Монография «Елтаным баспасы»


Фразеологияның қазіргі жағдайы мен



Pdf көрінісі
бет28/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   193
3. Фразеологияның қазіргі жағдайы мен 
əлемдік ғылымдағы даму тенденциясы 
ХХ ғасыр лингвистикасында фразеологиялық тұлғаларды дəстүрлі 
зерттеудің екі түрі қалыптасты деуге болады. Соның бірі континентал-
ды еуропалық, екіншісі англо американдық. Десек те бұлай бөлу шарт-
ты. Себебі ғылымның дамуында географиялық шектеулі шекара жоқ. 
Аталған дəстүрлі зерттеулердің екі түрі де өзара байланысты жəне жалпы 
сипаттары ұқсас, алайда өзара ерекшеліктері де жоқ емес.
Континенталды еуропалық дəстүрдің арғы түп тамыры Ш.Балли [Bally 
1905]; орысша аудармасы [Балли 1961] есімінен басталады. Ал Ресей 
ғалымдарының «тұтасқан сөздер» мəселелері туралы В.К.Поржезинский 


24
[1910]; А.А.Шахматов [1941]; Ф.Ф.Фортунатов [1956] еңбектерінен бас-
тау алады. Бұл бастама ары қарай француз, орыс, неміс тіл білімінде 
жалғасын тапты. 
Зерттеу дəстүрінің қалыптасуына негізгі үлес қосқандар – орыс лин-
гвистері. Фразеологиялық зерттеулердің Ресейлік дəстүрі 1940 жылдары 
В.В.Виноградов есімімен байланысты болды. Ол швейцарлық лингвист 
Ш.Балли концепциясына сүйеніп, фразеологизмдердің классификация-
сын ұсынды. В.В.Виноградов ұсынған фразеологиялық тұлғалардың: 
фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік жəне фразеологиялық 
тізбек  деген  үш түрі барлық фразеологиялық зерттеулердің  тұғырлы 
концепциясы болып, ұзақ жылдар бойы орыс тілтанымында кеңестік 
фразеологияның дамуын айқындады. Сондай ақ, бұл үрдіс те шетел-
дік зерттеушілердің жəне ресейліктердің еңбектерінде  дамытылып
толықтырылып отырды. Мəселен, Н.М.Шанский В.В.Виноградовтың 
классификациясына фразеологиялық сөйлемше (өз ішінде коммуникатив-
тік сипаттағы фразеологиялық сөйлемше жəне номинативтік сипаттағы 
фразеологиялық сөйлемше) деген түрін қосады. 
Басқа тілдердегі фразеология туралы айтқанда негізінен өзге при-
нциптерге сүйенген классификациялар ұсынылды. Мəселен, фразеоло-
гия теориясын зерттеген Н.Н.Амосова, А.А.Кунин, И.И.Чернышева т.б. 
бар. 
И.Е. Анчиков В.В.Виноградовқа қарсы ашық пікір талас ретінде 
өзіндік, əрі еркеше фразеология теориясын ұсынады. Ол өз зерттеу-
лерінде фразеологияны лингвистикалық пəн ретінде сөздердің тіркес-
імділігін – сөз формаларының тіркесімділігіне синтаксиске қарама қарсы 
қояды. «Идиом» терминін И.Е. Анчиков еркін тіркестерден бастап, мақал 
мəтелдер жəне идиомдардың мағынасына қарай кез келген сөз тіркесіне 
қолданады. 
И.Е. Анчиковтың басты идеяларының бірі құрамына қарай кез келген 
тіркес байлаулы болып келеді дейді. 
Өз классификциясын ұсынғанда В.В.Виноградовтан И.Е. Анчиков-
тың ерекшелігі ол фразеологизмдердің уəжділігінен  гөрі олардың 
құрылымдық параметрлеріне көбірек назар аударады. Соның нəтижесінде 
сөз тіркесінің үш типін бөліп көрсетеді: 
Ø бір сыңары толық, екініші сыңары жартылай мағыналы 
Ø екі сыңары да толық мағыналы 


25
Ø үш немесе одан да көп сөйлем құрылымдас толық мағыналы жəне 
бірнеше сөйлемнен тұратын [Анчиков. 1997 а: 105].
Бұл топтаулардың соңғы түрінде тұтас мəтін фрагменттері де енетіні 
белгілі. Былай қарағанда, И.Е. Анчиковтың пайымдауы бойынша, фразе-
ологизмдер лексикон көлемінен шығып, мүлдем басқа сипат алып, мəтін 
лингвистикасының қатарына енеді.
Негізінен қалыптаспаған өлшемдер бола тұра, бұл классификацияның 
басқа да екі түрін көрсетеді: 1) коллокациялар (В.В.Виноградов бойын-
ша фразеологиялық бірліктер) жəне 2) идиом, мақал мəтелдер қазіргі 
түсінік бойынша сөйлеу формулалары. И.Е. Анчиковтың көп идеяла-
ры өз уақытынан бұрын ерте айтылған дейді Ю.Д. Апресян. [1989]. 
Шын мəнінде И.Е. Анчиков лексикалық функциянының басымдығын 
көрсеткендіктен,  əрине, фразеологизмге қойылатын шарттардан  тыс 
кеткен. 
Жоғарыда талданған пікірлерді түйіндей келе, мынаны айтуға болады. 
Орыс тіл біліміндегі фразеологияның кеңестік кезі мен соңғы жылдардағы 
ресей лингвистикасының даму бағыты мен зерттеу  нəтижелерін 
сараласақ, В.В.Виноградов классификациясын модификацияланған 
түрлері деуге болады. Тек кейбір орыс зертеушілерінің роман, герман 
тілдерінің материалдарымен жұмыс істегенде соны теориялық концеп-
циялары пайда болғанын айту керек. Мəселен, И.И.Чернышева неміс тілі 
фразеологиясын қарастырғандағы ғылыми тұжырымдары əрі ресейлік, 
əрі шетел фразеологиясына ортақ жетістік деп бағалауға болады.
Кеңестік фразеология 50-70 жылдары бұл пəннің шетелге қарағанда 
дамуы жағынан жақсы жетістіктерге жеткенімен ерекшеленеді. Сол кез-
де айтылған көптеген идея, пікірлерді ағылшын тілділер, əсіресе, неміс 
тілділер барынша пайдаланған. Бұл ретте, неміс фразеологиясының 
қарқынды зерттелуінде (бірінші кезекте Германия мен Швейцария) кеңес 
зерттеушілерінің іс тəжірибесіне көп сүйенген.
Өткен ғасырдың 70-жылдарында фразеологизмдердің классифика-
циясына деген қызығушылық кеми түсті. Фразеологизмдердің түрлері 
туралы айту тек оқулықтарға тиесілі болды.
Енді фразеологизмдердің ары қарай зерттелуі нақты синтаксистік, 
фразеологизмдердің семантикалық ерекшеліктері туралы,  олардың 
дискурстық көрінісі, прагматика жəне олардың психологиялық қабылдау 
ерекшеліктері туралы болды. Соңғы бағыттар алдымен американдық, 


26
итальяндық психолингвистикада, когнитивтік психологиядан көрініс 
тапты.
Қазіргі кезеңде фразеологияны зерттеу орталығы Ресейден в Батыс 
Еуропаға ойысты, ал АҚШ та фразеология əлі экзотикалық пəн ретінде 
қалып отыр. Бұл жөнінде «Об этом свидетельствует проведение регуляр-
ных европейских международных конференции, находящаяся в печати 
энциклопедия «Фразеология» и планируемый издательством Mouton de 
Gruter ежегодник «Phraseology». Интересно англосаксонская лингвисти-
ка традиционно не уделяла и до сих пор не уделяет должного внимания 
фразеологии» дейді Баранов [2008, 20] 
Орыс фразеологиясында қазір сөздік жасау ісі басымдыққа ие бол-
ды. Соңғы он жыл көлемінде В.Н.Телия, А.И.Федоров, В.М.Мокиенко, 
Н.Ф.Алефиренко  т.б.  фразеологиялық  сөздіктері  жарыққа  шықты. 
Лексикографиялық  бағыттағы  жұмыстар  ішінде  С.И.Лубенскаяның 
[2004] сөздігін ерекше атайды. Себебі бұл сөздік орыс фразеологиясын 
ағылшын тіліндегі тіркестермен жан жақты, мейілінше толық салысты-
рылып жасалғандығымен құнды. 
Фразеологияға қатысты шетел жəне ресей еңбектермен таныса келе, 
байқалатыны зерттеушілердің шектеулі мəселелермен шұғылданғаны 
байқалады. Атап айтқанда:
Ø фразеологизмдердің классификациясы (типологиясы)
Ø фразеологизмдердің варианттылығы
Ø фразеологизмдердің семантикасы жəне сөздіктегі сипаттамалары 
(лексикология мен фразеологизмдердің лексикографиясы)
Ø фразеологизмдердің синтаксистік ерекшеліктері – американдық 
дəстүр бойынша «пораждающая грамматика»
Ø авторлық фразеология
Ø фразеологияның дискурстық аспектісі
Ø фразеологизмдерді ұғынудың психолингвистикалық аспектісі
Ресей  фразеологтарының  зертеулері  арасында  А.Н.Баранов  пен 
Д.О.Добровольскийдің «Фразеология теориясының аспектілері» [2008] 
ерекше атауға болады. Бұл зерттеуде фразеологияның іргелі категориясы 
идиомалылық пен идиома, фразеологизмдердің лексикондағы өзіндік 
ерекшеліктері,  фразеологимздердің  типологиясы,  фразеологизмердің 
семантикалық ерекшеліктері жəне мағына модельдерінің ұғымдары, ішкі 
формамен фразеологизм мағыналарының өзектіленуі, фразеологизмдердің 


27
дискурсивтік  жəне  синтаксистік  сипаты,  авторлық  фразеологизмдер, 
фразеологизмдердің ұлт мəдениетімен байланысы қарастырылады. 
Кітапта зерттеудің теориялық негізі ретінде лингвистикалық семан-
тиканың қазіргі талаптары, лексикографияның жəне дискурс теория-
лары басшылыққа алынған. Сондай ақ, тілдің заманауи даму кезеңін тек 
когнитивтік ғылым мен когнитивтік лингвистканың категорияларына 
қарай жаңа мəселелерді көтерген.
Авторлар бұл еңбекте фразеологизмдерді тілдік ерекшелік қана емес, 
тіпті бейнелілігімен ерекшеленетін тіркестер мағынаның өзектіленуіне 
соншалықты əсер етпесе де, мазмұн өресінің бір бөлігі ретінде когнитив-
тік феномен (құбылыс) деп атайды. Бұл ретте, фразеологизмдерің ішкі 
формасының ақиқат семантикасы фразеология туралы тың аспектілерді 
таратып айтуға болады дейді. 
А.Вежбицкаяның жəне басқалардың зерттеулерінен кейін əлемнің 
тілдік  категоризациясы  негізінен  мəдениетке  байланысты  екендігі 
байқалды. 
Жалпы алғанда ресейлік зерттеушілердің кейінгі толқынындағы бір 
ерекшелік, көптеген авторлар фразеология туралы көпке мəлім теорияға 
түрлі толықтырулар мен жаңа бағыт, жаңа ой əкелуімен өзгешеленеді. 
Мəселен, В.М. Савицкий «Основы общей теории идиоматики» [2006] 
деген еңбегінде идиомдарды (фразеологиялық тұтастық) құрылымдық, 
логикалық  жəне  семиотикалық  тұрғыдан  қарастырады.  Идиомдарды 
қолданбалы  бағытта  түрлі  мəдениет  өкілдерінің  өзара  мəдениеттер 
тоғысында (кросс культура) түсіністік пен коммуникативтік деңгей əсерін 
қалыптастыру жəне жетілдіру мақсатында тілдік тұлғаның əлеуметтік 
жəне этномəдени ерекшеліктеріне назар аударады. Сөйлеуде көрінетін 
жеке  тұлғаның  қолданыстағы  сөзі  (продуцент)  сөйлеу  идиолектизмі, 
ал сөйлеуде байқалған этникалық ерекшелігі – сөйлеу идиоэтнизмі деп 
аталады дей келе, автор «Идиоэтнизм речи – это специфика формы вы-
ражения мысли речью на данном языке, определяемая этнокультурным 
и этноязыковыми факторами» деп нақтылайды. [13]
Əдетте ойдың қалыптасуы мен жарыққа шығуын сөйлеу қамтамсыз 
етеді. Тіл өкілдерінің ұжымдық интеллектісі ойды жеткізудегі сөйлеуді 
електен өткізе отырып, қажеттісін қалдырып, ұтымды жақтарын сақтап 
қалады. Сəтті қолданған атаулар мен ой тұжырымдарының ұжымдық 
интеллектінің күшінің нəтижесінде сақталып қалуы сөйлеу идиоэтнизмі 
ретінде əрі табиғи жəне аутентикалығы болып қабылданады. 


28
Сөйлеу шығармашылығы бойынша тілдік тұлғаның жеке ерекшелігі, 
мысалы, сөйлеушінің əлеуметтік мəртебесі, сондай ақ, этномəдени си-
паттары  аңғарылып  тұрады.  Сөйлеу  ойдың  жарыққа  шығуы.  Ойдың 
қалыптасып,  сөйлеу  арқылы  жеткізілуінде  этномəдени  фактордың 
ықпалы бар. Тіпті түрлі ереже, нұсқаулықтардың жазылып, жеткізілуін-
де, мəселен орыс мəдениетіне тəн сипат тура əрі қатаңдық байқалса, ал 
ағылшындарда жағдаятқа қатысты солай етуге тиісті екендігі жанама, 
биязы түрде жеткізіледі. 
Мысалы:
Орыс тілінде  
 
 
 
Ағылшын тілінде
Посторонним вход воспрещен 
 
Personal only   
(Вход только для персонала)
Не стучать, закрыто  
 
 
Welcom after break
(Приходите после перерыва)
Не сорить   
 
 
 
Use bins
(Пользуйтесь урнами)
Мысалдарды  салыстыра  келгенде  байқалатын  нəрсе,  əр  ұлттың 
логикалық ойлау формасы түрліше екендігі байқалады.
Қазақ  тіліне  қатысты  айтсақ,  орыс  тіліндегі  нұсқалары  тікелей 
қалькаланып беріліп жүр. 
Фразеологияны зерттейтін ресейлік лингвистер көбіне роман гер-
ман тілдеріндегі фразеологизмдерді қарастырады. Сондай ақ, қазіргі 
бағыттарында орыс роман герман тілдік фактілері салыстырылады. Бұл 
қазақ тілшілеріне қарағанда, олардың бірнеше шеттілін меңгерулерінің 
арқасында мəдениеттер тоғысындағы коммуникация əсері маңыздылыққа 
ие болып тұр. Əр ұлттың тіліндегі қалыптасқан тұрақты тіркестер арқылы 
сол ұлттың тұрмыс тіршілігінен, мəдени өмірінен хабар аламыз. Десек 
те барлық фразеологизмдерде ұлттық мəдени ерекшеліктер кездесе бер-
мейді. Бұл пікір де жоғарыда талданған зерттеулер нəтижесіне саяды. Де-
мек, фразеологияның семантикасы мен прагматикасын зерттеудің кейін-
гі болашағы нақтылы дискурсты талдау болып табылады. Дискурсқа 
қатысатын коммуникаттардың екі жақты əрекеттерінде фразеологизмдер 
идиоэтнизм факторларын айқындайды.


29


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет