81
аша түсуге жəне фразеологияның семантикасын терең жəне нəтижелі
зерттеуге ден қояды.
«Тіл жүйесіне бағытталған құрылымдық лингвистикадан өзгешелігі
сол, когнитивтік зерттеу тілдік жүйенің ортамен байланысына
бағытталған» [В.Г.Гольдберг, 2003: 43]. Сондықтан да фразеологиялық
материалдарды когнитивтік зерттеу – фразеологизмдерді қалыптастырған
дикурсивтік кеңістікте – табиғи тілдік ортамен байланыстыра қарастыру
деген сөз. Дискурсивтік орта – адамның ішкі жəне сыртқы қабылдауына
қарай өмір сүретін ортасының санада бейнеленуі жəне тілдік таным-
мен түсіндірілуі. Сондықтан фразеологиялық тіркестердің өзгерістерге
ұшырауы, түсіндірілуі, сақталуы мен интеллектуалдық-эмотивтік
ақпараттарды жеткізілуі когнитивтік талдаудың еншісіне тиеді.
Когнитивтік фразеология үшін негізінен екі тəсіл:
Ø
когнитивтік талдау тəсілі,
Ø
фреймдік модельдеу тəсілдері қолайлы.
Фразеологиялық концептілерді талдау əдістері бойынша концептінің
алғашқы ақпараттық семантикалық құрылымын қайта шолып шығу
керек. Тегінде жанама-туынды аталымдар – лингвокреативтік ойлау
нəтижесі. Олай болса, адамның жеке қабылдау танымында қоршаған
орта суреті дискурстивтік сипатта екінші рет бейнеленеді. Мұндай
ақпаратта шындық көріністің (зат, нысан) субъективтік жағы басым
болатындықтан, күтпеген, оқыс фантазияларға орын беріледі.
Мысалы,
суға сүйену (үмітсіздік), төбесіне шай қайнату (ұрсу),
есектің миын жеген (ақылсыз) т.б.
Жалпы алғанда «концепт таңбалардың мағынасы» болған соң, тіл-
дік таңбалардың семантикасын концепт анықтайды [КСКТ, 1996, 92].
Бұл тұжырымды мақұлдай отырып, зерттеушілер (Н.Ф.Алефиренко)
қосымша түсініктеме береді.
Достарыңызбен бөлісу: