Монография «Елтаным баспасы»


АТ АТ ШАПТЫРЫМ ЖЕР –ара қашықтық өлшемі ретінде айты-



Pdf көрінісі
бет70/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   193
АТ
АТ ШАПТЫРЫМ ЖЕР –ара қашықтық өлшемі ретінде айты-
лады
. С и н о н и м д е р і: құнан шаптырым жер, тай шаптырым жер, 
қозы өрісіндей жер (2-3 шақырым жер) т.б. А н т о н и м д е р і: қарға 
адым жер (өте жақын тиіп тұрған жер), таяқ тастам жер (Салыстырмалы 
түрде лақтырған таяқ түсетін жер, көзбен шола қарағандағы тым жақын 
жер), көз көрім жер, (екі араның арасын көзбен мөлшерлеуге болатын 
жер), шай қайнатым жер ( өте жақын жер, шамамен он-он бес минут 
аралық).
ž  Ат  шаптырым  ақ  орданың сол  жағында манадан бері үнсіз 
отырған бəйбішенің еріндері сол бүлк етпеген қалпы қала берді. (Ə. 
Кекілбаев. «Үркер»). Дарияның сол жағында ат шаптырымдай жер-
де Ақсақ Темір уақытында салынған маңғыт руының дихасы-маңғыт
одан əрі бір күндік жерде Үргеніш шаһары жатқан.(І.Есенберлин 
«Көшпенділер»).  …  Сайдың  арғы  бетінде  айналасы  ат  шаптырым 
дуалдың жұрнағы жатады. (Ш.Мұртаза. «Ай мен Айша»).
6 Сын есім. Сөйлемде анықтауыштың қызметін атқарады. 
& Қазақ тілінде арақашықтық, ұзындық, салмақ-көлем өлшемді 
білдіретін сөздер мен тұрақты тіркестер, мақал-мəтелдер этностың 
танымында  əлем  бейнесін  қарапайым  танумен  тікелей  байланыста 
қалыптасқан. Əлем бейнесіндегі уақыт пен кеңістік жүйесінде ерекше 
көрініс беретін бірліктер – өлшем бірліктері. Ол адамзат баласының 
күнделікті іс-əрекеті нəтижесінде белгілі бір санды, сапаны, шаманы, 
мөлшерді, межені анықтау барысында пайда болған. Қазақтың байырғы 
өлшем бірліктері этностың тұрмыс-тіршілігінен, саналы ғұмырының 
өмір сүру мəдениетінен ақпар береді. Халықтық өлшем атаулары ұлттық 
сөздік  қордың  ауқымды  қабатын  құрайды.  Ат  шаптырым  жер  –  бұл 
тіркесімге  берілген  сөздіктегі  түсініктеме  мен  ғалымдардың  берген 
анықтамасында бірізділік жоқ.


86
Тілімізде  ат шаптырым жер  тіркесімен  мағыналық  жəне 
құрылымдық  жағынан  ұқсас  құнан шаптырым жер, тай шапты-
рым жер –
  шамасында  тіркестері  де  қазақтың  өзіне  тəн  танымдық 
ерекшелігін  көрсетеді.  Өйткені  қазақ  өзінің  күнделікті  көз  алдында 
көретін жан-жануарлардың жасын, жынысын, түрлі қасиеттерін ерек-
ше тани білген. Сол танымның негізінде басқа нысандармен салысты-
рып, теңеп солардың қасиеттерін анықтаған. Бұлардың білдіретін ара 
қашықтық меже шамасына осы жануарлардың жасы, физиологиялық 
қабілеті, тұрмыс тіршіліктегі тəжірибесі, адам санасында сұрыпталған, 
семантикалық айырым белгілері негізге алынған. Сондықтан да, қазақ 
танымында орта есеппен ат шаптырым жер – 20-25 шақырымды білдірсе, 
құнан шаптырым жер – 10-15, (8-10 км) шақырымды, тай шаптырым жер 
– 5-10,(5 км) шақырымды межелеген. 
î Тілдік қолданыста, жердің – екі ортаның, алыс арақашықтығын 
білдіруде айтылады. 
Ñ Концепт «Өлшем»; субконцепт «алыс».
U Əдеттегі лингвомəдениеттаным 
—  Т ілдік  жадыда  ара  қашықтық  туралы  халықтық  өлшем 
көзқарасымен байланысты сақталған.    
Қазақ  фразеографиясына  осындай  лингвокогнитивтік  талдау 
əдістерімен жасалған сөздіктің қажеттігін уақыт көрсетіп отыр. 
Фразеологиялық  концепт  адамдардың  жинақтаған  тəжірибесін 
көрсететін  ұжымдық  жəне  жекелік  таныммен  қалыптасатындықтан 
фразеологиялық семантикада субъективтік ұғым басты орында тұрады. 
Лингвокогнитивтік  талдау  ұлттың  мəдени-танымдық  кеңістігіндегі 
ақпараттарды толық көрсете алады деуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет