134
«Айы оңынан туу» фразеологизмінің астарында халықтық бақылау
тəжірибесі жатыр. Адамдар жаңа туған айдың алғашқы формасына қарап,
жауын-шашынды немесе жайлы болатынына қарй алдағы күн-көріс тір-
шілігі мен шаруашылығын жоспарлай алған. Егер ай шалқалап жатып
туса, «өзіме жайлы, шаруаға жайсыз» деп айтады деген түсінік бар.
«Жұлдызы солынан туу» – ежелгі түсінік бойынша адамдардың
жұлдыздары əр алуан: кейде топырақ, кейде су, кейде от, кейде жел сияқты
болып келеді, бұл сол адамның мінездемесін, адамдар арасындағы қарым-
қатынастарды белгілейді. Жұлдызы су сипатты адам жұлдызы от сияқты
адаммен жараса алмайды. Қазақтар жараса алмаған ерлі-зайыптыларды
көргенде «бұлардың жұлдызы жараспады» дейді, өмірі бір біріне өш
болып өткен немесе жауласып өткен адамдарды «бұлардың бірі-бірі-
не жұлдызы қарсы» дейді. Қазіргі бұл наным-сенімнің сарқыншақтары
аңыз-ертегілерде там-тұмдап сақталып келеді (Ғызыхан, 342).
Түркі халықтарының мəдениетінде
Аспанмен қатар оның шырақтары
да құдай деңгейіндегі құдіретті, қасиетті құбылыс деп танылған. Бұл
мағынада, əсіресе,
Күннің атқаратын рөлі ерекше. Қазақ ертегілерін-
де ертегі кейіпкерлерін Күнсұлу, Күн астындағы Күнікей жəне т.б. деп
бекер атамаған. Азиялық өркениетте
Күнмен қатар қастерленген аспан
шырағы
Ай болған.
Ай көне түрік мəдениетінде
Күннің орынбасары,
сұлулықтың таңбасы, көп мұраларда
əйел тіпті
құдай ретінде танылған.
Көшпелілер үшін де
Айдың маңызы зор болған. Даладағы малшылар
қараңғы түнде айдың тууы мен батуын бақылаған, одан өздерінше
қорытынды жасап, жыл мезгілдерін айыру есебін шығарған. Олар жаңа
туған айдың күн сайын көлемінің кемитінін, ақырында «
таусылып»,
Достарыңызбен бөлісу: