241
аудармасы: «Унас говорят вполне справедливо: у кого есть брат, у того
и воротник» (151) (аудармашы М.Балыкин).
Қазақ мəдениетінің бір ерекшелігі туысқандық қарым-қатынас – ұлт
ерекшелігінің ең маңызды қасиеттерінің бірі. Ал туыстық атауларға
түркі тілдерінің ішінегі ең бай тіл қазақ тілі. Мақалдың мазмұны кімнің
алдында ағасы тұрған болса, ақылшысы, көмекшісі, қорғаушысы бар
деген мағынада айтылады. Аударманың сəтсіздігінен басқа мəдениеттегі
оқушы үшін «воротник» сөзі нендей түсінікті ассоциациялауы мүмкін?
Негізінде түпнұсқада бар фазеологиялық тіркес сол шығарма үшін
орасан тілдік-көркемдік-стильдік қызметті атқарумен қатар, ұлттық
мəдениеттен дерек беретін мəдени ақпар көздері. Кез келген ұлттық
мəдени лексика мен фразеологиялық тіркестерде сол ұлттың мəдени өмірі
жатыр. Сондықтан мүмкіндікке қарай, еркін аударма ондай ақпарларды
қамтуы тиіс.
Мысалы:
• Бүгін мынау Абай тап
бір ет асым жапа-жалғыз өзі сөйледі. (27 б.).
• Вот хотя бы этот Абай, говорит один без умолку.
Целый котел
мясо успел свариться, пока он тут болтал. (с. 28).
• Сонымен, енді
бір шай қайнатым ішінде айтқанындай отыз құр ат
кедей үйлерінің босаға-босағасына кеп байланып қалды. (193).
•
И не успел бы вскипеть чай, как в аулах уже были привязаны к
юртам тридцать самых лучших коней из табуна. (188).
Бір ет асым уақыт, бір шай қайнатым, сүт пісірімдей т.б. уақыт
өлшеміне негізделген тіркестер қазақи ойлау, қазақи болмыс үшін
пəлендей түсініксіз емес.
Уақыт, кеңістік, өлшем ұғымдары қазақ мəдениетінде ежелден өзіндік
ұлттық қабылдау ерекшеліктерімен түсіндіріліп келген. Секунд, минут,
сағат сияқты дəлдікпен есепке алынбаған уақыт бедері əлем суретін
танудағы қазақ ұлтының кеңістік пен өлшем туралы ұғымдарының да
тек қазақ менталитетіне тəн болмыс түрлерін танытады. Шындап кел-
генде қазақты дүниедегі басқа елден ажырататын да осындай болмысы
мен тіршілігі дейміз.
Түпнұсқада (1 мысалда) небары он бір компонент бар. Ал аударма-
сында ой екі сөйлемге бөлінген, он сегіз компонентпен түсіндіріледі.
243
Мысалы:
• Кербез дұрыс айтқан екен, бір күні Майраның да айттырған
күйеуі
ұрын келіпті. (478 б.)
• Кербез была права, однажды приехал и жених Майры
«урын» – украдкой, тайно – как называют обычно люди этот
обычай (510 б.).
Мысалдар Ғ.Мүсіреповтың «Атақты əнші Майра» əңгімесінің аудар-
масынан алынды. Аудармашының ана тілінде еркін жүзіп сөйлейтін жəне
ұлттық менталдықтан хабары мол екендігін əңгімені бастан аяқ оқып
отырғанда-ақ байқалады.
Аудармамен шұғылданатын кəсіби тəржімашылар
координативті
Достарыңызбен бөлісу: