110
леді. Өз ұлтының бұрынғы тұрмыс-тіршілігінен мүлдем хабарсыз, тіпті
өз ұлтының мəдени өмірінен алыс кеткен, ал бейнелі сөйлеуді тек үлкен
ақсақал, қарт адамдардың еншісіне қалдырған, қазақ тілін біле тұра тілге
жанашырлығы жоқ басқа жастар мəдени аренаға шықты. Студенттердің
жазба жұмыстарында қисыны жоқ сөйлемдер кездеседі: «Тай шаптырым
жерден бір күшік шыға келді». Өзі тай шаптырым жердей қашық болса,
сол жерден күшік шыға келсе бұл қалай болғаны? Адамның көзі жетпейтін
қашықтық емес пе? Немесе «Құрбым екеуміздің дəм-тұзымыз жарасып,
басқаларға үлгі бола білдік». Əдетте қазақ ұғымында «дəм-тұзымыз жара-
су» ерлі-зайыптыларға қатысты қолданылатын тіркес. Қазақ жастарының
тілі əдеби кітап оқымаудың салдарынан тоқырауға ұшырады.
Қазіргі қазақ жастарының сөйлеу мəнерінің осыншалықты тоқырауын
əрі қарай да сұрықсыздана беретінін Алматы қаласындағы қазақ
мектептерінің 8-11 сыныптарында жүргізген сауалнама нəтижелері рас-
тап берді. Олардың тілдік ортасы – аралас дүбара қостілділікпен қарым-
қатынас жасайтын орта. Мұның бəрі – тіл дамуынан тыс болып жатқан
себептердің көрінісі.
Сауалнама нəтижелерінің кейбіріне тоқталайық. Ұсынылған он
екі түрлі фразеологиялық тіркестің түсінігін жазу үшін сауалнамаға
Алматыдағы қала мектептері бойынша алты жүздей оқушы қатысты.
Жүргізілген сауалнаманың кейбір нəтижелеріне назар аударайық.
Тіліміздегі
бүйректен сирақ шығару – болмашы жерден шатақ
шығару деген мағынада айтылатын фразеологизм. Осы тіркестің түсінігін
9 сынып оқушылары былай жазады:
бір адамды соғып тастау; істі
талаптанып, тырысып істеу; бір адамға ренжу; төбелес; милицияға
түскен кезде біреуді соғып тастау; сабақты бұзу; өшін алу; бүйректен
ұрыс шығару; бəрін тез істеу; бақылау; аурудан жазылу; жаудан құтылу
т.б. Дəл мағынасын оқушылардың 12%, тұспалдап айтқандар- 21%, ал
67% мүлде түсінбейтіндер.
Достарыңызбен бөлісу: