Delпернесін басамыз немесе Правка-Удалить записи бұйрығын таңдаймыз.
2.3 КЕСТЕЛЕРДІ БАЙЛАНЫСТЫРУ
Access реляцияық деректер базасын құруға мүмкіндіктер береді және осы кестелер бір-бірімен байланыса алады. Бұл өз кезегінде пішіндерден, санақтардан, кестелерде байланысқан деректерді автоматты түрде таңдауға мүмкіндік береді. Байланысты анықтағанда бір кестедегі кілт екінші кестедегі мәліметке нұсқау береді. Басқа кестедегі мәліметке сілтеуіші бар кілтті, сыртқы кілт деп атайды.
Кестелер арасындағы байланыстарды анықтау үшін келесі шарттар орыдалу керек:
Байланыстырылатын кестелер міндетті түрде бірдей өлшемді және олардың бірдей типтес өрістері болуы керек. Бірақ сол өрістердің атаулары әр түрлі болуы керек;
Екі кесте де Access-тің бір деректер базасында сақталуы керек.
Байланыс типтерін анықтағанда, өрісті дұрыс белгілеу керек және бұл белгілегеннен байланыс түрі де анықталады:
Бірге-бір байланысы тек байланыстырылып отырған өрістер кілттік болса ғана орындалады.
Бірдің көпке байланысы тек бір өріс кілттік болса ғана орындалады. Бұл кезде басты орында бастапқы кілті бар кесте болады. Ал қалған кестелер бағынышты кестелер болып саналады.
Көптің-көпке байланысы.Бірдің көпке байланысының екеуін көрсетеді және бұл үшінші кесте арқылы белгіленеді. Бұл жердегі кілттер басқа кестелердің сыртқы кілттері болады.
Егер кестелердің біреуінде де кілттік өріс анықталаған жағдайдаТип отношенияөрісінде «Не определено» деген жазу пайда болады.
Схема данных деген терезесін ашып, Добавление таблицы деген терезеден, Таблицы деген пернені таңдап, Добавитьдеген бұйрықты орындаймыз. Схема данных терезесіне бұрын жасалған кестелерді орналастырыңыз. Бұл жерде тізім диалогтық терезеде көрінеді. Барлық кестелерді бірден қосуға болады. Ол үшін Shіft пернесін басып тұрып, 1-ші кестені және соңғы кестені белгілейміз.