тұтастық, тұрақтылық, тиянақтылықФЕ-нің басты, негізгі бел- гісі дегенде … деген сөйлемнен бастап дұрыс қолданылған. Аталған
кемшілік І.Кеңесбаевтың Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер (1987)
деген еңбегінің 204 бетінде сол күйінде тағы да қайталанып басылып
кеткен. Өкінішке орай, көптеген фразеолог зерттеушілер қате қолданған
белгілердің түрлерін оқу құралдары мен монографиялық сияқты біраз
еңбектерде, жазып жіберген [Қ.Қалыбаева, С.Сəтенова, Н.Уəлиұлы,
Г.Смағұлова].
Қазақ тіл білімінде фразеологияның зерттеу нысанының тақырып аясы
кеңіп, жан-жақты, терең ізденістердің нəтижесінде жаңадан жасалған
терминдер қалыптаса бастады. Бұлар ғылыми айналымға еніп, тұрақтала
бастады.
Мəселен, фразеологизмдердің сырт тұлғасы жағынан жарыспалы екі
қатардан тұратын: ұзында өшті //қысқада кекті, ақ дегені алғыс // қара дегені қарғыс, отырса опақ // тұрса сопақ т.б. тіркестерді І.Кеңесбаев
«өзгеше бір копуляция жолымен салаласа тіркескен параллельді