Көп мағыналықтың жалғаса туындауы. Көп мағыналық етістік жəне есім мəнді фразеологизмдерде кездеседі.
Əсіресе етістік фразеологизмдерде мағына байланысы айқын ажырыты-
лып тұрады.
Қазақ тілінде тұсау кесер деген фразеологизм бар. Фразеологиялық
сөздікте екі мағынасы тіркелген:
1.Жас баланың тұсауын кесерде жасалатын жиын-той. 2.Жастарға өнер жолында сəт сапар тілеу мағынасында айтылады деп көрсеткен./
526б/.
Бұл фразеологизмнің жасалуына этнографиялық тұсау кесу ұғымы
негіз болған. Фразеологизмдегі көпмағыналықтың бірте-бірте даму
нəтижесі өмірдегі əлеуметтік өзгерістерге қатысты. Жиын-тойдағы ай-
тылатын жақсы тілек мағынасы тереңдей келе, қоғамдық ортадағы бо-
лып жатқан ұқсас жағдайға байланысты сəт сапар тілеу мағынасына
ұласты. Ал қазіргі кезде осы тіркестің үшінші мағынасы пайда бол-
ды. Қоғам дамуында кейін көрініс беріп жүрген бір жаңа ғимараттты
немесе жаңа құрылған ресми ұйымдарды ашу салтантатты түрде
жұртқа таныстырылатын болды. Міне, осы рəсім тұсау кесер деп атал-
ды жəне тілдік қолданыста жиі айтылатындықтан қалыптасып кетті.
Аталған соңғы мағына жалғаса туатын көпмағыналықтың бір мысалы.
О бастағы ситуациядағы ұқсастық пен мағынадағы ішкі байланыс көп
мағыналықтың тууына себепкер болады.