5134
ӘБДІРАИЫМОВ
ШАҚАНАЙ ӘМІРЖАНҰЛЫ
Екінші кітабы
w
, &
ӘБДІРАЙЫМОВ
е / у
Шақанай Әміржанүлы
Абай жүмбақтығы -
философиялық
;
мөселе
Екінші кітабы
2015 жыл
ӘОК
V l j j B T i f T %
)
ББК 87.3
Q
k
H£>J
— wn
v
11 lf 11 *
Монография «Тұран-Астана» университетінін «Қазакстантану» Гылыми
орталығы және осы университет жанындагы оншақты жыл тұракгы жұмыс істеп
келе жаткан «Кдзақстантану- Казахстановедение-Kazakhstan 1 ogy» Ғылыми-
әлістемелік семинары шешімімен баспаға ұсынылды.
Редакция алқасы:
Бас редакторы Әубәкір Д. Ә.
Редакторы Ыскаков М. Р.
Пікір бергендер: Сәбит М., профессор, философия гылымдарынын докторы;
Смагұлов Ж.Қ., профессор, филология гылымдарынын докторы;
Әубәкір Д, Ә., профессор, философия гылымдарынын докторы,
Халыкаралық акпараттандыру академиясынын академигі;
Ыскаков М Р., казак тілі мен әдебиеті пәнінін окытушысы.
Ә- 14Әбдірайы(нов
Ш.
Э*( 1930-2006) Абай жұмбактыгы - философиялык
мэселе. Ғылыми-зерттеу жарияланым: 3 кттагтган тұраты уі^онофафиянын Екінші
кітабы. ~ Астана: 2015.-344 бет.
ISBN978-601 -278-756-6
Кеп жылдар бойы жогары оку орнында үстаздык кызмет аткарган белгілі
галым, философия гылымдарынын кандидаты, доцент Ш.Ә. Әбдірайымовтын бұл
ғылыми зерттеу енбегі халкымыздың дана тұлгалары Абай мен Мұхтар Эуезов
шыгармашылыгынын философиялык кырларын эерделеуге арналган. Дара
тулгаларымыздың дүниетанымындш ы жеке тұлга жэне адами бол мыс, когам жэне
заман тур алы философиялык толғауларынын танымдық та, тагылымдык та мәні
мол. Осы абайтануга рухани игілік болып косылуга лайык енбектің жарык коруіне
автордын жан-жолдасы, замандасы Дәурен Садықұлы Ахметбаевтін косқан үлесі
зор: колжаэбаларды жинактап, ретке келтіріп, Компьютерре салгызу. Кітап Абай
дананын туғанына 170 толуына орайластырыла отырып, жогары оқу орындары
мсн мектеп шәкірттеріне, гылым жолындагы ізденушшерге
PhD-докторанттірга, галым
ISBN978-601 -278-756-«
- магистрант, докторант,
уымга ар на лады.
академ ик
Ь ИС in л
<ДЯы f ылыми
кп
д у
и
—■
О Ш. Ә. Әбдіаайымов, Т. Тұяков, 2015
АБАИ ТЫЛСЫМЫ
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ СЫРСАНДЫҚ
Ш.ә. Әбдірайымовтың «Абай жұмбақтығы —
философиялық мәселе»
туындысына пікір-беташар
Бүл туынды әйтеуір бір Жарық дүние есігін ашуы керек еді.
Абай заманы, Мұхтар Әуезов Абай мұрасына, тұлгасына ден
қойған қазақ халқының рухани жаңғыруындағы ғасырға бергісіз
кеңестік кезең, туған елінің Абайды үлттық рух көсемі деңгейінде
шынайы пейілмен пір тұтуы, Абай мен Мұхтарға деген бүгіндегі
әлем жұртшылығының ыхыласы аууы - осының бәрі-бәрі көптен
күткен аталмыш еңбектің жарыққа шығуына ақжолтай.
«Абай» романы, соны іле-ш ала «Абай жолы» роман-
эпопеясының жариялануы қазақ үшін рухани қайтатүлеп, ескіше
айтқанда, Ренессанс үрдісін бастан кешкендей ғүлама оқиға болды
десек, ақиқаттан алшақтамаған болар едік. Тіптен, Абай заманы
«Қазақ Ренессансы» деуге тұрарлық. Осындай зор тағдырлы
бақыт кез келген үлтгың басына түсе бермейтіні аян. Біз тағдырдың
өркениет үзынсонар көшінде бүндай бақ қондырған сыйына разы
болуымыз керек жэне де осынау бақ құсын уысымыздан шығарып
ал мауымыз лэзім.
Мен Шақанай Әміржанүлын бір кездері Павлодарда қызмет
етіп жүрген күндерінен білуші едім. Ол кездері қазақган философия
маманын алып шыққандар бірен-саран ғана болатын. Кеңес
Одағының коммунизм құруға бағытталған социалистік доктринасы
марксизм-ленинизм ілімі шеңберінен бір қарыс та ауытқи алмаитын,
сана-сезімімізге сіңген коммунистік идеология өктемдігі өзтабын
философия ғылымына салмай қойған жоқ. Тіптен, философия бүл
тұрғыдан алғанда, басқа ғылымдардың алдын орап, КОКП
доктрина жүйесін жасауда басты рөл атқарып, кеңес халқының
жаппай игеруге, меңгеруге, кез келген істерінде, бүкіл тұрмыс-
болмысында басшылыққа алар қоғамдық бағдаршамы болатын.
Сондықтан да, автордың сол уақыт туралы айтқандарымен
3
келісемін. Дегенмен де, кеңестік ғасырдың қазақ халқына, жалпы
адамзатқа бергені де аз болған жоқ: дербес болмаса да, қазақ өзіндік
автономияға қол жеткізді; тілі мен мәдениетін әжептәуір жоғары
деңгейге көтере алды, міне соның арқасында Абайды тануымыз
|
сол кеңестік ғасырдан бастау алды; білім беру һәм денсаулық сақгау
жүйесін қалыптастырып алды жэне де гылымын даму жолына
|
бағытгай алды; белгілі бір партиялық жүйеге мойынсұну, елдік пен
мемлекеттікке ден қою секілді бүгінгі заманымызға қажеттігі
|
көрініп, кэдеге асқан әдеттерге бойды үйрету; кешегі Үлы Отан
j
Соғысы ауыртпашылығын бүкіл кеңес халқымен бірге көтеріп,
|
содан абыроймен шЫға білу т.т. Бұларды жоққа шығару, элбетте,
ешкімге абырой әпермес.
Абай шығармаларындағы ғылыми, соның ішінде философиялық
сарын, тіптен көзқарас бар екендігін біз де, басқа да ғалымдар,
жазушылар басқа да сала мамандары тарапынан бұрыннан, әсіресе
Мұхтар Әуезовтьщ түбегейлі еңбектерінен кейін көптен айтылып,
жазылып жүр. Абай өзінің осынау ой-сана, зерде-санат тереңінен
толғаған шығармашылығын дүниесезгіштік, дүниетанымдық
дәрежеге дейін жеткізген ғұлама. Бұл жағынан кейінгі Ренессанс
кезіндегі Батыс философ-оқымыстыларынан ол Иммануил Кантқа
жақын деп айта аламыз. Ал, жалпылай айтсақ, Эллин өркениеті
д әу ір ін д егі Ф алес, А наксим ен, А наксим андр, П ротагор
бертінгілерінен Гераклит, Демокрит сынды ежелгі ғұламалар
идеяларыньщ ұшқындарын Абайдан байқаймыз. Түптеп келгенде,
Абайдың ол дәуірдегі прогогиптері - Сократ пен Плагон. Сондықган
да, егер соларды ғалым десек, онда Абай да - ғалым, егер-әки
философ десек, онда Абай д а —философ. Бұған еш талас-тартыс
қажет емес. Шақанай Әбдірайымовтьщ керемет атқарған еңбегінің
басты нэтижесі сол, осындай ой-топшылауларды, толғаныс-
болжамдарды, шашырап жүрген пайымдарды терең зерделеп, бір
ізділікке түсіріп, жүйелеп шыққандығы. Абай шығармалары, әсіресе
«Философия трактаттары» деуге болатын «Қара сөздері» тұнып
тұрғанғылымижүйеүлгісі.т
^
*'•
г.-<гл>и
\
Мңіат СӘБИТ,
профессор,
философия ғылымдарының докторы
4
ҰЛЫЛАР ҮНДЕСТІГІНЩ ҮДЕСІНЕ ҮҢІЛГЕН
Ш.Ә. Әбдірайымовтың «Абай жұмбақтығы -
философиялық мәселе»
атты ғылыми-зерттеу еңбегіне
сараптамалық ой-пікір
Адамзат қоғамы жаратылғаннан бергі уақыт ішінде сан алуан
ғылымның түрлерінің зерттеуіне айналса да элі де болса барлық
құпиясы толық ашыла қоймаған бір нысан бар. Ол — адам. Өзінің
жаратылу құпиясынан бастап бірталай ғылым саласының әлі күнге
дейінгі эр түрлі бағыттағы зерттеулеріне өзек болып келе
жатқандығымен де жұмбақ болып отырған осы бір табиғат
сыйының болмыс-бітімін түпкілікті ашып бере алдық деп айта
алмасақ керек. Ал тарихта терең із қалдырған ұлы өнерпаз
тұлғал арды ң өміртану мен өнертануцағы шығармашылық құпиясы
деген шетсіз, шексіз жатқан бір ғаламат дүние. Қазақ халқының
бастан өткерген тарихи тағдырында мақтана да, мақтай да
ұлықтайтын Ұлыларымыз қаншама! Жер жүзіндегі өркениетке бір
де бір данасымен үлес қоса алмаған ұлттар мен үлыстар да бар.
Жеке үлт ретіндегі тарихы тәлкекке түсіп, мемлекет болмақ түгілі,
тілі, діні, ділі қүрып жойылып бара жатқаны қаншама!? Ал «мың
өліп, мыңтірілген қазақхалқы» әлемдік өркениетте қаншамаұлы
ойшылдарымен даңқты. Сонау Сақ, Ғұн дәуірлерін былай қойған
күннің өзінде, Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегіндей арыстарымыздан
классик ақынымыз О. Сүлейменовке дейінгі ғасырларға созылған
тарих көшіндегі тарихи түлғаларымыз қалдырған өшпес рухани мүра
барша адамзат қоғамының игілігіне қызмет жасауда.
«Абай — қанша алсаң да таусылмайтын ұлы мүхит. Мен одан
өзіме керегімді ғана алдым», - деген екен бір сөзінде М. Әуезов.
Ұлттық әдебиеттану ғылымында абайтану ілімі жеке сала болып
қалыптасып, оның барлық проблемалары ғылыми тұрғыда
5
қарастырылды дегенімізбен, тәуелсіздік алғаннан бергі жаңа дэуірде
ұлт мүддесіне байланысты жаңаша көзқарастағы тың зертгеулердің
қолға алынғаны кеше ғана. Турасын айтсақ, абайтану мен
әуезовтану ілімдерінің мэселелері кешегі тоталитарлық заманда тек
эдебиетші ғалымдардың еншісінде ғана болып келді. Басқа
гуманитарлық ғылымдар саласы тек шет пұшпақтағаны болмаса,
аса тереңцеп барды дей алмасақ керек.
Бұған да объективтік себеп-салдарлар жоқ емес. «Тек үш
пайызы ғана сауатгы болған көшпелі надан халық» деп санаған ұлы
державалық көзқарас пен еуропашыл арамза пиғылдардың салдары
өз тарихымыз бен данышпан даналарымызды ақиқатқа сай
бағалауға мүмкіндік бермеді. Егемендік алғаннан бергі уақытга
әлемдік ЮНЕСКО үйымы арқылы қаншама ғүламаларымыздың
мерейтойлары дүниежүзілік көлемде аталып өтіп жатыр. Бұған тек
қана қуану аз, бөркімізді көкке лақтырып мақтану да керек!
Бүгінгі таңда кешелері тек ұлттық әдебиеттанудағы жеке ілім
саласы ғана болып келген абайтану пен әуезовтануға басқа
қоғамдық жэне гуманитарлық ғылымдардың батыл араласуы
құптарлық құбылыс. Оның ішінде философия ғылымында үлттық
ойшылдардың данышпандық даралықтары жан-жақты зерттеу
нысанына айналуца. Абай секілді ғүлама ойшылдың пәлсапалық
ой-көзқарастары ғалымдар А. Машани мен Ә. Маргүлан және
беріректе Ж.М. Әбдідцин мен Ғ. Есім ғылыми зерттеулерінен бастау
адцы. Бүларға қоса, филология, педогогика, психология, әлеуметтану,
саясаттану, заң ғылымдары салаларында да ізденістер жүріп жагыр.
Абай философиясы жекелей қарастырылғанымен, М. Әуезокгей
үлы түлғаның дүниетанымдық ойлары мен шығармашылығына
тығыз байланыстылықтағы л о ги кал ы к тұтасты кта кешенді түрде
сөз бола қойған жоқ. Оның кейбір мәселелері алғаш тек
М.Мырзахметовті ң «М. Әуезов жэне абайтану проблемалары»
атгы монографиялық еңбегінде жэне кейіндерде шыққан басқа
зерттеулерінде эдебиеттанушылық бағытында ғана сөз болған-ды.
Сондықтан да, егер де біз Ш .Ә. Әбдірайымовтың «Абай
6
жұмбақтығы - философиялық мэселе» атгы бүл ғылыми-зерттеу
еңбегінің негізгі өзегі ұлылар үндестігінің тарихи дәстүр
сабақтастығына сай жалғастық табуын зерделеуде десек, артық
айтқандық болмас.
«Абай әлемі - бір дэуірді қамтитын тарихи үдеріс. Мүхтар
Әуезов «Абай», «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы Абай өмірі
мен ісін тарихқа сәйкестендіре отырып талдап, зерттеп, жан-жақгы
бейнелеп, қазақ халқының тарихи түлға бітімін қалыптастырды.
Қазақ мәдениеті, ғылымы мен өнерінде Абайдың орны ерекше.
Абай өмірі - қазақ халқының өмірі, мәдениеті даму тарихы. Абайды
тану - белгіліден белгісізге үздіксіз, үзіліссіз сатылап жоғарлайтын
диалектикалық үдеріс. «Абайтану» ғылымының салалары үнемі
жаңа деректермен, пікірлермен толыктырылып, байытылып отыруы
ғылыми заңдылық. Сондықтан да, Абайды тану - барға бас
шүлғып, ат басын тежеу емес. Үлы ойшыл ақынның әлемді к тарихи
түлға бітімі — сарқылмас рухани да, ғылыми да қазына. Абайдың
жеке-дара өмірі, қоғамдық ісі мен шығармашылығы, рухани асыл
мүралары кімге де болсын — мәңгілік серік» — деп автордың өзі
атап көрсеткендей, бүл көлемді еңбекгің маңыздылығы да осында.
Ұлы перзенттеріміз Абай мен Мүхтар әлеміне диалектика заңы
бойынша философиялық түрғыдағы байыпты байламдар жасауцы
мақсат тұта отырып, қазақ деген халықтың ұлттық
дүниетанымының болмыс-бітіміне бүгінгі тандағы жаңашыл
көзқараста тың ғылыми пайымдамалар жасауға үмтылады.
Расында да «Абайдың тарихи түлғасының әлемдік деңгейге
көтерілу сыры — қазақ халқының жасампаз еңбегіне, қоғамдық
кызметіне, ойшылдық қасиетгеріне байланысты. Диалектиканың
тұтасты қ және жан-жақтылық қағидаларын басшылыққа алсақ—
«тарих» жалпылық мэнінде бар тіршіліктің болмысы үнемі даму
үстінде деген түсінік. Тарих — шекті де, шексіз үрдіс, өмірді де,
ойды да баптап, шектеп, жүгендеп ұстауға тырысатын, шамасынша
тізгінді мықтап үстау үшін бар айла-амалын жүмсаитын адам
қоғамы іс-қимылдарынан туындайтын объективті үдеріс» деген
пікірі талдауды қажет етпейді.
7
«Абай кім? Оны қалай ұғамыз жэне ұғынамыз?» деген
гасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан сүрақ эрбір ұрпактық буын
ауысқан сайын олардың алдында үнемі жаңарып, өзгеріп, заман
талаптарына сай туындайтын ұшан-теңіз мэселе екені белгілі.
Кешегі социализм деп аталған тоталитарлық-әкімшілік жүйе
кезеңінде отаршылдықты негіз еткен кеңестік идеология абайтану,
мүхтартану ілімдерінің проблемаларын қандай талаптар бойынша
насихаттауға мэжбүрлегеніне көз жеткізеді. Ол бірінші бөлімнің
алғашқы тарауындағы«Тарих қойнауынан: Қорқытатадан Қонаевқа
дейін» деп аталатын тараушада нақты сөз болған. Бүл түрғысынан
келгенде, Ш.Ә. Әбдірайымов жаңадан Америка күрлыгын ашуға
ұмталап отыр деуге негіз жоқ. Мәселе Абаи мен Мүхтар аталатын
даналық элеміне өзіндік гылыми ой үйғарымдар бойынша келуінде.
Ол тэуелсіздікке қол жеткізгеннен бері жан-жақты жэне әртүрлі
аспектіде айтылып жатқан ізденістерді біртұтас жүйеге келтіруге
деген ғылыми танымдық және тағылымдық мәнде жатыр.
«Абай әл ем і-деп жазады Ш.Ә. Әбдірайымов - XX ғасырдан
XXI ғасыр табалдырығын аттады да. Бүгінгі тәуелсіз елімізде,
халықаралық көлемде келесі тарих бүрын-соңды болмаған
қоғамдық, саяси-әлеуметтік мүмкіндіктер тудыруы сөзсіз. Абай
элемінің, танымы мен логикасының мақсатты бағыттылығын
анықтау ізденісімізді белгілі бір заңдылық арнасына жетелейтін,
бұныңтікелей эсерімен сипатталып, бейнелейтін философиялық
категориялардың басын ашып анықтасақ: олар кеңістік пен уақыт
жэне де диалектикалық қайшылықтар. Аталған категорияларды
Абай әлемі тың мэселелелері мен жүйесін анықтап, зерттеп талдауға
жол нүсқайды. Кеңістік пен уақыт физикалық элементарлық
бөлшектен бастап, баршаның - материалдық дүниенің, бүның
ажыратылмас бөлігі, эрі құрамы адам қоғамының өмір сүруінің
объективті түрлері. Ал, диалектикалық қайшылықтар болса, қандай
да бүған қоса таным мен логика дамуының ішкі қайнар қөзі.
Философияның сөз етіп отырған түлғалы қағидасын өмірге
келтірген, тек қана, әбден етене болып сіңіп кеткен маркстік-
8
лениңдік философия ғана емес, әлемдік философияның—даму, таным
жэне логика туралы ілімі — диалектикалық жиынтық, қорытынды,
түйін пікір». Мінеки, осы пікірдіңөзінен-ақоқырман қауым абайтану
пен әуезовтану ілімдерін қалыптастыру барысындағы барлық
ж е т і с т і к т е р
мен кемшіліктерге соны сипаттағы таразылық
көзқараста карауға ұмтылары анық.
Ғ алымның өз еңбегінде қайтапап айтып отыратын кеңістік пен
уақыт жэне де диалектикалық қайшылықтар проблемасы -
ғасырларға созылса да, шешуін таппаған күрделі мәселе. Себебі
кеңістік пен уақыт мэңгілік болатын болса,
оңда
тарих көшіне ілескен
әрбір ұрпактың ұлттық кемеңгерліктің мәйектеріне, Абай
мен
Мұхтар аталатын даналық
әлеміне
жаңа
көзқараста қарауы
философиялық заңдылық. Ол қөзқарастарды дамудың
диалектикалық қайшылыктары туғызатынын дэлелдеп жату аргық.
Ғалым Ш .Ә. Әбдірайы мовты ң адамтану, тұлғатану
ипмдерщцегі
ғылыми аиналымда оұрын-соңды кездесе қоимаитын
«Үшкіл қағидасы» ұғымын енгізген. Зерттеуші оны былайша
негіздейді:
«Абай шығармашылығына диалектикалық тұтастық сипат
беріп, бүның мазмұнын ашатын ғылыми-теориялық негізі - «үшкіл
қағидасы». Үшкіл төңірегіне теориялық тұлғалы үш қағиданы
ұсынбақпыз:
-біріниіісі-
Абайдың қоғамдық-саяси көзқарасы;
-екіншісі -
Абай мен Мұхтар Әуезов шығармашылығының
халықтық, ұлттык жэне үлтжандылық қасиетгері;
-үшіншісі -
біздің ойымызша, тың, әсіресе, талас, тартыс
тудыратын қағида—«Абай философиясы».
Жаңашылдық сипаты айқын осы «Үшкіл қағидасы» ұғымының
бара-бара ғылыми терминге айналары сө зсіз. Егер эрбір
шығармашылық өнерпаз болмысын осы үшкіл қағидасы
талаптарына сай зерттей бастасақ, онда сол саладағы ғылымға
да, ғалымға да пайдасы молынан тиері анық. Өйткені, гуманитарлық
ғылымдардың эр саласы «өз қотырын өзі қаси оерудің» уақыты
9
өтті. Абай мен Мұхтар Әуезов әлемінің тарихи да, ұлтгық та, рухани
датамырларын осы қағида тұрғысынан қарастыру авторды талас
туцыратын тың мэселелерге жетелеген. Сондықтан да, қоғам және
адам, оның ішінде өнерпаз дара тұлға болмысы мен дүниетанымы
туралы дэлелді ой-пікірлер сонылығымен көңіл аудартады.
Ал тұлға мэселесін эдебиеттану ғылымы тұрғысынан қарасақ,
эргүрлі көзқарастар тоғысында дау тудыратыны анық. Белгілі бір
тарихи тұлға мен ол туралы жазылған көркем шығармадағы эдеби
образ ретіндегі кейіпкер тұлғасы арасындағы ұқсастық пен
айырмашылықтардың тарихи шындыққа сәйкестігі мэселесінде
түрлі пікір қайшылықтары туыңдап жататыны шыңдық. Автор ¥лы
Абай жэне ол өмір сүрген кезеңдегі тарихи тұлғалардың М. Әуезов
шығармашылығында кеиіпкер дэрежесінде сомдалуын негізге ала
отырып, тарихи тұлға және көркем бейне мәселесіне орай ой
толғайды. Ғылыми зерттеу жұмы сы мы зды ң саласы
эдебиеттанушы ретінде қарайтын болсақ, бұл еңбекте эрі қарай
тарата, тарамдала зерделенетін көптеген ғылыми проблемалар мен-
мұндалап тұрғанына шэк келтіре алмайсыз. Бір ғана мысал
келтірелік. Автор жеке тараушада ғана сөз ететін «Әйел тағдыры»
мәселесінің өзі бұған Абай шығармашылығындағы көзқарас пен
М. Әуезов туындыларындағы қазақ әйелдерініңтағдыр-талайын
салыстырмалы эдебиеттану талаптарына сай философиялық
аспектіде қарастыру—тың зерттеудің өзегіне жетелеп тұр. Әрине,
сараптама пікір жазып отырғаннан кейін бұл еңбеюің эр бөлімі мен
тарау, тараушаларына жеке-жеке тоқталуға болар еді. Бірақ біз оған
барған жоқпыз. Себебі, бір жағынан автор айтқан идеялар мен ой-
тұжырымдарды өз сөзімізбен қайталап айтып беру жағынан
сақтансақ, екіншіден, өзім ғана білеміннің аяғы жақсылыққа
апармасы белгілі.
Ш.Ә. Әбдірайымовтың «Абай жұмбақтығы — философиялык
мәселе» атты ғылыми зерттеу еңбегі төрт аяғын тең басқан мінсіз
зертгеу деуден аулақпыз. Егер автор марқұм болып кетпегенінде
айтылатын сын ескертпелер де болар еді. Олар түзетіле келе
10
еңбектің ғылыми сапасын артгыра түсер ме де еді. Қалай дегенмен
де, ұзақ жылдар бойы том-том кітап ақтарып, кешті таңға
жалғастара, көз майын тауыса, еңбек еткен қалам иесінің
жанқиярлық еңбегіне тэнті болдық. Ең бастысы ұлтжандылық
болмыс-бітімінен туындап жатқан «Қазағымды танытсам екен,
оның ұлыларын ұлықтау арқылы ұлтымның мерейін өсірсем екен»
деген патриоттык сезімі шын мэнінде ризашылықіудырады.
Философиялық ой-толғамдарға негізделген бұл зерттеуде
гылыми стиль мен публицистикалық сарын араласып отырғанымен,
ол Абай мен Мұхтардың жұмбақгығын ашуцы мақсат тұгқан негізгі
жүйеден аулақтай қоймайды. Қазіргі кездегі көзқарасқа сай
автордың субъективтілік көзқарастары да тақырып аумағанан
табылып жатыр. Қандай да болсын бір гұламалықпен жазылған
кітап болса да, оқырман одан тек өзіне керегін ғана алатыны мэлім.
Ендеш е, Ш .Ә. Әбдірайы мовты ң «Абай жұмбақтығы -
философиялық мәселе» атты еңбегінің тағылымы мен танымы мол
екенінде дау жоқ. Мәселе оны қалай түсіну мен түйсінуде жатыр.
Абайтану мен Әуезовтану ілімдерінің келелі мэселелерімен қатар,
ел бірлігін сақгау мен тәуелсіздігіміздіңтұғыры берік болу жолыңца
Достарыңызбен бөлісу: |