Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет108/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   193
Байланысты:
Verstka

Зар илеу, еңіреу – парсы тілінде зар сөзі жылау деген мағынада. Сонда 
қазақ тілінде бұл фразеологизм плеонастық құбылыспен жылау + жылау 
деген мағынада. 
Тауаны қайту – тауы шағылу, сағы сыну, беті қайту, үміті үзілу деген 
мағыналас қатарлары бар. Тəван парсыша күш қуат деген мағынада. 
ü Кірме сөзбен байланысты бір құбылыс – калька. Француз тілінен 
шыққан бұл сөздің қазақша дəл мағынасы – көшірме, еліктеу деген сөз. 
Калька дегеніміз – бөтен жұрт сөзінің моделін морфемалап, басқа бір 
тілдің үлгісіне салынып жасалған сөздер мен тіркестер… Əдетте, каль-
каларды лексикалық (сөз жасаушы), семантикалық, фразеологиялық, 
синтаксистік деп төртке бөледі. (Қараңыз: Ə.Хасенов. Тіл білімі. Алма-
ты: «Санат», 1996.109) қазігі қазақ тілінде кальканың 6 түрі бар. Олар: 
сөзжасамдық, сөз тіркесі ретіндегі синтаксистік, сөйлем ретіндегі синтак-
систік, фразеологиялық, троптық, семантикалық, жартылай семантикалық 
деген калькалар. Автордың осы аттас еңбегінде фразеологиялық каль-
калар жан-жақты талданған. (Қараңыз: Фразеологиялық калькалар. Ал-
маты, 2005) 
Фразеологизмдерді кең мағынада түсінсек, онда тілдегі барлық тұрақты 
тіркес түрлері идиомдар, фразеологиялық бірліктер, фразеологиялық тіз-
бектер мен қоса, паремиологиялық қор, сондай-ақ терминдік тіркестер, 
бір сөзбен айтқанда тұрақтылық жəне тұтастық формаларын сақтайтын 
тіркестер тобы бар. Бұлардың ішінде калькаланған тұрақты тіркестер 
тобы да қазақ фразеологиясының қорына енеді.
Мысалы, қазақ тіліндегі шара қолдану; принять меры орысшаға арғы 
тілдік дерек бойынша француз тіліндегі frendre les mesures деген тіркес 
түрінде сөзбе сөз аудару, калька арқылы енсе, қырғи-қабақ соғыс – хо-
лодная война ағылшын тілінен cold war деген тіркестен орыс тіліне сөзбе 
сөз аударылған. Ал қазақ тілінде семантикалық сөзжасам үлгісі бойын-
ша жасалған. Сол сияқты қайталау – оқу анасы; повторение – мать 
учения латын тіліндегі repetіtіo est mater studіorum деген тіркестерден 


130
аударылған. Екі жүзді Янус, Авгиев атқорасы, Ахиллес өкшесі деген 
тұрақты тіркестер орыс тіліне грек мифологиясынан енген фразеоло-
гизмдер қазақ тілінде де қолданыста бар. 
ü  Діни фазеологизмдер  қазақ  фразеологиясының  өзгермейтін 
қабаттарын құрайды. Бұл арада ұлттың дінге деген сенімді көзқарасы 
бұрыннан қалыптасқан компоненттердің тілдік астарында магиялық күш 
жатқандықтан жиі қолданысқа түсіреді. Қазақтар үшін шаман діні мен 
исламның алатын орны бөлек. Шамандықтан алыстап кетсе де, ұлт тілін-
де күні бүгінге дейін сақталып қалған тіркестер қазақ мифологиясында 
ертеден келе жатқан наным сенімдерді көрсетеді. Мысалы: көк соқыр, 
көк келсін, көк қасқа атау, тасаттық беру, отқа май құю, бақсы /жын/ 
ойнағы т.б. Ал ислам дəуірі адамдардың діни сенімін тұрмыс тіршілігінің 
барлық саласына бейімдеп, құдайсыз қурай сынбайды, құдай берекесін 
берсін, құдай қаласа, құдайдың құтты күні, құдайдың ниеті түзу болса, 
бір құдай деп т.б. сияқты мойынсұну, мінəжат ету мен табыну тəрізді 
культтік ұғымдарды білдіретін тұрақты тіркестер тобы пайда болды. 
Сондай-ақ, діни əдебиеттердің лексикасы да фразеологизм құрамында 
ұйытқы сөздердің қатарынан орын алды. Мəселен, иман сұрау, кəлимаға 
тілін келтіру, мақшар күні, підия алу /беру/, шариғат бұзу, періштенің 
құлағына шалыну, шілтеннің шылауы тию, қадір түні, сегіз пейіш т.б. 
Бұлар көркем əдебиет пен ауызекі тілде молынан қолданылады.
Мысалы:
•  Келімді-кетімді  кісілерден  жүз  грамм  дəметкіш  көңіл,  пай-
ғамбар жасына келген қарт солдаттың беделін түсіріп-ақ жүр. 
(О.Бөкеев)
•  Мына  бір  тік  қияны  ел  қыл көпір деп  тауып  қойған  екен.(Ш.
Құмарова).
• Ендігі сөздің қысқасы,
Асыл туған Наурызбай
Өз иманын өзі айтып,
Ақырет сапар жөнеді. (Хан Кене, 426 б).
Сөйлемдердегі фразеологизмдердің мағынасы ана тілін жақсы білетін-
дер үшін жəне діни əңгімелерден хабардар адамдарға түсінікті.


131


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет