Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»


Фонетика. Тілдің ең кіші мағыналы бөлшегі сөзді фонетика да, морфология да зерттейді. Лексика



бет4/80
Дата06.04.2022
өлшемі290,73 Kb.
#30007
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Фонетика. Тілдің ең кіші мағыналы бөлшегі сөзді фонетика да, морфология да зерттейді.

Лексика. Сөз атаулының лексикалық және граммтикалық мағынасы болады. Осы екі мағынаны бір-бірінен ажырату үшін екі деңгей салыстыра зерттеледі.

Синтаксис. Тілде тұлғасы, құрамы аса ұқсас сөздердің грамматикалық айырмашылықтары сөйлемде атқаратын қызметіне, сөйлемдегі орын тәртібіне қарай ажыратылады.

Сөзжасам. Сөз тудырудың және морфологиялық аспектілердің астасып жататын тұстар болады. Сөз тудыруда жаңа мағыналы атаудың пайда болуы негізгі өлшем және бұл лексикологияда қарастырылады, ал сөз таптарының жасалу жолдары, оның ішінде қосымша морфемаладың сөз таптарын жасауға қатысы морфология пәні оқытылып келе жатқаннан бері нақты белгіленген.

Тілдің грамматикалық құрылысын танып ,оның негізгі ерекшеліктерін анықтауда оған тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды ажыратып, олардың ерекшеліктерін, сипатын айқындап алу қажет. Өйткені тілдің грамматикалық құрылысы сала-сала жүйелерден құралады да,олардың тұтастығы сол жүйелерге тән белгілі заңдылықтарға сүйенеді. Қазақ тілінде ең басты грамматикалық ұғымдарға грамматикалық мағына, оның берілу тәсілінің бір түрі грамматикалық форма және екеуінің жүйелі жиынтығын құрайтын грамматикалық категория енеді. Бұл үшеуі бір-бірімен диалектикалық бірлікте болып, тілдің грамматикалық құрылысын құрайды да, қалған жекелеген грамматикалық единицалар мен құбылыстар, жүйелер осы ұғымдардан туындайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет