15
Фразеологизмдердің сөйлем ішінде мағынасының толық түсінікті
болуына қызмет ететін сөздер болады. Мысалы,
жел аяқ, табаны жерге
тимейтін, алдына жан салмайтын
деген тікестер соңынан
жүйрік
сөзі тұрады. Мəтін ішінде кейде түсіріліп қолданылса да мəнмəтінде
жүйрік адам туралы екендігі түсінікті болады. Мұндай сөздерді
сүйемел
сөздер
(орыс тіліндегі нұсқасы «слова сопроводители») деп атадық.
(Фразеологизмдердің синтагматикалық қатынастары туралы осы кітап-
та арнайы сөз етіледі).
Фразеологизмдерге əдетте эмоциялылық пен экспрессивтілік тəн.
Дегенмен де адамның түрлі сезімдік əрекеттерін бейнелеуде, əсіресе
күрделі эмоцияны білдіретін, ашулану, ұрсу, ұру, қорқу т.б. ерекше
эмоциялық реңкті фразеологизмдер тобы бар. Тұрақты тіркестердің
мағыналық топтарының арасында бұлар
жоғары эмоциялы фразеоло-
гизмдер
деп аталады. Аталған терминдер «Мағыналас фразеологизм-
дердің ұлттық-мəдени аспектілері» монографиясынан алынды
[Смағұлова, 1998, 41 б.].
Қазақ фразеологизмдерінің ұлттық танымдық сипаттарының ерек-
шеліктері соңғы жылдары фразеологизмдердің лингвомəдени ремалары,
фреймдері, схемалары т.б. с.с. орыс тілі арқылы енген сөздермен талда-
нып жүр. Зерттеу бағыттарына байланысты мұндай сөздер əрі қарай да
молая түсуі мүмкін. Оларды да сұрыптап, ең жиі қолданылатындарын
елеп, екшеп отыру қажет. Фразеология дербес ғылым саласы ретінде
əлі де зерттеле беретіндіктен, басқа да көптеген терминдердің енуі,
қалыптасуы заңдылық.
Достарыңызбен бөлісу: