Монография «Елтаным баспасы»


рышкан табар, ташка кадак кадар



Pdf көрінісі
бет187/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   193
рышкан табар, ташка кадак кадар – аллитерациялық жəне ассонанстық 
дыбыстық қайталаулармен кездесетін фразеологизмдерді қазақ тіліне еш 
өзгеріссіз қолдануға əбден болады. Жалпы татар тілінде де, қазақ тілінде 
де мұндай фразеологизмдер өте көп кездеседі.  
 
 
 
 
 
6.5 Фразеологизмдерді аударудағы екі мəдениет диалогы
Қазіргі уақытта, жаһандану жəне интеграция жағдайында, халықаралық 
байланыстардың кеңейіп, ақпарат алмасуына орай, мəтіндерді бір тілден 
екінші тілге аудару үрдісі ғалымдардың назарындағы үлкен мəселе. За-
манауи аударматану мəдениаралық қатысым жағдайында іске асып, жаңа 
антропоөзектілік парадигма шеңберінде даму үстінде. Аудармада тіл 
мен мəдениет, тіл мен ойлау, мəтіндегі əлемнің тілдік бейнесі тоғысады. 
Бұл ретте аударма тілдер мен мəдениеттердің өзара əрекеттесу феномені 
ретінді үш негізгі деңгейлерге сəйкес бағаланады: тіл – əлем – мəтін. 
Адамзат екінші мыңжылдықты артқа тастап, үшінші мыңжылдыққа 
аяқ  басқанда  түрлі  ел,  халық,  ұлт  бір-бірімен  өзара  байланыстылық 
жəне бір-біріне өзара ықпалдастық жолын нығайтуға ден қойды. Бұл 
үдеріс барлық елдің қоғамдық өмірін түгел қамтыды десе болғандай. 
Өйткені  дəл  бүгінгі  таңда  ұлттар  арасында,  əсіресе,  əлеуметтік  топ-
тар мен мемлекеттік институттар, қоғамдық қозғалыстар жəне жеке-
леген мəдениет қайраткерлері арасындағы мəдени қарым-қатынас ба-
рынша тереңдеп, жан-жақты өркендеп келеді. Халықтар арасындағы 
мəдени  қарым-қатынастың  өркендеуі  ұлттық  ерекшелікті  көрсететін 
ұлт мəдениетін насихаттаудан басталады. Бұл – елді танытудың рухани 
құралының ең бастысы. 
Ұлттар мəдениетінің өзара əрекеттестігі қашан да төл мəдениеттің 


237
тасада  қалмай,  мəдени  құндылықтар  бар  болмысымен  тұтас  көрініс 
табуы керек. Кез келген мəдени контактілер ұлттар алдымен бір-бірін 
мойындаудан, өзара құрметтен тұрады. 
Əр ұлттың тұрмыс-тіршілігінде қалыптасқан дəстүрлер, қоғамдағы 
ұлттық əдеп т.б. толып жатқан өзгешеліктер алдымен тілінен көрініс 
табады. Кез келген тілде өзіндік «əлем суреті» ежелден қалыптасқан. 
Аудармаға қатысты қиындық осы тұста байқалады.
Жалпы этномəдени ақпаратты, əсіресе ұлттық құндылықтарды жет-
кізуде  көркем  аударма  кезінде  аудармашы  айтарлықтай  кедіргілерге 
ұшырайды.
Аударма  үдерісінде  пайда  болатын  қиындықтарды  белгілеу  үшін 
«лингвоэтникалық кедергі» ұғымы қолданылады. Себебі аудармашы екі 
семиосфераның, яғни «өзім» мен «өзгенің» тоғысқан жерінде, екі тіл мен 
екі ұлттың арасында дəнекер болады. Сондықтан, əрбір шет тілді мəтін 
аудармашы үшін лакуналық болып келуі аудармашыдан лингвистикалық 
аялық  (фондық)  білімін  жəне  əлем  бейнесін  толық  жеткізуді  талап 
етеді. Мұны əсіресе, этномəдени бірліктерді аударуда байқауға болады 
[Cмағұлова, Керимова, 260].
Аударма кезінде басқа тілде концептіге сай келетін сөзбе-сөз экви-
валенті болмаса, онда ұлттық мəдени концепт туралы айтуға тура ке-
леді. Бұл жөнінде В.П. Нерознак: «Безэквивалентная лексика, или то, 
что обычно называют «непереводимое в переводе» и есть тот лексикон, 
на материале которого и следует составлять списки фундаментальных 
национально-культурных концептов»(1998, с. 85) дегеніндей, аударуға 
келмейтін аялық білімді қажет ететін тіркестер тізімі, шын мəнінде, ір-
гелі ұлттық мəдени концептілерден тұрады. 
Сөздік құрамның негізгі қоры ретінде саналатын əр ұлттың тек өз тілі-
не ғана тəн сөздері мен тіркестері болады. Əдетте лексикалық қабаттарды 
жіктегенде мұндай сөздер этнографиялық лексиканы қамтуы мүмкін 
немесе аялық білімді жеткізетін фондық лексика, сонымен қатар тілдік 
лакундар деп аталатын ерекшеліктер де бар. Қалай десек те, аталған 
сөздер  ұлттың  өзіндік  бітім  болмысынан  шығатын  номинатив,  яғни 
ұлттық болмыс лексикасы. Əрбір ұлттың тіліндегі мұндай лексика сол 
ұлттың тұрмыс-тіршілігі мен күн көріс салты, менталдық ерекшелік-
теріне байланысты ұғымдарды атауы болып қалыптасады. Ол ұғымдар 
ұлттық нышан ретінде тек жеке лексика ғана емес, тіркесті сөздерден 
де көрініс табады. 


238
Аударма  əдебиеттер  тілінің  лингвистикалық  ерекшеліктерін  анық 
байқататын тұс осы ұлттық болмыс сөздерінің берілуі. Жалпыхалықтық 
жəне арнаулы лексикалардың екі тілді сөздіктердегі аудармалары көп 
жүкті жеңілдеткенімен ұлттық болмыс лексикасы тəржімашылар үшін 
енді  ұлт  мəдениетінің  қалың  қатпарларын  танып  білуді  қажет  етеді. 
«Сөздік біткен жерде аударма басталады» деген нақыл тегін айтылма-
са керекті. Ендігі жерде аударма мəтінінде ұлт тілінің табиғи қалпын 
сақтау үшін ұлттық мəдени деректері бар сөздер мен тіркестердің ішкі 
мағынасына назар аударып, əрі стильдік-көркемдік құралдарын сақтай 
отырып, екінші тілде еркін түсінігін жасау міндеті, əрине, оңай шаруа 
емес. 
Ұлттар арасындағы мəдени байланысты қалыптастыруға ықпал ететін 
көркем əдебиет аудармаларының басты ерекшеліктері болып саналатын 
тұрақты тіркестерді аудару мəселесі ұлттық мəдени концептілерге келіп 
тіреледі. Бұл ретте аударма мəселелерінің ішінде айырықша назар ауда-
ратын тұс – фразеологизмдердің аударма əдебиетте берілуі. 
Демек ұлттық нышан астарында берілетін қазақ тілінің фразеологиялық 
қорын, паремиологиялық үлгілерін, ұлттық өлшем ретінде қалыптасқан 
теңеулерін, бейне-символдарын, коннотациялық ұғымды сөздерін аудар-
ма əдебиетте беру қандай жолдармен, əдіс-тəсілдермен жүзеге асырыла-
ды деген сауал туындайды. 
Аударманың, əсіресе көркем аударманың, күрделі тұсының бірі – ол 
тарихи-мəдени  ақпаратты  жеткізу,  белгілі  біз  сөз,  тіркестің  астарлы 
ақпаратын адекватты түрде ашып беру, оның мағынасын жоғалтпау. 
Мысалы, І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясынан алынған 
үзіндінің  сəтсіз  аударма  үлгісін  қарастырайық:  «... он жеті  жасар 
Əбілқайырды азулы тілектестері Дешті Қыпшаққа хан етіп ақ кигізге 
көтерді. Бақ құсы басына қонып, ақ түйенің қарны жарылды». 
М. Симашконың тəржімалауында жоғарыдағы үзінді былай беріледі: 
«Семнадцати лет от роду был поднят на белой кошме Абулхаир, в знак 
правозглашения его ханом. Птица счастья опустилась на его голову и 
в жертву был принесен белый верблюд».
Əрине,  сөзбе-сөз  аудару  «ақ  түйенің  қарны  жарылды»  тіркестің 
мағынасын жəне аударма мəтінінің мəдени коннотациясын бұрмалайды. 
Осындай  маңызды  тарихи-мəдени  ақпараттың  сəтсіз  аударылуы 
аудармашының фондық білімінің жоқтығына дəлел. Ақ түйенің қарны 


239
жарылды
 – молшылыққа, қуанышқа, жақсылықка, үлкен тойға кенелді 
деген мағынада қолданылатын дағдылы тұрақты тіркес, метафоралық 
мəні бар, ұлттық дүниетанымның бір көрінісі. Ал орыс тіліндегі аудар-
ма мазмұныны жақсылық, қуаныш емес, құрбандық шалу мағынасына 
қарай аударылған. [Cмағұлова, Керимова, 262]. Бұл – коммуникативті 
сəтсіздіктердің айқын көрінісі.
Коммуникативті сəтсіздіктер себептеріне тілде қолдануын реттейтін 
лексика-фразеологиялық шектеуліктерді жатқызуға болады. Осындай 
ақаулықтар тіл бірліктері мағынасын адекватты түрде түсінбегендіктен, 
мысалы, жалған эквиваленті білмегендіктен туындайды. Коммуника-
тивтік сəтсіздіктер тек қана қатысым кодын (тілді) білмегендіктен емес 
(лингвистикалық сəтсіздіктер), сонымен қатар, тілден тыс білімдердің 
болмауынан (семиотикалық сəтсіздіктер) пайда болады. Əдетте,  жиі 
кездесетін семиотикалық ахуалдарға өзге мəдениетке тəн символдар 
мен салт-дəстүрлерін түсінбеу, оларды адекватты түрде қабылдау жа-
тады. Осындай коммуникативтік сəтсіздіктерге ұшырау айтарлықтай 
мəдениаралық қақтығысты тудырады [Cмағұлова,  Керимова,  2019, 
260].
Аудармашының коммуникативтік жəне линнгвоэтникалық құзыреті 
мəдениаралық қатысым үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылатын 
аударманың сапасын бағалайды.
Қазақ тілінде оқитын оқырман үшін аударманың неғұрлым өз тіліне 
бейім, сəйкестеніп тұруы үлкен шеберлікті қажет етеді. Мысалы:
• Савельич те менің істегенімді істеді, ал күзетшілер жерден жеті 
қоян тапқандай бізді айдап кете барды. (106 б.). 
• Савельич последовал по моему примеру, и караульные повели нас 
с торжеством. (с. 311).
Мысалдар А.С.Пушкиннің «Капитанская  дочь»  шығармасының 
Ə.Тəжібаев аудармасынан алынды. Қазақ ұғымына «с торжеством» – 
«салтанатпен» дегеннен гөрі осы ұғымға жақындау ерекше қуанышты 
білдіретін «жерден жеті қоян тапқандай» фразеологизмі тонның ішкі 
бауындай етене жақын əрі эмоционалды-экспрессивті. 
Қазақ фразеологизмдерінің аударуға келмейтін, баламасын табу қиын, 
ұғымда жоқ метафоралы түрлері кейде көркем əдебиет аудармаларында 
мүлдем түсіріліп қалатын кездері болады. 


240
Мəселен, М.Əуезовтың «Абай жолында» көзіміз түскен кейбір тұрақты 
тіркестер орысша нұсқада кездеспейді. Олар: «мүрдем кету», «абы-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет