128
Х ы р ч ы н (хакас) – хырчын –
көк шыбық
Қ ы р ж ыл (тува) – жіңішке шыбық т.б.
Бұл келтірілген мысалдарда (ҚТФС-дан алынған)
тұрақты тір-
кес құрамындағы шеттен енген сөздер
тобы лексика-семантикалық
қайталаулар болса да, фразеологизмнің мағыналық құрамына сіңгені
сондай, алып тастап немесе басқа мəндес сөздермен алмастыруға кел-
мейді. Олардың тура мағыналарын тек этимологиясына қарап қана білуге
болады. Енді солардың кейбіріне талдау жасап көрейік.
Айылын жимау
– с
ескенбеу, жасқанбау, қымсынбау;
Бұл негізінде
осындай болымсыз мағынада жұмсалады. Естіген кезде əлде бір заттың
атауы, мысалы ат əбзелдеріне қатысты
шығар деп ойлап қалуымыз
мүмкін.
Бірақ бұл
айыл
сөзі
монғол тілінде
қорқыныш, үрей
деген
мағынаны білдіреді екен. Демек, айыл сөзі түркі-монғол сөзіне ортақ
сөз. Қорықпау, жасқанбау деген сияқты мағынаны беретін тіркес деп
түсінеміз. Жалпы тілші ғалымдар бұл жөнінде əр түрлі болжам айтады.
Ə.Қайдар ат əбзелдеріндегі айылды айтады.
Ағайынның азары болса да, безері болмайды
деген мақал бар. Осы
сөздегі
азар
деген сөз ренжу дегенді аңғартып тұр. Бірақ қазақ тілінде
ренжу мағынасында жеке тұрып қолданылмайды. Мынадай тіркес те бар:
Азар да безер болу
– көнбеу, бір нəрсені мойындамау, ат тонын ала қашу.
Сонда мына мақалдағы түсінігінен барып, фразеологизмдегі мағынасын
білуге болады. Мұнда
азар
сөзі парсы тілінен енген екен, ренжу деген
мағынаны білдіреді.
Қазақ тіліндегі фразеологизмдер құрамында
парсы тілінен енген
сөздер көп кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: