76
Бір кездерде студенттер арасында «жеңіл барып, ауыр қайт» дей-
тін тілек түрінде айтылатын фразеологизм болды. Оның мəні ауылға
бара жатқанда жеңіл-желпі барады, арқалайтын ауыр заты жоқ,
ал үйден қайтарда студент тамағын асырау үшін ауылы не береді,
соның бəрін көтеріп келеді. Демек, əрі қарай тоқшылық, молшылық
дүние деген сөз. Бірде, тілек астарын түсінбеген орыс тілді қазақ
бойжеткен құрбысына «жеңіл барып, аяғың ауыр болып келсін» деп
айтып, көпке дейін мазаққа ұшырап жүрді. Мұндай мысалдар жастар
арасында көптеп кездеседі. «Құрбым екеуміз дəм-тұзымыз жарасып,
дос болдық» деп жазатын қыздардың қолданысы бұл фразеологизмнің
əдетте отбасын құрғандарға қаратып айтылатынан бейхабар екен-
дігін көрсетеді.
Фразеологиялық тіркестердің шығу тегін тереңірек қарастыру
үшін, ең алдымен оның ішкі формасына көңіл бөлу керек. Сонда ғана
фразеологиялық мағынаның өзіндік ерекшеліктерін жəне даму жолдарын
түсіндіруге болады.
Адам санасындағы тілдік жəне сөйлеу жағдаяттарында дағдылы
қалыптасқан зат пен құбылыстар таным нəтижесінде көрінеді. Тұрақты
тіркес бойында бірінші – семиологиялық, екінші – семантикалық ны-
сан бар. Семиологиялық нысан бойынша, тілдік жүйе мен ойлау жүйесі
лингвокогнитивтік ерекшеліктерге орайлас келеді. Демек, «зат – əрекет
– фразеологиялық прототип» алғашқы түсініктің заттық, сезімдік,
қалыпты жағдайы. Екінші – семантикалық нысан бойынша танымдық
цикл «фразеологизм – əрекет – зат» лингво-когнитивтік белгі ретінде
тəжірибе мен бақылаудың апперцепция нəтижесінде бұрынғы «ескі
білімінің» «жаңа білімге» өтуі жалғасуы, көрінуі. Тілдің сөздік құрамы
қаншалықты бай болса да ол күллі концетінің барлық өрістерін жан-
жақты көрсете алмайды. Коцептілер көбінесе сөздердің семантикалық
өзгерістері нəтижесінде идиом сипатында вербалданады.
Сөздің ішкі формасы деген құбылыс тіл білімінде түрліше атаулармен
(мағынаның белгісі, уəжділік – мотивация т.б.) аталып жүр.
А.А.Потебняның анықтамасына сүйенсек: «внуренная форма сло-
ва есть отношение содержания мысли к сознанию; она показывает,
как представляется человеку его собственая мысль» [1989, с. 98]. Əр
ұлттың дəстүрлі мəдениет үлгілері оның тұрмыс-тіршілігінен хабар-
дар етеді. Мəселен, қазақ мəдениетінде аңшылық пен саятшылық о
77
баста адамдардың жан бағу, күн көру, тамағын асыру сияқты тұрмыс
қажеттерін өтейтін кəсіптің бір түрі болды. Бертін келе, мəдени тұрмысы
жақсарған соң, бұрынғы кəсіп мəдени өнерге жалғасты. Бірақ о бастағы
кəсіп кезінде қалыптасқан түрлі іс-əрекеттерді тура мағынада білдіретін
тілдік бірліктер ауыспалы мағынаға айналды, енді іс-əрекет, жағдаяттары
жанама суреттейтін фразеологиялық қолданыс қалыптасты.
Қазақ тілінің сөздік құрамында аңшылық пен саятшылық туралы
бірліктер бар. Ал ертеден қалыптасып, күні бүгінге дейін ұмытылмай
келе жатқан тұрақты тіркестердің құрамында аңшылық, саятшылыққа
байланысты қолданылатын кəсіби қолданыстар жиі кездеседі.
Бір кезде тура мағынасында қолданылған
ор қазу тіркесінің мəні мы-
нада. Аңшылықта аңды ор қазып аулау дəстүрі болған. Ауланатын аңға
байланысты ор терең, тік, таяз, кең немесе көлбеу болып қазылады. Аңды
қуған кезде аң орға түседі. Демек,
біреуге ор қазу тұрақты тіркесінің
шығу тегі
ор сөзімен байланысты. Тіліміздегі біреуге қиянат жасау,
жаманшылық ойлау деген ұғымды
ор қазу тіркесі арқылы беріледі. Бұл
тіркестің қалыптасу уəжі қазақ халқының аңшылық дəстүріне байла-
нысты.
В.П.Жуковтың: «внутренная форма ... формируется на базе слов конк-
ретного первично-номинативного значения» [С. 104]; «фразеологическое
значение может возникнуть в результате метафорического переосмысле-
ния словосочетания, образующего внутренную форму фразеологизмов»
[с.163]. деген ой-пікірлері осы мысалдың ішкі формасының жасалу ретін
дəйектейді.
Тілімізде саятшылық өнерге қатысты қолданылатын
шырға тартты
тіркесі бар. «Құсбегілер тіліндегі
шырға – «қызыл», «далбай», «кеп»,
«тірі» сияқты атаулармен айтылады. Қазақ халқының ауыз əдебиеті
мен жазба əдебиетінде шыр, шырға, шырғалау деген сөздер көп кез-
деседі. Бірақ бұл сөздің төркіні (этимологиясы) жете зерттеліп, əлі
анықталмаған», – дейді Ж. Бабалықов [1983, 53 б.)].
Достарыңызбен бөлісу: