Мәліметтер базасын жобалау процесі – бұл қолдану саласының ақпараттық құрылымын формальды емес сипаттаудан таңдап алынған модель терминдерімен қолдану саласы нысандарын формальді түрде сипаттауға көшу тізбегі.
Мәліметтер базасын жүзеге асыру
|
Мәліметтер базасын қолдану
|
Бұл схемада МБ-ң өмірлік циклының кезеңдері көрсетілген.
Қолдану саласын талдауды аяқтағанан кейін МБ-н жобалаудың негізгі кезеңі инфологиялық моделді құру болып табылады. Инфологиялық жобалау не үшін қажет?
Айта кететін жайт, жобалау процесі өте күрделі процесс. Оның барысында тапсырыс берушілермен және қолдану саласы мамандармен әр уақыт сайын ақылдасын тұру қажеттілігі жиі пайда болады. Сонымен қатар күделі корпаративтік ақпараттар жүйесін құруда МБ-ң жобасы осы жүйенің ең негізгі іргетасы болып келеді.
Модельді құрғанда болашақ Мәліметтер базаларын нақты бір МББЖ нде орналастыру өте үлкен назарды талап етпейді. өйткені оны таңдау, бұл бөлек мәселе. Бұл мәселені шешу үшін МБ-ң жобасы дайын болу керек, яғни таңдау осы жоба негізінде іске асырылады. Ең алдымен инфологиялық модель Мәліметтер базалары моделінде қолдану саласының семантикасын айқын түрде көрсетумен тығыз байланысты. Семантиканы неғұрлым айқын түрде көрсету мәселесі әрқашанда жобалаушыларды қызықтырады.
ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарында семантикалық модель ретінде бірнеше түрлер ұсынылды. Олардың ішінде Hummer және McLeon-ның 1981 жылы ұсынған моделі. Сонымен қатар осы жылғы Шипманың функционалдық моделі және 1976 жылғы Ченнің мән байланыс моделі (ER) инфологиялық модельдегі стандарт болып табылады.
Қазіргі кезде көптеген case құралдарда ER моделі жиі қолданылады. Сонымен қатар Мәліметтер базаларының жобасының ER моделі реляциялық модельге ауысқанда қолданылады.
Инфологиялық модель қолдану саласының құрылымын және динамикасын, жүйені қолданушылардың ақпараттық сұраныстарын қолданушыға түсінікті және нақты Мәліметтер базаларын басқару жүйелері ортасында жүзеге асыру ерекшеліктеріне тәуелсіз терминдер арқылы сипаттау. Мұндай модельге қойылатын негізгі талап, ол оның шынайылығы, яғни қолдану саласын сипаттау мағыналы және мазмұнды болу керек. Сонымен қатар модель мағынасы қарама –қайшы болмау керек. Және де бір айта кететін ерекшелік – инфологиялық модель декомпозиция қасиетін қанағаттандыру керек. Жалпы жобалауды келесі кезеңдерге бөліп көрсетуге болады.
Жүйелік талдау және қолдану саласының ақпараттық нысандарын қарапайым түсініктермен сипаттау. Бұл кезеңде жүйенің канондық моделі қолданылады.
Қолдану саласының инфологиялық моделін жобалау, яғни берілген бір семантикалық модель . терминдер мен қолдану саласының нысандарын формальді түрде сипаттау.
Мәліметтер базаларының даталогиялық немесе логикалық жобалау, яғни Мәліметтер базаларын қолданатын даталогиялық модель терминдерін сипаттау.
Мәліметтер базаларын физикалық жобалау, яғни қосымшалардың тиімді қызмет жасауын қамтамасыз ету мақсатымен Мәліметтер базаларын сыртқы тасымалдаушылардан тиімді орналастыру тәсілін таңдау.
1.4 КІТАПХАНА БӨЛІМІНІҢ КОНЦЕПТУАЛДЫҚ СЫЗБАСЫ
Достарыңызбен бөлісу: |