Монография «Тұран-Астана»



Pdf көрінісі
бет12/25
Дата02.03.2017
өлшемі20,38 Mb.
#5134
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25

орыны» — 
надандықтан қорғайтын қамал, эділдік,
ақиқат жолына апаратын сенімді ғылыми қүрал.
Сегізінші сөз—8(104-105).Көкірегінде көз жоқ, сэуле жоқадам. 
ол  — «адамның  надан  әуресі».  Бүндай  адамдардың,  Абайдың 
бағалауында:  «Көңілдері  — көкте,  көздері  — аспанда,  адалдық, 
арамдық, ақыл, ғылым, білім — еш нәрсе малдан қымбат демейді. 
Мал болса,  құдай тағаланы да паралап алса болады. Оның діні,
179

күдайы, халқы, жұрты, білім-ұяты, ары, жақыны, бәрі -  мап» 
fСонда
105  6.).
 

Л
^ І
Он  сегізінші  сөз  —  18(114).Абай  философиясын  талдап, 
тексергенде, «терең ойға» тап болып, «телміріп соңынан» еруге 
еріксіз мэжбүр боласың. Себебі: ашылмаған сырлар, ескерілмей 
келе жатқан ойлар  көптен  көп.  Қарапайым  нәрсе  «кербездікті» 
мансапқа, кәсіпке айналдырмақшы болған ақмақтарды сынаған. 
Көңіл аударарлық емес, сырт қарағанда, қарапайым көріністі Абай 
«үшкілі» көзімен бағалап, жаппылық мэн берген. Адам зерде, санаты 
(интеллекті) эрғилы көріністерімен кездесіп келеміз. «Кербездік» 
ұғымы төңірегіне қаншама философиялық дэрежедегі мәселелерді 
топтастырған Абай.  Кімгеде  ауадай  қажетті,  жай  көзге  мүлдем 
еленбейтін, ойға келмейтін «кербездікте» қандай «терең ой» бар?
деп, таңданбасыңа ерік бермейді. Абай талдауында, тексеруінде, 
түсінігінде оқып, ойланайық.
«Кербездіңекі түрлі қылығы болады: бірі—бет-пішінін, сақал-
мүртын,  мүшесін,  жүріс-түрысын,  қас-қабағын  қолдан  түзеп,
шынтағын көтеріп,  қолын тарақтап эуре болмақ. Біреуі — атын,
киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жүғымды
жігіт атанбаққа, өзінен Ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардың ішін
күйдіріп, өзінен кейінгіге «этгең д үние-ай, осылардың атындай ат
мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!»- дей-түғын, 
болмаққа ойланбақ.
Мүның  бэрі  -   масқаралық,  ақымақтық.  Мүны  адам  бір 
ойламасын, егер де бір ойласа, қайта адам болмағы қиын іс. Кербез 
дегенді  осындай  кер,  кердең  немеден  безіңдер  деген  сөзге 
үқсатамын. Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, 
ар, мінез деген нэрселерменен озбақ. Одан басқа нәрселерменен 
оздым ғой демектің бэрі де -  ақымақтық» 
( Сонда,  114 б ).
Ойшыл.
  Бұл ұғым  эдебиеттану саласында логикаға балама 
сияқты. Екеуі де ойлау мәдниеті қүрылымына жатады. «Ойшыл» -  
ойлау мәдениетінің қызмет бабыңдағы тікелей көретін көзі, жүретін 
аяғы, үшатын қанаттары, қияға самғайтын жэне аспан көгінен асып,

әлем кеңістігін меңгеріп, адам қажетіне икемдейтін адам интеллекті
-  адамның өзіңдік жасампаздық күштерінің мүмкіндіктері. «Оишыл»
-   зерделі  сезім  мен  сараптағыш  сананың,  санаттың,  ақыл 
парасаттылығының  (таным  мен  логика)  еңбекқорлығы.  Осы 
тұрғыдан  қарағанда -  ойшылдық тарихи  үдеріс. Логика:  бұл -  
дүниежүзілік  философия  дәстүрінде,  дилектикалық  ойлау 
мэдениетінің қалыптасуы, дамуы тарихы, заңдылыгы мен ғылыми 
теориялық  эдістерін,  құралдарын  қалыптастырып,  тексеріп
зерггейтін ілім. Абай сөзінің айрықша қасиеті, бүны бастан айтып,
талдауга, тексеруге бет алғанымызды білдіріп келеміз.
Абайдың элемдік тарихи тұлгалар қатарында аталуының бір 
себебі: ол -  осы біз айтып отырган үш қасиеттің: зерде, санат -  
интеллект, ойшыл жэне шыгармашылық -  Абай түлға бітімінде
тұгасып, тыгыз байланысып, дилектикалық бірлік қүруында.
Абай -  дэу ірлер дэнекері. Мүхтар Әуезов сөзімен айтсақ: Абай
ел-жұртын  дүниежүзілік  мэдениетке  жеткізем  деушілердің
алдыңгысыныңбіреуі болды.
Дэуір дэнекері болу тек үлы даналарға тән қасиет. Елдердің 
бір біріне деген достық қарым-қатынастарының орнықгы, шынайы 
дэйекті  болуына  атсалысатын  да  ең  алдымен  даналар  гой. 
Халықтардың көкірегін көзді етіп, жүрегіне хихмет орнататын да 
даналар  гой.  «Әл-Фараби  мен  Абай  дүниежүзілік  орданың 
шаңырагын тіреп түргандар!» -  деп санайды, Ағжан Машанов қазақ
хапқының екі үлы перзентін.
Абайдың  жеке-дара  басының  элемдік  тарихи  тұлгалар 
қатарында  аталу  сыры  да  ұлы  ойшыл  Абайдың  халықтар 
достығының  дәнекері  болуында  шыгар.  Себебі,  адамзаттың 
біртүтастыгын ең бірінші болып сезінетін де даналар екені сөзсіз.
Атымды адам қошан соң,
Қайтып  надан  болайын?
Халцым  надан  болган  соц,
Қайда барып оңайын?! —
 деген Абайдың уытгы да, зілді де
181

сөздерінде ащы шындық бар—дэуір шеше алмаған қайшылықтар 
түйіншегі «надан» деген түсініктің төңірегінде шоғырланып, өрбіп, 
өрістеп  отырады.  Надандық,  бұл  — адамның  табиғи  міні  ме, 
болмаса туа біткен қасиеті  ме? Бұл — эрбір жеке  адамның міні, 
кемдігі  ме? Немесе,  халықты да, бұның эрбір жеке-дара басын 
жайлайтын дерт пе? Абай айтқандай: «Іште дерт бол ып, шыға алмай 
жүр» дегеңдейін, «надаңдық», бұл -  қоғамдық дерт. Бұның тамыры
экономикалық дейміз бе, болмаса, қоғамды билеуші құрылымның 
«кеселді мінезі» мен қылығы дейміз бе? Бірақ, бір анығы тек кана 
адамның өзіне ғана байланысты деу сыңаржақтылық. Сондықтан 
да, Абайдың: «Халқым надан болған соң» деген гтікірі көп сырды 
ішіне бүгіп түрған сияқты. Осы ойын эрі жалғастырып, Абай: 
Өкінішті көп өмір кеткен өтіп,
Өткіздік бір нәрсеге болмай жетік.
Ойіиылдың мен де санды  бірімін  деп,
Талап,  ойсыз,  мақтанды,  цалдым  күтіп,
  -  деп,  адам 
философиялық зерде мен санат, интеллекті мен ойшылдығының қас 
жауы -талапсыздық, ойсыздық, мақтаншақтық екенін ескертеді. 
Не себепті «бір нәрсеге болмай жетік» -  өстік деген Абайдың ой 
толғанысы бүгіндеде жауабын күтуде.
Абай түсінігі, талдауы  бойынша,  ғалым  еңбегі  қажетті  деп 
табатын  қүралдары:  «терең  ой»,  «шын  ақыл»,  «терең  ғылым», 
«білмек», «ойлау» қағидалары ғылым жанкүйерлерінің мәңгілік 
серігі. Абайдыңмына сөздері өлмейтін мэңгілік сөздері емес пе?!
Талай сөз бүдан  бүрын  көп айгщанмын,
Түбін  ойпап, уайым жеп айшцанмын.
Ацылдыпар арланып үялган соң,
Ойланып түзелеме деп айтцанмын,  -
 деген философиялык
толғаныстары қазіргі қазаққа—«арналатын да», «үялып түзелетін»
де, өзіңе-өзің иелік жасап, ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздік 
заманына да аяқ бастың: «ойлан» деп өтініп, жалынып түрғандай 
сезім күйін аңғарғандай боласың?! Қорытып айтқанда, Абайдың 
бай  әдеби-көркем,  мәдени,  ғылыми  мұралары,  бүның  ішінде,
182

философиялықта — кімге де болсын, сарқылмас рухани қазына,
мэңгілік серік, қашан да жанашыр, қамқоршы.
Шыгармашыльщ.
 Бұл тікелей әдебиет танушылыры еншісіне
тиетін  ғылыми  ұғым  деп  қабылдауға  дағдыланған  сияқтымыз. 
Талдап отырған «интеллект» пен «ойшыл» тарихи үдеріс ретінде 
нэтижелі еңбек пен танымның жиынтық қорытындысы, табысы осы 
сапада  екеуі  де  -   шығармашылықтың  құрылымына  кіреді. 
Шығармашылық орысша -  творчество  деген  сөздің баламасы, 
дұрысырагы  таньшдық,  логикалық  жағынан  алғанда  шығару 
(творитьке) бара-бар логикалық абстракция. Осылай деп мэселе 
басын ашып, мазмұны мен мэніне тоқтайық. Мазмұндық, мәндік 
жағын  алғанда,  шығармашылық  еңбекке  бара-бар  ұғым  деп 
қабылдау орынды. Сырт қарағанда, бұл екеуінің «мазмұны екі». 
Абайдың  «мағынасы  екі»  деген  философиялық  қағидасын 
басшылыққа алсақ, мәні жағынан дегеніміз -  еңбек жалпылық та, 
ал шығармашылық болса, еңбектің рухани, ғылыми ерекшеленген 
мазмұндылық бағыттылығы. Маркс айтқандай: ең б ек- адамның 
дене жэне ой куатының жалпы жұмсалуы. Бұл ақиқатқа айналған 
аксиома. Сондықтан да, еңбектің: дене жэне ой еңбегі болып екі 
салаға бөлінуі де осыған орай болар. Шығармашылық—еңбектің 
қарапайымнан күрделіге көтерілу заңцылығы, бірақ еңбектің бір түрі 
деп  шектелсек,  онда  мазмұндылық  талғамымен  санаспаған, 
құндылык  жағын  ескермеген  боламыз  ғой.  Шығармашылык 
еңбектің ғылыми таным мен логикаға бастайтын арнайы, мақсатты, 
саналы бағытгылығы. Осыдан болар еңбекті жемісті, нэтижелі деп 
бағалауымыз.  Ш ыгармашылық  мазмұнын  қүратын,  біздің 
ойымызша, төменде келтіріп отырған мазмұнына жатады-ау дейтін 
жақтары,  қырлары,  көріністері.  Бұлар  болса,  адамның  өзінік 
жасампаздық  күштерін  танытатын:  талант,  дарын,  болжамдық 
әсірелеу,  даналық  деңгейі;  сезім  күйі  толғанысы,  тұшынуы,
сынаушылық дэрежесі. Ойлау мэдениетін қанаттандыратын адам 
жасампаздығы  мына  қырлары:  тапқырлық  пен  табандылық, 
дәйектілік; адамдык пен гуманизм; білім мен ойдың мыңнан озып
183

шығатын жүйріктігі, топ жарып, тыңнан жол салатын еңбекқорлығы; 
диалектика мен ғылымға бейіл беріп, бейім тұратын -  интеллект, 
ойшылдық пен интуиция. Қорьгга келіп айтпағымыз: осының бәрі- 
бәрісі бірігіп, бас қосып, адамның өзіндік жасампаздық күштерін 
қалыптастырады. Абай мен Мұхтар Әуезов шығармаларын мұқият 
оқып барып, «мейлінше түгел қамтып, тексеріп, талдап» ойшыл 
даналардың шығармашылығы арнасы Үшкіл мен ғылым екенін 
түсіндіру,  дәлелді  негіздеу  мақсатында «интеллект»,  «ойшыл», 
«шығармашылық» қағидалары туралы ойымызды ұсындық. Ал 
бұлар  болса,  Абай  философиясы  жүйесін  негіздейтін  келесі 
мэселелер -  ғылым мен дін екенін қуаттайды.
2.3.2 ҒЫЛЫМ МЕН ДІН
Адам көзқарасы ең жанды, тәңірлі, түлғалы, тағдырлы дейтін 
құпиясын аштын адамның санғилы, сиқырлы еңбегіне араласып 
отыратын,  ойлау  тұғырынан  ешқашан  да  түспейтін  тәңірлі, 
жаратушы  күш:  ол  — ғылым.  Табиғат  пен  адам  тәңірлігін, 
жасампаздығын ұғуда мифтік дэуірден келе жатқан наным, сенім 
қүрсауынан шыға алмай  келе жатқан дін. Дін мен ғылым -  бір- 
біріне қарама-қарсы қоғамдықта, эрі көзқарастық күштердің дамуы 
тарихының көрінісі. Абай философиясынан көрініс беретін, біздің 
ойымызша, зерттеушілердің көбін шатастыратын жайт: ол -  Абай 
ислам  мәдениетінде  пайдаланатын,  көбіне  дін  уағызында 
қолданатын  араб  сөздерінің  Абайлық  талдаудың,  түсінілуінің 
философиялық сипаты. Әлемдік дэстүрлі философияның мейлінше 
жалпы  м әсел есі  -   адам   мен  болм ы с  қаты н астары н ы ң , 
байланыстарыныңзаңдылығы. Қауымдастыққоғамғадейінгі миф
заманынан бүгінгі күнге дейін бір сәтке толастамайты н адам, бұның 
болмысы төңірегіндегі ғылым мен дін арасындағы талас-тартыс, 
қарама  қарсы  көзқарастар.  Дүние  өздігінен  бе,  болмаса  «бір 
нәрседен жаралған ба? Немесе бүның иесі бір өлшеусіз үлы ақыл
184

ма?» 
деп, идеализм мен материализмді бір-бірімен айтыстырып, 
кояды да, Сократ хаким айтты деп, Абай дүние (материя) туралы 
Q
3
 ойын тұжырымдайды. «Бұл ғаламды көрдің, өлшеуіне ақылың 
жетпейді, келісті  көрімдігіне һэм  қандай лайықты жарастықты 
законімен жарагылып, оның ешбірінің бұзылмай-түгынын көресің. 
Бұлардың бэріне танғажайып қаласың һэм ақылың жетпейді, осының 
бэрі де кез келгеңдікпенен, бір нэрседен жаралған ба, яки бұлардың 
иесі, бір өлшеусіз ұлы ақыл ма? Егер ақылменен болмаса, бұлайша 
бұл хисабына, өлшеуіне ой жетпейіұғын дүние эрбір түрлі керекке 
бола  жаратылып  һәм  бір-біріне  себеппен  байланыстырылып, 
пэнденің  ақылына  өлшеу  бермейтұғын  мықты  көркем  законға 
қаратылып жаратылды, - дейді», - деп, Сократ болып философ Абай
вз ойын ұсынады 
(Абай. Екінші там,  123-124 бб.).
XIX ғасырдың 30-40 жылдары, Ф. Энгельстің бақылауынша,
жаратылыстану  гылымдарынын  алдыңғы  шебі  болған  физика, 
химия,  биология  ғы лы м лары   аш қан  ұлы  ж аңалы қтары  
ортағасырлық алхимия, теологияға енді қайтып бас көтерместей
соққы берді. Үлы жаңалықгарды айтсақ, бұлардың:
-біріншісі,
  жасуша  (клетка)  турылы,  яғни  өсімдік  пен 
жандардың бүкіл денесі соның көбеюі жэне дифференциялануы 
арқылы  даму  заңдылығын  жан-жақты  ашуға  мүмкіндіктер
тудырды;
-екіниіісі,
  энергия айналымының заңдылыгы — табиғаттағы 
қозғалыстың бэрі бір формадан екінші түрге айналуының үздіксіз
үдерісі болып шығатынын көрсетп;

үшіншісі,
 төңірегіміздегі агзалардың (организмдердін) бәрі,
адам да соның ішінде, ұзақуақыпық даму үдерісінің нэтижесінде 
азғантай гана алғашында бір клеткалы болған ұрыктардан пайда 
болганы, немесе белоктан құралғаны жайында ең алғаш Дарвин 
ұсынған жүйелі дәлелдеме арқасында. Үлы жаналыктардан Абай 
да хабардар болды деуге ұлы ойшылдың өлең жэне философиялык 
сөздері  толық  негіз  боларлық.  Ж аратылыстануда  Абайды 
зертушілер  эрғилы,  жаратылыстану  мен  философия  тарихына
185

сүйенбеген,  әрі  Абай  шығармалары  есепке  алынбай,  айтылған 
пікірлер де бар. Бұның біразына тоқтап та өттік. Соңдыктан Абайды 
теолог деп, не дуалист, қала берді исламист деп, таным теориясыңда 
рационалист, «жүрекшіл» сенсуалист деген де багалар орын тепкен. 
Осы келтіріп отырган багалар Абай философиясы жүйесі — Үшкілге 
қайшы. Сократ болып философияның аса күрделі, қайшылықты 
мәселелері  Абай түсінігінде:  «себептілік»,  «закон»,  «мейлінше 
жалпы»,  «жан-жақтылық  байланыс»,  «лайықты  жарастық» —
 
табигаттагы  үйлесім  (гармония)  заңдылығы.  Мүхтар  Әуезов 
айтқандай,  Абай  түсінігі,  ой  саптауы  «философиялық  биікке» 
көтеріледі.  Иэ,  Абай  не  гимназия,  не  университет  бітірмеген, 
лауазымды гылыми агаққа да ие болган емес. «Сахара үнсіздігінен» 
шыққан  Абай  ұлыларга  тэн  даналыққа,  айрықша  интеллекті, 
нэтижелі, қажырлы еңбекқорлығы арқылы жетгі. «Еңбекадамның 
өзін жаратгы» деген Ф. Энгельстің қагидасына бас шүлгып жүрдік. 
Ал осындай ойды Абайга дарытпадық, себебі қыр ақынына қимаган 
сияқтымыз. «Адамды жаратушы хауаси хамса заһри», - дейді Абай. 
«Хауаси  хам са  заһри»  дегені  адам ны ң  еңбек  барысында 
қалыптасқан бес сезім мүшелері. «Адамныңжаратылуы» мен қоғам 
дамуында  еңбектің  шешуші  мэн  атқаратынын  Абай  айрықша 
сезінеді. «Қай өгіз шаһар жасап», - дейді Абай, - «қүрал, неше түрлі 
сайман  жасап,  сыпайылық  үдесінен  (шама,  шек  /қалам  иесі/) 
шыгарлық қисыны бар? Бірақ адам баласы болмаса, бүл гажайып 
ақылды  жэне  гажайыппен  һэм  жасаган  денеге  кіргізіп,  мұнша 
салахият  иесі  қылганы  хикметпенен  өзге  хайуанга  сүлтан 
қылгандыгына дэлел емес пе?» 
(27-сөз.  Сонда,  1246.).
 Абайдың 
-«табигат өледі», «адам өлмес» деген атакты қагидаларын эр саққа 
жүгіртіп жүрміз,  бірақ бүлардың паналайтын түрагы  адам  мен 
мүның  сангилы  болмысы.  Осы  жагдайда  гана,  «Мен»  менен 
«Менікінің» ара қатынасын, «тэн», «жан» туралы, «мал қалып» «жан
кеткеңде», «болады не сенікі»т.б. «қисынымен» гана емес, Үшкілдің 
сиқырлыгыменен таң қалдырады.
186

Абай өлең, философиялық сөздерінің логикасы -  «бақи» мен 
«фәни», «мін» мен «терең ой», «иман» деген т.б. ұғымдар төңірегінде 
өрбіп, шынайы дүние мен «ақирет», қарын тойдыратын дүние мен 
философиялық дүние арасындығы қайшылыкықтар арқылы өріс 
алады. Философиялық дүниені Абай:
Өмір,  дүние дегенің  -
Агып  жатцан  су  екен,
  -  деп,  үнемі  қозғалыста,  дамуда 
болатынын айтып, ескертпей ме? Жоғарыда келтірілген ұғымдарға 
дуалистік, не идеалистік, соңында діни сипат беруге дағдылынған 
қарапайым сана сыңар ойлап, келте пішіп, бұлардың мәдени жэне 
философиялық мазмүнына,  маңызына мэн бермейміз.  Жалған, 
өткінші «фәни» дүниесінің танымдық, логикалық тамыры соқыр 
наны.мда—«махшарда» жатыр. «Дүниеге ынтықтың» да иманы эр
нәрсеге  «бой  алдырып»  шатасқан.  Екеуі  де  -   «махшар  да», 
«дүниеге ынтык» та болмыс жөнінде «түгел түсінік» беруге не білімі, 
не ғылымы жетіспейді. «Иман» үгымының Абай философиясында 
алатын орынына алда арнайы тоқтамақпыз. Осы түста ғылым мен
діннің:
-  
бірімиісі
 -  ақиқатты, эді лдікті жақгаса;

екіншісі
—шариғат атын жамылып, ортағасырлықтағылыкты 
адам қүқығын, әсіресе әйел бостандығын аяққа басатын Мүхтар
Әуезов айтатын қырдың «қара заңы». Бүл туралы «Әйел тағдыры» 
деген тарауда сөз болған-ды. Мэкен қыздың кінәсі сүйген жігіті 
Дэрменмен түрмыс қүрғаны. Қырдың қара заңы Мәкен қызды бас 
бостандығынан айырып, аттың қүйрығына байлап азаптап өлтіруге 
бекінген  ру  басылары  мен  дін  қайраткерлері  тағылығымен 
таныстық.  Сонда  Абай  мен  Әбіш тің  білімділігі  бұлардың 
адамгершілік қасиеттері, эділдік үшін табанды күресі Мэкеннің бас 
бостандығын қорғауда шешуші мән атқарды. Патша экімшілігі де 
қырдын қара заңына қарсы шара қолдануға мэжбүр болды. Әділдік 
пен адам қүқығын Мәкен бас бостандығын қорғау жолында, ғылым 
мен  діннің  қақтығысын  Мұхтар Әуезовтің қаламынан  шыққан 
күйінде «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша келтірейік.
187

Юнуспек халфе Кәмәли хазіреттің, үлкен Семейдегі «Қазақ 
мешітінің» имамы өтінішін Абайға жеткізіп отыр»—Абай мырза, 
мұсылман қауымының қай заманда, қай мекенде болса да, тетігі 
мен тиегі иман еді. Халық— надан, заман—иман, ынсаптың азған 
заманы. Сіздей қауым, халықұстазы болатын адам ислам жолынан 
закон жолын, яғни, діні жат қауымның жолын артық санаса, сіздің 
соңыңызға  ерген  қауым  мен  нәсілдерде  қандай  иман,  еггихат 
қалады? Қандай қылмыс алдында үждан, инсаф таразысы болады? 

Біз сізден сол мұсылманшылық иманы үшін, осы іс (Мэкен ісі / 
қалам иесі/) уақытында өзгеше ойлауды  күткен едік!  -  дейді. -  
Бізді сізге жіберген ишан мен хазіреттер еді... -  деді» 
(Алтыншы 
том. «Абайжолы».  Төртінші кітап,  139-14066.).
 Осы істе діннің 
қандай саясат қолданғаны туралы Абай пікірімен танысайық.
«- Сіз, дін адамдары, осы қаланың хазірет, ишан, ғүламалары 
осындай жайға өздеріңіз араласуды шарт, қажет деп біліпсіздер. 
Айтайық, оларыңыз жөн болсын. Бірақ осындайда інсапты, үжданды, 
ар-имаңцы несіне ауызға алып, көмей толтыра, көпірге сөйлейсіздер? 
Неге риямен, екіжүзділікпен сэтгің арасында жүз қүбылып, жалған 
жолда  жүресіздер?» -  деді.  Абай  сүрауларының  салмағы  бата 
бастаған Юнуспек халфе жүгінген қалпында, жоргақтай түсті.
-  Қалай, қалайша? -  деп қал ып еді. 
Ш
Абай оң қолын жай салмақпен, бұйрық ете қозғай берді.
-   С абы р,  саб ы р ...  солайш а!  — деді  де,  ж ы лдам  ғана 
бастырмалатып, қадала сөйлеп кетті. 
' Л
-  Риялық, екіжүзділік дейтінім: сіздер кеше мен бүгін, барлық 
мешіттерді ң үстаздары, имам-хазіреті болып, ең аддымен патшал ык 
кеңсесінің, орыс чиновниктерінің, бөтен дін адамдарының, яғни, кэпір 
қауымының үлықтарына бардыңыздар! Бар ажар, назарларыңды 
салып  неше  алуан  айла,  дәлелімен  жалынып  та,  жалбыранып
көрдіңцер. Жагынып, мактап сөйлеп, отініштер айтып шықгыңыздар. 
Мешіттеріңіздің мөрлерін былшита басып, нелер шебер жазылган 
хүснихат, гаризал-арыңызды өбекгеп апарып, жағына кіргіздіңіздер! 
Енді сол махкамалардан қарга адым жерге шықпай, менің үстіме
188

келіп, үйіме кіре бере жаңа ғана өздеріңіз мадактай мақтап шыққан 
патшалық әкімдерін хахараттап, иянатгай келесіздер. Бұның аты 
не? Барып тұрған екіжүзділік, жалғаншылдық, масқаралық емес 
пе? Жеке адам жалғыз басымен өз бетімен осындай істесе біз соны 
көре тұра жерге түкірер едік! Жиренгеннен өртенгендей болар едік. 
Осы қаладағы ноғай, қазақ халқының атынан, сан мыңдаған қауым 
агынан, сол қауымныңұстазы, тәрбиешісі, рухани басшысы аталған 
көп жандар, ягни ишан, имам, халфе, хазірет, молла, мэзін, шэкірггер 
атынан сөйлейтін сіздердің мінездеріңізді не деп ауызға аламыз? 
Қайтіп жиренбей, ренжімей айтамыз? Жалғаншылар, екіжүзділер, 
қор мінезді, адамгершілік қайыршылары демей, сорлылары демей
қайтып шыдаймыз? Мен сіздер шығып келген сол мешіт, сол дін 
атынан намыс етер едім эуелі! Қорланар едім осындай мінездерің 
үшін!- деді. Екі халфенің енді аузын ашырмады, үстеріне, олардың
өздері айтатын: «жаһаннамныңжаһилдерге шашылатынәділ ғазап
отын»  төккендей  болды» 
(Сонда,  140-141  бб.).
  Міне,  Абай
түсінігіндегі дін қайраткерлерінің қоғамдық, саяси-элеуметтік те 
тұлға  бітім і.  Ұлы  гуманист  ойын  ж алғасты ра  түсіп,  дін 
қайраткерлерінің соқыр нанымға сенген, дәлелсіз жалаң уагызға 
қүрылган, негізделген ой талғамын, ой саптау дәрежесін де қатгы 
сынағанын көреміз. Абайдың ғылымға, гуманизмге негізделген
көзқарасын Мұхтар Әуезов көзімен қаралық.
«Абай ендігі сөзінің соңын иман деген жайға, Юнуспекхалфе
бүны  өзінш е  тұсам ақ  болған  ж айға  соқты рды .  «Ш архы 
Ғабдоллаға» дейін жетіп қалдық, «үлкен кітапқа орай біліміміз бар» 
Деп жүрген моллаларды енді Абай сол кітагтгардың тілімен сөйлеп,
тандандыра бастады.
— 
Екі түрлі иман бар еді: якини иман, таклиди иман. Жұртқа 
сол иман атыменөсиет, хүкім  айтпақ боласыздар. Осы отырған 
екеуіңізді мен не дейін?! Якини иманы бар деуге сіздерде ғылым 
жоқ. Таклиди иманы бар деуге әуелі өздеріңізде беріісгік жоқ, яғни, 
я  алдағанға,  я  азғырғанға,  я  бір  пайдаңызға  қарай  дархал  осы 
сағаттыңөзінде «акты -  кара» деуге, «қараны -  ақ» деуге, «өтірікп
189

-  шын» деуге әзірсіздер. Сол терістіктердің бәріне ант етуге эзір
отырған сіздерді не дейміз? Жоқ, бүгін мынадай дау мен пэле шығып
түрған  шақта  «қылыш  үстінде  серт  тұрмайды»  десеңіздер,
«Құдайтағаланы ң кешпес күнасы жоқ» десеңіздер, сіздерден не
күтейік? ГТатша экіміне кіргенде, тағзым ете жалынасыз, жалған
айтасыз. Үйге қайтып, киізші Сейсекедей байға барғанда, бет сипап
фатиха қыла отырып, жаңағы өзіңіз кірген үлықты қиянаттайсыз.
Маған келе бере жаңа ғана өзіңіз екі жерде екі түрлі жүз көрсетіп,
өздеріңіз сатып қорлап келген иманды маған қарсы қүрал етесіз.
Қылыш етіп суырасыз. Яғни, менің қолыммен қазақтың онсыз да
қорлық астында  қан жылап,  сор  кешкен  бишара  қызын дараға
астырмақ, қанға былғатпақ боласыз. Солай ма? Осылайша, иманы
мен  арын саудалап  жүрген  сіздей  жандардың,  сіздерді  жіберіп
жұмсап отырған иман ұстаздарыңыздың «жалғаншы, қиянатшы
жүзі құрсын» демеске не шарам қалды? Барыңыз, жөнеле беріңіз!
Менен осыдан озге есітер соз,  алар сыйларыңыз болмас!  -  деп
соңғы сөздерін бүйрық ретіңде айтгы. Екі халфені өз алдынан айдап 
сала сөйледі 
»(Сонда,  142 б.).
 
і
Абайдың философиялық создерінің Біріншісінен бастап Қырық 
бесін  түгелдейін  өн  бойы  тексеріліп,  талданып  келе  жатқан 
мәселелердің  бэрі  де  бір  үядан  үшырылып,  қанаттарын  алыс 
сапарға қамдап, қамқор болатын -  Абай Үшкілі.
Абай  философиясы  жүйесін «ниеттеніп  білуге» бет  қойған
зерттеушілердің бірі БақытҒабдуллин: «Абайдың философиялық
козқарастарын соз еткен кезде ойшыл ақынды тек философиялык
категориялардың төңірегіңце телміріп, «сана» мен «материяның»,
«рух пен табиғаттың», «ойлау» мен «болмыстың» ара қатынасын
қалай шешті, түсінді, материалист пе, элде идеалист пе, немесе
таным  теориясында  ойлау  мен  сезімнің  арасын  қалай  түсінді,
рационалист пе, элде сенсуалист пе деген кесімді сұрақ қойып, оган 
кесімді жауап талап ету қажет бола қояр ма екен?
Абайдың  көп  қырлы  мұрасынан  аталған  философиялық 
категориялардың алуан түрлі  көріністерін, элементтерін табуға
190


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет