Монография «Елтаным баспасы»


«бао татлы, балдан бала татлы», «бал татлы дип, бармак чəйнəп



Pdf көрінісі
бет152/162
Дата15.12.2023
өлшемі14,19 Mb.
#138366
түріМонография
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   162
Байланысты:
Verstka (1)

«бао татлы, балдан бала татлы», «бал татлы дип, бармак чəйнəп 
булмый (чəйнəмилəр)», «бал тоткан бармак ялый, май тоткан ка-
шык ялый», «бал чебение, яхшы сүз адəмне иялəштерер», «балга 
каныккан чебен кебек сырыша» т.б. 
[Татарча русча идиомалар сүзлеге, 
2001, 35-36].
Түркі тілдері фразеологизмдерінің лингвомəдени ерекшеліктеріне 
үлгі ретінде қыпшақ тобындағы қазақ жəне татар тілдеріндегі тұрақты 
тіркестерді талдаймыз. 
Түркі тілдерінің қыпшақ тобындағы қазақ жəне татар тілдерінің 
бүгінгі қолданыс аумағы ұлттар болашағына өте қатысты. Қазіргі 
жаһандану кезінде өз ұлт тілінде сөйлейтіндердің ана тілінің ертеңі үшін 
қаншалықты қызмет етіп жүргендігін айтпасақ та түсінікті. Өйткені өз 
тілінің бүкіл сөздік қорындағы небір тұрақты тіркестер ауызекі жəне 
жазба тілінде пайдаланылмаса, күн сайын түрленіп жарыққа шықпаса 
сол тілді тұтынушылардың сөйлеу мəдениетіне үлкен сын. Мəселен, 
қазақ тіліндегі мақал-мəтелдер мен фразеологизмдерді барынша қолдану, 
айтылар ойды асыл сөздермен мəнерлеп жеткізу мəдениетін екі қазақтың 
бірі меңгерген деп айтуға болмайды. Бұл бүгінгі жастар тілінде тіпті анық 
байқалады. Біздіңше, татар тілінде де осы картина байқалады. Сондықтан 
да əр ұлттың мəдени өмірінен із қалдырған тілдік бірліктердің əсіресе, 
фразеологизмдердің мəдени коннатациясы өте құнды деректер ретінде 
лингвокультурологияның аспектісі болды.


232
Түркі тілдестердің рухани-мəдени келбетін көрсететін тілдегі 
фразеологизмдердің ортақ проблемалары туралы айтып, талқылау кім-
ге болса да, мейлі татар, мейлі қазақ үшін ғылыми танымдық маңызы 
зор мəселе. Өйткені бұлардың мəдени мұрасы өткен дəуірлерден келе 
жатқан əрі түркілік, əрі мұсылмандық болғандықтан, бүгінгі күні де өз 
рухани байланысын үзбеген халық.
«Этнические корни татар исходят от древних тюрков. Еще в VІ веке 
до возвышение тюрков среди других племен, т.е. еще до распростанения 
слова «тюрк» как общегео этнонима, племена, говорившие тюркских язы-
ках, широко распространились по всей Евразии» деп жазады М.З. Закиев 
(1998, 623). Бір тұтас географиялық кеңістікте өмір сүрген екі ұлттың 
ортақ дүниетанымын айғақтайтын дереккөздер фразеологизмдер. 
Демек, татар жəне қазақ тілдеріндегі бай фразеологиялық матери-
алдар бір ғана ғасырдың жемісі емес. Мəселен, көне дəуірлерден бас-
талатын татарлар мен қазақтардың мəдени өмірінің тарихы, бүгінде 
тілдің кумулятивтік қасиетінің арқасында олардың тілде көрініс тапқан 
лингвомəдени ерекшеліктері ұлт айнасы ретінде көрінеді. 
Этнос тарихындағы мəдениремалардың лингвистикалық іздері, 
екі тілдегі ортақ лексика, материалдық жəне рухани мəдениетіндегі 
ұқсастық
 
аңыздар мен мифтердегі
 
ортақ сюжеттер татар мен қазақтың 
ұқсас жақтарын салыстырмалы түрде талдауға негіз болады
.
Лингвомəдениремалар 
– 
ұлттық ерекшеліктерді дəл айқындап 
көрсететін халық жадында сақталған тілдік фактілер. Тілдегі феномен-
дер – фразеологизмдер арқылы ортақ түркілік əлем суретінің концепту-
алдану ерекшеліктерін талдауға болады

Қазақ жəне татар фразеологиясының бүгінгі лингвистикалық 
парадигмаларының басты өзегі антропоцентрлік бағыттағы зерттеу.
 
Татар жəне қазақ тілдеріндегі фразеологизмдерді салыстырғанда ең 
басты ерекшеліктер деп мыналарды атауға болады:
◊ Екі тілдегі фразеологизмдердің компоненттері мен мағынасы бір, 
бірақ фонетикалық өзгешеліктері бар. 
• Үлемнəн оят көчле – өлімнен ұят күшті. 
• Таныган жирдə бұй сыйлы, танымаган жирдə тұн сыйлы; 
• сөенче алу – сүйінші алу. 
• Серкəсе су кутəрми – сіркесі су көтермеу; 


233
• һəркемнеке үзенə ай күренə күзенə – əркімдікі өзіне , ай көрінер 
көзіне 
• ут алырга килгəн; көз ачып йомганчы [Гаффарова, Татарча-русча 
идиомалар сүзлеге. 2006.]
Бұл о бастан-ақ этникалық байланысы бір татар мен қазақтардың 
тілдік болмысындағы дүниені тану, бағалау арқылы көрінетін менталдық 
ерекшеліктер жалпы түркілік ой-сананың жемісі деуге болады. Мұндай 
мысалдардың екі тілде де көп кездесуі «кім кімнен алды» деген 
риторикалық сұрақ емес. 
◊ Екі тілде де фразеологизм компоненттері мен айтылуы бір-
дей болғанымен, мəселен қазақ тілінде мүлде басқа фразеологиялық 
мағынасы бар тіркестер. Мысалы:
• 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет