130
аударылған
. Екі жүзді Янус, Авгиев атқорасы, Ахиллес өкшесі деген
тұрақты тіркестер орыс тіліне грек мифологиясынан енген фразеоло-
гизмдер қазақ тілінде де қолданыста бар.
ü
Діни фазеологизмдер қазақ фразеологиясының өзгермейтін
қабаттарын құрайды. Бұл арада ұлттың дінге деген сенімді көзқарасы
бұрыннан қалыптасқан компоненттердің тілдік астарында магиялық күш
жатқандықтан жиі қолданысқа түсіреді. Қазақтар үшін шаман діні мен
исламның алатын орны бөлек. Шамандықтан алыстап кетсе де, ұлт тілін-
де күні бүгінге дейін сақталып қалған тіркестер қазақ мифологиясында
ертеден келе жатқан наным сенімдерді көрсетеді. Мысалы:
көк соқыр,
көк келсін, көк қасқа атау, тасаттық беру, отқа май құю, бақсы /жын/
ойнағы т.б. Ал ислам дəуірі адамдардың діни сенімін тұрмыс тіршілігінің
барлық саласына бейімдеп,
құдайсыз қурай сынбайды, құдай берекесін
берсін, құдай қаласа, құдайдың құтты күні, құдайдың ниеті түзу болса,
бір құдай деп т.б. сияқты мойынсұну, мінəжат ету мен табыну тəрізді
культтік ұғымдарды білдіретін тұрақты тіркестер тобы пайда болды.
Сондай-ақ, діни əдебиеттердің лексикасы да фразеологизм құрамында
ұйытқы сөздердің қатарынан орын алды. Мəселен,
иман сұрау,
кəлимаға
тілін келтіру,
мақшар күні,
підия алу /беру/,
шариғат бұзу,
періштенің
құлағына шалыну,
шілтеннің шылауы тию,
қадір түні, сегіз
пейіш т.б.
Бұлар көркем əдебиет пен ауызекі тілде молынан қолданылады.
Мысалы:
• Келімді-кетімді кісілерден жүз грамм дəметкіш көңіл,
пай-
ғамбар жасына келген қарт солдаттың беделін түсіріп-ақ жүр.
(О.Бөкеев)
• Мына бір тік қияны ел
қыл көпір деп тауып қойған екен.(Ш.
Құмарова).
• Ендігі сөздің қысқасы,
Асыл
туған Наурызбай
Өз
иманын өзі айтып,
Ақырет сапар жөнеді. (Хан Кене, 426 б).
Сөйлемдердегі фразеологизмдердің мағынасы ана тілін жақсы білетін-
дер үшін жəне діни əңгімелерден хабардар адамдарға түсінікті.