Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет135/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   193
Байланысты:
Verstka

оппозицияларының
 түріне : үлкен орташа кішікеше – бүгін – ертең 
т.б. мысалдарды жатқызады. (А.Жұмабекова. Қазақ тіліндегі антонимдер 
сөздігі) 
Ал қос мүшелі оппозизицияларының түрі деп /привативті/: жанды 
– жансыз, бар – жоқ, оң – теріс, жүйелі – жүйесіз т.б. мысалдар кел-
тіріледі. Күшті – күшсіз, сауатты – сауатсыз сияқты мысалдарды антоним 
деуге болмайды. Себебі бұл ұғымдар оппозициялы болғанымен, ұғымға 
қатысты күші аз, шала сауаты бар деген сөздер арасына қосылады. 
Анатомиялық  оппозициялардың  тағы  түрі  эквиполентті  анто-
нимдер
. Бұлардың алдыңғы екеуінен басты айырмашылығы қоршаған 
ортадағы  түрлі  құбылыстардың,  іс-əркеттердің  қарама-қарсылығына 
негізделген қарым-қатынастың көрінісі: кіру – шығу, қашу – қуу, кіріс 
– шығыс, күн – түн, əке – шеше, жығу – жығылу т.б. Мұндай антонимдер 
адамдардың өзгермейтін қарама-қарсылықтар жағдайында дағдылы өмір 
сүруінің тілдегі қалыптасқан қарсы мəнді сөздермен білдіреді.
Антоним сөздер мен фразеологимздер арасында жалпы семантикалық 
жəне стильдік байланыс бар. Алайда лексикалық антонимдерге қарағанда 
фразеологиялық  бірліктердің  өзіндік  ерекшеліктерінен  туындайтын 
өзгешеліктер кездеседі.
Антоним  сөздер  фразеологизм  компонентерінің  бірін  құрайды. 
Сондай-ақ, сөз де, фразеологизм де тұрақты тіркестің құрылымы мен 
құрамының тұрақтылығын сақтап тұрады. 
Фразеологиялық антонимдерге қарағанда лексикалық бірліктер анто-
нимдерге бай келеді. Олардың лексика-грамматикалық сипаты қазақ тіл 
білімінде жақсы зерттелген. Антонимдік қатарды құрайындар алдымен 
сын есімдер, содан соң үстеулер, ал етістік, зат есімдер кейінгі орында. 
Лексикалық  антонимдерден  фразеологиялық  антонимдердің 
айырмашылықтары  бар.  Лексикалық  антонимдер  кейде  сөздердің 
көпмағыналылығынан  басқа  да  антоним  жұп  құрауы  мүмкін.  Қарсы 
мəнді  фразеологимдерде  тұрақты  тіркес  ретінде  мұндай  құбылыс 
байқалмайды. Бір фразеологиялық мағынадағы бейнелілік басқа қарсы 
мəндегі фразеологиялық бейнелілікпен антоним құра алмайды. 
Антоним сөздер фразеологизм құрамында қарсы мағыналық негіз-
де айтылса, онда фразеологиялық антонимдер бір құрылымды болып 


181
келеді. 
Мысалы:
 
Ыстық қанды ↔ суық қанды, 
 
Дүниеге келу ↔ дүниеден кету, 
 
Қолы ұзару ↔ қолы қысқару
 
Маңдайының бес елі бағы бар ↔ маңдайының бес елі соры бар 
 бір құрылымды антонимдер.
Ал антоним фразеологизмдер лексикалық құрылымы мен синтаксистік 
құрылысы жағынан ерекшеленіп тұрса, онда олар əр құрылымды.
Мысалы:
 
Ауылы аралас, қойы қоралас болу  ит пен мысықтай болу 
 
Ит арқасы қиянда  таяқ тастам жерде 
 
Əмпей-жəмпей болу  жүз жыртысу 
 
Ит жеместі жесісу  ауыз жаласу
Фразеологиялық  антонимдер  көбінесе  етістікті  фразеологизмдер 
құрамында кездеседі. 
Етістіктердің  қарама-қарсы  мəнде  кездесуінен  мысалы,  жанды 
– сөнді, түсті – көтерілді, кеңіді – тарылды т.б. сияқты сөздерден 
эквиполентті антонимдер жасалады.
Шырағы жану  Шырағы сөну 
Еңсесі түсу  Еңсесі көтерілу 
Пейілі кеңіу  Пейілі тарылу
Кейде  қарама-қарсылық  ұғымдарды  əр  түрлі  фразеологиялық 
мағыналарды салыстыру арқылы байқауға болады. Мысалы, компонет-
тер жеке тұрып қарма-қарсы мəнде айтылмай-ақ, /басына ақ күн туу  
қара күн туу дегендегі ақ – қара сияқты/ қарсы мəндегі ұғымды беретін 
тіркестер бар. 
Мысалы:
Үлде мен бүлдеге орану  үрерге иті жоқ, сығарға биті жоқ, Аспан 
айналып жерге түскендей  сақылдаған сары аяз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет