13
Автор фразеологиялық түйдектерді идиом сөзінің қазақшасы ретінде
ұсынады. Ал фразеологиялық тіркестерді өз ішінде екіге бөліп:
түйіс
тіркес
(бұл бұрынғы фразеологиялық бірліктер болатын),
түйін тіркес
(бұл бұрынғы фразеологиялық тізбек болатын) деп атайды.
1993 ж. шыққан
«Фразеология жəне тілдік норма»
деген кітапта
Н.Уəлиұлы қолданған
фразеологиялық түйдек
те идиом мағынасында
жұмсалады. Ал
фразеологиялық шоғыр
деген термині І.Кеңесбаев
айтқан фразеологиялық түйіс тіркеске жақын, яғни тұрақты тіркестің
ішкі формасы аса тасаланбаған, бұрынғы фразеологиялық бірліктің ор-
нына қолданған. Сондай-ақ, Н.Уəлиұлы
фразеологиялық тіркестер
деген жалпы атауды бұрынғы
фразеологиялық тізбектердің
орнына
жұмсайды. Ал
фразеологиялық тізбектерді
Н.М.Шанскийдің
фразео-
логические выражения
деген
фразеологиялық сөйлемшелердің
орны-
на қолданады. Сонымен фразеологизмдердің түрлеріне байланысты да
осындай бірізділігі жоқ терминдер кездеседі.
Аталған термин түрлеріне келтірілетін мысалдардың семантикалық
құрылымынан
түйіс тіркес, түйін
тіркес, шоғыр тіркес
дейтін терминдердің өзіндік аталу уəжділігі шықпайды. Демек
лингвистикалық сөздіктегі бұрын аударылған терминдер өз орнында
қалғаны дұрыс.
Тіл-тілде фразеологимздерді танып, білуде, оның аномалиялық
құбылыстарын саралап түсіндіруде зерттеуші ғалымдар арасында əр
түрлі пікірлер қалыптасқан. Сондай пікірлердің ішінде басты назар ауда-
раратын нəрсе – қандай тұрақты тіркес формаларын фразеологизмдер
деп танимыз деген сұрақтар.
Фразеологизмдерге тəн өзіндік белгілер арқылы ғана оларды тұрақты
тіркестер деп тануға болады. Ал фразеологияның теориялық тұжырымы
бойынша тіркестерді фразеологизм деп тану үшін қалыптасқан үш бел-
гісін атайды. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: