214
шығармалардан жиналған, сонымен бірге сөздіктерде берілмеген жеті
жүзге жуық тілдік бірліктерді жинастырсақ, солардың ішіндегі ең
ауқымдысы – фразеологизмдер» деп көрсетеді С.Бектемірова [2004,
71 б.].
МЫСЫҚ туралы айтпас бұрын алдымен аңыз еске түседі. Ертеде
Адам ата мен Хауа ана жұмақтан қуылып жерге түскенде үй жануарлары
бірінен соң бірі келіп, өз көмектерін ұсынып, бірге тұру туралы адамдар-
дан келісімін сұрайды. Алдымен ат келеді: мінсең көлігің боламын, ауыр
жұмыстарыңды істеп беремін, бірге тұрайық дейді. Содан сиыр келеді:
саусаң сүтім бар, жесең етім мен майым бар, бірге тұрайық дейді. Енді
қой келеді, бірге тұрайық, жүнімнен киім киесің, етімді жейсің. Соңынан
ит келеді. Малдарың мен үйіңді күзетемін, аңға бірге шығамын, кел,
бірге тұрайық дейді. Аңыз бойынша адамдарға иттен кейін келіп, үйіңде
тышқан аулаймын, балаңды құйрығыммен ойнатып алдандырамын, бірге
тұрайық дейді. Бірақ мен қай кезде келемін, кетемін өзім білемін деп өз
шартын қойған содан «кошка, которая гуляет сама по себе» деген сөз
қалған деседі. Мысық туралы аңыз, əңгімелер көп болғанымен, қазақ
тілінде ең аз фразеологизмдер осы хайуанатқа қатысты жасалған.
Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: