Морфология – грамматикалық категориялар мен грамматикалық тұлғаларды зерттейтін тіл білімінің саласы. «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»



бет8/80
Дата06.04.2022
өлшемі290,73 Kb.
#30007
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   80
Байланысты:
kazirgi kazak tilinin morfologiyas nan daris tezisteri 2

Дәрістің мақсаты:Студенттерге грамматикалық мағынаны берудің семантикалық, синтетикалық, аналитикалық тәсілдерінің бар екендігін теориялық әрі практикалық тұрғыдан таныту.
Қазақ тілінде грамматикалық мағынаны білдірудің төмендегідей тәсілдері көрсетіледі:

1.Семантикалық тәсіл. Лексикалық мағынаның жалпыланып, абстракциялануы арқылы жалпы грамматикалық мағынаның пайда болуы.

2.Синтетикалық тәсіл қазақ тілінде ең жиі кездеседі.Әсіресе форма тудыратын қосымшалар арқылы неше алуан грамматикалық мағына беріледі.

3.Қазақ тілінде аналитикалық тәсілдің барлық түрлері кездесіп отырады. Негізгі сөздердің тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі дегенде, әдетте ол сөздердің сол тұлғаларында бір-бірімен тіркесуі арқылы жеке тұрған кезінен өзгеше, жаңа грамматикалық мағынаны білдіруін айтамыз.

Сөздің морфологиялық құрылымы туралы мәселе – грамматика теориясының өте маңызды проблемаларының бірі. Дүние жүзіндегі тілдерді морфологиялық немесе типологиялық классификация бойынша түбір тілдер, флективті тілдер, агглютинативті тілдер және инкорпоративті тілдер деп әр топқа бөліп топтастыру әр түрлі тілдердің құрылымының, ең алдымен ондағы сөздердің морфологиялық құрылымының, әр басқа болу фактісіне негізделуден келіп туған. Әр түрлі тілдердегі сөздердің морфологиялық құрылымын салыстыру тұрғысынан талдай отырып, тілдердің әр басқа тобына тән өзіндік ерекше белгілер мен ортақ белгілерді айқындау олардың (тілдердің) салыстырмалы типологиялық классификациясын дәлелдей және толықтыра түседі.

Сөздің морфологиялық құрылымына дұрыс талдау үшін, ең алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық ұғымдарды айқындап алу қажет. Ондай негізгі морфологиялық ұғымдардың мазмұнына морфема туралы ұғым мен оның түбір морфема (немесе негізгі морфема) және аффикстік морфема (немесе көмекші морфема) деп аталатын түрлері жайындағы ұғымдар енеді.

Сөздер морфологиялық құрылымы, морфемалық құрылымы жағынан алуан түрлі болады: бір морфемалы (бас, қол), екі морфемалы (баста, қолда), бірнеше морфемадан да (бастаушы, қолданысы) құрыла береді.

Тілші К.Аханов: «Морфема дегеніміз тілдің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық единицасы», - деп анықтайды.

Лексикалық мағынаны білдіретін морфема негізгі морфема немесе түбір морфема деп аталса, грамматикалық мағынаны білдіретін морфема көмекші немесе аффикстік морфема деп аталады.

Түбір морфема сөздердің әр түрлі лексика-грамматикалық топтары үшін бірдей ортақ морфема ретінде қызмет ете алады. Мысалы: бас морфемасы бастық, басшы, баспа, баспалдақ, басшылық деген зат есімдердің де, басты, бассыз деген сын есімдердің де, баста, бастат, басқар деген етістіктердің де түбірі болып саналады.

Ал негіздің (основа) түбірден айырмашылығы сол, ол сөздердің әр түрлі (әр басқа) лексика-грамматикалық топтар үшін емес, олардың белгілі бір лексика-грамматикалық тобының формаларына ортақ болып келеді.Мәселен, бас зат есімдердің де, сын есімдердің де, етістіктердің де – бәріне бірдей ұйытқы, бірдей ортақ түбір болса, бастықтар, бастыққа, бастықтан, бастығың, бастығы деген зат есімдер тобына енетін сөздердің формаларына ортақ негіз – бастық, ал бастап, бастағалы, бастаған, бастайтыны деген етістіктердің формаларының бәріне ортақ негіз – баста.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет