6.3 Жаһандану жəне түркі фразеологиясы
Түркілер де ұлы халықтардың бірі. Қазіргі күннің деңгейімен қарасақ
түркілер дүниенің кез келген бұрышына шашырап тарап кеткен жəне
ежелден келе жатқан аңызға бергісіз көне тарихы бар, мəдениеті мен
əдебиеті өркениетке ерте ілінген жəне жеке этностар болып қалыптасқан.
Бұрынғы кеңестік кезде түркі халықтары өзінің саны бойынша славян-
дардан кейінгі орынды алған екен. Алайда қазіргі ТМД аумағын мекен-
деген түркілердің бір де біреуінің «тілдері өз дəрежесінде ұлтаралық
қарым- қатынас құралының функциясын атқара алмады» [Нұрмаханов,
1998, 3].
Кеңестік кезде де, бүгінгі таңда да түркі тілдерінің біразы ұлттың
титулын айқындап отырса да, мəселен, ноғай, қарайым, гагауз, қырым
татарларының тілдері қолданыстан көрінбей апатты жағдайдың алдында
тұр.
Осылардың қатарында Сібір аймағының түркілерінің, мысалы, тува,
хакас, алтай тілдері соншалықты дамып бара жатқан жоқ.
Ал чуваш пен якут тілі түркі тілдерінің ішінде өзінің лексикалық,
грамматикалық, дыбыстық ерекшеліктерімен оқшау тұрған тілдер.
Осы екі ұлттан басқалары бір бірімен сөйлескенде ешбір аудармашы-
сыз түсінісе алады. Демек көне түркілік қабаттан алыс кетпей, бірін
бірі тануға мүмкіндігі бар бүгінгі түркілердің дəл мына жаһандану
жағдайында өзге ағылшын тілінің аясында немесе басқа роман жəне
славян тілдерінің көлеңкесінде көрінбей қалудың алдын алу шарасы
болар ма екен деген көкейдегі сауал кешегі көк түріктердің ұрпақтарын
мазалауы тиіс. Түркі тілдерінің фонетикасы, грамматикалық құрылысы
мен лексикалық құрамы жекелеген зерттеу еңбектерінде сөз болып, ай-
тылып келеді. Осы қазақ тілінің аясында да бірталай салыстырмалы
225
жұмыстар жазылып қорғалып жатыр. Біздің ойымызша, бұл жетістік-
тер жаһандану əлемінде мұхитқа тамған тамшыдай екені аян. Өйткені
бұл зерттеулердің теориялық негіздерін былай қойғанда қолданбалы
сипатының практикалық нəтижелері қазақ немесе басқа түркі тілдерінің
ешбіріне пайда əкеле қойған жоқ. Басқалар түгіл өзіміздің қазақ тіл
білімінің ғылыми сұранысына айналмады.
Бұл проблема тек біздің ғана Қазақстандағы түркі тілдері мəселелері
бойынша ғана емес, жақын шетел ТМД, алыс шетел Түркия дейік, ешбір
мемелекетте шешімін таппай отыр. Қайта Кеңес өкіметі кезінде көрші
түркілердің (ол кезде көрші түркілер деген ұғым сыртқа шықпайтын)
нені зерттеп, нені жазып жатқандарынан хабардар болушы еді. Кеңес
аумағына тарайтын «Советская Тюркология» журналы шығып тұратын.
Бұл журнал беттерінде көрнекті түрколог ғалымдардың мақалалары
жарық көретін. Əлдебір жаңа шыққан соны зерттеу, жаңа кітаптарға пікір
білдіріліп, ғылыми қауымға таныстырылатын. Ал мұндай игіліктер ортақ
ғылыми табыстар ретінде бағаланып, əр түркі тілдестердің идеяларымен
жанданып, жекелеген ғылыми ізденістермен толықтырылатын. Соның
нəтижесінде көптеген зерттеу еңбектерінің теориялық əдіснамалық не-
гізіне арқау болып жəне ғылыми дəйектемелердің дереккөздеріне ай-
налды.
Түркі тілдестердің ішінде тəуелсіздік алған қазақ, өзбек, қырғыз,
түркімен, тəжіктер өз тілдерін мемлекеттік дəрежеге жеткізіп, алды
жазу графикасын кириллден алып, қайта латын əліпбиіне ауыстырып
та үлгерді. Бұл əрекеттердің барлығы ұлт тарихында ең бір күрделі жəне
аса қажетті кезеңнен өтуі деп бағаланатыны анық.
Осы тұста бұрынғы Кеңестік кездің «орыстық» ықпалының азайғаны,
«өз аузына қолы жектен» түркілердің ендігі бытыраңқылығы, басы бірік-
пей жүргендігі бүгінгі күн тұрғысынан заман ағымы деп кейде ақтауға
болатындығы, кейде түркі дүниесінің тұтас болуының күні жеткендігін
айғайлап айтатын шақ туды.
Түркі тілдерінің сөздік қорындағы ортақ лексика олардың өмір
сүру тəсілдеріндегі ұқсастық, этнос тарихындағы мəдениремалардың
лингвистикалық іздері мен əдебиетіміздегі ортақ сюжеттер түркі
халықтарына өткендегісін түгендеуді міндет етеді.
Солардың бірі – кез келген түркі халықтарының өткен өмірінен хабар-
дар ететін, тіршілік тынысындағы ұлттық ерекшеліктерін дəл айқындап
226
көрсетіп, халық жадында сақталған тілдік фактілермен баяндап беретін
сол ұлттың тілінің көркем дүниесі – фразеологизмдер. Себебі тіл-тіл-
де сақталған мақал-мəтелдер мен фразеологизмдер арқылы күллі түркі
жұртының ойлау жүйесі мен ұлтқа тəн феномендік қасиеттер айырықша
көрінеді.
Түркі тілдерінің фразеологиясы бүгінде зерттеу нысаны жан жақты,
ғылыми нəтижелеріндегі өзара тілдік сабақтастық пен іргелестік о
бастан-ақ антропоцентрлік қағидатқа негізделген. Себебі бір ұлт- бір
тіл. Олай болса, олардың өзге ұлттардан айырмашылықтарын тек тілін-
де сақталған бейнелі тіркестердің этномазмұнын этнолингвистикалық
жəне линвомəдени зерттеулер ғана тайға таңба басқандай етіп көз
алдымыға əкеледі. Бұл ретте зерттеушілер түркі фразеологиясының
құрамындағы жеке тілдер фразеологизмдерінің қалыптасу тарихынан
əркез ортақтастық пен генеологиялық сəйкестікті дəлелдейді.
Мəселен, башқұрт фразеологы З.Г.Ураксин: «Отсутствие письмен-
ных источников, отражающих различные периоды истории башкирского
языка, затрудняет как хронологизацию появления фразеологизмов, так
и анализ семантических и структурных преобразований. В то же время
наличие соответствий в определенной части фразеологии некоторых
тюркских и монгольских языков позволяет относить их возникновение
к эпохе алтайской общности и считать этот пласт наиболее древним в
составе фразеологии современного башкирского языка» [1975, c. 154]
деп жазады.
Көне жазба ескерткіштердегі тұрақты тіркестер қатарынан фразе-
ологизмдерді бөліп, даралап қарастыру, сондай-ақ, олардың өзіндік
белгілері арқылы тану зерттеушілер үшін құм ішінен алтын іздеумен
бірдей. Жəне зерттеудің əдіс-тəсілдерін саралау да тиянақты ғылыми
тұжырымды қажет етеді.
ХІV ғ. жазба ескерткіштері негізінде орта түркі лексикасын зертте-
ген М.Сабыр сол кездің ескерткіштеріне тəн фразеологизмдерді зерт-
теу тарихи фразеологияның нысаны болу керек деп есептейді. «Тарихи
фразеологияның басты зерттеу нысаны ежелгі түркі тілінде жазылған
жазба жəдігерліктегі тұрақты тіркестер болу керек. Осы деректер
диахрондық тұрғыдан зерттеле келіп, қазақ ауыз əдебиеті, қазақ жазба
əдеби тілі, туыстас түркі тілдері материалдарымен салыстыра зерделенуі
қажет-ақ. Бұл зерттеулер салыстырмалы-тарихи, семантикалық-диахро
227
ниялық əдістерге негізделеді» [2004, 191]. Шынында түркі тілдерінде-
гі фразеологизмдерді теориялық əрі қолданбалы мақсатта диахрондық
зерттеудің біз үшін аса қажетті тұсы ортақ түркілік тіркестердің даму,
қалыптасу процесі ғана емес, жалпы фразеология ғылымының түркілік
негізін салу. Сірə, түркі тіл білімінің қазіргі зерттеу бағыттарының бірі
– осы болу керек.
Бүгінде қазақ фразеологиясындағы жаңа тұрпаттағы зерттеулер
бұрынғы кеңестік кездегі зерттеу арналарынан əлдеқайда асып түстіп,
лингвомəдениетанымдық, этнолингвистикалық, антропоцентрлік жəне
лингвоконцептологиялық бағытта құнды ғылыми деректермен толығуда.
Ал татар, башқұрт, қырғыз, өзбек, түркімен, түрік т.б. түркі тілдерін-
дегі фразеологияға қатысты айту қиын. Оның себебі түркі тілдестер
арасында қазір болып жатқан əдеби-мəдени байланыс ішінде тек ортақ
тілдік зерттеулер ғана жоқ, керісінше əркім оңаша отау қалпында қалып
отыр. Бұл -қазіргі күннің шындығы. Түркілердің рухани-мəдени кел-
бетін көрсететін тілдегі фразеологизмдердің ортақ проблемалары туралы
айту үшін де алдымен нақты мақсат болу керек. Қазір əлем түркілері
тарих беттерінде қалайда із қалдыру үшін жаһанданудың бүгіні мен
болашағына тек ұлт тілінің тегеруінді болмысымен ғана қалқан жа-
сай алады. Жаһандану заманы əр ұлттың өз жоғын түгендеу ғана емес,
жеңімпаз тілдер екпінінің салдарынан барыңнан айырылмау.
Тарих ХХІ ғасырдан түркілердің жаңа даму ғасырын күтеді. Олай
болса, түркілердің ежелден келе жатқан мəдени мұралары фразеоло-
гизмдерді салыстырмалы-тарихи диахрондық сипатта зерттеуді қолға
алу басты мақсат.
Түркі халықтарының сөйлеу мəдениетінде айырықша орын алатын
фразеологиялық, паремиологиялық тіркестер – тілдік қордың ерекше
байлығы. Тұрақты тіркестерде сақталған этномəдени мазмұн арқылы
əр ұлттың əлемді қабылдау мен түсінігі туралы ақпаратты аламыз. Бұл
ретте, аялық білім ғана (фоновое знание) ұлттарды бір-бірінен бөліп,
ерекше етіп көрсететін тіл байлығы. Осы рухани байлықтың коды – тіл-
тілде сақталған тарихи-əлеуметтік сипаттағы тұрақты тіркестер. Жалпы
фразеологиядағы түркілік келбет ортақтық пен ұқсастық негізінде толық
анықталды деп айту қиын. Бірен-саран салыстырмалы қорғалып жатқан
ғылыми жұмыстар ғана назар аудартады.
Түбі бір түркі тілдерін жақындастыру үшін ғылыми жұмыстардың
228
қолданбалы жағының маңызын арттыру қажет. Осы уақытқа дейінгі
фразеологиялық сөздіктердің дені орыс-қырғыз, орыс-саха, орыс-қазақ
т.б. сияқты екі тілді сөздіктердің басылып шығуы, əрине, артықтық ет-
пейді.
Мəселен, «Якут-орыс жəне қазақ-орыс тілдерінде көпмағыналы
фразеологизмдердің сөздігі» [Прокопьева С.М., Смагулова Г.Н. и др.
2019] авторлық бірлестікте Якутскіде жарық көрді. Сөздікте саха жəне
қазақ тілдеріндегі көпмағыналы 500-ге жуық фразеологиялық бірліктер
бар. Əрине, бұл жалпы түркологияда жаңалық ретінде танылды.
Дегенмен түркі тілдерінің екі тілде салыстырмалы фразеологиялық
сөздіктері жүйелі түрде баспадан шығып жатса, түркі халықтарының
ұлттық мəдениетінің тілдегі сақталған ақпараттық мəніне қарай, күн
көріс, тіршілік ету майданындағы ортақ табиғи ерекшеліктерімізбен өзге
жұртқа мəдениаралық коммуникацияда тұтастықпен танылып жүреміз.
Бұл – түркі халықтарының ортақ мүддесі.
Сөз соңында айтарымыз: түркі əлемінің фразеологиялық бейнесін
тұтастықта алып зерттеу парадигмаларын жүйелеу үшін оның ғылыми
концепциясын айқындау қажеттігі кезек күттірмейтін мəселе екендігі.
Достарыңызбен бөлісу: |