Монография «Елтаным баспасы»


Жібін //тамырын// тартып көру



Pdf көрінісі
бет39/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   193
Байланысты:
Verstka

Жібін //тамырын// тартып көру  –  байқау,  сынау  мағынасында. 
[ҚТФС, 1977, 224]. Сөздікте берілген түсінікке дұрысы сыр тартып 
байқау деп қосса, оң болар еді. Тамырын сөзі бұл арада лексикалық 
вариант ретінде көрінгенімен, фразеологиялық нормаға сай емес. Ал 
тамырын басып көру деген мағыналас түрі жұмсалу нормасына сай 
келеді. Əдетте тамырды тартып көрмейді, басып көретіні шындыққа 
лайық. Сондықтан сөздіктегі вариант түрі (тамыры) басы артық сөз. 
Бұл тіркестің тура мағынасын былай таратуға болады. Кездеменің 
(матаның) қатты немесе бос тоқылған түрлері болады. Бос əрі сирек 
тоқылған  түрінің  жіптері  саусақ  ұшы  тиген  сайын  селдіреп,  жіптері 
тарқатыла береді. Ширақ қатты тоқылған матаның жібі оңайшылықпен 
суырылмайды. Адамға қатысты ауыспалы мағынаға айналуы ұқсастық 
заңына  негізделген.  Сонымен  қатар,  тілімізде  суыртпақтап сұрау 
–  ақырындап  сыр  тарту  дегенге  саяды.  Баяғыда  кесте  тігуге  лайық 
түрлі-түсті  дайын  жіптер  тапшы  болғанда,  бояуы  қанық  маталардан 
(қызыл т.б.) жіңішке жіптерді суыртпақтап кесте тігетін. Жіп суыруға 
арналған матаны суыртпақ деп атаған. 
Бұл арада Жібін тартып көру; тамырын басып көру; суыртпақтап 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет