Общие-база данных бұйрығын таңдаймыз.
Файл новой базы данных терезесінде файылды орналастыратын Папка бұйрығын таңдау қажет.
Имя файла деген өріске жаңа деректер базасын Кітапхана бөлімі атымен енгіздім.
Деректер базасының кестелерін құру
Деректер базасының кестелерін құру 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде кестенің құрылымы анықталады: өріс құрамы, олардың атаулары, әрбір өріске арналған мәліметтер түрлері, өріс көлемі, кілттер, кестелер индекстері мен тағы да басқа қасиеттері. Екінші кезең кестенің құрылымы мен олардағы мәліметтерді толтырумен еркшеленеді.
Кесте құрылымын дайындау
Access-те кестені құрудың бірнеше мүмкіндіктері бар:
Кесте режимі - берілген кестені Кесте режимінде құру;
Конструктор - кестелерді Конструктор көмегі арқылы құру;
Кестелер шебері - кестені Кестелер шебері арқылы орындау;
Кестелерді импорттау - басқа деректер базасынан мәліметтерді көшіру немесе импорттау арқылы орындау.
Кестелермен байланыс - сыртқы файлдың немесе кестенің басқа деректер базасымен қосылу әрекеттері.
Жоғарыдағы аталған кесте құрылымдарының ең тиімдісі ол Конструктор таблиц режимі. Бұл режим қолданушыға кесте параметрлерін өзгертуге мүмкіндік береді.
Кестелер констукторын пайдаланып Кітаптар атты кесте құрамыз.
Кітапхана бөлімі атты деректер базасының терезесінен Таблицы-Создать объектісін таңдаймыз.
Новая таблица атты терезеде Конструктор жолын таңдап, Конструктор таблиц терезесінде өріс атауларын, олардың құрылымын төменгі кесте бойынша өзгертеміз.
Мәліметтерді енгізу
Мәліметтерді енгізу біріншіден кестені ашудан басталады.Ол үшін саймандар тақтасындағы Режим таблицы пернесін пайдалану немесе керекті кестені белгілеп алып, Открыть пернесін басу арқылы ашып аламыз. Ал енді біз өрістерге байланысты кесте мәліметтерін енгіземіз.
Достарыңызбен бөлісу: |