Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет85/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   193
«қырық күн қырғын, мың күн сүргін» – жаугершілік заман
«қағанағы қарқ, сағанағы сарқ» – уайымсыз күн кешу; 
«сылдыр көмей, жез таңдай» – шешен сөйлеу
«ат мінгізіп, тон кигізу» – салт бойынша сый-сияпат жасау;
«жылқы мінезді адам» – 1. шыдамды, төзімді мінез; 2. аяқ астынан 
тулап, менсінбей кету; «қойдай шулау» – бірін-бірі тыңдамай, бас-басына 
сөйлеп кету; 
«ханға сəлем бермеу» – айналасындағыларды көзге ілмей, менсін-
бей кету; 
«ағаш атқа мінгізу» – біреу туралы ыңғайсыз əңгіме айту, өсекке 
іліндіру;
«құйрық-бауыр жесіп, құда болу» – қыз бен жігіттің əке-шесшесі 
бір-біріне құда болғанда істелінетін салт
Осы тіркестердің фразеологиялық мазмұнында этнос өмірінің ерек-
шеліктері  сипатталған.  Қазір  де  қолданыстан  шықпаған,  əсіресе 
салт-дəстүрді бейнелейтін этнофразеологизмдер («құйрық-бауыр жесіп, 
құда болу») ұлттық мəдени ерекшеліктерді айқындайтын нақты тілдік 
факторлар.
ХХ ғасыр қазақ халқы үшін мəдени өмірінің түрленген, басқа сипатта 
дамыған, ұлттық рухани келбеті барынша өзгерген кезең болды. Мұның 
халықтың өнер, оқу-білім, жайлы тұрмыс т.б. сияқты тиімді, жағымды 
жақтары көп болғанымен, тіл мен менталитетке қатысты оң пікір айта 
алмаймыз. Тілді тұтынушылардың өз мəдениетіне басқа тілдің əсерінен 
немқұрайды қарау, қазақ тілінде сөйлеушілердің азая бастауы ұлт тілінің 


104
байлығын мейілінше сарқа пайдалану жазба əдебиет үшін ғана атақты 
ақын-жазушылар мен журналистер міндетіне айналғандай уақыт пайда 
болды. Ауызекі қолданыстан қағыс қалған не бір асыл сөздер мен сөз мар-
жандары (мақал-мəтелдер мен фразеологизмдер) тілді тұтынушылардың 
тіліне ілінбей, тот басқандай, тіпті ұмытыла бастағандай. Ал жаңа мəдени 
өмір суретін сипаттайтын бірен-саран жаңа тіркестер пайда болғанымен, 
тілде тұрақталғандары некен саяқ. 
Мысалы: 
«қалтасы қалың» – бай, дəулетті; 
«ақша сөйлеген заман» – кімнің ақшасы көп, соның ойлағанындай 
болады; 
«тілашар жасау» – баланың мектепке бара кездегі қуаныш тойы;
«өз жапырағын өзі жұлу» – адамның өз басына өзі кедергі келтіру; 
«базар жоқ» – тез келісімге келу т.б.
Сонда  қазақ  фразеологиясы  қалай  толығады,  ары  қарай  жаңа  тір-
кестер пайда болмай ма, соны тіркестер болса, тұрақталмай ма деген 
сауалдардың болуы заңды. Бұл ретте осыдан он жылдан астам бұрын 
өткен  ғасыр  соңында  жазған  пікірімізді  қайталаудың  еш  артықтығы 
жоқ.
«Бұрын  мəдени  өмірімізді  сипаттайтын  фразеологизмдер  тіл-
дік мұра ретінде жеке адамның рухани азығы болып, өз болмысында 
(тұрмыс-тіршілігінде,  өмірлік  тəжірибесінде)  өзіндік  сөз  қолданыс 
мəнерінде əр кез көрінетін. Ал кешегі өркениет заманы, бүгінгі жаҺандану 
заманында қайсыбір дүниетаным ерекшеліктерінің рухани қабаты жазба 
мəдениетте қатталып (кітапханада) қалып жатыр. Қазіргі тілдік орта-
да тілдік тұлғалардан тұрақталып қалған кейбір көркем сөз мысалдары 
толық қамтылмай, жетпей естілмей жатады. Сірə, адамзат мəдениетінің 
ұлан-ғайыр  тілдік  қорындағы  фразеологиялық  материалдардың  үлес 
салмағында толығу, жаңару процестерінде бөлек үрдіс қалыптасуы əбден 
мүмкін. Қазақтың күннен күнге жаңарып жатқан ұлттық мəдени өмірі 
қалай болады, образбен ойлау шегі қандай материалдақ көріністермен 
алмасып отырады, бұл əлі жауабы тез табылар оңай сұрақ емес. Əзірше 
ХХ ғасырға дейін жасалған, қалыптасқан фразеологизмдерде қандай 
ұлттық  мəдени  ерекшеліктер  сақталды,  қандай  менталитетпен  қазақ 


105
ұлты  ғасыр  тарихында  қалды  деген  сұрақтың  жауабын  іздеген  жөн» 
[Смағұлова, 2010, 239]. 
Уақыт өте келе əбден мойындалып, тілдік тұлға ретінде танылған 
көркем  сөз  шеберлерінің  жасаған,  тілде  қалыптасып  кеткен  тұрақты 
тіркестердің пайда болу төркіні, əрине, көпшілікке түсінікті. Өйткені тіл-
ді тұтынушының сөздік қорынан өзіне қажетті асыл сөз үлгілерін таңдап, 
тауып қолдану тілдік тұлғаның шеберлік құдіреті деуге болады. 
Мəселен, «Абай тіліндегі фразеологизмдерді жалпы халықтық тіл-
ден, сонымен бірге өзіне дейінгі ауызша тілден алып қолданған жəне 
ақынның  өзі  жасаған  тіркестері  деп  бөліп  қараған  абзал.  Ғасырлар 
бойы сұрыпталып, тұрақтанған тіркестерді пайдалану жалғыз Абайдың 
емес, əрбір қаламгердің əдісі, бірақ мұнда əр ақын жазушының фразе-
ологизмдерді таңдауы, құбылтуы, қолдану орны, жиілігі т.б. жағынан 
өзіне тəн қолтаңбасы көрінеді» [Сыздық, 2004: 609]. Абайдың халықтық 
қордан алып, пайдаланған фразеологизмдерімен қатар (автор келтір-
ген басқа шауып, төске өрлеу, табанынан таусылу, титығы құру т.б.) 
өзіндік қолтаңбасы дейтін (басына іс түсу, жалға жүру, закон ұстау, 
ат мініп, ақша ұстау т.б.) тіркестер əлбетте қазақ фразеологиясының 
байлығының сарқылмас арналары. 
Осы  арналар  ағысында  қазақ  тілдің  тұлғасындағы  халқымыздың 
ұлттық  тұлға  деңгейіндегі  М.Əуезов,  С.Мұқанов,  Ғ.Мүсрепов, 
Ғ.Мұстафин, І.Есенберлин, Ə.Кекілбаев т.б. жəне көсемсөз шеберлерінің 
əдеби тілді байытудағы тілдік тұлғалық ерекшеліктері бірге талдана-
ды.  Мəселе  олардың  шығармаларының  қалай  оқылып,  «тоқсан  ауыз 
сөздің тобықтай түйінін» асыл сөзбен тізбектеп берген ойлы да бейнелі, 
əсерлі тіркестерін жадыда сақтап, үнемі қолданыстан түсірмей, сөйлеу 
əрекетімен тұрақтандыруға бейімділік көрсету, күш салу. Бұл енді тілді 
тұтынушы тұлғаларға байланысты күрделі жағдай.
Ұлт рухы дегеніміз – қазақ рухы. Кез келген ұлттың асқақ рухы оның 
тілдік деректерінде, əсіресе, тілдік тұлғаның танымдық деңгейі – лин-
гвокогнитивтік сипаты мен прагматикалық уəжділігіне қарай бейнелі 
сөздермен, тұрақты тіркестермен суреттеледі. Мұндай окказионалды 
коннотативтік бірліктер қолданыста тұрақтала келе, фразеологиялық 
қорға енеді.
Тілдік  тұлғаның  ең  басты  социолингвистикалық  индексіне  фра-
зеологиялық тіркестер енеді. 


106
Тілдегі  фразеологиялық  қор  туралы  сөз  еткенде  əдетте  лингвис-
тер  оның  семантикалық  жағына  көп  көңіл  бөледі.  Фразеологизмнің 
прагматикалық жағын сөз еткенде айтушы қандай жағдаятта фразеоло-
гизмді қолданғысы келеді, бұл бір жағынан, екіншіден, қатысушының 
өзі қандай тілдік тұлғаға жататыны туралы қарастырылады. 
Тілдік  тұлға  фразеологизмдерді  қолданғанда  жеке-бағдарлы  жəне 
статустық-  бағдарлы  қатысымда  əр  түрлі  прагматикалық  негіз  бар. 
Соңғы  қатысым  түрінде  көбінесе  институционалды  болатындықтан, 
терминологиялық немесе квазитерминологиялық сипат басым болса, 
жекелік-бағдарлы  қатысымда  метафорлы,  теңеулі  тұрақты  тіркестер, 
фразеологизмдер  орын  алады.  Демек,  фразеологиялық  қорды  тілдік 
тұлғаның жеке-бағдарлы қатысымы байытады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет