170
цохих соғып жіберу, ұрып жіберу жəне
цулбур-шылбыр, ал
цулбур овс
– таспажапырақ, жыланқияқ (Б.Базылхан. Монғол-казах толь. Уланбатор-
Өлгий, 1984, 691 б.) дегенді;
Якут тілінде
дalbі-сильно до
последней крайности,
совсъмъ, раз –
(бить);
дalbі ахыла-сильно запыхаться;
даlі-кіні Бісігі да аттыбатыгар
даlі бар-онь (св. Духь) и около нась всюду находится [Пекарский. Сло-
варь якутского языка, 1959 ж. 687];
Түркімен тілінде –
телбе-кемақыл, дəли, самсық, тентек
(мен телбе
болуп, дүзе дүшіп, өзүмин ниреде гезип иөреними де билемөк) [Түркмен
дилиниң сөзлүги, Ашгабат, 1962 ж., 642 б.] дегенді білдіреді екен.
Осы мысалдардан көріп отырғанымыздай «
делбе» сөзі таспажапырақ,
жыланқияқ, жапырақша,
яғни жіңішке, ұзын қияқ тəріздес шөп деген
бір ұғымды білдірсе, екінші мағынасы кемақыл, дəли,
тентек немесе
осы түсінікке үндес барлық жерді жын жайлаған деген ұғымдарды
береді жəне дэлбэ -п, / -ып, -іп/ цохих соғып жіберу,
ұрып жіберу де-
ген ұғымдарды білдірсе керек [1984, 103]. Біздіңше, бұдан шығатын
қорытынды: делбе болған жылқыны маңдайынан қатты жұдырықпен
ұрады жəне жыланқияқ, таспажапырақ
сияқты делбе шөбін беріп, қазақи
ем қолданса керек.
Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің-фразеологизмдердің қалыптасу
мотиві (уəжділігі) ұлт тарихына, мəдениетіне,
оның ұлттық көзқарасы
мен дүниетанымына байланысты. Қазақ фразеологизмдерінің ішінде тіл-
ге жиі оралатыны, күнделікті жиі қолданылатыны жəне ең көп кездесетіні
– төрт түлік малға қатысты жасалған тіркестер. Жоғарыда талданған,
бұрын
сөз етіле қоймаған ат сабылту, айналшық жегендей, жілік майы
таусылу, жілігі татымау, құлаққа ұрған танадай, бастан құлақ садаға,
делбе болған жылқыдай фразеологизмдері этнолингвистикалық талдауға
негіз болған мысалдар, сондай-ақ мұндай тілдік бірліктер концептілік
құрылымдардың тілдегі көрінісі. Фразеологизмдердегі
осы сияқты ког-
нитивтік модельдер əлі жан-жақты қарастыруды қажет етеді.
Тілде сақталған фразеологизмдер – ұлт мəдениетінің жетістігі, демек
ұлт интеллектісінің көрсеткіші.