Фонетикалық вариант Лексикалық бірліктердің фонетикалық өгерістермен айтылуы дублет
сөздер мен тіркестерді құрайды. Мысалы, қазір – кəзір, қыңқ демеу– қың
демеу т.б. Дублет сөздер тілдегі вариант, синоним ұғымдарымен қатар ай-
тылып жүреді. Бірақ бұл сөздер өзара синоним ретінде қолданылмайды.
Дублет деген ұғым сөздердің мағыналық тепе-теңдік жағдайында
қолданылады. Фонетикалық варианттың орнына дублет сөзін мағыналас
етіп алуға болады. Сонымен фразеологизм компоненттерінің де кейде
дублет сөздермен айтылуы фонетикалық вариантты көрсетеді.
Мысалы:
Сайтаны ұстады – Шайтаны ұстады; Зыта жөнелді – Жыта жөнелді;
Басқа тілден енген сөздердің алдынан, яғни протезалық құбылыспен
дауысты дыбыстар қосылып айтылуынан фразеологизм компоненттері
ауызекі сөйлеуде фонетикалық өзгерістерге ұшырайды.
Мысалы:
Риза болу – Ыразы болу; Риза – араб тілінде қанағаттану.
Райдан қайту –Ырайдан қайту; (Араб тілінде рай – пікір).
Реңін бермеу – іреңін бермеу. (Парсы тілінде рең – түс, бояу деген
мағынада).
Фонетикалық өзгерістер фразеологизм компоненттерінде кейде
дыбыстардың түсіп қалуынан да жасалды.
Мысалы:
Аузын қу шөппен сүрту – Аузын құр шөппен сүрту;
Сары уайымға салыныу – Сар уайымға салыну.
175
Дыбыстардың мұндай түсіріліп айтылуын тіл білімінде апакопа деп
атайды.