Монография «Елтаным баспасы»


сұрау – мағыналас фразеологизмдер қатарын құрайды. Талқыға салу



Pdf көрінісі
бет40/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   193
Байланысты:
Verstka

сұрау – мағыналас фразеологизмдер қатарын құрайды.
Талқыға салу – көпшілік сынына түсіру [ҚТФС, 1977, 490]. Талқы 
негізінде тері илейтін ағаштан жасалған құралдың аты. Малдың терісін 
түрлі киім-кешек т.б. заттар пайдаланғанда теріні жұмсарту үшін талқыға 
салып илеген. Қазіргі тілдік қолданыста адамдардың ой-пікір таластарын 
ортаға салған кезде талқыға салу тіркесі айтылады. 
Сол сияқты, құйысқаны берік, құлағы елең ету, мойнын бұру, жа-
расы жеңіл т.б. толып жатқан фразеологизмдердің алғашқы мағынасы 
еркін сөз тіркестерінен құралған. 
Фразеологизмдердің  мағыналық  ерекшеліктері  мен  прагматика-
лық-дискурстық  сипатын  жаңа  бағыт  когнитивтік  фразеологияның 
тереңдете қарастыруға мүмкіндігі мол.


45
Əр ұлт тілінде өзіндік кумулятивтік ерекшелігімен байқалатын сырт 
тұлғасы сөз тіркестеріне ұқсас, бірақ құрылымы мен мазмұндық жағынан 
өзгеше болып келетін тіркестер кездеседі. 
Əдетте сөз тіркесінің құрамы толық мағыналы екі сөзден тұрып, бір-
бірімен сабақтаса мағыналық жəне синтаксистік байланыста болады. 
Мысалы, алтын уақыт, көреген адам, орынсыз сөйлеу, жүріп кет-
ті т.б. Мұндай тіркестер үнемі синтаксистік топ құрайды. Тек өзара 
мағыналық байланыста ғана айтылатындықтан сөз тіркесі деп танылады. 
Кез келген сөздер бір бірімен тіркесе бермейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет