Жиынтық қорытындысы:
Абай Үшкілі — 23 шығ., Ақыл, ғылым, о й — 13 шығ., Қайрат—
12 шығ. Ақыл — 49, Жүрек — 52, Қайрат, ой — 6, Ақыл, жүрек — 19,
Жүрек, ой -1 4 , Ғылым -2 1 , Логика - 58. Адам көңіл күйі - 55.
Көзқарастық «онның» Абай өлең, философиялық сөздерінің
жүйесін танып түсінуге, бүның қалыптасуы, даму заңдылыгын ұғуға
мүмкіндіктер тудырып, жетелік жасайды. Енді осы онның
жетелігімен Абай философиясы жүйесіне апаратын ізденіс сапарына
аттанайық.
Диалектика тілінде айтатын таным мен логика зандылығы Абай
сөзінің «философиялық концепциялығын», «тереңнен толгайтыңдық»
89
қасиеттерін айрықша ерекшелендіретін «ондық» екенін ескеру
қажет.
Сандық қасиетдэлдікті, мөлшерлікті, шектілікті көрсетеді ғой.
Абай сөзінің философиялық жүйе иелігіне жататын «ондық»
бағытгары. Тарқатсақ:
- а қ ы л —49,
- ж ү р е к -5 2 ,
—логика—5 8,
—
адам көңіл-күйі — 55.
Қорытып айтсақ, «ондық» әдеби-көркем, әлеуметтік-
философиялық шығармаларының танымдық жэне логикалық
бағыттылығын, мазмүндылыгын негіздемей ме? Осылай деп
қабылдасақ, тікелей Абай шыгармаларына сүйеніп жасаган «ондық»
— шынайылығына келгенде, философиялықжүйе болмаганда, не
болмақ?! JI. Толстойдың «После бала» («Биден соң» /қалам иесі/),
Б. Майлиннің «ІІІүга», М. Жүмабаевтің «Шолпанның күнәсі»
эңгімелері, М. Әуезовтің «Қорғансыздары» осылардың эрбірі жеке-
дара оз алдына анау-мынау шығармаға емес, үлы көркем
туындылар қатарына жатпай ма?! Осы дәрежеге жетуінің сыры,
сиқырлығы неде? — деп, өзімізге сұрақ қойып, жауабын беруге
талаптансақ-шы. Адамдар тағдырлары шексіз қиылыстары
беттесіп, бір-бірімен арбасқан, арпалысқан сэттеріндегі күй
сезімдері жоғарыда келтірген көркем мәдениетгің үлы туындылары
«жұмбақтығы» сырын үғуға көмектеседі деп ойлаймыз. Адам
тағдырлары қактыгысы сэттеріндегі арпалысынан туған - сүлулық
пен сиқысыздық, кісілік пен жүгенсіздік, махаббат пен тағылық -
қалайша осылар адам күй-сезімінде сиысып келгеніне таң қаласың.
Бүл қалай,.. қалай? Қалайша? — деп, барлық жан-дүниеңді ақыл
дағдарысына үшыратады.
Адамды сергелдеңге қамап, шарасыздыққа, ақыл азабына
душар ететін қандай күш екен? деген сүрақ алды-артыңды қамалап,
еріксіз мазалайды. Сол күш — үлы логика дер едім. Көркем
ойлаудың, философиялық танымның бейнелік, эсерлілік, тарихтық
90
пен ақиқат күші дер едім. Абай философиясы көзқарастық он
бағытының-Үшкілдіңтереңойлылыққа, ақылга, парасаттылыққа
тэрбиелейтін күш екеңцігі.
Абай дүниетанымы: түшынуы, сезінуі, қабылдау, эсірелеуі,
сұлулығы сөз өрнегі арқылы қазақ сөзінің философиялык
қүдыретгілігін, сиқырлығын танытгы. Тағы қайталасақ: бұл -
философиялық жүйе болмай, не болмақ?! Сонда философиялык
«система», «жүйе» деп, тек онтология, гносеология не логика
мәселесіне арнайы жазылган трактаттарды есептейтін болсақ,
сыңаржақтылыққа ұрынбасқа кім кепілдік береді.
Абай қазақ сөзін әлемдік философия дэстүріне бара-бар
философиялык жүйе деңгейіне көтерді дегеннен шошынып, ат-
тонымызды ала қашамыз ба?
Абай қазақ сөзіне <феформаторлық жаңалық» кіргізді десек, тек
эдебиет саласында ғана емес, «адамшылық, тэрбие, гылым,
өнеркәсіп деген сөздерді терең ойлап тексерген де Абай» дейді
Жүсіпбек Аймауытов. («Абай». Әдеби-көркем тәуелсіз журнал.
1992 Меиіін жылы, №1, 4 б.). Мүмкін, біздің ойымыз бүрыс болар.
Бірақ-та, айтпағымыз «көшпенді» деген ұғымға сиымсыз, ал
«надан» деген үғым халықгың мәдениетгілігініңемес, білімсіздігінің
белгісі дер едік. Иә, қазақ киіз үйінің түңцігі — қазіргі түсінікте тек
физикалық, тіпті, обсерваториялық емес, ғарыштық та мән
атқаратын білім орталығы болды десек: «қырық өпрікпң» бірі емес
пе екен? Ғылым түсінігіңде «қырық өтірікгің» бэрі - шындық, себебі,
халық көзін қырағы, қол-аяғы да қайратты күшке, даналыгын
жасампаздыққа айналдыруды Абай үнемі армандады. Осының
тамаша бір көрінісі ойшыл философ Абайдың өз заманы ғылыми
және техникалық жетістіктерінен де хабардар болуы.
«Бұл хахимдер үйқы, тыныштық, әуес-қызықгың бэрін қоиып»,
- дейді Абай, - «адам баласына пайдалы іс шығармақтығына яғни,
элекгрді тауып аспаннан жайды бүрып алып, дүниеніңбір шетінен
қазір жауап алып түрып, от пен суға қайласын тауып, мың адам
қыла алмастай қызметгер істетіп қойып тұрғандығы, уа хусусан
I
91
(әсіресе, деген сөз /қалам иесі/) адам баласының ақыл-пікірін
ұстартып, хақ бірлэн батылдықты айырмақты үйреткендігі -
баршасы нәфиғлық (пайда беруші /қалам иесі/) болған соң, біздің
оларға м індеткерлерім ізге дағуа жоқ»
(Абай (Ибраһим)
Құнанбаев). Екі томдық шыгармалар жинагы. Екініиі том.
Аудармалар мен цара сөздер. Алматы: Жазушы, 1986, 148-149
бб.).
'
I
Әлемдік ғылымның жетістіктерін хал қына ұғындыру үшін Абай
қазақ сөзін ғылым өңірінде сынап, шебер қолданғанын көреміз.
Жаратылыстану ұлы жаңалықтарды (атом құрылымының жаңа
теориясы /қалам иесі/) ашатын ғылыми революция қарсаңында
болатын. Абай нағыз оқымысты ғалым ретінде өзін таныстырып
та отыр емес пе?! Кейінгі кезде Абайды дінді жактаушы ақын деп
таныстырушылар да жоқ емес. Шын мәнісінде, Абай ғылым мен
діннің қарама-қарсылығын терең сезінген оқымысты. Абай діні: ол
- адамның өзіндік жасампаздық күштері. Бүл, әрине, арнайы
философиялық тақырып, яғни - Абай Үшкілі.
Абайдың дана көрегендігін ғылым гимні деп қабылдасақ эбден
орынды. «Бүл заманның моллалары хаким атына дүшпан болады.
Бүлары білімсіздік, бэлки бүзық фиғыл, әлинсан гэдцү лэма жәһилгә
(адамның көңілі жаманшылыққа ауып түрады /қалам иесіУ) хисап.
Олардың шәкірттерінің көбі біраз гараб-парсыдан тіл үйренсе, бірлі-
жарым болымсыз сөз бахас үйренсе, соған мэз болып, жұртқа
пайдасы тимектүгіл, түрлі-түрлі хасил қылады
»(Сонда, 149 б.).
Ғылым, білім гимнін Абай:
Мен боламын демеңдер,
Аяқты алшаң басқанга.
Екі көзің аларып,
Құр қарайсың аспанга.
Бір гылымнан басқаның
Бәрі де кесел асқанга.
Өйткен адам жолыгар
Кешікпей-ақ тосқанга, - деген сөздерін мектеп оқулықтарына
эпиграф қылып алуға болмас па?! Абай философиясы жүйесі деген
92
сөзге үйренбеген құлаққа ерсі естілуі мүмкін. Бірақ, Абай өзі айтпай
ма:
Шүу дегенде цұлагың тосаңсиды,
Өскен соңмүндай сөзді бүрын көрмей, - деген ой толғауында
терең философиялық ой бой тасалап тұрған сияқты.
«Философия» деген сөзге етіміз әлі үйренбеген сияқты. Қазақ
айтатын түп қазығын ескерсек «ойшыл», «парасатшыл», «дана»
деген мағынада емес пе? Абайдай ұлы ойшылдың өлең,
философиялық сөздерінде танымдық жэне логикалық бағыттылық
бар емес пе? Мұны мойындасақ, онда Абайдың ұлы ойшылдық
қасиетін де мойындаймыз гой! Ойшылдыгын мойындасақ, онда Абай
сөзініңфилософиялықжүйесін неге мойындамасқа?! Мойындау
деген жалбарыну емес, қабылдау деген, ягни Абай философиясы
алдында міндетгену деген кісілік парыз. Абай философиясы арнасы
«ондық», ал бұл болса Абай үшкіліне ақыл қосатын, дүрыс багыт
нүсқайтын жол. «Мүндай сөзді бүрын көрмей» деген Абайдың
жаңашыл ойы әдеби-көркем гана емес, Абайлық философиялық
ойдың реформатырлыгын танытады. Абай философиясы жүйесі
сипатын, мэнісін Абай шыгармаларынан емес, сырттан, басқадан.
Гегелден, Маркстен т.б. іздестіріп, олай өлшеп, былай пішіп,
салыстырып эуре болатынбыз: «Оларда бар, ал мүнда неге жоқ?»
деген сияқты. «Ондық» бойынша жүргізілген социологиялық
талдаудың нэтижелерін ұсындық. Абаидын эрбір жеке шыгармасы
бойынша «ондықтың» атқаратын танымдық және логикалық
қызметімен, ягни жүйе бар десек, бұның багыттарымен,
мазмұндылылыгымен жақын танысайық. Абай өлеңдері мен
поэмалары жалпы саны - шифрмен атасақ: 1(1-175). Осылардың
біразына жүйе түргысынан, диалекгиканын тарихи жэне логикалық
қағидалары, әдістерін қолданып талдауды: 1(6) (Абралыга) деген
шығармасынан бастасақ:
Осы оқумен намаздың
Қай жерінде сауап бар?
Тегін ойлап бащасаң,
Мүнда ми жоқ, құлақ бар, -
93
Абайдың алғаш қадамынан бастап ой, ойлау ми кызметімен
байланысты екенін ескертіп түр. Ізденісіміздің келесі бір тақырыбы
осы болмақ. 6(14) шығармасынан бастап қалған өлеңсөздерінде
адам жасампаздығы санғилы көріністерін, қимылдарын, тіршілік сан
атырапқа жүгірінді қылатын адам, қоғам болмысымен тікелей
байланыстырабейнелеген. Адамның жасампаздығы болмыстың
«қиянатшыл дүниесі» тарапынан болатын: «опыр-топыр», « та к
тик», «жалаң-жұлаң», «тақ-тұқ», «ыржаң-қылжаң», «ит мінезді»
тобьфларыныңадам айпқысыз қылықгарыныңэлегінентуындайтын
залалды қайшылықтар түйіншектерін тарқатып, Абай өз заманы
«қиянатын» өз отандастарына түсіндіруге бар өмірін сарп етті.
Абай қисапсыз көп қиыншылықтарды: қоғам өмірі мен өз
заманы саясаты бел ортасында жүріп, бұның бэрін «ойлы көзімен»
көріп, сараптап барып үлы ойшыл өлең, философиялық сөздерінің
«философиялық концепциялығын» жан-жақты «тексеріп, талдап»
барып, Ү шкіл жүйесін қалыптастырды. Осыған орай диалектикалық
тұтасты ққа мегзейтін өлең сөзбен жазылган: «Әуелде бір суық мұз
- ақыл зерек» (шифры - 50(95) Абай философиясы жүйесін
қалы птасты раты н ш ы ғарм асы на алда «Абай Ү ш кілі -
философиялық мәселе» деген тарауда арнайы үсынбақпыз. Абай
зердесі (интеллекті) даналығы — философиясы жүйесінің сиқырлы
сырында. Түлғалы мәселеге арналған ғылыми-теориялық тың
қағидаларын «ниетгеніп білмекке» бет алғанымызды бастан айтып
келеміз. Абай <окүмбақгығы»—Абай сөзінің таңғажайыптылығында.
Осылай деудің сыры үлы ойшыл Абай «қазақтың ұсталмаған,
ысылмаған тіліне» «тереңнен толғайтын пэлсапа» сипатын беріп,
элемдік философия толғайгын: онтология, гносеология жэне логика
мэселелерін ана тілінде талдап, тексеріп халқына жеткізуінде.
Мұхтар Әуезов айтқандай, Абай ойының «философиялык биікке»
өрлеуінщ сыры да осында оолар.
Абай философиясында Батыстың эмпиризмі мен рационализмі,
Шығыстың «тэңірі», «жаратушысы», ертедегі гректердің «жан»,
«төрт бастама» туралы ілімдері Абай философиясы жүйесі —
94
Үшкілімен: «ақыл», «қайрат», «жүрек» ілімдері дидарласып, бас
қоскан мәжілісінен аса бір қүнды ой маржандарын тапқандай сезім
күйінде боласың. Себебі, бұлардың бәрін толғандыратын бір ғана
жиынтық мэселе: ол — адамның өзі, бұның санғилы, алуан түрлі
болмысы: дүниені сезінуі, тұшыну қабылетгері, тану мүмюндікгері,
дүниені рухани меңгеру — элем болмысының «тереңіне бет қою»
деген. Сонау Аристотель заманынан қазіргі шаққа дейін
философияда бір сэтке толастамайтын, әлемдік ғылымды
толғандыратын мэселе: ол — адам мен элем болмысы. Әлемдік
философияда берік орнығып, дәстүрлі жүйелілікке айналған
«онтология» (баршаның болмысы /қалам иесі/), «гносеология»
(таным, білім), «логика» (ойлау) туралы ғылым, білім жэне үнемі
жаңарып, байытылып огыратын теориялық қағидалар. Осы аталған
дүниежүзілік философиясы негізгі деген салалары қазақ
философиясының үлы өкілі Абай философиясында, қазактың ғұлама
ғалымдарының бірі — марқұм Ақжан Машановтың ойымен
түйіндесек,
«АБАИ ҮШКІЛІ» болып бас қосады.
« Үшкілдің» ғылыми-теориялық жэне әдістемелік мэні жайында,
Абай философиясын жан-жақгы зерттеп талдауда ғалым Ақжан
Машанов жаңашыл екі қағида ұсынады:
-біріншісі, тағы қайталауға тура келin тұр: «Абай шығармасы
әдебиет шеңберіне сыймайды. Оныңойшыл философ екені мэлім»,
—
екіншісі—«Абай Ү шкілі» қағидалары.
Осы екі қағида Абай философиясы жүйесін талдап, зертгеуце
жаңашыл, жасампаздық қызмет атқарады.
«Абай Үшкілі деп отырғанымыз», - дейді Ақжан Машанов, -
«үш саладан бас қосқан нәрсе: Қайрат, Ақыл, Жүрек»
(Ақжан
Машанов. Әл-Фараби жэне Абай. Алматы: Қазақстан, 1994,
121 б.). «Абай Үшкілі» үлы ойшыл Абай философиясы жүйесін
негіздеуде, яғни үлы Мұхтар Әуезовтің заман ағымы әсерімен
айтқан, Абайда «философиялық система» жоқ — деген секемін
сейілтіп: «жоқ емес, керісінше, жүйе б а р » - деген тың қағиданы
дэлелді талдауға ақыл қосады. Абай философиясы жүйесіне
95
бастайты н, әрі ж етелік ететін «онды қ» пен «адамны ң
жасампаздығы» қағидаларын жиынтықгап, бұларға тұгастық сипат
беретін «Абай Үшкілі» деп, қағидалы пікірімізді ұсындық. Абай
поэзиясы тек «сөз патшасы, сөз сарасы» ғана емес, сонымен бірге
философиясыныңжүйесі. «Әдебиет тарихшысы есебінде» Абай
шығармаларының «эдебиеттік сапасына» Мүхтар Әуезов жан-
жақты «тексеру, талдау» жасағаны жөнінде ғалым-жазушының
жиырма томдық шығармалар жинағы таныстырады.
«Қансонарда бүркітші шыгады аңга» (шифры - 9(18-19): -
Бәрі де аньщ түрмай ма ойлаганда?
Үцпассыц, үстірт қарап бүлгақтасаң,
Суретін көре алмассың, көп бақпасаң.
Көлецкесі түседі көкейіңе,
Әр сөзін бір ойланып салмақтасаң.
Мүны оқыса, жігіттер, ациіы оцысын,
Біле алмассың, цүс салып дәм татпасаң, -
деп, Абай бүркітші мен түлкі арасындағы жан үшін айла-амал
арпалысы сәтін бейнелеген. Сөз бояуларымен салған суреті қыл
қаламы туындысынан артық болмаса кем емес шығар, себебі,
мүнда жанды сөз бен логика бар. Сөз зергері қаламынан туған
суретге: «ойлыға», «ойлануға», «ойланып салмактау» қажеттілігіне
айрықша мэн берілген. Аңшылық қүр ермек емес, Абайлық
түсінілуде білімді, не түрлі айла-тәсілді қажет ететін өнер шеберлігі
екенін тамашалаймыз.
Аңшылыққа байланысты мына бір қызық жайт ойға еріксіз
келеді. Шығармадагы көріністерді ой сарабынан өткізгенде,
диалектиканың объектілік-субъектілік қатынастарынан сыр
шертетін сияқты. «Ә» дегенде, бізің ойымыз, логикаға сиымсыз
көрінер. Аңшы мен түлкі біріне ермек керек, екіншісіне жан сақтап
қалу амалы. Мүнда қандай философия болуы мүмкін? Бірақ
философия түсінігінде табиғатта, қоғамда бэрі - диалектиклык даму
жолымен өтеді. Осылайша оймен де бейнеленуі қажет. Аңшылықган
хабары жоқ «үстірт қарап бүлғақгасаң» деп, сынай отырып, «аңшы
%
оқысын» деп, философиялык ойын айтпай ма Абай! Бұл жерде
философиялык деудің мәні — ойдың ақиқаттығы аңшылықты
о&ьективті үдеріс екенін ескертіп тұрған жок па?
12(22) - «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»-
Өлеңжәне философиялык сөздері біріүгастығын сипатгайтын
- «ондықтың» ойлы көзімен қарасақ, сүбелісі: ол - ғылым.
Афоризмге айналған «ғылым бар деп ескермедім» деген
философиялык талғамы өзі өмір сүрген қоғамдық ортадан озық
ойымен таныстырады.
Адамның бір қызыгы бала деген,
Баланы оцытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет цылсын, шен алсын деп бермедім, -
деп, қазақ халқы оқу, білім мен ғылымнан кенже қалғандығын сөз
етіп, өз атынан «төске өрледім» деп ойын түйіндеуі К.Маркс
айтатын: ғылым шыңы аса қауіпті болса да бүған өрмелеп шығуға
бекінген, қажу, шаршауды білмейтін адам ғана ең биік шыңына
тырманып шыға алады деген ойымен (данапарғатэн қасиеттердің
/қалам иесі/) сабақтастығын ескерткендей. Осы ойын тереңцете
түсіп, Абай:
Өзім де басқа шауып, төске өрпедім,
Қазацқа қара сөзде dec бермедім, -
деп, екі-ақжолдан тұраты н сөз аясында терең философиялык сыр
ұйқыдан оянбаған, тылсым қалпында сақталған сияқты. Саналы
түрде зерделей білсек, тек сонда ғана зейінімізге тоқитын сыр
екеніне көзімізжететіндей: қазақхалқы ғасырларбойы армандаған,
өзінің дербестігін, тэуелсіздігін жариялаған жағдайда ана тіліміз
қоғам үйтқысы болып, «дес бермесе» екен деп,тілеуқоры да,
күрескері де болайық, ең алдымен - намысы бар қазақ ағайын.
Қазақ сөзі мүмкіндігі әлемдік философиялык деңгейде ой саптауға
казак халқыныңтолық қабілетті екенін айтпай ма?! Үлы Абайдың
эр сөзіне мән, мағына беріп, оқуға, түсіиуге талаптану - саналы
азаматгың кісілік, «көкірегі көзділігі» борышы емес пе?!
97
Ецбегіцді білерлік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім, -
дегені налығандық, шаршағандықгың белгісі емес, керісінше, қайта
арам тер болғандардан сескендіріп, бұлардың надандығын,
білімсіздігін бетіне басып тұрған жоқ па! «Ойланайық», «елең-селең»
болмай, міне, шығарманың лоликасы, яғни философиясының-жүйелі
сыры.
'
13(23-24) - «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек».
Ш ығарма логикасы на (ойлы лы ғы на) «терең ғылым»
(философия) көзімен қарасақ, адам болмысының қат-қабат тоңын
қазып, тағы датіршілікте, еңоекте, «қам көңілге» «онныңзерегі»-
ақыл өте қажет екенін: «Ой сарабынан өткіз» деп, өтініп тұрғандай
сезінесің. «Абай кэрілікті жамандап, өлім тілеп» тұрған жоқ, бірақ
бұны да жеңетін күштің барын терең талдап, ұғындыра түспекші:
Ер ісі ацылга ермек, бойды жеңбек,
Өнерсіздің қылыгы өле көрмек.
Шыга ойламай, шыгандап цылыц қылмай,
Ерініиек ездігінен көпке көнбек, -
деп, адам ойының жасампаздығын дәріптеп: «Ез» болсаң, біреудің
жеміболасың:
«Шыға ойла, шығандап қылық қыл!»-деп, қазіргі болмыста,
ең жаңа техниканы иемден! Ең жаңа ғылыми жетістіктерді меңгер
деп, адамзат үміт артатын XXI ғасырды иығымен көтеретін
ұрпақтарын үлкен іске шақырып тұрғандай ойда қаласың.
Адамзат тірлікті дәулет білмек,
Ацыл таппақ, мал таппац, адал жүрмек.
Екеуінің бірі жоц ауыл кезіп,
Не қорлық цүр қылжаңмен күн өткізбек, -
деген үлы ойшы лд ы ң адамға деген «қам көңілінің»-баршаға ортақ
гуманистік ойымен сабақгастығын, етене жақындығын ескергіп түр
емес пе?! Абай шаруашылық, білім мен ғылым, мәдениет
мәселелерінің басын ашып, адамның жасампаздығы күштерін
айрықша дәріптеп түрған жоқ па!?
98
Наданга арам ацылды құлаққа шмек,
Бүл сөзден ертегіні тез үйренбек.
Рас сөздіц кім білер қасиетін?
Ақылсыз шынга сенбей, жоща сенбек, -
деп, ақыл мен надандықтың қарама-қарсылығын, бір-бірімен
жараспайтындығын, сиыспайтындығын ескер деп тұр ғой. Халық:
«Өтіріктің құйрығы—бір тұтам» деуінің сырын ашып, пікір алысуға
шақырып: «Бұлар сенің туысың ба? Әлде жауың ба?» деп, ой
қамауына алып тұр ғой. Абай: «Өтірік, өсек, мақтаншақ» әулеті
«күлкісін»баққандарды сынап:
Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек,
Үрлыц, қулық қылдым деп қагар көлбек.
Арамдыцтан жамандық көрмей қалмас,
Мыц күн сынбас, бір күні сынар шөлмек, -
бүгіңде мұндай «арам» ниеттілер мафия киімін киіп, шенеуніктермен
ауыз жаласып, үкіметті де, парламентті де Абай айтқандай
«паралап» алмақшы. Бүл нағыз қазақ айтатын қүрықсыз
кеткендердің ылаңы. Абай сөзіне үлкен саясат маңындағылар қүлақ
асса, кім біледі, «адалдық, арамдықты» айыра білетін қоғам
кдйраткерлерінің катары көбейіп, үйымдасқан қылмыскерлер катары
азаяр ма еді, қайтер еді!?
Ақылды қара қылды цырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей бага бермек.
Таразы да, қазы да өз бойында,
Наданның суйенгені көп пен дүрмек, -
міне, Абайдың Абайл ық ойының философиялық жүйесін жетілдіре
түсетінтағы бір қыры. Әлемдік дэстүрлі философияның—«разум»
(ақыл), познание (таным), логика (ойлау), заңдылық, себептілік,
байланыс т.б. қагидалар Абай философиясында бас қосып, бір
қызыгы қазақтілінде дидарласқандай сезінесің.
Табиғаг, қоғам дамуы үдерістері диалектика түсінігіңде қарама-
қарсылықтардың күресі аркьілы өріс алады. Абай логикасына
сүйенсек - «Ақыл» мен «арам ақыл», «арамдық пен эділдік»,
99
«шындық пен жалғандық» т.б. жиынтық ұғым ретінде - қарама-
қарсылықтар күресі деп түсініліп, қабалдануы қажет. Шыгарма
логикасы - Абайдың ойын сан тарапқа жүгіріңді ететін жайт: «екінің
бірі ақты қара»деуінде.
14(25-26), 15(27), 16(28) — «Қалың елім, қазагым, қайран
жүртым» - бұл шығармаға ой сұранысының эр сэтіне орай
тоқтаған болатынбыз. 17(29), 18(30-31), 19(32) қазақ болмысының
санғилы көріністері сөз болған. 18(30-31) шығармасында айықпас,
шешілмес қайшылықтарға белшесінен батқан қазақ қоғамының
болмысы эңгіме болған.
Көңілім қайтты достан да, дүшпаннан да,
Апдамаган кім қалды тірі жанда?
Алыс-жақын цазацтың бәрін көрдім
Жалгыз-жарым болмаса анда-санда, -
деп, Абай қазақтың баянсыз тіршілігін, түрақсыз, сұрықсыз
бомысын, бұл турасында қазақ «атқа мінерлері» қылығы мен ойын:
Ендігі жұрттың сөзі - ұрлыц-царлъщ,
Саналы жан көрмедім сөзді үгарлъщ.
Осы күнде, осы елде дәнеме жоқ
Мейір қанып, мәз болып қуанарлъщ, -
Неге? Не себепті? деген т.б. сұрақтар алды-артыңды қамалап
жауабын күткендей. Қазіргі болмысымыздың да Абай айтқан
көріністерден алыстап кеткені шамапы. Міне, Абай талдап көрсеткен
сол кайшылықтар:
Байлар да мал қызыгын біле алмай жүр,..
Саудагер тыныгитық сауда қыла алмай жүр,..
Естілер де ісіне қуанбай жүр,..
Бір күшті көп тентекті жыга алмай жүр,
Іште жалын дерт болып, шыга алмай жүр.
Арац ішкен, мае болган жүрттыц бәрі
Не пайда, не залалды біле алмай жүр, -
100
бүгін де, Абай заманындағыдай орыс патшалығы отар елін емес,
тәуелсіз ҚазақРеспубликасын да дендеп барады, тіпті, уысында
ұстамақшы. Кейінгі бес жыл ішінде қарапайым адамғатүсініксіз
«мафия» деген дүлей күш қоғамды қысып барады. Ғасырлар бойы
«қүлдық психологиясы» құрсауында болған қазақ халқы есін
жияалмай жүр. Абай заманы тудырған, ұлы ойшыл қаламынан
сомдалып,сарапталып шықкан: «байлар», «саудагерлер», «естілер»,
«бекгілер», «күштілер» бүгіңде «саналы жандар» қатарынан көптеп
көрінбей жүр. Тіршіліктің мазасыздығы, тойымсыздығы, озбырлығы,
сұрамсақтығы қазақ халқын алды-артЫн қаумалап: «XXI ғасыр
жауапты сапарына аттануға жараймысың?»—деп, үмітін де, күдігін
де сезідіргендей күйде боласың. Адам жасампаздығына деген
секемсіз сенім: міне, шығарма логикасы.
Абай өлең сөздерін түгелдейін «талдап, тексеру» мақсат емес,
бірақ философиясы жүйесін дәлелді негіздеуге жетелік ететін
«ондық» жэне «адам жасампаздығы» қағидаларын ұсындық. Осы
орайда адам болмысы санғилы көріністерін бейнелейтін
шығармаларына философиялық талдауды жалғастырсақ, «ондық»
пен адам жасампаздығын диалектикалық тұтастық ретінде
қарайтын шығарманың бірі ұсынып оты рған
:21(35-38) —
«Жігіттер, ойын арзан, кулкі қымбат» шыгармасы. Бүл еңбектің
тақырыбы, талданып отырған мәселелерінің қоғамдық, әлеуметпк-
этикалық мазмүндылығы жағынан, танымдық жэне логикалық
бағыттылығын «тексерсек», Абай заманындағы қазақ қоғамы
болмысымен жан-жақгы танысамыз.
М ұхтар
Ә уезов
айтқандай,
зам ан
болмысынан
«энциклопедиялықтүсінік»береді. Сондықтан да, бүл шығарманы
XIX ғасыр соны XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамы болмысы:
қоғамдық жэне әлеуметтік ортасы; тіршілік пен шаруашылық
харакеттері; тұрмыс салты мен сана, күй-сезімі, танымы мен
логикасы, яғни философиялықжиынтықұғыммен түжырымдасақ:
қазақ халқы өмірі жайында ұлы Абайдың энциклопедиялық
деңгейдегі ой толганысы. Энциклопедиялық деуцің мэні - Абайдың
101
эр сөзінің танымдық күрделілігі, ұғымдық және логикалык
мәдениетінде. Абай сөздері құрамында ой жүгіртсек көштен калған
ит қыңсылы сияқты, тексіз, орынсыз, ел-жұртсыз қалған бірде-бір
тіршілік көріністерін кездестірмейсіз, бэрі -тас түйін, болатгай берік,
біртұтас, терең философиялық ойлықгың тамаша үлгісі. Абай өзі
ұсынып, өзі ұстанатын әдістемелік талабы - «қисынымен
қызықтыратын», «іші - алтын, сырты - күміс сөз жақсысынан»
келістірілген ой сарабы. Мұқият оқып эр сөзін ойша салмақгасаңыз
оилау өлкесінде: қазақ қоғамы өмірінің сан түрлі, эрғилы; мәні мен
мазмүны эр тарапты, көп жақгы; түрмыс; шаруашылық, сапт-ғүрып,
үлттық сана-сезім т.б. көріністері қоныс теуіп, өріс алғанын көзбен
көргендей тамашалайсыз.
«Энциклопедиялық» деудің тағы бір сыры - Абай заманымен,
бетпе-бет сүхбат жүргізгендей боласың. Зер сала ойлы көзбен
қарасақ, алуан түрлі көріністерге тап боламыз. Олар болса, «қызыл
жібек бозбалалар», мақтаншақ жігһтер:
Күйлеме жігітпін деп үиемі ойнас,
Салынсац, салдуарльщ цадір цоймас.
Ер жігіт таңдап тауып, еппен жүрсін,
Төбетке өлекіиіннің бәрі бір бас, -
деп, «лыпылдақгардан», «жеңсікқойлықтан» сақтандырып, адамдық
қасиеттерді қүрметтеуге шақырады. Ал бүгінде ше? Ғылым мен
мәдениет жетістіктерін жалаңаш әйел мен арақтың әлегіне
пайдаланғанға мэзбіз. Бүгінгі заман сүрқы. Нәсілдік түқым не болар
екен деп, кімнің өзегі өртенер екен? - десек, Абай айтқандай: «тура
ізденген хакимдер болмаса, дүние ойран болар еді» дегендейін, XXI
ғасыр тағдырына қамқор болатын ең алдымен «хакімдер».
«Жартөсегін» ардақгай білмейтін, мінезді, мінезсіз сүлуларды,
эйелдерді:
..
/
.<■.
і,
Ақыл керек, ес керек, мінез керек,
Ер үялар іс қылмас цатын зерек.
Салақ, олақ, ойнасигы, керім-кербез,
Жыртац-тыртац қызылдан шыгады ерек, -
деп, адамдық ар-үятты сақтауға, ақылды, есті, мінезді жанүя қүруға
102
Еріацылды, қатыны мінезді болып,
Тату болса, райыс — устіндегі үй, -
деп, адамдығы, кісілігі мол шаңырақгы көтеруге шақырады. Жаңа
технология жүйесіне салынған «секс» мәдениетімен тәрбиеленген
бүгінігі жастар Абайдың философиялык ойлылыққа, әдептілікке,
кісілікке шақыратын гуманистік ақыл-ойынан өнеге, тәлім-тәрбие
ал са, кім бі леді:
Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша,
Кейбіреу цояр цүлац үққанынша.
Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар
Абайлар әр сөзді өз халінша, -
деп,«сөз мәнісін білерл ік» жастарға әкелік, достық, даналық ақылын,
өсиетін айтып, өтініп түрған жоқ па?!
Тіршілік, шаруашылық қамы да Абайды қатты толғандырады.
Патшал ық Ресей сауда капиталы казақ жерінде аяғын алшаң басып,
жастарды өз талаптарына, сұраныстарына бағындырып, бұларды
аздыра бастағанын сезген ұлы ойшыл:
Пайда деп, мал деп туар ендігі жас,
Еңбекпен терін сатып түзден жимас.
Мәліш сауда сыцылды күлкі сатып,
Алса ңоймас, араны тагы тоймас.
Асъщ үтыс сықылды алыс-беріс -
Тірі жанның қьілганы бүгін тегіс.
Бірі көйтке таласып, бірі арам қып,
Төбелескен, дауласқан жанжал-керіс, -
дегені кеше, ғасыр бұрын айтылған ой емес, бүгін, осы қазір ғана
айтылған сияқты көрінеді. Бәрімізді дендеп бара жатқан сауда мен
ақша. Бағусыз, бапсыз өндіріс, тозығы жеткен қазақ ауылы.
Өндірістің жаңа технологиясын көрсек тағы, үқпаи, түсінбей,
меңгермей өскен халықпыз ғой. Өсіресе, қазақ жастарының
басымкөпшілігі жаңа ғылыми технологияға негізделген өндірісті
кеңес заманында көрмеи, білмей өсті ғой. Себебі, қазақ жастары
103
көң қораның ауласынан асып шыға алмады, арқандаулы бұзау
күйінде қалды. Қазіргі ж ағдайда күнкөріс етіп отырған
шаруашылығынан, кәсібінен айырылды. Қаңцай «революционер® ң»
мисыз ойына келді екен: қазақ ауылы ұясына ойран салу. Үлкен
саясат сая жайы мен бағында отырғандар бүған не айтар екен?..
Абайдың «жігітгері-талаптылық», «түрлі өнер», «мінез», «жақсы
қылық» жолында, диалектика тілінде не түрлі қайшылықтарды
бастарынан өткеріп, қазақ халқы өзініңтәуелсіздігін жариялаған
заманына да кел in жетті. Абай логикасы қазіргі заман үрпақтарына:
«Қандай іс тындыру керек? Тәуелсіздігімізді саналы, табанды қоргап
баянды ететін жолдарын ойла, іздестір?!» деген ойымен үндесіп,
сабақтастығын аңғартқандай сезім күйінде боласың. Ғылым мен
білімнің, таным мен логиканың даму заңдылығы Абайлық талдауца,
түсінілуде, дұрыс-бұрысын анықтайтын «талдайтын, тексеретін»
Үшкіл қағидасына айрықша мэн беріледі. Таным үдерісін
сатылаңцырып: сезімдік және логикалық жақтарын қорытындылап,
Абай, Мұхтар Әуезов ойымен айтсақ, ақиқат «дэлдігін» аны ктайтын
өлшем: ол қоғамдық тэжірибе екенін аңғарып, түсінуге саналы
ұмтылыс жасаған ғалым.
Кеңестік дэуірде маркстік-лениндік философияның «практика»
туралы қағидасын бірден-бір дұрыс қағида деп даурықтық.
Практика - адам ойының ақиқатгығын аныктайтын өлшем, қүрал
екеніне күмән келтіру-орынсыз болар. Бірақ, КПСС-тің «мүлтіксіз
данышпандығы» шын мәнінде практиканы таптық саясатпен ғана
шектеп «партиялықтың» құралына айналдырды. Ал бүның осал
жерін лепірме сөзге уланып байқамаған сияқтымыз.
Иэ, өткеннің «елең-селеңі» көп қой. Өткен тарихымызды еш
уақытта ескерусіз қалдыруға болмайды, демек бэріміз де жер
бетінде бірге өмір сүруіміз қажет. Егер адам тегі өмір сүрсін
десек,өткеннің орыны толмас бір өкініші: ол - адамның өзін жете
бағаламаушылық, яғни сыйламаушылық. Гуманизмнің қас жауы:
ол - надандық қой. Үлкен саясатта надандық үстемдік етсе, Абай
айтатын: «дүниенің ойран болуы» деген ғой. Осының бір көрінісі
104
КПСС-тщ адамды жаппай қуғын-сүргін, қырып-жою шоқпары
астына ұстаған саясаты.
Материализмнің басты қағидасы - материалдық дүниенің
біріншілігі, сананын екіншілігі. Бұны дәлелді негіздеу үшін табиғат
қоғам тарихына жүгінетінбіз. Бұл қағида табиғат, адам, қогамның
жаратушысы бар деген дін үстемдігі дэуірінде қалыптасқан
уағызбен келіспейді. Маркстік-лениңцік философия оқулықгарыңда
айтылып, жазылып жүрген мәселе. Бүған тоқгаудың қажеті болмас.
Біздің айтпағымыз кеңес заманындағыдай партия идеологиясы
бірден бір «данышпандығын» сөзсіз мойындаған заманда
«шындықтың» өлшемі КПСС «теориясы» марксизм-ленинизм,
бүның ажыратылмас бөлігі—маркслк-лениңдік философия болатьш.
Осындай жағдайда Абайдын өлең сөзі логикалық абстракция
деңгейіне көтерілді деп сөз көтеру, Ақжан Машанов айтқандаи,
Абайды ұлы ойшыл деп зерттеу «өзімшіл адамдарға» жақпады.
Ал Абайды философ деп, бұның философиясы жүйесі төңірегінде
сөз көтеру -
Аят, цадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша царсы кепсеңіз.
Көп көзіне көріне айтпа,
Біздің сөзге ерсеңіз, -
деген ұлы ойшылдын даналық философиялық ойына мән бердік пе?!
Абай ақындығынан басқа шығармашылығы, өзге қасиеттеріне,
мәселен, философиялығына сый-қүрмет көрсеттік пе?! Абай
ғылымға деген философиялық жүйелік ойын.
Не пайда бар — мың надан
Сырттан естіп таңдансын.
Онан дагы бір есті
Ішкі сырын ацгарсын.
Өздерің ойлацдар,
Неіие түрлі жан барсыц.
105
Ғылым да жоқ, ми да жоқ,
Даладагы аңдарсың, -
деп, адамның жасампаздығы, сыры Абай түсінуінде «миға»,
«ғылымға», «ойлауға» байланысты екенін дәлелді негіздейді.
Логикалық абстракция деңгейі дегенді қазақша философиялық
сауаттылық деңгейіне бейімдесек, бұл дегеніңіз адам көргенін,
білгенін, ұққанын жэне іс жүзінде меңгергенін ойша саралаудың
дэрежесі, ауқымы. Мұхтар Әуезов айтқандай,«шығар бигі», ұшар
қанаты. Диалектика тіліне көшірсек, қазақ сөзінің танымдық,
логикалық мүмкіндігі мен өрісі.
Танымдық дегенде адам миында тұтастықтың, болмыстың,
бейнеленуі заңдылығын айтамыз. «Мың надан», «ғылым», «ми»,
«аңдарсың» деген қазақ сөздері танымдық, логикалық қызмет
дәрежесін байқатады. Абайдың осы сөздерді, дэл осы сәтінде,
мысалы: «надан» деген сөзі - «Неге?», «Не себепті?» - деген,
тақырыбына орай сұрақтарды тудырады. Сонда, бұл сүрақтарға
жауап беріп, ақыл қосатын, ойлауға тақырып, эрі ғылыми да,
әдістемелік те құрал болатын Абай шығармашылыгы. Сөз болып
отырған жағдайда махаббат отына күйген жастардың сүйіп айтатын
Абайдың класс икаға айналған атақты - «Өзгеге, кеңілім, тоярсың»
шығармасына жазылған энін айтуға болады.
Абайдың “күпір болдың” дегені сонда не үшін? Ең алдымен,
адам жасампаздығын ту көтеріп, философиясы жүйесіне ғылымды:
«қазы», «таразы», «Үшкілдің» «ақыл-мизан, өлшеу қыл» деп,
үсынатын атақты қағидасы үшін бе?! Қазақ сөзіне «дес бермедім»
деп, Абай «надандарды», «білімсіздерді», «мисыз», «ойсыздарын»,
«ақылсыздарын» не үшін сынады? Жауабын Абаңцың «Ү шкілі» мен
«ғылым» диалектикалықтүтастығы қағидасынан іздестірейік.
Ғылымды іздеп,
Дуниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім;
Құлагын салмас,
,w'(
Тіліңді алмас
106
Көп наданнан түңілдім;
Екі кеме құйрыгын
Үста, жетсін бұйрыгың.
Жартасца бардым,
Күнде айгай сйлдым,
Онан да шықты жаңгыръщ;
Естісем үнін,
Білсем деп жөнін,
Көп іздедім цаңгырып;
Баягы жартас - бір жартас,
Қаңқ етер, түкті байқамас, -
47(89
)«қаңғырып» деп, ұлы ойшыл ғылым жолы азапты,
кайшылыкты екенін ескерпей ме? Ойланайықшы. «Жартаска» күнде
баратынын, «дүниені көздейтінін» айтып, қазақ жеріне де ғылым
келіп, бұның «жартасына» шейін жаңғыратынына кэміл сенеді.
Абайдың «жаргасы» тек табиғат меңіреулігі ғана емес, керісінше
мұның нэзік сезгіштігін, жаңғырык үн шығаратынын айтады. Адам,
қоғам меңіреулігін ескергкендей, Бірақ үн шығарғанымен «жаргас»
ой қорыта алмайтынын ескертеді. Жанды және жансыз табиғат
айырмашылығын сезгендей.
«Надан» мен «жаңғырықты» салыстыруында Абайда акын
суреткерлігі, тапқырлығы философиялык ойлылықпен қабысып,
сабактасқанын танытады. Тікелей ғылым мэселесіне арнапған
24(41-43) «Ғылым таппай мацтанба» деген шығармасы алғаш
жолдарынан бастап-ақ ғылымға арналған талғамын, сараптагыш
философиялык ойын ескерпп, мақсатын аныктаган:
Бес нәрседен цашыц бол,
Бес нәрсеге асық бол -
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оган қайгы жесеңіз.
Өсек, өтірік мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ —
107
Бес дүшпаның, білсеңіз.
н Н Ш Я Я
Талап, еңбек, терёң ой,
І
Қанагат, рақым, ойлап цой -
Бес асыл іс, көнсеңіз, -
деп, ғылымға жол ашатын адамдық жасампаздық күштерді
дэріптейді. Ғылым Академиясы, білім, ғылым ордалары -
университеттері, институттары жоқ, ғылым тілінен тым шалғаи
жатқан халқына гылым логикасын қарапайым қазақ тілімен
жепсізбекші, ұғындырып, түсіңцірмекке бар саналы өмірін сарп етті.
Ғылым мен ақыл, осы шығарманың алғаш жолынан бастап, соңғы
тұжырым-түйін шумағына дейін бойлай түсіп, қамқор болғанын
Абай:
-
Мүны жазган - білген қүл,
Ғүламаһи Дауани,
Солай депті ол шыншыл.
Сөзін оцы және ойла,
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уацытта көңіл гүл, -
десе, басында ғылым туралы бағдарламалық ойын, бір біріне қарама
қарсы екі бағытта: «нәфрәтілі» және «ғибрәтілі» көзқарастары
қыспағында болатындығы - дилекгика заңдылығы екенін аңғарған
ойшыл философ:
f
Жамандық көрсең нәфрәтілі
Суытып көціл тыйсацыз.
Жақсыльщ көрсең гибрәтілі
Оны ойга жисаңыз, -
деп түйеді. Соңғы бөлімнің алты жолында ұлы ойшыл Абай
ғылымды тану жэне жалпы білім логикасын баяндайтын атақты
қағидасын: «Оқы», «ойлан», «үйрен» деп тұжырымдаған. В.И.
Лениннің: «оқы, оқы жэне оқы» деген кеңес дэуірі оқу жүйесі
ұранынан Абайдың ойы кем соқпас, артық болмаса. Себебі, мұнда
логика бар. Абай ойын білім мен гылым багдарламасы теориялык
жэне әдістемелік багыты деп қабылдауға толық негіз бар. Абайдың
108
философиялық ізденістеріне, ойлау мәдениетіне мэн бермей келеміз.
«Оқы жэне ойла!» - деп, Абай ғылым мен философияға сүйенген
логиканы сөз етпей ме?!
Абай шығармаларында «логика» деген сөзді кездестірмейміз.
Бірақ осыған қарап ұлы ойшылға, жеке-дара Абайға ғана тэн
танымы мен ойлау мәдениеті бар екенін жоққа шығарамыз ба? Бұл
калай? Абай орысша, арабша, не немісше, ағылшынша ойлаған жоқ,
жазған да емес. Ол қазақша ойлады, қазақша жазды ғой. Ал
дүниежүзілік әдебиет пен философия Абайдың әдеби де,
философиялықта мэдениетін қалыптастыруға сөзсіз қатысқанын
зерттеушілердің қайсысы болмасын мойындайды. Бүл заңдылық.
Бэріміз де «Жер» атты дөңгелек шарды мекендейміз ғой. Абай
шығармаларын текәдебиеттілікпен ғана шектеу сыңаржақгылыққа
(метафизикалыққа /қалам иесі/) ұрындырады. Мұхтар Әуезов
устанатын «мейлінше түгел», яғни, «түтастық» (диалектикалық)
зертгеудщ түп
мемлекеттік
бүл
бейшаралығы емес, өзіміздің тобан аяқтығымыз. Ең алдымен өз
тілімізді өзіміз менсінбейміз ғой.
Қостілділік мэселесін зерттейтін дүниежүзіне белгілі мамандар
У.Ф. Макки жэне М. Сигуан «Образование и двуязычие» аггы
монографиясында: «Часто считается установленным, что язык
характеризуется своими нормами, т.е. тем, что у него имеется
всеми принятый словарны й состав и совокупность
морфосинтаксических и даже орфографических правил,
кодофицированных в грамматике и также принятых»
(М.Сигуан,
УФ Макки. Образование и двуязычие: Пер. с фр. М.: Педагогика,
(Зарубежная школа и педагогика)
ЮНЕСКО, 1986)
қасиеттері, біздін ойымызша, қазақ тіліне де тән. Қазақ тілі
ікіндіктерін айтатын болсақ, философиялық дэрежеде де сөйлей
тындығын Абай философиясы қуаттап, негіздейді. Жүсіпбек
109
Аймауытов пен Мұхтар Эуезов Абай сөзі ақындығын байыта
түсетін қасиетін «тереңнен толғайтындық» сипаты деп, ягни
«пәлсапалығын» санады.
Сөзіне қарай кісіні an,
^
-Щ
Щ
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөзі цайсы біле алмай,
Әр нәрседен цүр цалма, -
Абайдың осы бір сөз тіркесінде логикалық та, тіркес те бар
емес пе? Эрине әдебиеттік қолданыста қазақ сөзі логикалық
сипагын Абаи аиткандай, бұның «орайы», «ұнасымы», «жарасым ы»,
«қисыны». Ал философиялық сөздің сипаты бүның жалпылық,
танымдық, логикалық сапасында. «Сөзіне қарай» деуінде «көп нәрсе
емес», иэ, тіршілік қамында, әрине, көбі жақсы ғой. Бірақ ақын,
философ Абай «эр нэрседен деп ойыныңтанымдык жэне логикалық
бағыттыяы ғын ескерткендей.
Сөздің танымдық жэне логикалық м үмкі нді ктерін қолданыс
тіліне аударсақ ғылым мен өндіріс жетістікгеріне қол артқан жаңа
технологиядан «құр қалма» деп, шаруашылықтың қазіргі
сұранысымен сабақтасып, үндесіп түр ғой. Абайды ң «эр нәрседен
күр қалма» деген философиялық талғамдық ойын ескерусіз
қапдыруга бола ма?!
Қаншама «нэрселерден қүр қалып» келеміз гой. Бұл дегеніңіз,
күнделік тіршілік қамына жүретін «нәрсе»емес қой. Бүгінгі күннің
де күрделі-ау дейтін гылым мен экономика мэселелерімен үндесіп
тұрғой.
Өйткен адам жолыгар
Кеіиікпей-ац тосцанга, - деп айтпай ма, дана Абайдың өзі.
Сізге гылым кт берер,
Жанбай жатып сөнсеңіэ?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымга көңіл берсеңіз, -
деп, ғылымға аса жауапты міндет жүктеп, сенім артатынын білдіріп
110
тұр ғой. Философия тұрғысынан алсақ, Абай «дүниесі» - логикалық
абстракция — ғылыми ұғы м. «Д үние» м ал-м үлік емес,
философиялык дүние, яғни адам миында табиғат, қоғам
құбылыстары, жеке бастың да мүлкі- идеалды (адам еңбегі мен
ойлауы негізінде) түрде адам миында бейнеленуінің тарихи үдерісі.
«Философиялық дүние» дегеніміз мейлінше жалпы логикалық
ұғым. Еңбек пен таным барысында адам тіршілік қамы қажетіне
орай млн. млр. затгармен, қоғамдықта құбылыстармен бетпе-бет
кездеседі. Бірақ адам бүлардың бэрін қалтасына салып жүрмейді,
себебі шексіздікті сиғызатын калтаның болуы мүмкін емес. Ал адам
миында идеалды түрде бейнеленіп, ойш а қорытылып,
тұжырымдалып үғымдар, категориялар, не түрлі идеялар,
болжамдар жиынтығы идеалды түтастық ретінде ми жылғаларында
сакталуы мүмкін. Бір нүктеге шексізді сиғызу деген осы болар.
Бұрын ЭЕМ десек, қазіргі не түрлі таңғажайып компьютерлер
адамның миының, яғни ойлау қызметінің көшірмесі емес пе?!
Таным жолы қайшылықты, бұның күрделілігі, азабы мен михнаты
адам миын шіртетін жол. Бүл мэселе Абай өзі үсынатын эрі
қолданатын «нэфрәтілі» мен «ғибрэтілі», «бес дұшпан» мен «бес
асыл іс»төңірегіңдетоптастырылып қаралады. Диалектика тілінде
таным сатыланып сезімдіктен абстрактілікке-логикалық ұғымға-
нактылыққа, бүдан тәжірибеге көтеріліп, бүнымен ауысып, алмасып,
байланысып жатқан тарихи жол сапары. Қандай да қағида
ақиқаттығы өндіріс пентехниканың, білім мен ғылымныңдамуы
барысында аныкгалып, дәлелді негізделіп, «иманына берію> болып
сақтауымыз тіршілік қажеттілігі. Мысалы: атом, атомдық ядро-
атомдық өндіріс, міне, таным мен логиканың, техника мен
ғылымның сонау көне гректер дәуірінен оүгінп күнге деиінп дамуы
тарихының жиынтық қорытындысы. Табиғат пен адам арасындагы
сан атрапқа тараган қатынастарының нәтижелері мен жиынтығы -
торапты, қағидалы: «атом», «ядро», «өндіріс» логикалық ұғымдары
арқылы тұжырымдалып, бейнеленеді. «Терең ойға» жету жолы
азапты жол екенін Абай саналы түрде аңғарады. Бұны өзінше
i l l
түсініп, үғынды да. Болмыстың«нәфрәтілі»де, «ғибрэтілі» деп,
диалектика түсінігіңдегі, қарама-қарсылықтар күресі көріністері бар
екенін ескеру өмірге қайғы жейтін адамға өте-мөте қажетгі екенін
ескертеді. Абайдың «еңбек» пен «терең ойы»—Гегелдің ойлаудың
болмысқа бара-барлығы қағидасына ұқсастығын аңғартады.
Ақыл сенбей, сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ацсацал айтты, бай айтты,
Кім болса, мейлі, сол айтты, -
Ақылменен жеңсеңіз.
Надандарга бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз, -
деп, Абай ақыл мен ғылым жолын дәйекті, табанды қорғайтынын
«шын сөзбенен өлсеңіз» деп, Абайлық философиялыққағидасымен
баяндайды. Қорыта айтсақ Абай шығармаларының философиялык
ж үйесін н егізд ей тін , «талдап, тек сер етін » көзқарасты қ
«ондық»және«адамның жасампаздық күштері» көзімен қарап түйін
жасасақ: ақыл, таным, ғылым мен еңбек біртұтастығы, яғни, Абай
үшкілі.
Абайдың «ғылым» туралы қағидасының табиғи жалғасы
«білім». Білім мен ғылым, білім-ғылым-шаруашылық жөнінде
Абайдың ойы, пікірімен толығырақ танысып, мәлімет алмаққа
ұмтылған талапкер — № 1, 2, 3, 4, 5 Кестелердегі деректермен
танысуына болады.
27(48-50) «Интернатта оцып жүр»
шығармасы Абайдың қазіргі буынға, тарихи да, ғылыми да
құндылығымен қымбат. Патшалық отарлау саясаты заманында
өмір сүрген қазақ елінің білім мен ғылым жағдайы сөз болады.
Диалекгиканың тарихтық, тарихилық пен логикадық ғылыми эдістері
тұрғысынан қарасақ «ояз» деген сөзді жай ғана шен-шекпен деп
қабылдасақ «көп нәрседен құр қаламыз». Ақыл да, қайрат, жүрек
те үйқтаған күйде қалар еді. «Ояз» - әлеуметтік-философиялық
жиынтықұғым. Патшашыддықөктемдіктірегі, яғни қазақ жеріңдегі,
бұның саясатын жүргізетін, қалыпастыратын мемлекеттік тұлға.
112
Осы тұрғыдан, осы сапада «ояз» логикалық абстракция. Осы
себепті таным мен ойлаудың тарихи да, әдістемелік те құралы.
«Ояз», «военный», «оқалы киім» деген логикалық мэніндегі
абстракциялар. Бұлар болса, білім мен шаруашылық жағдайын,
қазақ еліндегі қоғамдық қатынастарды ұғып, түсінуде қажетп деген
танымдық жэне логиклық құрал. Абай патшалық Россияның
саясатын сынамады, бұған қарсы шықпады деп айтушылар да
табылды. Ал танысуға ұсынып отырған шығарманың эр сөзін
Мұхтар Әуезов айтқандай, тағы қайталасақ, «мейлінше түгел
қамтып, тексеріп, талдай білуіміз керек» деген әдістемелік
қағидасын ескерсек көп жайдыңсыры ашылатыны анық.
Интернатта оцып жүр
Талай цазац баласы
Балам закон білді деп,
Қуанар ата-анасы.
Ойында жоқ олардың
Шаригатца шаласы, -
деп, ана тілінде университет емес-ау, бастауыш мектебі жоқ казақ
халқы балаларын оқытып, білім беруге өте мұқгаждығын ескертпей
ме! Міне, осының көрінісін Абай бір жағынан:
Орыс mini, жазуы -
Білсем деген таласы - десе. Екіншіден:
Ойында жоқ олардың
Шаршатқа шаласы, -
деп, ұлы гуманист Абай Батые пен исламдық Шығыстың
қыспагында болған қазақ еліндегі білім мен ғылым аянышты
тагдырын сөз етеді ғой.
«Шариғатқа шаласы» дегенді дэл осы сәттегі мэні жалпы
шариғат туралы дін ұғымнан өзгеше. Тегінде «шариғат» деген
сөзден шошыну орынсыз болар. Ал мұны адамдық, кісілік қасиеттер
деп Абай тура айтпаса да, бірақ осыны ескертіп отыр гой. Шариғат
ислам мәдениеті түсінігіндегі білім, ғылым жиынтығы сапасында
қабылдаган дұрыс деп гуманист Абай ескертіп тұр гой. Шаригат
113
деген ұғымда араб мәдениетінің мыңжылдық тарихы жайғасып
жатыр.
pt-r
Кеңес заманының замандасы бүгінде 80 жастан асты, бұл да
«шариғатқа шала». Бұның себебі патшалық пен кеңестік Россияның
отарлау мен орыстандыру саясатына тікелей байланысты. Білімсіз
ата-ана бұның мэнісін қайдан білсін. Абай орыс біліміне, мәдениетіне
көп үміт артты, бірақ патшашыл «ояздан», «военныйдан»
сақтаңдырад ы:
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық гылым кітапта
Ерінбей оқып көруге.
Военный цызмет іздеме,
Оқалы киім киюге...
Қызмет цылма оязга,
Жанбай жатып сөнуге, -
деп, адамдықты сақтайтын «артық ғылым» алуға шақырса,
«военныйдан», «ояздан» жақсылық күтпейтінін ескертпей ме?
Басқаша түсінуге, өтіріктен өзге жол қалмаған сияқты. Ал патша
саясатын сынайтын Салтыков-Щедрин мен JI.H. Толстойдан өнеге,
білім алуға шақырады. ¥лы Абай «оқалы» Ресей мен Салтыков-
ЩедринДІев Толстойдың Россиясын айыра білетінін танытады. Бұл
бір керемет таңқаларлық жағдай емес пе?!
Өнерсіздің цылыгы -
Тура сөзін айта алмай,
Қит етуге бата алмай,
Қоряъщпенен шіруге;
Аз ақшага жалданып,
Өнбес іске алданып,
Жол таба алмай жүруге, -
*
деп,«өнерсіздің», «шаруаға қыры жоқ», ой өрісі мен өнері білім мен
ғыл ымнан құр алақан екенін айтып, «өнбес іске алданған» адамның
бейшарасына,«Кореннойға кіруге», «байға қызмет қылуға»
шақырады, әрі жол тарлыгын да ескертеді.
114
Қорытып айтсақ, шығарма логикасы — Абай философиясы
жүйесі негізі - ақыл, ғылым, оқу мен білім екенін:
Еждиһатсыз, михнатсыз
Табылмас гылым сарасы....
Ақылы кімнің бар болса,
Демес мұны mini ащы, -
деп, «өнерсіздің» психологиясын сынаған. Білім мен ғылым шам-
шырағын жағуға, білімі, ғылымы бар адамды қошемет тұтуға
шақырады. Жоғарыда тоқтап өткен шығармалармен тікелей
сабақтасып, философиялық жүйесін жалғастыратын келесі
шығармасының ерекшелігі қазақ халқының өмірін философиял ық
ой сарабынан өткізетін шығармасымен таныстырады.
30(53-54) «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп» деген қоғамдық-
философиялық шығармасы. Шерлі мұңғатолы, ыза кернеген, ашу
шақыратын ойларын, үміт артатын арманын Абай:
Өкінішті көп өмір кеткен өтіп,
Өткіздік бір нәрсеге бопмай жетік.
Ойшылдың мен де санды бірімін деп,
Талап, ойсыз мацтанды цапдым күтіп -
деп бастайды. Абай философиясы төңірегін жайлаған, әлі де үстем
пікір—«жүйе» жоқ, бірақ «ойшылдық көзқарастар» бар деп, келер
ұрпақтың, алдын ала; «Өуре болма!» деп, сенімсіздік тудыру ғылым
талабына кдйшы. Абай шығармаларының бірінен соңбіріне көшкен
сайын «Абай философ» деген ойда бекіне түсесің, ой өрісің де
кеңейіп, нэрлене түсіп, ой алқабына, яғни,
Кірпемеген көңілдің ашыгында,
қиял да, «көңіп қусы» да, кір іиапмаган «ойшылдың» ойлау
деңгейі шектілігін де, шексіздігін деескертіп: «Адаспа! Мақтанба!
«көл көрінген» «дүниеге бой алдырма!» деп «адамдыкгың» қас жауы
«ыржаң-қылжаң ит мінезділер» әулетінен сақтандырады.
Шығарманьщ философиялықжүйе логикасы «үлгісіз жұрт» деген
қағидалы үғымныңтөңірегінде шоғырланган. «Үлгісіз жүртты ң»
әулетін жан-жақты бейнелеп, сырын ашқан. Бүлар болса «ыржаң-
115
қылжаң ит» мінезділер, кісшікті татып көрмеген«жылмаңдағандар»,
«жыпылдақтар», «көп надандар» тобырын кұратын «үлгісіз
жұрттың» ұр да жық әулеті, Абай айтқандай:
Сенімі жоқ серменде сырды бұзды,
Анық таза көрмейміз досымызды.
Қылт етпеге көңілдің кешуі жоқ,
Жүрегінде жатады өкпе сызы, -
міне, ш етінен «сырды оұзаты н дар», «адам ды қты »
сыйламайтындар әулеті. Келесі талдамақ мәселе —Абай Үшкілі.
|