102
психофизикалық қасиеттерінің жиынтығынан тұрады. Ол – сөзден мəтін
түзуге жəне қабылдауға ықпал ететін сөздің тілдік тұлғасы. Ол – тілді
қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланушы адамның вербальды əрекеті
ерекшелігінің жиынтығын білдіретін коммуникативтік тұлға» [Маслова,
2007: 24 ] болғандықтан, «тілдік тұлға» алдымен тек тіл иесі – жеке адам
(индивид) деп қабылданады.
Адам бойындағы тілге қатысты жекелік болмыс, ерекшелендіретін
қасиет оқшау дамып, қалыптаспайды. Кез келген индивид бойына өзіне
дейінгі тұлғалардың сөз байлығын сіңіріп қалыптасады. Əрі қарай жеке
тілдік ерекшелік үйренген тіл байлығын одан əрі жетілдіру, сөз мəнерін
ұштау, жалпы танымдық білімін тереңдету арқылы өзгелерден озық тіл-
дік тұлға болып танылады.
Адресанттың адресатқа ақпар жеткізу қажеттілігі табиғи əрі рухани
қажеттілік болса да, кез келген тіл тұтынушысы тілдік тұлға дəрежесіне
көтеріле алмайды. Тілдік тұлға табиғатының кешенді сипаттарын
саралағанда, ең алдымен өз халқының ұлттың құндылықтарын толық
меңгерген аса жоғары интеллект болуы тиіс. Сонда ғана табиғи, ұлттық,
рухани қажеттіліктерді өтейтін ерекшеліктерімен танылған тілдік
тұлғаның болмысындағы қуатты ойды жеткізетін экспрессиясы жоғары
тілдік бірліктер ғана тыңдаушы санасына əсер етеді.
Сондықтан
тілдік тұлға – ұлттық тұлға – қоғамдық тұлға сияқты
үш тағанымен дəйектелуі тиіс. (Кейде осы қасиеттер бір адамның бойы-
нан табылуы мүмкін. Мысалы, Абай, Алаш арыстары А.Байтұрсынов).
Сөйтіп, тілдік тұлғаның көркемдік ойлау қабілеті терең танымдық білім-
мен ұштасқанда ғана жəне басқа индивидтерге қарағанда оның ұлттық
жəне қоғамдық сана деңгейін жоғары көтеретін ой əлеуеті, прагматикалық
уəжділігі басым болғанда ғана тілдік тұлға мəртебесі мойындалады.
«Тілдік тұлға» түсінігіне қатысты пікірлерді сарай келе, тұлғалық
парадигма бірі – тілді тұтынушы индивид. Екіншісі – ұлттық танымдық
болмысы жоғары, «тіл – өнер» деген синтездегі тұлғалық мінез иесі.
Тілдік тұлға мазмұны ұлттық дүниетаным арқылы ұлттық
құндылықтарды меңгеру барысында лингвомəдени-этнотанымдық лек-
семалардан өзіндік сөз таңдау, афористік ой айту, концептуалдық метафо-
ралар жасау, этностың тұрмыс-тіршілігінен хабардар ететін тұрақталуға
бейім фразеологизмдер дискурсы арқылы дəйектеледі.
103
Қазіргі қазақ фразеологиясының байлығы ауызша сөйлеу үлгілерінен
жəне фольклор мен жыраулар тілінен атадан балаға өтіп тұрақталған кез-
ден бері жазба əдеби əдеби тілінің арналарынан да толығып қалыптасу
үстінде. Дегенмен де, мына бір мəселені айтпасқа болмайды. Халықтың
мəдени өмірінің өзгерісі соншалықты түрленіп көрінген сайын, халық
аузында сол өзгерістерден хабар ететін соны тіркестер жиі жəне көп
байқала бермейді. Неліктен?...
Ертеректе қалыптасқан фразеологизмдерде қандай ұлттық мəдени
ерекшеліктер сақталды десек, қазақ фразеологизмдерінің тақырыптық
ауқымы сол халық тірішілігінен алынған бейнелі тіркестерде көрінеді:
Достарыңызбен бөлісу: