Монография «Елтаным баспасы»


Фразема мен  тұрақты фразалар



Pdf көрінісі
бет9/162
Дата10.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#136035
түріМонография
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   162
Фразема
мен 
тұрақты фразалар 
деп бөлгенде, фразеологизмдердің 
құрылымына назар аударған. Тұрақты фраза – бұл сөйлем құрылымдас 
фразеологиялық бірліктер деп, жалпы фразеологизмдерге тəн 
құбылыстарды таниды. Н.Ф.Алефиренко бұл терминді алғаш ұсынбаған. 
Ол 
«фразема термині
фонема, морфема, лексема сияқты жалпы тілдік 
бірліктер жүйесіне өте үйлесімді» деп құптайды. [Фразеологический 
словарь, 2008. С. 3]. 
Бұлардан басқа да қазақ тілінде 
тұрақты тіркестер, тұрақты 
сөз тіркестері, тұрақты сөз орамдары, фразеологиялық тіркестер, 
фразеологиялық единица, фразеологиялық бірліктер 
деген терминдік 
қолданыс ретінде ғылыми аталымдар бар. Бұлардың барлығы жарыспа-
лы қолданылып жүрген терминдер. Қазақ тілінде осы аталғандардың ең 
жиі қолданылатын екі түрі ғана:
фразеологизмдер 
немесе 
фразеологиялық тіркестер
деп қалуы
 
тиіс.
Ал 
тұрақты тіркес 
деген атаудың
 
мағынасы кең. Тек тұрақты ай-
тылу үлгісі бар тіркестер, атаулық тіркестер, шектеулі тіркестер осы 
мағынада қолданылады. 
Фразеологиялық единицаны
фразеологиялық бірліктер
деп 
атауға болмайтын себебі: бұл термин орыс тіліндегі 
фразеологичес-
кие единстваның
аудармасы, яғни фразеологизмдердің үш түрінің 
бірі – фразеологиялық бірлік, демек, бұл тіркеспен омонимдес етіп 
атау келіңкіремейді. Кезінде біз
 фразеологиялық тұлғалар (ФТ)
деп 
қолданғанбыз [Қараңыз: Фразеологизмдердің варианттылығы. 1996]. 
Фразеологиялық оралым д
еген 
фразеологическое окружениенің
аудармасы болып шығады. Сондықтан бұл арада термин мүлдем басқа 
мағынаға ойысады. І.Кеңесбаев бұл жөнінде …фразеологизмнің кон-
текстегі көрінісін білу үшін оған (ФЕ-ге) арқа сүйер оралымның (ер-
кін тіркестердің) типтерін табу қажет- дейді. [ҚТФС, 621 б.]. Өйткені 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет