169
Ал тыныштық, жым-жырт деген мағынасы полисемиялық құбылыстың
нышаны ретінде
жалғаса туған мағынасы жиі қолданылады екен. Сон-
да бұл тіркестің екі мағынасы бар: бірі – есеңгіреу, екіншісі – жым жырт
тыныштық.
Сонымен бірге, осы мал шаруашылығындағы емдеу ғұрпына бай-
ланысты
«бастан құлақ садақа» деген тұрақты тіркес те кеңінен
қолданылады.
Бұл тіркестің де қалыптасуы осы халық еміне байланысты туындаған.
Ауруға шалдыққан малдың бір құлағын кесіп алып, оны басынан үш
айналдыра «бастан құлақ садақа» деп лақтырып жіберетін болған.
Мұның бəрінен байқайтынымыз, көшпелілердің малға қатысты таным
түсініктері де тілде өзіндік көрініс тапқандығы.
Достарыңызбен бөлісу: