183
Мысалдарда
күлкі – ұйқы, күю – тоңу деген сөздер лексикалық ан-
тонимдер болмайды, бұлар тек тіркес құрамында тұрып қарсы мəндегі
фразеологиялық мағына мəнмəтінде /контексте/ байқалады. Мұндай
мысалдарға
Қысқа күнде қырық шабу, Аспанға ұшса да, жерге батса
да жоқ қылу, Отырса опақ, тұрса сопақ, Таңы атып, күні шықпау т.б.
сияқты тіркестер жатады.
Осыған орай, көркем мəтінде авторлар стильдік мақсатта қарсы
мəн тудыру үшін антонимдік ұғымы жоқ əдеттегі сөздерден қарсы мəн
туғызады. Бұл оқушыға тілдік бірліктер арқылы сөздер мен тұрақты
тіркестердің прагматикалық əсерін күшейту үшін жасалатын тəсіл. Мы-
салы
Антоним фразеологизмдердің де тақырыптық топтары əр алуан.
Кеңістік, өлшем, адамның жағымды-жағымсыз қасиеттері жəне түрлі
сезімдік əрекеттерге қатысты қарсы мəнді фразеологиялық топтарды
жіктеуге болады.
Антоним фразеологизмдердің жасалу жолдарын былай түйіндеуге
болады:
♦ Антоним фразеолологизм құрамында қарсы мəнді бір компонент
қайталанып отырады:
Шырағы жану ↔ Шырағы сөну.
♦ Фразеологиялық мағынаның өзінде қарама-қарсы ұғымның болуы
антоним фразеологизмдердің жасалуына ықпал етеді.
Су сепкендей ба-
Достарыңызбен бөлісу: