Монография «Елтаным баспасы»


тілінің фразеологиялық сөздігі»



Pdf көрінісі
бет27/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   193
Байланысты:
Verstka

тілінің фразеологиялық сөздігі»
.  Автор  сөздікке  11  мыңға  жуық 
фразеологиялық тіркестерді енгізген. 
Əрине, бұл сөздікте қазақ тілінің барлық тұрақты тіркестері толық 
қамтылды деуге болмайды. Фразеологиялық тұтастық, бірлік, тізбек деп 
аталған түрлеріне мысалдар жинақталған. Қазақ фразеологиясы үшін 
бұл сөздік өте қажетті жəне күні бүгінге дейін сұранысықа ие құнды 
еңбек болды. 
Өткен ғасырдың 70-жылдарынан былай қарай қазақ фразеологиясының 
зерттелу  барысында  алдымен  фразеологияны  жеке  лингвистикалық 
пəн  ретінде  анықтау  үшін  көптеген  еңбектер  жазылды.  Осы  кезде 
фразеологизмдердің  тақырыптық-мағыналық  топтары  анықталды. 
(Ə.Қайдар,  Р.Жайсақова).  Қазақ  фразеологиясының  жалпы  корпу-
сы  анықталған  соң,  енді  оның  тілдік  ерекшеліктерімен  қоса,  ұлттық 
мəдени аспектілеріндегі прагматикалық жақтары, фразеологизмдерді 
жасаған халықтың этнос ретінде тіл арқылы əлемді қалай таныды, өзін 


20
өзгелерге ұқсамайтындығын қандай салт, дəстүрмен көрсеткендігін тіл-
дегі қалыптасқан тұрақты тіркестер айтып бере алатындығын ғалымдар 
ұсынған этнолингвистика саласы да фразеологиямен қатар сөз етілді. Бұл 
ретте фразеологизмдердегі этнос мəдениеті, яғни этнолингвисткалық 
зерттеулер (Ə.Қайдар, М.М.Копыленко) қалыптаса бастады.
Ұлт тілінің өзіне ғана тəн поэтикалық ерекшелігі фразеологизмдердің 
жасалуына, қалыптасу кезеңі мен тұрақтылыққа жету кезеңіне игі əсерін 
тигізеді. Мəселен, параллель фразеологизмдер деп аталған (І.Кеңесбаев) 
«айрандай  аптап,  күбідей  күптеп»,  «ұзын  арқау,  кең  тұсау»  т.б.  «жа-
рыса жұп құрайтын» тіркестер тобы фразеологиялық қордың ішінде 
бір төбе. Ғылыми үрдіс бойынша мұндай тіркестер тілдік терминмен 
дəйектеліп,  қос тағанды фразеологизмдер  деп  ғылыми  айналымға 
енгізілді. («Қос тағанды фразеологизмдердің тілдік жəне поэтикалық 
табиғаты» С.Сəтенова, 1997). Сөйтіп қазақ фразеологиясының тұлғалық 
ерекшеліктерінің тағы бір түрі айқындалды.
Қазақ  ұлтының  мəдени  өмірінің  ерекшеліктері  ретінде  фразеоло-
гизмдер  менталдық  бірліктер  деп  аталады.  Өйткені  ұлт  мəдениетін 
танытудағы рөлі айырықша назар аудартып, ерекше бағаланады. Бұл 
ұлт  тіршілігінен  жəне  ұлттың  менталдық  өрісінен  хабардар  ететін 
фразеологизмдердің мағыналас түрлерінен анық байқалады. Соған орай, 
фразеологизмдердің семантикалық категориялары талданып жаңа із-
деністермен толықтырылды. («Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-
мəдени аспектілері» (Г.Смағұлова, 1998).
Ал  қазақ  фразеологиясының  семантикасы  жəне  тұрақты  тіркес 
мағыналарының ішкі формасы туралы арнайы зерттеу монографиялық 
еңбекте  қарастырылды.  («Қазақ  фразеологизмдерінің  семантикасы». 
Р.Авакова, 2003). 
Сондай-ақ, тұрақты тіркестерді салыстырмалы жəне салғастырмалы-
типологиялық бағыттағы зерттеулер («Түркі фразеологиясы». А.Нұрма-
ханов, 1998., «Поэтикалық фразеологизмдердің этномəдени мазмұны». 
Қазақ жəне монғол тілдерінің материалдары бойынша. Г.Сағидолдақызы, 
2003. Салыстырмалы түркі фразеологиясы. Қ.Қалыбаева. 2009) жəне 
құрылымы жағынан сөз тіркестері (номинатив мəнде) мен сөйлемге (ком-
муникатив мəнде) ұқсас болып келетін фразеологизмдер арнайы бөліп 
қарастырылып, олардың тілдік жəне қолданыстық табиғаты талданған 
(А.Байтелиев.  «Қазақ  тіліндегі  номинативтік  жəне  коммуникативтік 


21
фразеологизмдердің тілдік табиғаты мен контексте қолданысы» 2009) 
т.б. еңбектер қазақ фразеологиясының теориялық мəселелеріне өзіндік 
үлес қосқан ғылыми еңбектер болып саналады. 
Бұл  ретте  фразеология  саласының  көш  басында  тұрған  акад.
І.Кеңесбаевтың еңбектерінен бастап, күні бүгінге дейін фразеологиялық 
зерттеулерді жеке-жеке сөз етсек, онда хронологиялық тəртіп бойынша 
анықтама да түзуге болады. 
Ең бастысы өткен ХХ ғасырдың екінші жартысы қазақ фразеоло-
гиясының тақырыптық жəне лексика-семантикалық ерекшеліктерінің 
сипатталуымен құнды. Бұл қазақ фразеологизмінің корпусын қалып-
тастыруға негіз болған ізденіс нəтижелері деп бағалаймыз. Сондай-ақ, 
бұл бағыт жалпы лингвистикалық зерттеулердің оның ішінде фразеоло-
гия да бар, лингвистикалық компаративизм деген ғылыми парадигмаға 
жатады. Оның басты принципі салыстыру арқылы тарихи зерттеу бол-
ды. Фразеологизмдерді таксономдық жəне классификациялық үлгіде 
деңгейлік модельдерін анықтады. (Ə.Қайдар, Р.Жайсакова, С.Сəтенова т.б.) 
Өткен ғасырдың соңғы ширегінен бастап, жаңа лингвистикалық та-
ным фразеологизмдерді зерттеудің құрылымдық жүйе парадигмасын 
қалыптастырды.  Мұндағы  басты  принцип  тұтастық  пен  жүйелілікке 
негізделді.  Тілдік  құрылымдағы  оппозиция  –  «тіл-сөйлеу»,  «пардиг-
ма-синтагматика», «синхрония-диахрония» əдіснамасы қазақ фразеоло-
гиясында жемісті ғылыми нəтижелерді берді. (Ə.Қайдар, М.Копыленко, 
Г.Смағұлова, С.Сəтенова, Р.Авакова Қ.Қалыбаева, Б.Жұбатова т.б.)
Өзіндік ерекшеліктері бар тілдік бірлік ретінде фразеологизмдердің 
тұлғалық жəне мағыналық сипаты лингвистикалық ғылыми зерттеулердің 
түрлі нысандарына тақырып болды. Əсіресе, кейінгі зерттеулер ішінде 
ұлт мəдениетіне қатысы əр түрлі ғылымдар түйісінде: тарих, этноло-
гия,  психология,  когнитология,  əлеуметтік  лингвистика,  қолданбалы 
лингвистика,  философия,  аударматану,  стилистика,  прагмастилисти-
ка жəне тіл мəдениетінде т.б. жан-жақты қарастырылып, жалпы қазақ 
фразеологиясының теориялық жəне практикалық қолданбалы жақтары 
терең сараланып келеді. Бұл ретте, тілді адаммен, оның болмысымен бір-
ге қарастыру антропоцентрлік зерттеулерге өзек болды. Жан-жақты дами 
келе, коммуникативтік-прагматикалық парадигмаға ұласты. Мұның 
басты принципі номинация жəне референция теориялары мен сөйлеу 
əрекетінің ерекшеліктеріне негізделеді. 


22
Сондықтан да қазақ тіліндегі фразеологизмдердің басқа да ғылым 
салаларымен  тығыз  байланыста  бұлай  жан-жақты  қарастырылуы 
фразеологияның  пəн  ретінде  зерттеу  аясының  тереңдеуін  көрсетеді, 
əрі  тілдік  талдаулармен  нақтылануы  жалпы  фразеологияның  зерттеу 
нысанының күрделенгенін жəне бүгінгі тілтаным тұрғысынан алғанда, 
бұған дейінгі қалыптасқан кейбір ой-пікірлерді басқа қырынан, басқаша 
қарауда талап етеді. 
Қазіргі кезде түрлі мəдениеттер диалогы əр ұлттың өзіндік ерекшелік-
терін тек тілдік бірліктер арқылы жай  сипаттауды ғана емес, олардың 
этномəдени танымын нақты адамдық фактор арқылы «сөйлеуін» қажет 
етеді.
Бұл ретте когнитивтік фразеологияның рөлі ерекше болмақ.
ХХ ғасырда қалыптасқан дəстүрлі құрылымдық иманентті тіл білімі-
не  когнитивтік  лингвистиканың  бірінші  орынға  адамдық  факторды 
шығаруы, ендігі жерде адам танымын аттап өте алмайтын «тілді адаммен 
бірге» қарастыруды басты ғылыми бағыт етіп қойды. 
Кезінде «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мəдени аспектілері» 
туралы зерттеуімізде (1998) біз өз тарапымыздан бұл мəселеге азды-көпті 
пікір білдіргеміз. Мəселен, халық рухы қашанда өз ұлтының тілінен 
көрініс табады. Ал этнотілдік ерекшеліктердің басты көрсеткіші – фра-
зеологизмдер.  Себебі  мұнда  ұлттың  тұрмыс  тіршілігі,  тұтастай  өмір 
сүру мəдениеті сипатталады. Фразеологизмдер сөйлеу жəне жазба тілде 
бағалауыштық қызметімен ерекшеленіп, өзіндік бейнелі, эмоционалды-
экспрессивті жағынан айтушы мен тыңдаушы арасында жай хабарла-
су, ойды көркем жеткізу ғана құралы емес, түрлі сезімдік жақтарына 
əсер ету мүмкіндігіне ие болатын менталдық бірліктер ретінде таныла-
ды деген тұжырым жасалған.[Cмағұлова, 1998]. Сондай-ақ, моногра-
фия авторы қазақ фразеологиясын жеке лингвистикалық пəн ретінде 
қалыптастыру  мақсатында  оқыту  үдерісіне  бірнеше,  атап  айтқанда: 
бакалавриатқа – «Фразеологизмдердің семантикалық категориялары», 
«Мағыналас фразеологизмдер», «Фразеологизмдердің стильдік ерек-
шеліктері»,  магистратураға  –  «Фразеологизмдердің  лингвомəдени 
сипаты»,  докторантураға  –  «Тұрақты  тіркестердің  антропоцентрлік 
когнициясы» атты электив курстарын енгізді. 
Қазақ  фразеологиясы  –  өзіндік  зерттеу  нысаны  мен  ғылыми 
проблемаларының  бағыты  жəне  аумағы  айқындалып  қалыптасқан 


23
пəн.  Сондықтан  тіл  білімінде  фразеологияны  зерттеу  аспектісі 
лингвомəдениеттану,  когнитивтік  лингвистика  тұрғысынан  жаңа 
қырлары талданып, фразеологияның қазіргі лингвистикалық пардигма-
лары таныла бастады.
Бұл  шолулар  өткен  ғасырдың  екінші  жартысынан  бері  қазақ 
фразеологиясының  жеке  ғылыми  пəн  болып  қалыптасуына  қазақ  тіл 
білімінде біраз арнаулы зерттеу еңбектері жазылғандығының дəлелі. 
Осыларды сараптай келе, қазақ фразеологиясының зерттелу тарихы мен 
бағыттарын мынадай деп бөлуге болады.
Ø  Қазақ  фразеологиясының  жеке  лингвистикалық  пəн  ретінде 
қалыптасуы.
Ø  Қазақ  тіліндегі  тұрақты  тіркестердің  мағыналық-тақырыптық 
топтары  мен  грамматикалық,  стильдік  ерекшеліктерінің  арнайы 
қарастырылуы. 
Ø Тұрақты тіркестердің лингвомəдени бірліктер ретінде фразеоло-
гизмдердің прагматикалық аспектілерінің ғылымдар түйісіндегі жаңа 
ғылыми бағытта зерттелуі.
Ø Фразеологиядағы əлем суретінің антропоцентрлік ерекшеліктері, 
фразеологизмдердің концепт бөліктерін құрайтын мəртебесі бойынша, 
когнитивтік фразеологияның ғылыми аренаға шығуы. 
Тілдік бірлік ретінде фразеологизмдер қазақ тіл білімінде ерекше 
зерттеу нысаны екендігі əр жылдары жазылған ғылыми талдаулардан 
байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет