алмаймын». 
2. Ұсынылған шығармаларды ынта–ықыласымен орындап өз ойын, көзқарасын 
дәлелдеп,  жобаны  жасауға  белсенді  түрде  атсалысып,  бірақ  кейбір  кәсіби 
шеберліктерінің  жеткіліксіздігіне  байланысты  қиындықтарға  кезедсетін 
адамдар. «керек, жасағым келеді, бірақ қолымнан келмейді». 
3.  Өздерінің  іс-тәжірибелерін  шынайы  байытқысы  келетін,  өз  көзқарастарын 
қайта  қарауды,  басқа  адамдардың  пікірлерімен  санасатын  Танымдық  және 
кәсіби  жағдаяттардан  шығатын  «керек,  істегім  келеді  және  жасай  аламын».  
Топтарды  анықтағаннан  кейін  оларға  жұмыс  жұргізудің  жолдарын  көрсететін 
төмендегідей үлгіні ұсындық. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет