Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет38/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   193
Байланысты:
Verstka

Құйрығын сыртқа салу – тайқып шыға келу, дүрдараздық білдіріп, 
томсару  мағынасында  [ҚТФС,1977:  359].  Бұрынғы  еркін  тіркестегі 
мағынасы  –  жылқыны  үйірден  бөліп  алардағы  жылқы  жануарының 
үйірден бөлініп, құрық салдырмай, ұстатпай құйрығын сыртқа салып 
өз бетімен қаша беруі. Мұны жылқышылар құйрығын сыртқа салу деп 
атаған. Жағдаяттардың ұқсастығына қарай жоғарыдағы еркін тіркестер 
тұрақты тіркеске ауысу кезеңінде метафораланып, фразеологизм болып 
қалыптасқан. Қазақ тіліндегі фразеологиялық мағынасын мына мысал-
дардан көруге болады: 
•  Тобықтының  биі  құйрығын  сыртқа  саларда,  майталманым  деп, 
сенің қаншалықты жұмсарғаныңды біз де көрерміз.             (М.Əуезов)
• Достардың, бірақ көбі келмей қалған
  Қырын қарап, құйрықты сыртқа салған
  Келген достың бəрінің жүні жығық
  Баяғы күріл де жоқ дүниені алған.                             (С.Торайғыров)


44
Қырғыз тілінде басқа елден қашып кеткен адамдарды да осы тіркес-
пен сипаттаған. Мысалы:
Алтайдан келген қалмақтар
Куйругун сыртка салбайбы? /Манас/.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет