Орындаған: Келжанова П Тексерген: Юсуп П.Қ Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті
Сыпыра жырау Қазақ әдебиетімізде өзіндік жанрлық стилі арқылы сонау қазақ хандығы заманынан бергі жеке бір сала болып дамыған поэзияның жыраулық және ақындық түрінің алатын орны ерекше деп айтсам тура болар.
Көне дәуірлерден бері фольклорлық туындылармен өзектесе, жарыса дамып келген бұл сала халқымыз бастан кешкен тарихи оқиғалардың көркем шежіресі іспеттес ел тұрмысының сан алуан қырларын қамтып бейнелеуге әр кез елеулі үлес қосып отырған.
Заман талабына сәйкес жыраулар қашанда хан қасынан табылып отырған десек, бұған Сыпыра жырау өмірі де айқын дәлел.
Қазақ хандығы дәуірі кезеңінде , Сыпыра жырау аты аңызға айналған ғұламалардың бірі деседі. Сыпыра жыраудың мұндай атақты әрі абыройы асқан тұлға болуына әсер еткен –оның хан демей не қара халық демей тура бетке айтып тастауы болатын деседі. Егер тарихи деректерге көз салсақ, сыпыра жыраудың шығармалары сансыз көп болған екен. Тағы бір айта кетерлігі, біздің кейбір әдебиетшілеріміздің пайымдауымша ол «Ер сайын», «Ер Тарғын», «Ер Көкше», «Ер Қосай» секілді жырларды өз үлесін қосқан эпик жырау да болған екен.
Сыпыра жырау- қазақ пен ноғай, қырым татарларына, башқұрт пен қарақалпақ, барабы, құрдақ тарға барлығына ортақ әдеби тұлға болған. Мысалыға, біз қазақтар оны «Сыпыра» , «Сып жырау» деп атаса, қарақалпақтар «Сопбасылы Сыпыра жырау», башқұрттар «Сыбырыай жыршы», ноғайлар «Сыбыра жырау», құрдақ та тарлары «Сұрғантайұлы Сыпыра», барабы татарлары «Сафардау» деп атап кеткен. Сондықтан да Сыпыра жырау жайында пікір айтпастан бұрын , оның басқа да түркі тілдес халықтардың әдебиеттеріне көз жүгіртіп саралағанымыз жөн болар.
Жалпы қай түркі тілдес халықтың аңыздарына көз жүгіртсеңіз, Сыпыра жырау халық басына қиындық туғанда өзінің даналығымен ақыл айтып ой тастайтын данагөй кейпінде суреттеледі.
Сыпыра жыраудың қанша жыл өмір сүргендігі жайында бірнеше деректер бар. Бір деректерде Сыпыраны 120 жыл өмір сүрсе , ал кейбір деректерде 180 жасында қайтыс болған екен диді, тіпті кейбір аіыздарда оны 390 деп көрсеткен. Әрине 390 енді тым асыра сілтеп жіберілуі мүмкін, алайда Сыпыра жыраудың біраз хандардың көзін көріп олардың ақыл айтар кеңесшілері болған деп жазылады.
Сыпыра жыраудың сойы яғни тегі зерттеулерде Сұрғалтайұлы деп қате жазылған. Қарақалпақтар Сопбаслы, ноғайлар Шөпбаслы деп әліптейді. Ал Шоқан оны бірде Сыпыра десе, бірде “Сұп жырау” деп атайды. Ал жыраудың сырт бейнесін суреттеуде “сұм аяқ, сұпа бөрікті” тіркесі жиі қолданылады. Бұл жерде “сұпа бөріктіні” – “сұпы бөрікті” деп оқыған жөн. XІV ғасырдың аяғы Орта Азияда сұпылық қозғалыстың жанданған кезі еді. Хорезмде қоңыраттардың сұпы¬лық ордені құрылып, Хорезмді дербес мемлекет деп жариялағанды. Оларды парсы тілді әдебиеттер “чуфи” деп жазған. Яки, сұпы сөзі қалыптасу кезеңін бастан кешірген. Демек, Сопбаслы, Шөпбаслы сөздерін Сопыбаслы деп оқуға негіз бар. Ендеше, Сыпыра орта ғасырда Маңғыстауда сопылық мектептің негізін қалаған адам боп табылады. Осы реттен келгенде 1334 жылы ибн Баттута Сарайшықта болғанда: “Осы қалада түрік нәсілінен шыққан егдерген, сыйлы адамның ғибадатханасы бар. Оны Ата деп атайды. Ол бізге дастархан жайып, батасын берді” деуінде мән бар.