Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет67/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   193
лауыойдың пернесі, үміт аққу, қайғының бұлты т.б. дейтін ауыспалы 
қолданыстардың мағыналарына қарай концептіге жіктеу керек. 
Тілдік семантиканың тереңіне жасырынған лингвокреативтік кон-
цептілер  фразеологизмдермен  жарыққа  шығады.  Алайда  олардың 
фразеологиялық мағынасын білетіндер ғана концептілерді шатыстыр-
майды. 
Мысалы: 
♦  жаман  түйенің  жабуындай  –  əбден  тозығы  жеткен, 
алба-жұлбасы шығу. («түйе» концептісі ме, əлде «ескі» концеп-
тісі ме?).
♦ аузы күйген үріп ішеді – бұрын опық жеп, өкінішпен қалған
енді сақтық жасауы. («тамақ» концептісі ме, əлде «сақтық» кон-
цептісі ме?).
♦  жүрегі  қараю  –  қарны ашу  («батырлық»  концептісі  ме,  жоқ 
«аштық» концептісі ме?) 


83
Шынында  келтірілген  мысалдардың  мағынасын  семантикалық-
когнитивтік талдаулар алдымен нысанға қатысты деректерді бір-бірі-
нен ажыратып алуды қажет етеді. Ол үшін концептідегі фразеологизм-
нің  дискурстық  ортасын  анықтау  керек.  Фразеологизмдегі  жеке 
компоненттердің түсінігіне назар аудару керек. Бұл ретте менталдық 
бірліктерді түсінуге аялық білім керектігі белгілі. 
Түйе  малына  екі  жағдайда  жабу  жабады.  Əдетте  түйе  малының 
өкпесіне суық тез тиеді, сондықтан оны жауып қояды. (Тұрқы ұзын əрі 
өркешті жəне малдың саны біраз болса қорада ұстауға мүмкіндік жоқ); 
Жəне түйенің жаңа туған ботасына көз тимесін деп. (Егер түйенің тұқымы 
асыл болса, жаман деген эпитет тұрмаған болар еді. Жəне тозығы жеткен 
жабу жауып, одан əрі тұқыртпайды). Бұл арада жабу сөзі мағынаны ашуға 
көмектеседі. Бұл тіркес адамға қатысты, оның орынсыз жерде көлбеңдеп, 
кедергі келтіретін əлдебір жағымсыз іс-əрекеттеріне қарай айтылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет